Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тұлға туралы қазіргі теориялар.

Читайте также:
  1. А. жер жүзінлегі тіршіліктің қазіргі жағдайы мен болашақ қамын ойлау
  2. Адам,тұлға, азамат ұғымдарының арақатынасы
  3. Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.
  4. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  5. Азаматтық құқық туралы ұғым
  6. Дәріс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары.
  7. Дебиеттегі кейіпкер.Персонаж.Тұлға

XXғ. 20 ғасыр 30 жылдардан бастап түлға психологиясын зерттеу белсенді дифференциядық бағытта болды. Соның арқасында тұлға туралы теориялар түрлі тұрғыдан қарастырулар қалыптасты. 48 түрлі варианпен, 5 параметрмен жіктелгені де белгілі.

Психодинамикалық теория типіне К.Левиновтің формуламен берілген символикалық түсініктік типі жатады: В = F (Р,Е). В- мінезді, F-функциональдық тәуелділік белгіні, Р-тұлғаның ішкі субъективті психологиялық қасиетін, Е- әлеуметтік ортасы дегенді білдіретін шартты белгілер болып табылады. Психодинамикалық теорияның символикалық көрінісі мынадай болады: В = Ғ (Р)

Мұнда мінез психологиялық қасиеттен шығарылып тасталды. Ол толығымен олардың негізінде түсіндіріледі.

Социодинамикалық теорияда мінез детерминациясы ішкі ситуацияға беріліп, оған ішкі тұлға қасиеті ретінде мән берілмейді. Сөйтіп, оны символикалық түрде В = Ғ (Е) берілді.

Интеракционистік тео рия - адамның өзектіәрекеттерін басқарудың ішкі және сыртқы факторларын өзара әрекеттестік принцип негізінде құрылады. Оның Левин формуласы: В = Ғ(Р,Е).

Экспериментальдық теория - факторлар арқылы алынған талдау мен қорытып шығаруға құрылады.

Экспериментальді емес т еория - өмірлік пікірлер, бақылау мен тәжірбиеге, теориялық қорытуға негізделеді де, экспериментке сүйенбейді.

Құрылымдық теория - тұлға қүрылымын анықтау, жүйелік түсініктер беріледі де солардың арқасында сипатталу жүзеге асады.

Динамикалық теория - тұлға дамуындағы қайта құрылу, өзгерістер, яғни оның динамикасы беріледі.

Кейбір теориялар білім беру жүйесі кезеңін, ал енді бірі адамныің бүкіл ғұмырлық дамуын қамтиды. Сондықтан, олар жас ерекшелік және педагогикалық психологияға тән сипаттарға сай құрылған.

Сонымен, тұлға туралы теориялар: ішкі қасиеттерді, келбет пен тұлға сапасын немесе олардың сыртқы көріністерін алады. Мысалы: мінез, қылық, іс - әрекет сияқты.

Г.Оллпорт пен Р.Кеттелдің жасаған теориясы - келбеттік теорияны, психодинамикалық, экспериментальдық, құрылымдық - динамикалықтың қатарына жатқызуға болады. Мұнда адамның барлық өмірі қамтылып, оның тұлғалығының ішкі психологиялық қасиеттерңн сипаттайтын түсініктер бар. Бұл теория арқылы адамдарды бір-бірінен дамушылық деңгейінің белгілі бір түріне қатысты айыруға болатындығына байланысты теорияны қуаттауына болады. Ал тұлғалық тұтас сипаттау тек тестілеу немесе қатаң зерттеу тәсілі арқылы гана анықтауға болады.

Қатаң зерттеу тәсіліне - тұлғаның тілді меңгеруімен және қазіргі статистиканың күрделі әдістері арқылы ғана анықтауға болады.

Осы әдістер арқылы Р.Кеттел 16 түрлі түлғалық келбет анықтап, аның күшті жэне әлсіз сияқты екі түрлі дамушылығын белгілейді. Кеттел сауалы 100 сұрақты қамтиды да, оны мақұлдау немесе мақұлдамау арқылы, соңындағы жинақтаған баллық «кілтіне» қарай белгіленеді. Сол арқылы оның түлғалық келбеті анықталады. Тұлға келбетін Р.Мейлиде анықтады.

