Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЙҒАРЫМ

Жол‑көлік оқиғаларының және көлік құралдарының сот сараптамасы | Жаттардың сот сараптамасы | Сот тауартану сараптамасы | Сот биологиялық сараптама | Сот‑құрылыс сараптамасы | Тарау. Азаматтық процестегі сот‑лингвистикалық сараптама. | ОРЫТЫНДЫ | ТҰЖЫРЫМДАР | Схема. Қамтамасыз ету шараларының түрлері | Сонымен, шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және ұзарту сот шешімін орындау мерзімін соттың өзгертуі болып табылады. |


Читайте также:
  1. ЙҒАРЫМ

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 соты төрағалық етуші судья С. К. Жұмабекова болған құрамда, хатшы А. Текебаева, прокурор С. Такееваның, тараптардың қатысуымен 2004 жылғы 18 қарашада Орал қаласында ашық сот отырысында Плясов Александр Егоровичтың ар‑намысын, қадір‑қасиетін, іскерлік беделін қорғау, көпшілік алдында кешірім сұрауға, жазбаша арыз беруге мәжбүрлеу және моральдық зиянды өтеу жөнінде Мартыненко Татьяна Александровнаға қойған талабы бойынша істі, Мартыненко Татьяна Александровнаның әрекеттерін заңға қайшы деп тану, ар‑намысын, қадір‑қасиетін, іскерлік беделін қорғау, моральдық зиянды өтеу, сот шығындарын өндіріп алу жөнінде Плясов Александр Егоровичке, Мартыненко Валерий Вениаминовичке қойған қарсы талабын қарап, сот

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Талапкер Плясов Александр Егорович ар‑намысын, қадір‑қасиетін, іскерлік беделін қорғау, көпшілік алдында кешірім сұрауға, жазбаша арыз беруге мәжбүрлеу және моральдық зиянды өтеу жөнінде Мартыненко Татьяна Александровнаға талап қойып, Орал қаласының №2 сотына арыз берді, осы орайда ол өзінің азамат В. В. Мартыненконың азаматша Т. А. Мартыненкоға некені бұзу жөніндегі талабы бойынша азаматтық іс бойынша В. В. Мартыненконың өкілі болып табылатындығын атап көрсетті.

Жауапкер Т. А. Мартыненко 2004 жылғы 1 қазанда БҚО бойынша Әділет басқармасы бастығының атына жазбаша шағым беріп, А. Е. Плясовты лизенциядан айыруды талап етіп, оны адамгершілігі жоқ, адвокаттық қызмет нормаларын бұзады, ой-өрісі тар, мінез‑құлқы әдепсіз, билік органдарына деген сенімге нұқсан келтіреді деп айыптаған, сондай‑ақ В. В. Мартыненконы дәмешіл, арматура зауытында «ішімдікке салынады» деп көпшілік алдында айыптаған болатын.

Өзінің талабында адвокат А. В. Плясов жауапкер Т. А. Мартыненконы сот залында көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттеуді, сондай‑ақ БҚО бойынша Әділет басқармасы бастығының атына бұрын берілген арызда келтірілген уәждерді теріске шығаруды сұрайды, келтірілген моральдық зиянның және беделге нұқсан келтірудің өтемі ретінде жауапкер Т. А. Мартыненкодан 100 000 теңге өндіріп алуды, сондай‑ақ сот шығындарын өндіріп беруді сұрайды.

Қарсы талап арызында Т. А. Мартыненко А. Е. Плясовқа, В. В. Мартыненкоға талап қойып, А. Е. Плясовтың әрекеттерін заңға қайшы деп тануды талап етіп, А. Е. Плясовты жұмыс істейтін жері бойынша ұжымның алдында өзінен кешірім сұрауға, екеуін 1 000 000 теңге сомасында моральдық зиянды бірлесіп өтеуге міндеттеуді, ақылы заң қызметі үшін 25 000 теңге сомасындағы сот шығындарын өндіріп алуды, 1168 теңге сомасындағы мемлекеттік бажды қайтаруды сұрайды, осы орайда ол 2004 жылғы қыркүйек‑қазан аралығында Орал қаласының №2 сотында өзінің және жұбайы В. В. Мартыненконың арасында некені бұзу туралы процестің өткенін атап көрсетеді.

