Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ыз бен Қара торы кісі

Читайте также:
  1. Арауылдық қызметтің ережелері. Қарауылдар наряды.
  2. ЛОР-СТАТУС НЕМЕСЕ ЛОР – АҒЗАЛАРЫН ҚАРАУ

 

Бірде ол найзағайлы нөсерден кейін мұхитта сайрандап жүзіп жүрген-ді.

Су бетіне көтерілген Ихтиандр өзіне таяу бір толқын үстінен балықшының қайығынан дауыл жұлып әкеткен ақ желкен қиындысы іспетті әлденені аңғарды. Жақындай жүзіп барып, ол әлгінің адам екенін – әйел, дәлірек айтқанда, жас қыз екенін көріп қайран қалды. Қыз денесі тақтайға шандып байланған.

Мына кереметтей сұлу қыздың шынымен-ақ өліп жатқаны ма? Ихтиандрдың әлгіге абыржығаны соншалық, тумысында тұңғыш рет мұхитты өлердей жек көріп кеткен сәті де осы шығар.


 

 

 


 

 

Бәлкім, қыз байғұс тек есінен танып жатқан шығар? Ол қыздың салбырап кеткен басын көтеріп, түзетіп жатқызды да, өзі тақтайдан ұстап, жағаға қарай жүзе жөнелді.

Ол бар пәрменімен шапшаң жүзіп келе жатқан, тек қайыра салбырап түскен қыздың басын дұрыстап жатқызу үшін ғана ауық-ауық тоқтайтын.

Ол бақытсыздыққа ұшыраған балықтарға айтатынындай қыздың да құлағына сыбырлап: «Сәл шыда!» деп қояды. Ол қыздың көзін ашқанын тілеген, бірақ содан өзі қорқатын да. Қызды тірілей көргісі келеді, әйтсе де өзін көрсе қыз шошып кете ме деп те қауіптенеді. Көзілдірігі мен биялайын шешіп ала ма, әлде? Бірақ оған көп уақыт кетеді ғой, әрі саусақты биялайсыз жүзу қиыныраққа түседі. Ол қыз жатқан тақтайды жағаға тезірек жеткізбекке қаттырақ итере, жанұшырып келеді.

Міне, толқын шарпуы күшейген тұсқа да жетті. Бұл маңда сақтанбаса болмайды. Енді толқынның өзі-ақ бұларды жағаға қарай айдап әкеле жатқан.

Ихтиандр әлсін-әлі аяғын созып жіберіп, теңіз түбінің тереңдігін байқайды. Ақыры ол тайыз тұсына да жетіп, қызды жағаға шығарды, тақтайдан шешіп алды, көтеріп бір бұталар өскен құм төбеге апарып жатқызды да, оның есін жидырмақ болып әлекке түсті – қолдан демалдырып байқады.

Оған қыздың кірпіктері жыбырлап, қабағы дір еткендей көрінді. Ихтиандр қыздың кеудесіне құлағын тосып, жүрек соғысын тыңдап еді, әлсіздеу де болса соғып жатқанын аңғарды. Қыз тірі... Оның қуанғаннан айқайлап жібергісі келді. Қыз көзін сығырайта ашып, Ихтиандрға қарап еді, өңінде сұмдық үрей белгісі пайда болды. Сосын қыз көзін қайыра жұмды. Ихтиандр әрі ренжіп, әрі қуанып тұр. Қалай дегенде де ол қызды бір ажалдан құтқарды. Енді оның зәресін алмауы үшін кетіп қалуы қажет. Бірақ оны мына дәрменсіз күйінде қайтіп тастап кете алады? Осылайша ойға шомып тұрғанда, ол арт жақтан шыққан ауыр аяқ тысырын естіп қалды. Бұдан

әрі ойланып тұруға болмайтын.


 

 

Ихтиандр толқын шарпуына басымен сүңгіп кетті де, су астымен жүзіп жартасты сілемдерге қарай бет алды, ақыры бір жартасты паналай су бетіне қайта шығып, жаға жаққа ұрлана көз тастады.

