Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармашылығы 1 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Мақсаты: Жүсіпбекқожа, Шәді, Ақылбек шығармашылығы. Ауыз әдебиетінің авторлық әдебиет арқылы зерделенуі мен көркемделуін түсіндіру. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиетте Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармашылығының маңызын түсіндіру. Ақын өлеңдерін идеялық-көркемдігі тұрғысынан талдау

1. Сұрақтар: Жүсіпбекқожа шығармашылығы.

2. Шәді Жәңгіров шығармашылығы.

3. Ақылбек шығармашылығы

4. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өмірбаяны.

5. Мәшһүр-Жүсіптің кітаптарының тарихи мәні.

6. Мәшһүр-Жүсіптің аңыздарды қолдану ерекшелігі

Дәріс мәтіні (тезис)

ХХ ғасыр басындағы әдебиетте мынандай құбылыс байқалады. Бұрын халық мұрасы саналған жыр-дастандар белгілі ақындардың жырлауымен кітап болып жариялана бастайды. Енді «бұл әдеби еңбекке фольклорлық мұраға қарағандай көзқараспен қараймыз ба, жоқ әлде авторлық әдебиетке қараған көзқараспен қараймыз ба?» деген сұрақ туады. Әдебиеттану шарты не дейді? Мысалы, Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы (1854-1914), Шәді Жәңгірұлы (1855-1936), Ақылбек Сабалұлы (1880-1919) шығармашылығы осы сұраққа жауап береді.

Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы Оңтүстік Қазақстанның Қожатоғай деген жерінде туып, Шығыс Түркістанның (қазіргі Қытай жері) Текес ауданы жерінде қайтыс болған. Жасында Әулие ата, Бұхара медреселерінде оқыған. Қазақтың «Алпамыс», «Қыз Жібек», «Ерназар», «Бекет» жырларын, Шығыстың «Мұңлық-Зарлық», «Мың бір түн хикаясы», «Тотының тоқсан тарауы», «Жүсіп-Зылиха», «Бахтиярдың қырық бұтағы», «Алтын балық» хиссаларын түрлендіріп жырлаған. «Қисса-и Қыз Жібекнің хикаясы» (1894), «Қисса-и Айман-Шолпан» (1896), «Қисса-и Біржан менен Сара қызның айтысқаны» (1898), «Қисса-и Алпамыс» (1899), «Хикаят рисәлә-и Мұңлық-Зарлық» (1903), «Қисса-и Дотан Құбақанбай ұғлы уә һәм жалмауыз кемпрнің өлгені» (1903), «Қисса-и Фиршіл қыз һәм хикая Гүлжамила һәм Юсупбек хожа бик хафа болып инсафсыздарға айтқан бір назым хикаясы» (1903), «Қисса-и анхәзрәт-и рәсулнің миғражға қонақ болғаны» (1904), «Қисса-и уақиға-и кәрбала үшбу-дүр хәзрәт-и имам Хұсаин разиаллағәнә» (1904), «Қисса-и хәзрәт-и Юсуф ғәләйһиссалам илән Зүлейханің мәселесі» (1904), «Қисса-и Зинә Заюб илән Юсуфбек хожаның Уәзифа қыз бірлән айтысқаны» (1906), «Қисса-и Қасым Жомарт» (1906), «Хикаят Иран достанда» (1908), «Қисса-и Бәрсиса» (1910), «Кітаб-и мәрхаба-и рамазан» (1912), «Қисса-и Ихсан мәрсия» (1912), «Қисса-и Мансур-ул-хәллаж» (1912), «Қисса-и Наурызбай төре Қасым ұғлы Абылайханоф» (1912) т.б. жыр-дастандарын кітап етіп бастыртып, бірнеше дүркін жариялаған. «Қыз Жібек» жырының 1903 жылы Қазаннан шыққан бір нұсқасында Жүсіпбекқожа былай деп жазады: «Мен қожа Жүсіпбекмін, басында Қыз Жібектің хикаясын жұртқа өзім шығарып жайып едім, оны басқа адамдар сөзін бұзып қойған екен, көріп, қайтадан түзетіп жаздым, оқығандарға мәлел келмесін деп. Қисса-и Қыз Жібек жазғушы хожа Жүсіпбек».

