Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

БІР ҚЫЗДЫҢ КҮНДЕЛІГІНЕН

Қайда жүрсіз пәк жанымды тоңдырып,
Әкеттіңіз жүрегімді қолды ғып.
Сүйіп тұрып, сүмірею сол үшін,
О, не деген сорлылық!

Күні бойы тілдесетін жай таңдау,
Таңмен тұрып үмітіңді қайта алдау.
Күнде көру, көріп тұрып сезімді
Қандай қиын айта алмау!

Білесіз бе,
Сізбен жүру- ұлы арман,
Талай қызбен таңды атырдың сылаңған.
"Қыздың жолы- жіңішке ғой" дегенді
Қай ақымақ шығарған!

Бұл сырымды мен өлгесін оқырсыз,
Дәл алдымда қарқ-қарқ күліп отырсыз.
......Сіз не деген ақымақсыз,
Аңғалсыз,
Сіз не деген соқырсыз!

Сіз келер деп есігімді ілмеймін,
Өксіп-өксіп, түніменен тілдеймін.
"Қай мінезін ұнатасың" дейді апам
Соны өзімде білмеймін!

Жанарымнан кермек жасым жиі ақты,
Тәңірден ол дәл осындай "сый" апты,
"Басқа жігіт ізде" дейді жан құрбым,
Басқа жігіт құрып қалған сияқты!

Аппақ Арым!
Жаным!
Барым!
Киелім!
Бұл сезімнің тапсаңызшы жиі емін.
Басқа адамдар жек көреді,
Мен болсам
Сізді қааааатты сүйемін!

Тағат-әлім сарқылды ма, бітті ме,
Сіз бен мені алдымыздан күтті не?
Қай мінезің, қандай ісің тәнті еткен,
Түсінбеймін түкті де!

Сауалым көп.
Түсімде де үнсізсіз,
Кімсіз сіз?!
Шайтансыз ғой,
Жынсыз Сіз!
Үміттеніп, жылап-жылап шаршадым......
Алла жазған маңдайыма Мұңсыз Сіз..................

ЖЕК КӨРЕМІН СІЗДІ.....

 

«Шаңырақтың бақытты болуы — өз өзінен бола салатын жайт емес. Мықты шаңырақ құру әр адамның қолындағы іс. Қол ұстасып жүруге ешқашан кеш емес. Тым құрымаса күніне бір рет «мен сені сүйем» деп айту. Ұрсып қалған күйі ұйқыға кетпеу. Ешбір жағдайда екеуара қарым-қатынасты «осылай болуға тиісті» деп қабылдамау. Бал айымен барлық сезім, нәзіктік, қамқорлық бітіп қалмауы керек. Олар өмір бақи жалғасуы тиіс. Қол ұстасып өмір сүру.
Махаббат шеңберін қиюластыру. Ол тұтас отбасыны жинап отыруы қажет. Бір бірімізге бірдеңе жасағанда оны парыз деп қана түсінбей, не нәрсені де қуаныш сыйлау үшін жасауға дағдылану. Ілтипат білдіруді терең ойлылықпен істеу. Алғыс айтуға көңіл бөлу. Төзімді болу. Сезімталдықты дамыту. Әзілді өмірмен ұштастыру. Кешіре білу және ұмыту. Керек адамға күйеуге шығу (үйлену) емес маңыздысы. Ең бастысы, керек адам бола білу».
Пол Ньюман, кинорежиссер, әртіс

 

***********************************************

Келіспегін менімен, шекіс мейлі,
Қазір заман көтеріл, не түс дейді.
Байыппенен көз салайық,
Бұл қоғамда,
Бауырмалдық дегенің жетіспейді.

Пайдаң болса "бауырым, бек" боласың,
(Қазағымның мінезі неткен асыл!)
Мейірім жоқ жанарларға қарап тұрып
Ағзасында бауыр жоқ па деп қаласың.

Ой аулаумен өтеді ақын күні,
Қылуға да ниет жоқ атымды ұлы.
Оу,Пенделер?!
Сіздерге ой салмай ма?
Мал екеш мал біткеннің жақындығы?!

Алалайды бүлдең мен үлдең көп па,
Көңілдерің бауырсыз мүлдем тоқ па?
"БАУЫРМАЛДЫҚ" деген сөзді осы адамдар,
"Бауыр Малдық" деп түсініп жүрген жоқ па?!

Ісі түссе "бауыр" деп сызыла кеп,
(Бір кездері "бауырларым" құжынап ед)
Бауырыыым деп құрақ ұшқан бір досымның,
Көздегені: "Өлең жазшы қызыма деп"!

Жүрегімнен осындай саз ақтардым,
Мазақтар кім, бұл күнде ғажаптар кім....
"Бауыр" деген өтірік доссымақтан
Жауыр болып кетуге аз-ақ қалдым!

ЖЫРЛАДЫМ БА КІМ БІЛСІН ТЫМ БЕРІЛЕ,
ЖАҚСЫЛЫҚ КӨП БЕРСІНШІ КҮНДІ ЕЛІМЕ,
ШЫН ТІЛЕГІМ,
БҮКІЛ ҚАЗАҚ ДӘЛ БҮГІННЕН
БАУЫР БАСЫП КЕТСІНШІ БІР-БІРІНЕ!!!!!!!!!!!!

БАУЫРМАЛ БОЛАЙЫҚШЫ, АДАМДАР!

 

***

КӨРЕТІН ЖАРЫҚТЫ АҢСАҒАН БОҚСЫҢ БА?
БІР КЕЗЕК МАҒАН ДА ТАУ-САМАЛ СОҚСЫН ДӘӘӘӘ?!!!!
БАЛАҚҚА ЖАБЫСҚАН БАЛШЫҚТАЙ ҚАЛМАЙСЫҢ,
ҚАҢҒЫБАС ҚИЫНДЫҚ???!!!
ШАРШАҒАН ЖОҚСЫҢ БА????


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 50 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)