Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тармақ бойынша. Сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақыру туралы соттың талабы

Тармақ бойынша. | Ылмыстық істі қарау кезінде шығарылатын сот қаулыларының үлгілері | Тармақ бойынша | Тармақ бойынша | А-тармақтары бойынша | А-тармақтары бойынша | Тармақ бойынша. | БӨЛІМШЕ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ САРАПТАМА | Тармақ бойынша | Тармақ бойынша |


Читайте также:
  1. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  2. Lt;variant> прокурордың істің негізі бойынша қорытынды беру үшін іс жүргізуіне қатысуы
  3. Lt;variant>басқа тұлғалардың мүдделері үшін өтініш бере алады және іс бойынша қорытынды беру үшін
  4. А-тармағы бойынша.
  5. А-тармақ бойынша
  6. А-тармақтары бойынша
  7. А-тармақтары бойынша

Сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақыру туралы соттың талабы аталған адам жұмыс істейтін ұйымның басшысы үшін міндетті (ҚІЖК-нің 243-бабының 3-бөлігі).

Заттай дәлелдемелер, құжаттар, адамның денесі мен психикалық ахуалы, мәйіттер, жануарлар, сараптамалық зерттеу үшін алынған үлгілер, сондай-ақ қылмыстық іс материалдарындағы сараптама нысанасына жататын мәліметтер сараптама объектілері болып табылады. Сараптамалық зерттеу объектілерінің дәлдігіне және олардың жарамдылығына сараптаманы тағайындаған сот кепілдік береді. Егер сараптамалық зерттеу объектілерінің көлемі мен қасиеттері буып-түюге және мөрмен бекітуге мүмкіндік бермесе, онда сот сарапшыны зерттеу объектілері орналасқан жерге жеткізуді, оларға бөгетсіз қол жеткізуді және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді (ҚІЖК-нің 248-бабының 3-бөлігі).

Сараптама тағайындау туралы қаулы шығарылмай, сарапшылар шақыру қағазы немесе сараптама мекемесінің басшысына немесе сарапшыға істі тыңдау күнінің тағайындалғаны туралы хабарланатын хат арқылы сотқа шақырылатын жағдайлар жиі кездеседі.

Кейде туындаған мәселелерді шешуге қатысу үшін керек болып қалар деген жорамал басшылыққа алынып, сотқа сарапшы шақырылатын жағдайлар болады. Тиісті түрде дайындалып келуі үшін сарапшы сотқа өзінің не үшін шақырылғанын білуге тиіс.

Алдын ала тергеу кезінде сараптама жүргізілгеніне немесе оны жүргізу қажеттігі бірінші рет пайда болғанына қарамастан, сот тиісті білімі бар адамды кез келген іс бойынша қорытынды беру үшін сарапшы ретінде шақыра алады. Екінші жағдайда сот сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады және егер бұл дайындық сатысында болса, сараптама мекемесіне немесе сарапшыға қажетті материалдарды береді. Сараптама жүргізудің қажеттілігі істі тыңдау кезінде анықталған жағдайда сол сияқты қаулы шығарылуға тиіс.

Кез келген сараптама жүргізудің елеулі шарты істің тиісті материалдарын сарапшыға беру болып табылады.

Сараптама объектілері ретінде заттай дәлелдемелер, салыстырмалы үлгілер, сарапшыға қажетті ақпаратты қамтитын және сараптама нысанына жататын істің өзге материалдары болып табылады.