Ақын төңкеріс алдында Қарқара өңірінде медресе ашып, бала оқытқан. 1916 жылғы дүрбелеңнен кейін Қытайға ауып, Текестегі Нақысбек болыс салдырған медреседе сабақ берген.

Белгілі жыр-дастандарынан басқа «Тіршілік», «Өмір-ғұмыр», «Дүние маған жолдас деп», «Ықсан ақынға» т.б. сынды тіршілік мәнін зерделеген өлеңдері де бар.

Не келіп, не кетпейді есен ерге,

Мал тапса, жіп таппайды жетелерге.

Басынан ер жігіттің бақ қайтқанда,

Табылмас құрым киіз төсенерге, -

дейді ақын бақ пен сорды байыптаған өлеңінде.

Жүсіпбекқожа – дәстүрге, ислам құндылықтарына табан тіреген ақын. Сондықтан оның жырларында иман, дүниенің жалғандығы жиі сөз болады.

Дүние, дүние, дүниесің,

Сұм дүниеге алданып,

Нәпсіге пенде сүйінесің.

Жарықтың арты қараңғы,

Ақырда бір күн күйінесің.

Ақын пәлсапасы осындай өреде көрінеді. Бірақ ол сарыуайымның адамы да емес. «Еңбек еткенге несібе бар» деген ақын бір өлеңінде былай дейді:

Қолыма қалам алып салдым нұсқа,

Жайылар жария сөз бүтін тұсқа.

«Тірі еткенді құры етпен» деген Алла,

Өзі нәсіп береді ұшқан құсқа.

Дәстүрлі қазақ түсінігін ой мен сезімге орай алған Жүсіпбекқожа енді бір ретте адам айналасының арайлы, иманды болуы өзіне байланысты деген пікір білдіреді:

Ер жігіт жолға жүрер жолдаспенен,

Қасқыр жолдас болмайды жолбарыспен.

«Жаманның кесепаты» деген мақал,

Бас қоспаңыз ақылы болмаспенен.

Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының шығармашылығында ауыз әдебиетінің авторлық әдебиет арқылы зерделенуі мен көркемделуі ерекше байқалады. Бүгінге жеткен фольклорлық жыр жауһарларында, сөз жоқ, бұл ақынның да өзіндік қолтаңбасы бар. Мысалы, «Қыз Жібек», «Айман- Шолпан», «Біржан мен Сара қыздың айтысқаны», «Алпамыс» жырларындағы кейбір ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басының кезеңдік тарихи-мәдени, пенделік-субъективті детальдарың ұшырасумен бірге, айрықша бейнелердің, исламдық таным-түсініктің байқалатынын жоққа шығара алмаймыз.

Ақын Жүсіпбекқожаның Бақтыбаймен айтысы да әдебиет үдерісінің бір қырын көрсетеді. Ж.Шайхисламұлының бізге жеткен бір топ өлеңдерінің мазмұны ғибрат, өнегеге толы. Атап айтқанда, Қ.Толыбаев жеткізген “Адамзат дүние қуып қартаяды”, “Біреумен уағда етсең, серттен қайтпа”, “Көңілдің айтпай кірі ашыла ма...”, “Отырмын бір орында құр мұңайып”[i], “Жетпіс бес” [ii] т.б. толғаулары адалдыққа, адамгершілікке, имандылыққа үндейді. “Өнерпаз қара жерге салар қайық” аталған өлеңінде:

 

Қанеки, дүние жиып айдағандар,

Сары қазы, сары май шайнағандар.

Салқын үй, сапырулы қымыз күнде,

Жинап ап жасау-жабдық жинағандар.