Кебет теориясына алтернативті түрде элеуметтік үйрету теория деп аталатын тұлға түжырымдамасы кең тарайды. Мүнда да түлғаны жан-жақты қарастыру мінездік түсінік пен әлеуметтік - динамикалық, экспериментальдық, қүрылымдық-динамикалық жүктелумен жүзеге асады. Мүның негізгі ерекшілігі құлықтар немесе құлықтар топтамасы мен психологиялық сипаттама жасалады.

Тұлғаның интеракционды теориясын американ психологі У.Майшел жасады. Онда адам тұлғалық факторы мінез белгілеп, оны бірнеше мынадай, топқа бөледі:

1. Адам қабілеті.

2. Когнетивті стротегиясы.

3. Кітетіні.

4. Құндылығы.

5. Мінез жоспары.

Ал З.Фрейдтің тұлғалық психоаналитикалық теориясы Батыста кең танымал. Оны психодинамикалық, экспериментальды емес, құрылымдық-динамикалық типке жатқызуға болады. Ол тұлғаның психологиялық қасиетін, әсіресе қажеттілігі мен себептерін сипаттайды. З.Фрейд өзіндік сананы - айсбергтің шыңына теңейді. Адам өз жанында болып жатқанның мардымсыз бөлігін ғана белсенді сезінеді. Ал оның жанында болып жатқанның негізгі бөлігі тәжірбиесі мен тұлғалануы бейсанада болады деп көрсетеді. Фрейд тұлға құрылымын үш құрамда: «оно», «мен», және «Мен-тыс» деп белгілейді. «Оно» - бұл өзінің дербес бейсаналықтағы қызығушылық, қажеттілік пен себепке терең енуі; «Мен» - санасы; «Мен-тыс» -бұл саналык жэне бейсаналық деңгейі. «Оно» - ләззат принципіне, «Мен» - шындық принципіне, «Мен-тыс» - қоғамда орын алған моралдық норма мен құндылықты басшылыққа алады.

Жағымсыз эмоциональдық жағдайдан құтылуға байланысты «Мен» көмегімен өзінің қорғаныстық механизімдерін жасайды. Ондай рационализация, реакуляция қалыптастыру, проекция, интеллектуализация, ескертпелер жатады. Егер осы және бұданда басқа қорғаныстық механизімдер нәтиже бермесе, ол «Оно» -дағы кодталған, символикалық формаға байланысты болғаны.

З.Фрейдтің тұлға теориясы жэне неофрейдистер тұжырымдамасы шет елдер мен ресей психологтары арасында сынға ұшырады. Бұл сын адамның биологиялық шегіне, оның әлеуметтік мінезінің себебіне, оны басқару ролінің төмендігіне байланысты. Олардағы дәлелдер ғылыми негізделіп, нақтыланған дәлелденген деуге болмайды, деген олар тартымды әрі өмірлік ақиқатқа жанасымды құрылған.

З.Фрейд пен неофрейдистер тұлғаның жалпы психологиясын жасауда үлесі болды. Олардың үлесі қорғаныс механизмі, мінез-құлық детерминизациясы мен бейсаналық мәселесіне қатысты.

