Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орта тісжегі.

Читайте также:
  1. Терең тісжегі.

Тісжегінің бұл түрінде кіреуке-дентин шекарасының бүтіндігі бұзылып, патологиялық үрдіс жабынды дентин қабатында дамиды. Орта тісжегі кезінде науқас ешқандай шағым айтпауы мүмкін. Себебі біртіндеп пайда болған жылтыр дентин және үшіншілік дентин қабаттары ұлпаның әртүрлі тітіркендіргіштерге реакциясын немесе жауабын төмендетеді. Ал жедел дамыған түрінде ауыру сезімі көбінесе механикалық, көбінесе температуралық тітіркендіргіштерден тез пайда болып, тез басылады. Тіс қатарын тексеріп қарағанда бұзылған тісте орта тереңдіктегі тісжегі қуысы анықталады. Тісжегі жедел дамыған кезде кірер ауызы тар (көбінесе І – кластық тісжегі қуыстары кезінде), іші ақ түсті ыдыраған дентинге және ас қалдықтарына толғандығы, қабырғасында ақшыл-сұр түсті оңай аршылатын жұмсарған дентин қабаты анықталады. Сүңгілеп тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауыру сезімі бар. Тісжегі баяу дамыған кезде қуыстың аузы кеңдеу болады, ішінде ыдыраған дентин аз мөлшерде кездеседі, көбіне қабырғаларында сары, сары-қоңыр түсті жұмсарған дентиннің қалың қабаты анықталады және оңайлықпен аршыла қоймайды. Сүңгілеп байқағанда кіреуке-дентин шекарасында, табанында ауыру сезімі болмайды. Ауыру сезімі кіреуке-дентин шекарасында қуысты егеп-тазалаған кезде немесе тазалағаннан кейін сүңгілеп тексергенде байқалуы мүмкін. Тазаланған қуыстың табаны пигменттелген, өтте қатты және жылтыр болып келеді.

Ас қалдықтарынан, ыдыраған және жұмсарған дентиннен тазаланбаған қуыстың тереңдігін көрер көзбен немесе сүңгілеп анықтау қиын. Кейде жұмсарған дентиннің қалыңдығы соншалық, орта тісжегіге санап тұрған қуыс тазалағаннан кейін терең тісжегі қуысына айналады және қалың жұмсарған дентин қабаты да тітіркендіргіштер әсерін ұлпаға жібермейді.

Тісжегі қуысын егеп-тазалаған кезде де ауыру сезімі көп мазаламайды, сирек жағдайда қабырғаларында кіреуке-дентин шекарасына жақын аймақта ауыру сезімі пайда болуы мүмкін. Тістің электр қозғыштығы 2-6 мка тең.

Орта тісжегіні сынаға ұқсас ақаудан, кіреуке эрозиясынан, терең тісжегіден және периодонттың созылмалы қабынуынан ажырата білу керек. Сынаға ұқсас ақау мен кіреуке эрозиясы кезінде жарақат ошақтары олардың тек өздеріне тән аймақтарда дамиды, қабырғалары қатты және жылтыр, егер тісжегімен асқынбаса жұмсарған дентин болмайды.

Терең тісжегіден науқастың шағымы және объективтік белгілері арқылы ажыратады.

Орта тісжегінің периодонттың созылмалы қабынуымен ұқсастығы – тісжегі қуыстары бола тұрса да ауыру сезімінің болмауы. Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде сауыт қуысы кейде жабық болғанмен, егеп-тазалаған кезде оңай ашылады және тазалау кезінде және сауыт қуысы ашылған кезде де ауыру сезімі болмайды. Перидонттың қабынуы кезінде ешқандай тітіркендіргіштер ауыру сезімін тудырмайды және тістің электрқозғыштығы 100 мка жоғары болады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 84 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)