 

Әнеки, бәрін дүние жалмады ғой,

Адамы бұрынғының қалмады ғой.

Ескі көз, ата-ананың бәрі кетті,

Ғибрат бұдан жастар алмады ғой.

 

Ешкімге жолдас болмас, дүние шолақ,

Әркімнен соққан желдей өтер әлі-ақ.

Кетпестей дүниені жия берме,

Тағат қыл, бекер босқа жүрмей саяқ,-

 

деп байлығына мас болған көрсоқыр, пасық адамдарға қарап қатты торығады. Осы сарындас “Тіршілік”, “Жақабай, өзің жақсы молда екенсің”, ”Өмір-ғұмыр”, “Дүние маған жолдас деп”, “Еліне шопан құт болар”, “Ойнайды қонысында бұғы-бұлан” тәрізді аздаған шығармалары ғылыми қорларда сақталған[iii].

Жүсіпбек бір қатар жыр, туындыларын тәрбиелік мәні зор мысал жанрында жазған. Бұл ретте, “Бөрібасар” дастаны мен “Көк бұзау”, “Сұрмерген”[iv] тәрізді өлеңдерін атаған жөн. Көрсетілген туындыларында ақын хайуанаттар бейнесі арқылы адамдарды кішіпейілдікке, ел ішін береке-бірлік пен ынтымаққа шақырады.

“Көк бұзау” өлеңінде жас бұзау үлкейген сайын маңындағы сиырларды келеке етіп, менсінбейтін мінезге ұрынады да ақыры жылқыларға қосылып етеді. Өгіз дәрежесіне жеткенде жылқыға тиген қасқырды көрсе жер тарпып өкіріп, жолатпайтын болады. Әбден ызаланған қасқырлар бір күні бәрі жабылып көк өгізді бас салады. Өгіздің қатты өкіруінен жылқы үркіп кетіп, жалғыз өзі көп қасқырдың талауында қалады. Оның жан дауысын естіген тоғайдағы сиырлар келіп, ажалдан арашалап қалады. Сонда көк өгізге бір сиыр былай депті:

 

- Шырағым, ер жеттің де өгіз болдың,

Мас болып қайратыңа семіз болдың.

Бірі жоқ жолдасыңның қасыңызда,

Енді ойлашы, біздердің неміз болдың.

 

Көк өгіз мұны естіп тәубе еткен,

Екенін қата қылған сонда білген.

Өз табынынан жақсылық көргеннен соң,

Мұнан былай сиырмен бірге жүрген [v].

 

Өмірде өз орнын таппай жүрген жандарды өгіз бейнесі арқылы кейіптеп, “У ішсең (руыңмен” деген халық мәтелін естен шығармауды емеурінмен жеткізеді. Осы аз ғана өлеңдермен танысқан оқырман Жүсіпбектің мысал жанрын жазудағы өзіндік қолтаңбасын байқамауы мүмкін емес. Бұл тұрғыда, ХХ ғасырдың бас кезінде мысал тақырыбына ден қойған А.Байтұрсынов, С.Дөнентаев, С.Көбеев, т.б. қаламгерлер сапында Жүсіпбек қожа есімін де атауға негіз бар. Бір өңірде, бір кезеңде өмір сүргендіктен, Жүсіпбек халық ақындарымен жиі кездесіп, олар жеткізген ірі эпикалық жырларды жазып та алуы мүмкін. Бірақ Жүсіпбек өзі жариялаған халық мұраларын кімнен, қашан жазып алғаны туралы деректер көрсетпейтіндіктен, ақындардың есімдері ауызға ілікпейді.

