Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерi ұғымы және түрлерi.

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Quot;Қоршаған орта" ұғымына нені жатқызуға болады
  3. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  4. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  5. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  6. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  7. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.

 

“Құқықтың қайнар көздерi” деген термин – материалдық және ресми (заңдық) екi аспектiде қолданылады.

Халықаралық құқықтың материалдық қайнар көздерi ретiнде халықаралық еңбек бөлiнiсi нәтижесiнде дамитын және халықаралық құқық нормаларын пайда қылатын бүкiләлемдiк экономикалық қатынастарды айтамыз. Қазiргi заманғы халықаралық құқықтың мағынасындағы қайнар көздерi –бұл оның нормалары мен қағидаларының көрiнуi мен бекiтiлуiнiң ерекше, арнаулы нысаны. Қазіргі заманғы халықаралық құқықтың заңдық қайнар көздерi халықаралық құқық шығармашылықта ерекше орынға ие, атап айтқанда халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларының қалыптасу және пайда болу процесiн қорытындылайды.

Сөйтiп, халықаралық құқықтың қайнар көздерiнiң – заңи мағынасы – бұл, оның субъектiлерiнiң келiсiлген еркiн бiлдiретiн халықаралық құқық нормаларына айналған нысандар.

Қайнар көздердiң жүйесi негiзгi және көмекшi болып екiге бөлiнедi. Негiзгiге мыналар жатады:

· Халықаралық шарт;

· Халықаралық дәстүр;

Халықаралық құқықтың көмекшi қайнар көздерiне мыналар жатады:

· Халықаралық ұйымдардың шешiмдерi, резолюциялары;

· Халықаралық Соттың және Төрелік соттың шешiмдерi;

· Iшкiмемлекеттiк заңдар, ұлттық соттардың шешiмдерi;

· Халықаралық құқықтағы ғалымдар доктринасы;

· “өркениеттi ұлттар мойындаған құқықтың жалпы қағидалары”.

Халықаралық құқықтың өзiндiк қайнар көздерi болып табылмағанымен де, бұл қайнар көздер, бiрiншiден, халықаралық-құқықтық нормалардың жасалу процесiнде белгiлi бiр сатылары болып табылады; екiншiден, заң шығару процесi барысына әсерiн тигiзедi; үшiншiден, халықаралық құқық нормаларының бар болуын немесе мазмұнын бекiтедi.

Халықаралық шарт, келiсiмге келушi тараптар үшiн құқықтар мен мiндеттердi пайда қылады және оның заң нормаларында бекiтiледі. Осы қайнар көз халықаралық құқықтың негiзгi қағидаларына сәйкес келетiн заң нормаларын жасайды. Халықаралық құқық нормаларын жасайтын мемлекеттердiң келiсiлетiн ерiктерi аяқталған нысанда болғанда және шарт болған жағдайларда бар болады. Соңғы жағдайда бiз мемлекеттер арасында жасалатын келiсiмдердi де айта аламыз. Ол үшiн ереже бойынша жазбаша бекiтiлген немесе ауызша айтылатын белгiлi бiр мәтiн болу керек. Халықаралық құқық доктринасы халықаралық шарттардың құқыққа сай болуының басты белгiсi ретiнде оларды жасау барысындағы ерiктiлiктi айтады. Сондай-ақ, шарт тиiстi мемлекеттердiң тең құқылы ерiк бiлдiрулерi болып табылған жағдайда құқықтың қайнар көзi болып саналуы мүмкін. Халықаралық шартта көп мәрте қолдануға есептелген жалпы нормалар немесе тек бiр ғана жағдайда ғана қолданылатын жеке нормалар да болуы мүмкін. Халықаралық шарттың құқықтық табиғатына жасалу сатыларына “халықаралық шарттардың құқықтары” деген тарауда кеңiнен тоқталатын боламыз.

Халықаралық дәстүр шарттан кейiн екiншi орынға ие, бұрындары ол басым дәрежеге ие болатын. Жәй нормалар ұзақ мерзiмдi тәжiрибенiң нәтижесiнде, құқық субъектiлерiнiң ондай норманың заңи мiндеттi сипатын мойындағанынан кейiн пайда болады. Шарттық және жәй нормалар халықаралық құқықтың жалпы жүйесiн құрайды, олар бiр-бiрiне қайшы келмейдi, керiсiнше, халықаралық құқық нормаларын тиiмдi қолдануды қамтамасыз етедi.