Әдетте сарапшылар зерттейтін объектілер – заттай дәлелдемелер мыналар болып табылады:

· адамның қолжазуы туралы ақпаратты қамтитын құжаттар (мәтіндер, қойған қолы, сандық жазбалар); сия, қағаз, құжаттар жасау үшін пайдаланылатын жазу аспаптары, сондай-ақ олардың ішіндегі мөрлер мен мөртабандардың және жазу машинкаларының таңбалары;

· іздер – адамнан қалған көріністер (саусақтарының, алақанының, терінің капиллярлық өрнектерінің таңбалары, тістерінің, аяқ киімінің, бұзу құралдарының, суық қарудың, атыс қаруының іздері);

· мәйіттер, адам денесінің бөліктері және бөліну (қан іздері, сілекей, сперма, шаш), олардың фотосуреттері мен рентгенограммалары;

· адам, заттар, жердің учаскесі, іздер бейнеленген фотографиялық суреттер, сондай-ақ фотоматериалдар (фотоқағаз, айқындаушы және тіркеуші заттар және т. с.);

· материалдар, заттектестер, олардан жасалған бұйымдар; өсімдік және жануар текті объектілер, топырақтың (тозаңның) микробөлшектері;

· бөліктерге ажыратылған заттар, сондай-ақ бір бөлігі, белгілі бір ортақтығы (мысалы, шығу тегі) бойынша, олардың қай текке, түрге, топқа жататындығы немесе жеке‑дара екендігіне қарап, біртұтас нәрсені анықтау мәселесі қойылатын материалдар және олардан жасалған бұйымдар (олардың іздері, микробөлшектері);

· бухгалтерлік есеп және есептілік құжаттары, жоспар-қаржылық, жобалау құжаттамасы.

Сараптама объектілерінің толық тізбесін беру мүмкін емес: бәрі істің нақты мән-жайларына байланысты. Салыстырмалы зерттеу жүргізу үшін арнайы іріктеп алынатын, заттай дәлелдемелермен бір тектес болып табылатын объектілер де (мысалы, сия, жердің нақты учаскесінен алынған топырақ бөлшектері, боялған заттар) үлгі ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Сарапшының зерттеуіне істің барлық қажетті материалдарын беру мақсатқа сай келеді. Сарапшының тиісті зерттеу әдістемесін таңдауы және сол арқылы шынайы нәтижелерге тез арада жетуі үшін көп жағдайда оған зерттелуі тиіс объектілермен (заттай дәлелдемелер мен үлгілер) қатар, қажетті мәліметтер қамтылған оқиға орнын қараудың, сынақтар жасаудың, тінтудің және заттай дәлелдемелерді алудың хаттамалары жіберіледі.

Сараптаманың алдында тұрған міндеттерді түсінуде сарапшының істің фабуласымен, жауапқа тартылған адамдардың берген түсініктемелерімен танысуы айтарлықтай рөл атқарады. Бірақ сараптама нысанына қатысты мәліметтердің – заттай дәлелдемелерге және салыстырмалы материалдарға, олардың шығу тегіне байланысты нақты деректердің сарапшы үшін бірінші дәрежелі маңызы бар. Мысалы, қарудан оқ ату фактісін анықтау және атылған оқтар мен гильзалар бойынша қаруды сәйкестендіру мақсатымен сот-баллистикалық сараптама жүргізу кезінде сарапшының қару тазаланды ма және егер тазалау жүргізілсе, оның қашан болғанын; қарудың қандай жағдайда сақталғанын білгені пайдалы. Сарапшылар атыс қаруы ұңғысының айтарлықтай өзгеруіне әсер еткен факторларды ескермей қате қорытынды жасаған, ал іс жүзінде осындай өзгерудің салдарынан сыналатын және зерттелетін оқтардағы іздердің арасындағы айырмашылық зерттеліп отырған оқ бұл қарудан атылмаған деген қорытынды жасауға негіз бола алмайтын жағдайлар сараптама тәжірибесінде болған.

Әрбір жағдайда сарапшының істің мән‑жайларымен танысуының шектері және оған берілетін материалдардың көлемі туралы мәселені сот егжей‑тегжейлі ойластыруға тиіс.

Сарапшыны істің қандай мән‑жайларымен таныстыру қажеттігін, оған қандай материалдардың берілуге тиіс екендігін алдын ала анықтау қиын. Сондықтан сарапшының алдына қойылған міндеттерді шешу үшін қосымша материалдарға сұрау салу құқығы оған заңмен берілген.



Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 98 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Б-тармағы бойынша| Б‑тармағы бойынша

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)