Ж.Шайхисламұлы өмірі мен шығармашылығы жете зерттелмей келгені көпке мәлім. Оның да өзіндік себептері аз емес. Біріншіден, ол қожа тұқымы болғандықтан “дін-апиын” принципін ұстанған кеңес идеологиясы дін біліміне жетік азаматтармен ымырасыз күресте болды. Екіншіден, Жүсіпбек отызыншы жылдардағы жасанды науқанның зардабынан Қытайға ауып, өмірінің соңғы 5-6 жылын жат өлкеде өткізді. Сонда дүние салып, сүйегі шет елде қалды. 60-70 жылдардағы кеңес-қытай мемлекеттері арасындағы саяси салқындық та өз әсерін тигізбей қалмады. Ақынның туған халқына істеген қыруар еңбегі түгіл, есімі де ескерілмейтін болды. Айтыла қалғанның өзінде қазақ кітаптарының тарихын, немесе жыр, дастандарды зерттеу барысында кітап бастырушы ретінде ғана назарға алынды. Ол жырлаған діни дастандар туралы сөз қозғаудың мүмкіндігі болмады.

Жүсіпбек мұраларын зерттеу енді ғана басталды десек артық айтпағанымыз, сөзімізге жоғарыда аталған, аталмаған жанашырлардың еңбектері айғақ. Сөйтіп, Ж.Шайхисламұлы есімі қазақ әдебиеті тарихының ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы кезеңінде өзіне тиесілі орнын иемдену керек.

 

 

Шәді Жәңгірұлы – Шығыс тақырыбынан молынан игерген ақын. Ол Созақ жерінде туып, қазіргі Өзбекстанның Сырдария облысы жеріндегі Қаратөбе мекенінде қайтқан. Шаян, Қарнақ, Бұхарадағы Көкелташ медреселерінде оқыған. Ақын нәзира дәстүрі бойынша Шығыс сюжетіндегі елеулі оқиғалар мен тұлғаларды дастан етіп жырлайды. Оның біразын кітап етіп бастырады. «Хайбар хиссасы» (Қазан, 1910), «Хикаят Қамар-уз-заман» (Ташкент, 1910), «Русия падишаһлығында Романов нәсілінен хөкманлық қылған падишаһлардың тарихтары һәм Ақтабан шұбырыншылық заманына бері қазақ халқының ахуалы» (Орынбор, 1912), «Хикаят Уәрәқа Гүлша ғашық уә мағшуқ» (Ташкент, 1913), «Назым Сыяр Шәриф» (Ташкент, 1913), «Назым түркі фики Қайдани» (Ташкент, 1913-1914), «Келіннің бетін ашатын терме» (Қазан, 1915), «Қисса-и Бәлғам Бағур» (Қазан, 1915), «Назым чәһар дәруіш» (Ташкент, 1915), «Харунның жер жұтқан уақиғасы, Ғамилнің інісін өлтіргені, Рәисінің әғзасы сөйлегені» (Ташкент, 1917) т.б. кітаптары тарихтан мәлім.

Ақынның «Назым чәһар дәруіш» дастаны бір перзентке зар Азатбақыт атты патшаның бастан кешкен оқиғасымен өрбіп отырады. Осы арқылы автор әділ билеуші мен ақылды адамдар туралы халық әпсанасын әуезе етеді.

«Хикаят Уәрәқа Гүлша ғашық уә мағшуқ» шығармасында бала күнінен бірге өсіп, таныстық-сыйластығы махаббатқа ұласқан Хамамұлы Орқа мен Халалқызы Күлшенің қосылуындағы әлеуметтік бөгет-бөгесіндер сөз болады. Хамады жау жеңіп, дүние-мүлкін олжалағанда, кеше ғана сыйласқан Халал өзін де, қызын да тасаламақ болады. Екі ғашықтың тілегін Күлшені кездейсоқ ұнатып қалған Шам патшасы Мәлік Мұхсин орындайды. Бұл арқылы Шығыс аңызы «осындай да билеушілер бар» дегенді меңзейді.

