Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып 13. Халқыралық ұйымдар құқығы

Читайте также:
  1. Адам құқығын бұзу
  2. Азақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы
  3. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері
  4. Дәріс тақырыптары.
  5. Дәрістің тақырыптық жоспары
  6. Еңбек құқығының қайнар коздері. Еңбек туралы заңдардың міндеттері
  7. Жұмыстарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары

1. Халықаралық ұйымдар құқығының түсінігі және қайнар көздері

Жеке құқық саласы ретінде халықаралық ұйымдар құқығы – халықаралық ұйымдарды құру, тарату және қызметінің тәртібін реттйтін нормалар мен қағидаларды өзіне еңгізеді. Алғашқы халықаралық ұйымдар ХІХ соңы ХХ ғасырлардың басында құрыла бастады. Қазіргі таңда, халықаралық ұйымдар мемлекеттер ынтымақтастығының және көп жақты дипломатияның нысаны ретінде халықаралық қатынастарда елеулі рөл атқарады.

Халықаралық ұйымдар құқығының қайнар көзеріне жататын халықаралық шарттарды үш топқа бөлуге болады: мемлекеттер арасындағы шарттар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар арасындағы шарттар және халықаралық ұйымдар арасындағы шарттар. Бірінші тоб шарттары ішінде, ерекше орынға, халықаралық ұйымдардың құрылтай құжаттары ие болады. Олар халықаралық ұйымдардың құқықтық табиғатын, құқықтар мен міндеттерін белгілейді. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын бектікен БҰҰ Жарғысы, халықаралық құқықтың барлық субъектілері үшін міндетті болып келеді. Яғни, халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын басшылыққа ала отырып қызмет етуге тиіс. Тек қана мемлекетаралық халықаралық ұйымдар, халықаралық құқықтың субъектілері болып саналады.

2. Халықаралық ұйымдардың түрлері және оларды құру, тарату тәртібі

Халықаралық ұйымдарды әртүрлі өлшмедер бойынша жіктеуге болады: мүшелік құрамына байланысты мемлекетаралық және мемлекетаралық емес халықаралық ұйымдар; қатысушылар шеңбері бойынша әмбебап, аймақтық және аймақаралық ұйымдар; жалпы және арнайы құзыреттегі халықаралық ұйымдар; өкілеттік сипатына байланысты мемлекетаралық және мемлекет үстінде тұратын халықаралық ұйымдар; мүшелікке қабылдау тәртібі бойынша ашық және жабық. Халықаралық ұйымдарды олардың құрылымы және құрылу тәртібі бойынша да жіктеуге болады.

3. Халықаралық ұйымдардың құқықтық табиғаты, құзыреті және атқаратын функциялары

Халықаралық ұйымдардың құқықтық табиғатына тән келесі негізгі белгілерін көрсетуге болады: егеменді мемлекеттердің бірлестігі; мемлекетаралық құрылтай шарттының болуы; ортақ мақсаттар мен қағидалардың бекітілуі; тұрақты органдар; халықаралық құқық субъектіліктің болуы; халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларына сәйкес келуі.

Халықаралық ұйымдар мемлекеттермен белгілі бір мақсаттарға жету, міндеттерді атқару үшін құрылады. Халықаралық ұйымдардың функциялары деп: жарғысында бекітілген мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған қызметінің негізгі бағыттарын түсіну қажет. Осы орайда, халықаралық ұйымның құзыретін талқылауға қатысты қалыптасқан ғылыми концепцияларға көңіл бөлу қажет.

4. Халықаралық ұйымдардың органдары және шешімдерді қабылдау тәртібі

Халықаралық ұйымның органы – халықарылқ ұйымның құрамдас бөлігі болып табылады. Оның құқықтық мәртебесі, құрылымы, атқаратын функциялары құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Халықаралық ұйым органдары келесі өлшемдер бойынша жіктеуге болады: мүшелік құрамы; шешімдерді қабылдау тәртібі; мүшелерінің саны; халықаралық ұйым құрылымында алатын орны.

Халықаралық ұйыммен шешімді қабылдау деп: ұйым жарғысының ережелеріне сәйкес, мүше мемлекеттердің ортақ еріктерін анықтау болып табылады. Шешімдерді қабылдаудың негізгі сатыларын көрсетіңіз.

5. Халықаралық конференциялар

Конференция – ортақ сұрақтарды талқылау үшін, екі немесе одан да көп мемлекеттердің ресми өкілдерінің кездесуі болып табылады.

Құқықтық институт ретінде халықаралық конференциялар көп жағынанан халықаралық ұйымдарға келесі жақтардан ұқсас болып келеді: мемлекет өкілдерінің жиналысы болып табылады; конференция қызметін қамтамасыз ету үшін жұмыс органдары құрылады; бұл органдар, конференцияға қатысушы мемлекеттермен белгіленген ережелер негізінде жұмыс істейді. Конференциялардың халықаралық ұйымдардан басты айырмашылығы, олар уақтыша органдар болып табылады.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Нормативтік актілер: [1, 2, 5, 6, 36, 54, 76, 92].

Негізгі әдебиеттер: [1, 3, 4, 12, 15, 39].

Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 3, 6, 60, 83, 84].

Электрондық оқулықтар: [1]

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 100 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)