Құм төбенің ар жағынан басында кең жиекті қалпағы бар, мұртты әрі шошқа сақалды қара торы кісі шыға келді. Әлгі испан тілінде ақырын ғана: «Міне, өзі, құдайға құлдық!»– сосын қызға қарай жүгіре жөнелді де, содан кенет оқыс мұхитқа қарай бұрылып, толқынға қойып кетті. Малмаңдай су-су күйі қыздың қасына жүгіріп барып, қолдан дем алдырып көрді (енді мұнысы неме керек?) Қыздың бетіне үңілді... Оны сүйді. Тез-тез қызбалана сөйлеп әлденелерді айта бастады. Ихтиандр кейбір сөздерін ғана еміс-еміс естіп қалды: «Мен ескертіп ем ғой сізге... Нақұрыстық болды бұл... Тақтаға байлау ойыма келгенінің мұншама тәуір болғанын көрмеймісің...»

Қыз көзін ашып, басын көтерді. Өңінен таңырқауы, ызасы, реніші аралас үрей нышаны аңғарылады. Шоқша сақалды кісі әлі де қызбаланып әлденелерді айтып жатыр, қыздың аяғынан тұруына көмектесіп, құмға отырғызды. Тек жарты сағаттан кейін ғана олар жолға шыға алды. Екеуі Ихтиаидр жасырынып тұрған тастың дәл түбінен өтті. Қыз әлгі сомбреро киген кісіге қабақ шыта былайша үн қатты.

– Сонда мені құтқарған кісі сіз болғаныңыз ба? Алғыс айтам! Тәңір жарылқасын сізді!

– Тәңірі емес, тек сіз ғана жарылқай аласыз мені, – деп жауап қатты қара торы кісі.

Қыз бұл сөздерді естімегендей сыңай танытты. Ол үнсіз қалып, біраздан соң қайыра тіл қатты:

– Ғажап екен. Маған қасымда әлденендей бір құбыжық тұрғандай көрініп еді, әлде бұл елес қана ма екен?

– Әрине, сізге солай елестеген ғой, – деп жауап қатты серігі. – Әу, бәлкім, ол сізді өлді деп түсініп, жаныңызды әкетуге келген әзірейіл шығар. Дұға оқып жіберіңіз де маған сүйеніңізші. Менің қасымнан сізді ешқандай әзірейіл тартып әкете алмайды.


 

 

Олар – әлгі тамаша қыз бен оны құтқардым деп қызды сендірген оңбаған қара торы кісі – мұның қасынан өте шықты. Бірақ Ихтиандр оның өтірігін әшкерелей алмады. Мейлі, енді не қылса о қылсын – Ихтиандр өз міндетінен құтылған. Қыз бен оның серігі құм төбеден әрі асып кете барды, ал Ихтиандр әлі солардың соңынан қарап тұрған. Содан соң басын мұхит жаққа бұрды. Ол неткен алып және иесіз еді!.. Толқын бір сәт құм үстіне бауыры күмістей жалтыраған бір көкше балықты атып жіберді. Ихтиандр жан-жағына қарап еді – жан адам жоқ екен. Ол тығылған жерінен жүгіріп шығып, балықты шап беріп ұстай алды да, теңізге қайыра лақтырып жіберді. Балық жүзе жөнелді, бірақ Ихтиандрдың көңілі әлденеге құлазып сала берді. Ол елсіз жағаны қыдырыстап балықтар мен теңіз жұлдызшаларын теріп, соларды тасумен болды. Бұл жұмыс оны бірте-бірте еліктіріп әкетті, оған әдеттегідей шат-шадыман көңіл-күйі қайта оралды. Ол жағадағы жел денесін күйдіріп, желбезегін кептірген сәттерде суға сүңгіп-сүңгіп алып, қас қарайғанша

осы тіршілікпен әуреленді.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 31 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)