Шәдінің «Русия падишаһлығында Романов нәсілінен хөкманлық қылған падишаһлардың тарихтары һәм Ақтабан шұбырыншылық заманына бері қазақ халқының ахуалы» атты шығармасы Ресейдің патша әулетінің 300 жылдығы құрметіне жазылған. Сірә, мұның жазылуының түрлі себебі болса керек. Бізге қажеті – ақынның тарихи тақырыпқа қалам тербеп, қазақ, орыс және басқа да халықтардың қилы тағдырына үңілгені. Мұнда реформатор І Петр де, ақын Пушкин де, Минин мен Пожарский де, Иван Сусанин де сөз болады. Осында Шәді А.С.Пушкиннің «Полтава» поэмасынан 110 жол аударма жасаған. Ақынның тарихи еңбегіне қатысты тағы да бір факт: 6700 жолдан тұратын жарияланбаған «Тарих-нама» жырының сақталғаны туралы. Мұнда Оғыз тарихы, Шыңғыс хан тарихы, өзге де қазақ даласы мен бүтін Түркістанды елеулі еткен оқиғалар зерделенеді.

«Назым түркі фики Қайдани» кітабы – Лутфулах Қайдани есімді автордың «Фикихи Қайдани» (Қайдани жазған шариғат туралы ілім) еңбегіне өлеңмен жазылған түсініктеме. Бұл еңбектің атауы ескі түрік-мұсылман әбебиеттерінде, тіпті М.Әуезов жазбаларында кездеседі.

Ақын шығармаларында ислам құндылықтарына ерекше екпін түсіріп отырады. Мысалы, істеген ісі насырға шапқан әрі онысына өкінген «Орқа-Күлшедегі» кейіпкер Халал бүй дейді:

Ажыратып қанша ренжіттім,

Опасыз дүние бұл үшін.

Мұсылман қылмас іс қылдым,

Азғырғандардың тілі үшін.

Құтылмаққа себеп жоқ,

Жатқызып айтып тігісін.

Өлімге лайық күнәм бар,

Ойлаған уақытта дұрысын.

Шәді өлеңдерінде ой, пәлсапа, адамның жан дүниесінің сыры мен сыны қатар өріліп отырады. Өмірдің өтпелі екені туралы ақын:

Болғанмен қанша күші тіреуленген,

Адамның әрекеті құралмайды.

Хадисі Апылатондай болса-дағы,

Бәрібір бір қалыпта тұра алмайды,-

деп жазады. Қалай дегенде Шығыс тұлғалары мен ислам қасиеттерін, ұлттың асыл мінезін ерекше жырлаған Шәді дәстүр мәселесін көбірек байыптады. Бір тұста ол адам бойындағы зердесіздіктің неге ұрындыратынын меңзеп былай деп айтады:

Дарымай қанша айтсаң да асыл сөздер,

Айналып өз теңімен болар үндес.

Осындай ел ішінде аз ба адамдар,

Айтқанмен жөн ісіңді сөз деп білмес.

Ақылбек Сабалұлы Семей облысы өңірінде өмір сүрген (туған жері – бұрынғы Қарқаралы уезі Ақбота болысы, қайтқан жері – Бестерек елді-мекені). Семей медресесінде оқыған. Жасынан оқу-білімге озық болып, Шығыс әдебиетіне және шығармашылыққа мейлінше әуестенген. Зерттеуші Қ.Мұхамедханұлының жазуына қарағанда, Ақылбек ақын Абайды өзіне ұстаз тұтқан. Оның 20 жастан аса бере Қазан баспаларынан кітап етіп жариялаған дастандары, хикаялары, хиссалары, жырлары едәуір. Атап айтсақ, «Қисса-и Бозжігіт» (1910), «Бес намаз» (1911), «Ғибрәт нәме» (1911), «Ибраһим Әдһәм ұғлының қиссасы-дүр» (1911), «Ибраһим Хазиб нам ұғлының қиссасы-дүр» (1911), «Қисса-и Ғабдулхалим илә Мәлике» (1911), «Қисса-и Дандан Ибраһим ұғлы» (1911), «Қисса-и Қырық уәзір» (1911), «Қисса-и мағшуқ наме» (1911), «Қисса-и Марғуба» (1911), «Қисса-и Сәтбек батыр» (1911). «Қисса-и Таһир-Зуһра» (1911), «Мәктубат» (1911), «Мәлике-и данышмәнд манзум» (1911), «Назым» (1911), «Сұм заман» (1911), «Хажат-уд-дағуат» (1911), «Алтын балық күлдірміш һәм бұлбұл қиссалары» (1912), «Қисса-и сәмруғ» (1915) т.б.

