Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып: Психикалық күйлер ( сезім, эмоция, ерік).

Читайте также:
  1. Тақырып : Психикалық қасиеттер.
  2. Тақырып, Жас мәселесі және психикалық дамудың заңдылықтары.
  3. Тақырып. Жеке тұлға психологиясы. Бастауыш мектептегі, жеткіншек және жасөспірімдік шақтағы психикалық даму ерекшеліктері
  4. Тақырып. Мектепке дейінгі жастағы психикалық даму
  5. Тақырып. Психикалық дамудың жасерекшелік кезеңдері.
  6. Тақырып: Қарым қатынас және топтар психологиясы
  7. Тақырып: Қарым– қатынас пен топтарпсихологиясы.

Жоспар:

1. Психикалық күйлер туралы түсінік.

2. Адамның сезімі мен эмоционалдық күйлерінің сипаттамасы.

3. Тұлғаның жоғарғы сезімі.

4. Еріктік үрдістер мен еріктің сипаттамасы.

5. Еріктік сапа.

6. Тұлғаның еріктік қасиеттері.

Негізгі ұғымдар: сезім, эмоция, аффект, ерік, эмпатия, симпатия.

Аффект деп- күтпеген тітіркендіргішке адамның әсерленуін,күйіп-пісуін айтады. Аффектіде адам қатты ашуланады(күйіп-пісуінің себебі көбінесе жақындарының қазаға ұшырауы, не адамның жауапқа тартылуы т.б.). күйіп-пісу кезінде адам тамыры әдеттегісінен жиі соғады, демалысы жиілеп, сырт көрінісінен беті бозарады, көгереді,не беті бозарып, қатты уайымда болады.

Егер адам ызаланып күйіп-піссе, онда оның уайым қайғысы бірнеше күннен кейін немесе жылдардан кейін оның басына қайтадан жаңғыртуға болады. Өйткені, уайым-қайғы сол адамның миында тиісті таңба қалдырады. Айталық, адам бала кезінде басынын қатты уайым кешірсе, онда тиісті ойлар арқылы уайымын есіне түсіріп жаңғыртады да тамырын өлшейді. Тамырының соғуының мөлшері 1 минутта 90-100 рет болады. Адамның күйіп-пісу кезінде тыныс алу органдарының жұмысын да өлшеп білуге болады.(дем алу жиілігі 20-50-дей болады. Аффект кезінде бұдан да көп жиеленеді. Ерікті ес және арнаулы, арнаусыз қозғалыстар.

Адам әрекеті негізінде арнаулы және арнаусыз қозғалыстардан тұрады. Арнаулы қозғалыстарға адамның ерікті ісі жатады, бірақ ерікті іс пен арнаулы қозғалыс бір емес. «Арнаулы қозғалысқа» ерікті іс деген термин кіретін болғанымен, арнаулы қозғалыстардың бәрі ерікті іске жатпайды. Арнаулы қозғалысқа, еріктен басқа, адамның барлық саналы әрекеті жатады. Адамның саналы әрекеті тек ерікті іс үстінде ғана емес, оның қарапайым психикалық әрекетінде де кездеседі.

«Арнаулы қозғалыс», «арнаусыз қозғалыс» деген терминдердің өзі әуелгі кезде физиологияда көбінесе И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың еңбектерінде қарастырылып зерттелінген, кейін психология ғылымына енген-ді. Мысалы, дәрігер тізені ағаш балғамен соққанда адам өзінің шыдамсыздығын көрсетіп, тізесін бірден қозғалтып жібереді. Мұндай тәсілдер ұшқыштар мектебіне абитуренттер қабылдау кезінде де қолданады. Шыдамсыздығын тежей алмай, тізені қозғалтып жіберу-арнаусыз қозғалыстың түріне жатады. Егер сол адам балғаның тиуіне шыдап, өз шошуын тежелтсе, онда ол арнаулы қозғалыстың бір түрі болар еді. Сондықтан, арнаулы қозғалысқа адамның барлық дерлік саналы әрекеті, соның ішінде, ерік процесі де жатады.

Ерік - адамның өз мінез – құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе - мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет деп атайды. Адамның іс-әрекеті екі түрлі болады. Оның бірі - еріксіз әрекеттер: жөтелу, көздің жұмылып – ашылуы, шашалу т.б. Екіншісі - ерікті әрекеттер,қозғалыстар: жерге түсіп кеткен затты көтеріп алу. Бұл мақсатты қозғалыс. Адам қандай да болмасын белгілі бір істі орындау, өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өз жағдайын соған бейімдейді.

Ерік деп- адамның өз ісіне ие болу қасиетін айтады. Ерікті іс мынадай үш кезеңнен тұрады:

- даярлық кезеңі, шешімге бағыттау,ниеттер күресі,түпкілікті шешімге келу);

- орындалу кезеңі, бұл кезең істі меңгеру, табандылық,істі және білуден тұрады;

- істің қалай және қаншалықты орындалғанын тексеру кезеңі.

Нағыз ерікті әрекет адамның алға қойған мақсатына жету үшін белгілі тоқтамаға келіп, шешім қабылдауынан көрінеді. Бұл да - жауапты кезең. Мұның өзіндік психологиялық сипаты бар. Бүгінде ерікті амалдағы шешімге келу кезеңі психологияның ғана емес, экономикалық, әлеуметтік ғылымдардың да зерттейтін обьектісіне айналып отыр. Адамның іс-әрекетінде ерік сапалары мен қасиеттері қалыптасады. Ерік сапалары әр адамда әртүрлі. Біреулердің еркі табанды, жігерлі берік. Енді біреулердікі керісінше- сылбыр, ынжық, жуас, тартыншақ.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 1760 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)