Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықаралық-құқықтық нормалардың жiктелуi.

Читайте также:
  1. Кімшілік құқықтық нормалардың түрлері.
  2. Кімшілік құқықтық нормалардың түсінігі мен құрылымы.
  3. Тақырып 10. Халықаралық-құқықтық жауапкершілік

 

Халықаралық–құқықтық нормалар санының артуы оларды жiктеу қажеттiлiгiне әкеледi. Соның iшiнде көп таралғаны бұл нормалардың шарттық және жәй болып бөлiнуi. Дегенмен, оның күрделiлiгiне және көп қырлылығына байланысты басқа да маңызды белгiлердi ескеру қажеттiлiгi туындайды.

а) әрекет ету өрiсi бойынша – әмбебапты, аумақтық, партикулярлы (бытыраңқы).

Әмбебапты нормалардың болуы халықаралық әмбебап актiлермен қамтамасыз етiледi, олар халықаралық құқықтың көпшiлiк мақұлдаған нормалары деген атқа ие. Әмбебап нормалар БҰҰ Жарғысында, 1970 ж. халықаралық құқық қағидаларының Декларациясында бар, БҰҰ Бас Ассамблеясының көптеген резолюциялары, көпшiлiк мемлекеттердiң оның заңдық күшін қабылдағанынан кейiн, халықаралық құқықтың көпшiлiк мойындаған нормасына айналады. Әмбебап нормалардың негiзгi айырмашылық белгiсi олардың әрекет етуiнiң әмбебаптығы, жалпыға бiрдей мiндеттi күші болып табылады. Тек қана әмбебап норма ғана императивтi бола алады және ерекше әмбебап мiндеттемелердi жасай алады.

Әмбебап және аумақтық құқықтық нормалар өзара байланысты және олардың тиiмдiлiгiнiң маңызды мәнi болып табылады. БҰҰ Жарғысында “Аумақтық-келiсiмдер” деген арнайы VIII тарау бар. Халықаралық құқықтың аумақтық нормаларының көбеюiне де колонизация нәтижесiнде тәуелсiз мемлекеттердiң құрылуы себеп болды. Аумақтықтың себебi тек әлеуметтiк және саяси факторларға ғана емес, сонымен қатар жаңа факторларға да байланысты. Жаңа құқықтық нормалар аумақтық деңгейде жеңiлiрек жасалады. Осы деңгейде, сондай-ақ әмбебап нормаларды жүзеге асыруда анағұрлым тиiмдi.

Доктринада және тәжiрибеде партикулярлық (бытыраңқы) құқықтық нормалар да белгiлi. Партикулярлық терминi (латынша particularze – iшiнара, жеке) оқшауланған жергiлiктi деген мағынаны бередi, яғни жалпы мемлекеттiкке қарама-қарсы деген сөз. Қарастырылып жатқан контексте бұл әмбебап нормаларға қарағанда шектелген сипатта әрекет ететiн нормаларды бiлдiредi. Құқықтық нормалардың мұндай түрлерi белгiлi бiр географиялық орынмен, шекарамен, арналармен байланысты нақтылықты қажет еткен жағдайларда қолданылады. Ұлттар Лигасының халықаралық әдiл сотының Тұрақты Палатасының тәжiрибесi, кейiнiрек БҰҰ Халықаралық Сотының тәжiрибелерi партикулярлық жәй нормалардың бар екендiгiн растап бердi. Партикулярляқ нормаларда жалпылық сипаты жоқ, дегенмен құқықпен тығыз байланысты болады. Партикулярлық нормалар жалпы халықаралық құқықтан пайда болған және халықаралық құқық негiзiнде қызмет етедi.

б) заңи күші бойынша– императивтiк және диспозитивтiк.