Іс материалдарын зерттеп, тараптардың уәждерін, куәлардың жауаптарын тыңдап, сот осы іс бойынша сот‑филологиялық сараптама тағайындауды қажет деп санайды, өйткені осы дауды шешу үшін арнайы білім қажет.

Іс бойынша іс жүргізу сараптама жүргізу аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрсын.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, ҚР АІЖК‑нің 91, 243, 244‑баптарын басшылыққа алап отырып, сот

 

ҰЙҒАРДЫ:

 

Плясов Александр Егоровичтың ар‑намысын, қадір‑қасиетін, іскерлік беделін қорғау, көпшілік алдында кешірім сұрауға, жазбаша арыз беруге мәжбүрлеу және моральдық зиянды өтеу жөнінде Мартыненко Татьяна Александровнаның әрекеттерін заңға қайшы деп тану, ар‑намысын, қадір‑қасиетін, іскерлік беделін қорғау, моральдық зиянды өтеу, сот шығындарын өндіріп алу жөнінде Плясов Александр Егоровичке, Мартыненко Валерий Вениаминовичке қойған қарсы талабы бойынша іс бойынша сот‑филологиялық сараптама тағайындалсын, оның шешуіне төмендегідей сұрақтар қойылсын:

1. Әділет басқармасының бастығы А. Мұхитованың атына Т. А. Мартыненкодан келіп түскен шағымда баяндалған «өзі әдепсіз, бойында қарапайым адвокаттық этикасы жоқ осындай адвокат қалай жұмыс істей алады, қандай да бір мәселелерді қалай шеше алады», «мұндай адвокаттарға әділет саласында орын жоқ, өйткені олар өздерінің мінез‑құлқымен билік органдарына деген сенімге нұқсан келтіріп қана қоймай, өздерін, сол сияқты қаланы да масқаралайды» деген сөздер А. Е. Плясовтың ар‑намысын, қадір‑қасиетін және іскерлік беделін қорлайтын сөздер болып табылады ма?

2. Әділет басқармасының бастығы А. Мұхитованың атына Т. А. Мартыненкодан келіп түскен шағымда баяндалған «өзім 32 жыл бойы отасқан бұл адам өте әдепсіз, бірақ маған күйе жағатын осы сөздер жазу үшін оның өзінің ақылы жетпес еді және оның ой-өрісі мен мәселелері және пікір айту шеңбері өте шектеулі» деген сөздер В. В. Мартыненконың ар‑намысын, қадір‑қасиетін және іскерлік беделін қорлайтын сөздер болып табылады ма?

3. Әділет басқармасының бастығы А. Мұхитованың атына В. В. Мартыненкодан келіп түскен шағымда баяндалған «әйелімнің мінезі жын қаққандай және салмақсыз» деген сөздер Т. А. Мартыненконың ар‑намысын, қадір‑қасиетін және іскерлік беделін қорлайтын сөздер болып табылады ма?

Сарапшыларға көрінеу жалған қорытынды берудің ҚР ҚК‑нің 352‑бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатыны туралы ескертілсін.

Сараптама жүргізу ҚР Әділет министрлігі Алматы қаласы Сот сараптамасы орталығының сарапшыларына тапсырылсын. Сараптама тараптардың есебінен жүргізілсін.

Іс бойынша іс жүргізу сараптама жасау аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрсын.

Ұйғарымға 10 күннің ішінде Орал қаласының №2 соты арқылы Батыс Қазақстан облыстық сотына жеке шағым берілуі немесе жеке наразылық келтірілуі мүмкін.

 

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 129 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лингвистикалық сараптама жүргізуге бастамашы болған адамдарға он пайдалы кеңес| ЙҒАРЫМ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)