Ақын шығармасының көбі Шығыстық сюжетке құрылғанымен, оның бас-аяғында және қажетті жерлерде халыққа керек тағылымды сөздер айтылып отырады. Мысалы, «Ибраһим Хазиб нам ұғлының қиссасы-дүр» шығармасы былайша басталады:

Бисмиллә деп қалам ұстайын да,

Жаман сөз күнә болар тастайын да.

«Мың бір түннің» ішінен өлең алып,

Мен Ақылбек бір хикаят бастайын да.

Ақылбек «Мәктубат» еңбегінде өз ұстанымын да жеткізеді:

Он үштен мен, Ақылбек бала оқыттым,

Білмеген балаларды көп қорқыттым.

Жылында зерегіне хат танытып,

Білгізіп кеудесіне сөз тоқыттым.

Ақымақ балалардан жүрсе қашып,

Өлгенше жамандыққа баспаса екен,

Ғаділдік мінезінен аспаса екен.

«Хажат-уд-дағуат» жинағында да ақын ғұмырбаянының біраз бөлігі көрініс тапқан:

Мен өзі Сабалұлы Ақылбекпін,

Құрғырға отыз деген жақын кеппін.

Қазақтай өзге кәсіп машық қылмай,

Қағазды шимайлауды ақыл деппін.

Басымды кім сыйласа, сол жақыным,

Қазақтың ақылымен бай болғаннан,

Сүйікті көрінеді өз ақылым.

Бозбала біреуіңе біреуің ес,

Айтпасқа ғайып сөзді тіліңді кес.

Қусам да қос ат жегіп жеткізбейді,

Қайран күн өтіп кетті жиырма бес.

А.Сабалұлының талғам-таразысы халықтың танымымен сабақтасып жатады. Ол замандастарының арасынан таза, сыпайы, білімді, ең бастысы кісілікті адамды іздейді. Сонымен сыр бөлісуді қалайды, соған мұңын шаққысы келеді. Ақын:

Жүйріктен пайда шықпас шаппаған соң,

Ашылған етегіңді жаппаған соң.

Білгішті біледі деп айту бекер,

Бір ақыл сасқан жерде таппаған соң, -

деп жазады бір өлеңінде.

Ауыз әдебиетінің авторлық әдебиет арқылы зерделенуі мен көркемделуі – ұзақ та күрделі құбылыс. Бір жағынан ағымдағы өмірдің сұранымына жауап бергісі келген, екінші жағынан Шығыстық-исламдық тақырыпты өміршең әрі үлгілі санаған ақындар өз миссиясын жауапкершілікпен атқарды. Оның үстіне әдеби тіл деген ұғымнан «ислам мәнін жеткізе алатын тіл» деген ұғымның өткірлеу кезеңінде ескі де жаңа сюжеттерге түркіге ортақ өмір берген қаламгерлердің еңбегі ескеруге тұрарлық. Ресей ішіндегі түрік-мұсылмандарға ортақ әдеби-мәдени кеңістікте қазақ ақындарының шығармасы оқырмансыз қалған жоқ.