Халықаралық құқық доктринасы императивтiк норма және “jus coqens” терминдерiн тең дәрежеде қолданады. Императивтiк нормалардың пайда болуының алғы шарттарын БҰҰ Жарғысы жасады, мәселен 2 баптың 6 бөлігі, 106 бап. Онан әрi бұл тұжырымдаманы халықаралық шарттардың құқықтары туралы Вена Конвенциясы дамытты. Халықаралық құқық комиссиясы императивтiк нормалардың құқықтық табиғатын егжей-тегжейлi талқылады. Жалпы халықаралық құқықтың императивтiк нормаларына халықаралық құқықтың негiзгi қағидаларын; әлемдiк бiрлестiктердiң халықаралық құқықтың қол жеткiзген адамгершiлiк стандарттарын- әдiлдiк, адал ниет қағидаларын тарихи түрде бекiтетiн құқықтар мен нормалар; қол жеткiзген гумандық деңгейдi бекiтетiн – адамзат құқығы, халықтар, аз ұлттар құқығы жөнiндегi, соғыс құрбандарын қоғау жөнiндегi қағидалар; атмосфераны жалпылай ластауға, жер бетiн, теңіздердi былғауға тыйым салатын қағидалар мен нормалар; халықаралық кеңістiктердiң, ашық теңiздердiң, космостың, Антарктиканың режимiн айқындайтын қағидалар мен нормаларды жатқызуға болады[5].

Диспозивтiк нормалар халықаралық құқық субъектiлерiнiң арасындағы келiсiм нәтижесiнде тәртiп ережелерiнен ауытқуға мүмкіндiк бередi. Диспозивтiк мынадай болып көрiнуi мүмкін”тараптар келiсiмiмен өзгеше көзделмесе тараптардың... мүмкіндiгi бар” – дегендей. Нормалардың диспозитивтiгі шектелген мiндеттi күшімен емес, ал субъектiлердiң өздерiнiң ара-қатынасын жалпы нормада бекiтiлгеннен басқаша реттеу құқығын көрсетедi. Мәселен, – халықаралық экономикалық қатынастар аумағында – 1980 жылғы халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы Конвенцияның 6 бабында диспозивтiк норма бар: тараптардың Конвенциясы қолданбауы да мүмкін немесе 12 баптың талаптарын сақтағанда оның кез-келген ережелерiнен бас тартуға немесе оның әрекет етуiн өзгертуге құқылы, - делінген.

в) халықаралық–құқықтық реттеу тетігі қызметі бойынша – материалдық және іс-жүргізушілік.

Халықаралық құқықтағы іс-жүргізу нормаларының мәнi ұлттық жүйеден өзгешелеу. Ондай нормалар арнайы заң шығарушы және құқықты қолданушы мекемелермен шығарылады және iске асырылады.

Ал, халықаралық құқықтың іс-жүргізу нормаларын негiзiнен алғанда, құқық субъектiлерiнiң өздерi шығарады және iске асырады, яғни материалдық және іс-жүргізу нормаларының елеулi ерекшелiктерi жоқ.

Халықаралық құқық Комиссиясы құқық қолдану процесiн қажет ететiн қандай да бiр Конвенцияны дайындау барысында іс-жүргізу нормаларының проблемалары туындайды. Сонымен қатар материалдық нормаларды қолдану мәселелерi де бiр мезгiлде шешiле бередi.

Басқаша айтқанда, іс-жүргізу нормаларынан туындайды және олардың әрекет етуiне қызмет етедi. Халықаралық жария құқықта іс-жүргізу нормалары ұлттық құқықтың саласы – мемлекеттiк, әкiмшiлiк салалары сияқты жеке салаға бөлiнбейдi. Олар құқықтың жалпы жүйесiнде де, сондай-ақ нақты халықаралық-құқықтық актiлерде де материалдық нормалармен өзара байланысты.

г) халықаралық-құқықтық нормалардың басқа түрлерi.

Нормаларды жүйелеуге байланысты көптеген негiздер бар. Мәселен, олар - тыйым салатын, мiндеттейтiн, құқық беретiн нормалар. Бұлай бөлуге заңи тәртiптiң деңгейi негiз болады. Мысал ретiнде, халықаралық қатынастардың қатысушылары ратификациялаған, оларға қосылған немесе қабылдаған халықаралық шарттарды айтуға болады.

Сiлтемелiк (бланкеттiк) халықаралық-құқықтық нормалар басқа нормаларда көзделген ережелердi басшылыққа алуға мiндеттейдi. Мұнан басқа, құқықтық емес нормаларға да сiлтемелер жасалуы мүмкін. Мысалы, Халықаралық Сот Статутының 38 бабында, егер тараптар келiскен жағдайда дауларды әділдік бастамасымен қарау қарастырылған.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 127 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)