Жеке адам психологиясын анықтауда гуманистік психологияның да өзіндік үлесі бар. Жеке адам психологиясы мен мінезі гуманистік дәстүрге сай құрылымда зерттелінді және ол зерттеулерді психодинамикалық, интеракционды, құрылымды-динамикалық, экспериментті емес типіне жатқызуға болады. Негізінен адамның ішкі тәжірбилік құрылымы мен дамуына өзіндік сана мен ойлануына мән беріп, оларды кеңірек сипаттайды. Оларды адам нені қабылдайды, қалай түсінеді және өз өмірінің нақты жағдайларын қалай түсіндіреді деген сияқты сұрақтар қызықтырды. Олар осылай тұлға феноменологиясын сипаттды. Өмірлік тәжірбиесіне негізделіп, «өмір мәні» «құндылықтары», «өмірлік мақсаты» және т.б. терминдер типімен сипаттауға тырысты. Гуманистік тұрғыда тұлға теориясын анықтауға талпынған американ психологтары А.Маслоу мен К.Роджерс болды. К.Роджерс әрбір адамның қандай қабілеті бар және ол ұмтылу мен бірлесу тұлғаның өзіндік жетілуіне көмек беретін тұрғысын қарастырды. Жоғары саналыққа ие адам өзінің өмірінің мәнін, мақсаты мен құндылығын белгілейді, әрі оның жоғары соты мен эксперті деп есептейді. Роджерс теориясының негізгі түсінігі «Мен» түсінігі. Әрбір адам мен кіммін? Не істей аламын? Кім бола аламын? Ондай болу үшін не істей аламын? деген сүрақтарға жауап береді. «Мен» образы адамның өмірлік тәжірбиесі арқылы айналаны қабылдауы, бағалауы жүзеге асады да, мінезі қалыптасады.

Адамның негізгі қажеттілігі- өзін жүзеге асыру (самоактуализация) өзіндік жетілуге талпыну мен өзіндік ой болып табылады. Гуманистік психология тұлғаның теориялық бағытын анықтауда өзін жүзеге асырудың барлық бағытымен байланысты болады. А.Маслоу өзін жүзеге асыру сипаттарына ақиқатты белсенді қабылдауы мен оған дұрыс бағдарлану қабілетін; өзін және өзгенің болмысының қандай болғанына қарай, дәл сол түрғысында қабылдауды және т.б. белгілерге қатысты психологиялық ситпттаулар жүргізді. Өзін жүзеге асырушы адам белгілі бір іспен шұғылданады, оны беріліп атқарады және олар мойындауды қажет етеді деп сипаттайды. Олар үнемі таңдауды және шешуші қадам жасаушылар, олар үнемі алда жүруді және кез-келген кедергілерді жеңуде өз мүмкіндігін көрсете алады.

Ресей психологтарының ішінен тұлға психологиясын анықтауда Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Л.И.Божовичті айтуға болады.

Л.И.Божович - мектепке дейінгі балалардың сәбилік шағы мен жастық шақ аралығындагы тұлға дамуын зерттейді. Ішкі қасиеті мен адам ерекшелігін, негізіі тұлға түсініктеріне сипаттама береді. Тұлғааралық қатынас арқылы ішкі позициясы деп аталатын көзқарастың қалыптасатынын көрсетеді.

А.Н.Леонтьев - тұлға құрылымы мен дамуы тұжырымдамасын жасайды. Ол і-әрекетке баса мән береді және теориялары психодинамикалық, эксперименттік емес, құрылымдық-динамикалыққа жатады.

Тұлға теориясын жасауда американ психологі Э.Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар. Ол тұлға дамуы мен қалыптасуын эпигенетикалық принципке сүйене отырып түсіндіреді және өмір сүру барысында болатын тұлға дамуындағы 8 дағдарыстың болатынын белгілейді.

1. Алғашқы өмір сүру кезеңінде болатын сену, не сенбеу.

2. 2-3 жас арасында болатын күмән мен үят.

3. 3-6 жас аралығында белсенділік пен оған қатысты болатын кінәләну.

4. Еңбек қорлық және оған қарсы толық мәнде болмаушылық.

5. 12-18 жас аралығындағы болатын тұлғаның өзін - өзі белгілеуі мен жеке дара даралануындағы топтамалар мен дау-дамайлар.

6. 20 жас шағындағы өз шектеулігі мен қоғамға араласушылығы мен оған қарсы мәндері.

7. 30-60 жас аралығында жас ұрпақ қамқорлыққа өзін-өзі жегуі.

8. 60 жас және одан жоғары жаста өткізген өміріне қанағаттануы мен өкіну, түңілуі.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 95 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)