Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі

Читайте также:
  1. А. жер жүзінлегі тіршіліктің қазіргі жағдайы мен болашақ қамын ойлау
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  4. Азіргі болмыстағы халықаралық құқықтың қызмет ету жағдайы.
  5. Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы
  6. Былтудың (троп) түрлері мен көркемдік қызметі (мысалмен талдау).
  7. Бюджеттік құқықтың, бюджет жүйесінің және бюджеттік проценттің ұғымы

 

Халықаралық құқықтың қызметі деген сөз-ол халықаралық құқық жүйесімен өмір сүрген ортаның,яғни халықаралық жүйе компоненттерінің арасындағы үнемі болатын қарым-қатынас.Мұндай көзқарас халықаралық құқық рөлін одан әрі тани түсуге,оның дамуына болжам жасауға,оның бейбітшілікті және халықаралық ынтымақтастықты нығайту құралы ретіндегі пәрменділігін арттыруға ықпал етеді.Сонымен бірге,қызмет атқару халықаралық құқық функцияларын жүзеге асыру процесі.

Халықаралық құқық қызмет атқаруы үшін,бір жағынан –халықаралық құқық және сыртқы саясат ара салмағының екінші жағынан –халықаралық құқық және дипломатия ара салмағының мәселелері көкейкесті болып есептеледі.Бұл мәселенің халықаралық жария құқық жөніндегі монографиялық еңбектерде талай айтыс туғызғанын айта кету керек.Қаралып отырған проблема құқық және саясат арасалмағы туралы жалпы мәселенің бір тармағы болып табылады.Сыртқы саясаттың ішкі саясатпен салыстырған да өз ерекшеліктері бар.Сонымен қатар,сыртқы және ішкі саясатты мемлекеттің белгілі бір жоғарғы органдарға бағыттап және бақылып отырады.

Халықаралық жария құқықтың қызметі үшін,мыналар көкейксті мәселе болып табылады;

Біріншіден,халықаралық құқық мемлекеттерді жалпы танылған нормалар мен принциптері басшылыққа алуды міндеттей отырып,олардың сыртқы мен дипломатиясын шектейді;

Екіншіден,халықаралық құқықтың,сонымен бірге сыртқы саясат пен дипломатияны дамытуға негізі бар;

Үшіншіден,халықаралық құқықты сыртқы саясат пен дипломатиялық қатынастарға қатысатын органдардың қызметін реттейді.

Мысалы үшін,халықаралық жария құқық өз жүйесінде дипломатиялық және консулдық құқық саласын зерттейді.

Оған халықараалық та,сондай-ақ ішкі мемлекеттік сипаттағы жеткілікті нормативтік база бар-дипломатиялық қатынастар.

Қазіргі жағдайда өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыта түсу үшін,мемлекеттердің күштері біріктірілуіде.Жалпы танылған халықаралық-құқықтық принциптер мен нормаларды қолдану жан-жақты құбылысқа айналып барады.Халықаралық қатынастарда құқықтың басылымдылық мәселесіне халықаралық қауымдастықтың назарын аудару үшін БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990-1999жылдар кезеңін БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989 жылғы 17-қарашадағы 44/23 және 1990жылғы 28-қарашадағы 45/40 қараларынам сәйкес халықаралық құқықтың он жылдығы деп жариялады.

Онжылдықтың басты мақсаттары:

1.халықаралық құқық принциптерін қабылдауға және бекітуге көмек көрсету;

2.мемлекеттер арасындағы дау-жанжалдарды,Халықаралық сотқа өтініш жасауды және оны сөзсіз құреметтеуді қоса есептегенде,бейбіт жолмен шешудің құралдары мен әдістеріне көмектесу;

3.халықаралық құқықты және оның кдоификациясын прогрессивтік жолмен дамытуды қолдау;

4.халықаралық құқықты оқытуды,зерттеуді,таратуды және кеңінен танытуды қолдау;

Халықаралық құқықтың Онжылдығына байланысты мынадай шаралар ұсынылады:

-Халықаралық құқықты зерттейтін және оқытатын академиялық және кәсіптік мекемелерге қолдау көрсетіп отыру.

-Студенттер үшін халықаралық құқық курсын енгізген оқу орындарына қолдау көрсету;халықаралық-құқықтық тақырыпты бастауы және орта деңгейдегі мектептер бағдарламаларына енгізудің мүмкіндіктерін қарастыру.

-Жаңа тұрпатты оқу жоспарын жасау,халықаралық құқық бойынша курстар үшін материалдар дайындау,оқулықтар қарастыру.

-Дамушы елдермен,сондай-ақ дамыған және дамушы елдермен арадағы,әсіресе халықаралық құқық практикасымен айналысатын адамдар арасындағы қарым-қатынастарды қолдап отыру.

Бұл қарарлардың маңызы әлемде тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйымы толығымен халықаралық құқыққа арнаған бүкіл бір кезеңді бөле қарағандығында емес.

Халықаралық жария құқық өмір сүруінің жағымды сәттерімен бірге,халықаралық ынтымақтастықтың халықаралық қауымдастықтың субъектілерінен шұғыл шараларды талап ететін бағыттарын да айта кетеді.

 

39.4.Халықаралық жария және Халықаралық жеке құқық

Қазіргі халықаралық құқықта халықаралық жария ХЖҚ халықаралық жеке құқықтан ХЖҚ бөле қарайды.Бұл оқу құралы халықаралық жеке құқық саласына қатысты мәселелерді қарастырмайды.

Халықаралық жария құқық негізінен халықаралық қатынастарды реттейді.Халықаралық жеке құқық шет ел элементімен байланысты азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейді.

ХЖҚ,сөз жоқ,ХЖҚ-пен де,мемлекеттің ұлттық құқығының бір бөлігі болып табылатын азаматтық құқықпен де байланысты.ХЖҚ мемлекеттің ішкі құқығының бір бөлігі болып саналады,соған қарамастан өзінің дербес орны бар,ерекше нысанасы және реттеу әдісі бар дербес саласы болып есептеледі.

ХЖҚ және ХЖҚ арасындағы толық байланыс халықаралық жеке өзіндік құқықта әңгіме мемлекетаралық қатынастар туралы емес,халықаралық өмірді сипаттайтын қатынастар туралы болатындығынан да анық байқалады.Халықаралық жария құқығы бір сыпыра негізгі бастамаларының халықаралық жеке өзіндік құқық үшін шешуші маңызы болатындығы осыдан.

Мемлекет,шетел элементімен азаматтық-құқықтың қатынастарға байланысты мәселелерді шеше отырып,өзінің ішкі заңдарында немесе бекітілген халықаралық келісім шарттарына халықаралық ынтымақ мәселелеірне өз қатынасын белгілейді.ХЖҚ осы ынтымақтастық ұйымының қатысуына байланысты,ХЖҚ саласындағы актілер оның сыртқы саясатының көрінісі болып саналады.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 173 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)