Мәшһүр Жүсіп, 1858 жылы, қой жылы, қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау деген жерде дүниеге келген. Ақынның 3 жасында «Тауық жұтың деген жұт болып, бар малынан айрылып, бір ат, бір сиырмен ғана қалған Көпей: «Дүние жолдас емес, ғылым, білім жолдас- деген шешімге келіп, баласын оқыту үшін Баянауылға көшіп келеді. Сол кезде аға сұлтан болған Мұса Шорманов Баянауылға медресе салдырып, оған сабақ беруге Бұхара қаласында оқып, көп білім алған, түп тегі кіші жүз, Омбы қаласында тұрған Қамар хазіретті көшіріп әкеледі. Сабаққа зейінді бала Жүсіпке Қамар да көп көңіл бөліп, ақырында 8 жастан 9 –ға аяқ басқанда, әдебиет пен тарихтан жатқа айтқан сөздеріне сүйсінген Мұса Шормановтың (1818-1884) баланың әкесіне не айтқанын Жолмұрат жазбасында былай деп келтірген: «Сопы, мына балаңа мұнан былай бас киіміне үкі тақтырып қойыңыз. Көз-тілге шет болмасын! Бұл өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала екен!- деп лепес қылған екен. Бұрынғы «Жүсіп» деген атына «Мәшһүр» - деген аттың алғаш қосылуы Мұсаның «Мәшһүр болады»- дегенінен соң-ақ «Мәшһүр» аты қосақтала бастайды. (Жолмұрат, жоғарыда аталған папка, 17 «аң бөлім, 27 б.).ң

15 жасынан бастап өлең жаза бастаған ақынның «Мәшһүр» аты шығып, халыққа кең танымал болуына ең алдымен тұңғыш қазақ газеті «Дала уалаятың беттеріне ХІХ ғасырдың соңғы он жылдығында жарияланған оның өлең, мақалаларымен қатар 1905 жылғы халық наразылығы өсуінен сескенген Ресей патшасының сөз бостандығына жол ашқан Октябрь манифесі әсерімен де Қазан қаласында басылған: «Тірілікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамызң, «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» - кітаптарының әсері мол болды. Баспа бетіндегі уақытша берілген кеңшілікті пайдаланып, патшалық Ресейдің отарлау саясатының астарын, жер тартып алуын, сөз, пікір айтуға шектеу қоюын қазақ зиялылары ішінде ең алғаш жан-жақты ашып, кең әшкерелей бастаған Мәшһүр Жүсіп екені белгілі. Сол еңбегі үшін 1912 жылдан бастап ақынды қудалау басталғаны, біраз уақыт оның үйінен кетіп, қайда екенін айтпай, ел ішінде жасырын жүргені де мәлім.

1917 жылы патша үстемдігі өзгеріп, кеңес билігі келгенде, оның да отаршылдық жат пиғылын аңғарған Мәшһүр Жүсіп кейінгіні тұспалдап шенеп шығарма жазуын, фольклор үлгілерін жинауын жалғастыра береді.

Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығына елеулі әсер еткен оның өмірінің біраз бөлімін Орта Азиядағы ірі мәдениет ошақтары: Бұхара, Ташкент кітапханаларындағы араб, парсы, шағатай, көне түркі тілдерінде жазылған, кейін түрлі себептермен бізге жетпеуі ықтимал көп құнды көне мұралармен кең танысып, қағазға түсіруі екенін ескерген жөн. Мәшһүр Жүсіптің ең алғаш 29 жасында (1887 ж.), одан соң 37 жасында (1895 ж.), кейін 49 жасында (1907 ж.) Орта Азияға сапар шегіп, 8-9 жылын шетте өткізіп, ондағы кітапханаларда болып, оқу-зерттеумен айналысумен бірге, жолшыбай, әсіресе, Сыр, Шу бойындағы елдерді көп аралап, ұзақ уақыт фольклор, халық ауыз әдебиеті үлгілерін жалықпай жинап, бүгінгі ұрпаққа жеткізуі де ақын мұрасының көлемді де мол қырлы болуының негізін салды.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 488 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)