Халықаралық дәстүр дегенiмiз халықаралық тәжiрибеде қалыптасқан тәртiп ережесi, халықаралық құқық субъектiлерi оның заңи мiндеттi сипатын мойындайды. Дәстүрдiң шарттық нормадан айырмашылығы тиiстi ережелердi нақты көрсететiн заңдық құжат еместiгiнде. Дәстүр барлық немесе бiрнеше мемлекеттердiң халықаралық әрекеттерiнiң ұқсастықтарының күші бойынша жинақталады. Ол ұзақ мерзiм бойында қолданылады және заңдық мiндеттiлiгiне сенiм сипатында болады. Сонымен, мемлекет тәжiрибелерiнiң ұзақтылығы салыстырмалы сипатта. Бүгiнгi таңдағы халықаралық қатынастарда жәй нормалардың қысқа мерзiмде жасалуы да кездеседi, - мысалы, ғарыш құқығында, теңiз құқығында.

Сөйтiп, халықаралық дәстүрге мыналар тән:

· Қолданылу мерзiмiнiң ұзақтылығы.

· Мойындалуының жалпылығы.

· Заңдық мiндеттiлiгiнiң сенiмдiлiгi.

Халықаралық дәстүрдiң пайда болуы үшiн қайталанба тәжiрибе керек. Халықаралық–құқықтық әдебиеттерде кез-келген қайталанудың жәй нормалары жасалмайтыны жөнiнде аз айтылып жүрген жоқ. Қандай да бiр әрекеттердiң қайталануы тәртiп нормасын жасауға әкелмеуi де мүмкін - ол жәй әдетке айналып кетедi.

Халықаралық әдет деп мемлекеттердiң заңдық мiндеттiлiгi бар деп есептелiнбейтiн жалпы тәжiрибелерiн айтады.

Халықаралық қатынастарда, әсiресе дипломатиялық қатынастар мен теңiз кеме қатынасында көп уақыттан берi әрекет етiп келе жатқан, дегенмен халықаралық құқық нормасы болып табылмайтын нормалар аз емес. Мәселен, дипломаттардың жүктерiн кеден бақылауынан тексермей өткiзуге, үшiншi мемлекеттiң аумағында дипломаттардың кейбiр артықшылықтарының болуына, әдетте көптеген мемлекеттер рұхсат бередi. Алайда 1961 жылғы дипломатиялық қатынас туралы Вена Конвенциясы өз күшіне енгенге дейiн мөндай нормалар халықаралық құқықтық деп емес, ал халықаралық сыпайгершілік нормалары деп есептелетiн.

Халықаралық дәстүр мен халықаралық шарт құқықтың негiзгi қайнар көздерi және жалпы халықаралық құқық нормаларын жасаудың екi түрлi тәсiлi болып табылады. Сөйтiп, халықаралық құқықтың жәй нормаларын шарттық жолмен өзгерту көп кездесетiнiн, әсiресе халықаралық құқықтың кодификациясында кездесетiнiн баса айтып кеткен жөн. Ал шарттық нормаларды жәй нормаларға ауыстыру жағдайлары сирек кездеседi, яғни шарттық тәжiрибе белгiлi болғанындай оларды өзгерту ережелерiн немесе күшін жоюды қарастырады.

Халықаралық ұйымдардың шешiмдерi, резолюциялары. Халықаралық құқықтың аталмыш қайнар көзiнiң маңызы халықаралық құқық субъктiсi ретiндегi халықаралық ұйымдардың рөлімен бiрге арта түседi. Аталған қайнар көз, өз бетiнше халықаралық құқық нормаларын жасай алмайды. Халықаралық ұйымдардың қаулылары, ең бiрiншi Бас Ассамблея мен Қауiпсiздiк Кеңесiнiң резолюциялары норма жасау процесiне қатысады. Мәселен, БҰҰ Жарғысының 11 бабында Бас Ассамблеяның тек “БҰҰ немесе Қауiпсiздiк Кеңесiне мүше-мемлекеттерге ұсыныстар беру” құқығы ғана бар екендiгi көрсетiлген. БҰҰ-ның барлық органдарының iшiнде тек Қауiпсiздiк Кеңесiне ғана бейбiтшiлiктi қолдану мәселелерi бойынша, барлық мүше – мемлекеттерге мiндеттi шешiмдер қабылдау мүмкіндiгi берiлген және ол БҰҰ Жарғысының 25 бабында бекiтiлген.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 291 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)