Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықаралық құқық-құқықтың ерекше жүйесі ретінде

Читайте также:
  1. CDMA ұялы байланыс желісінің негізгі ерекшеліктері
  2. Ақшалық қанағат жүйесі.
  3. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  4. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  5. Азақстан Республикасындағы мемлекттік билік органдарының жүйесі
  6. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  7. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.

Халықаралық құқық-бұл мемлекеттер,сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысатын кейбір басқа да құқрылымдар арасындағы әртүрлі саяси,экономикалық және өзге де қатынастарды реттейтін құқық саласы.Ол ішкі мемлекеттік құқықтың барлық өзге салаларынан елеулі түрде айырылатын құқықтың ерекше жүйесі ғана емес.Халықаралық құқық дегеніміз халықаралық қатынастарды реттейтін және біршама келісілген мемлекеттердің еркін білдіретін келісімдік және әдеттегі нормалар мен принциптер жүйесі болып табылады.

Халықаралық құқықты сақтау халықаралық құқық белгілеген шектер мен нысандарда мемлекеттердің жеке және ұжымдық шаралары арқылы жүзеге асырылады.

Құқық анықтамасы халықаралық құқыққа жа жатады,бір ғана өзгешелігі,әрбір анықтау элементінің халықаралық құқықта өз ерекшелігі бар.Мәселен,халықаралық құқыққа құқықтың мынадай дәстүрлі белгілері тән:мемлекеттік-еріктік сипаттағы құбылыс;заңдық нормалар белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттейді;мәжбүрлеу халықаралық-құқықтық нормаларды сақтауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар,халықаралық құқық үшін кейбір өзгеше ерекшеліктер тән.

Реттейтін пәні. Халықаралық құқық генетикалық жағынан және өзінің мәні бойынша мемлекетпен байланысты екеніне қарамастан,ол жеке мемлекеттің құқығы бола алмайтыны сияқты,мемлекеттен жоғары тұратын құқық та бола алмайды.Ол мемлекеттердің өзара қарым-қатынасын орнататын және қамтамасыз ететін мемлекетаралық құқық болып саналады.Бұл қатынас,әдетте,өзінің таптық табиғаты,саяси сипаты,ішкі құрылысы,аумақтық құрамы,халқының саны жағынан әр түрлі мемлекеттер арасындағы саяси,экономикалық және басқа да қатынгастарды қозғайды.Бұл арада халықаралық құқық пәнін халықаралық-құқықтық қатынастан айыра білу қажеттігін айта кетуіміз керек.Халықаралық-құқықтық қатынастар объектісі дегеніміз-ол құқық субъектілері өзара жалпы танылған халықаралық қатынас принциптері мен нормалары негізінде не үшін құқықтық қатынасқа түсетін болса,соның бәрі.Объектілердің үш түрі ажыратылады:аумақ,іс-қимыл,іс-қимылдан тартыну.Мәселен,аумақ,әсіресе әскери сипаттағы мәселелерде,объекті ретінде алға жиі шығады.Іс-қимыл-мемлекеттер арасындағы әр түрлі құқықтық қатынастардағы-бейбітшілік мәселесіндегі,өзара көмекті ұғынудағы объекті болып саналады.Бейтараптық мәселелері,соғыс жүргізу заңдарымен әдет-ғұрыптар-объектілердің соңғы түріне жататын объектілер болып есептеледі.Халықаралық құқық объектісі халықаралық құқық принциптері мен нормаларына қайшы келмеуге тиіс.

Халықаралық өзара ынтымақтастықтың аясы кеңейген сайын объектілер шеңбері де кеңейе түседі.Мәселен,жер серігі байланысының құқығы,атом қуатын бейбіт мақсатқа пайдалану,ішкі континентальдық мемлекеттер мәртебесі секілді осы заманғы бағыттар объектілердің жаңа жүйесін жасайды.

Халықаралық құқықтың мемлекеттің ішкі құқығынан құқық нормаларын қамтамасыз ету тәсілі жағынан да айырмашылығы бар.Құқық субъектілерінің еріктерімен келісуімен қатар,халықаралық құқық күштеп көндіру шараларын да қолданады.Соңғысының жеке тдара сипаты да,ұжымдық сипатыда бар.

Халықаралық құқық нормалары мемлекеттер арасындағы келісімдер процесінде ғана қалыптасады.Басқаша айтқанда,халықаралық құқықтың,құқықтық барлық басқа салалары мен жүйелерінен айырмашылығы,келісім сипаты болады.Халықаралық құқықтың негізгі ерекшеліктері осы қысқа тұжырымдаудан азды-көпті байқалып қалуы мүмкін.

Мемлекеттің ішкі барлық құқық салаларында субъектілер,яғни құқықтар мен міндет иелері жеке және заңды тұлғалар болып табылады,ал халықаралық құқықта субъектілерге екі топ жатады.

I топ-негізгі субъектілер.

а)егеменді мемлекеттер;

б)өздерінің тәуәлсіздігі үшін күресіп жатқан ұлттар мен халықтар.

II топ-қосалқы топтар.

в)халықаралық ұйымдар;

г)мемлекет-тектес құрылымдар.

Соңғы жылдары халықаралық құқықтың дамуы,индивидтің халықаралық-құқықтық субъектілігінің теориясы кеңінен қолдау тапты.Халықаралық құқық нормаларының құрылу тәсілі оның елеулі ерекшелігі болып табылады.Мемлекеттің ішкі құқығын мемлекеттің арнайы органдары жасайды және ол ұлттық құқықтың тікелей субъектілерінен жоғары тұрады.

Халықаралық құқықтағы норма жасау процесі өзгеше.Бұл процестің негізіне халықаралық құқық нормаларын жасау тәсілі ретінде мемлекеттер еріктілігін келісу теориясы жатады.Халықаралық құқықтың майталманы Г.И.Тункиннің еңбектерінде барынша толық дамытылған бұл теория-теория мен практикадағы ең іргелі зерттеу болып саналады.

Бұл теория бойынша,халықаралық құқық нормалары-немесе әдеттегі келісімді болып мемлекеттердің арасындағы келісім негізінде жасалады,ол мемлекеттердің еріктерінің келісу жолымен жасалынады. Мұндай келісім нені білдіреді?Мемлекеттің ішкі құқық нормалары жарамды күшінің негізі саналатын келісім –екі,бірнеше немесе көптеген мемлекеттер еріктілері келісімнің нәтижесі.Бұл заңдық мәніс.

Халықаралық құқық үшін халықаралық ынтымақтастыққа қатысушылар мінез-құлқының неғұрлым маңызды және ортақ ережесі ретіндегі негізгі принциптердің ерекше жүйесі де тән:

Халықаралық құқықтың негізгі принциптері халықаралық қатынастар мен мен халықаралық құқықтың осы заманғы жүйесінің аса маңызды заңдылықтарын білдіреді.Принциптер жүйесіне мыналар тән:

Әмбебаптық

Жалпы таылғандық

Жалпы міндеттілік

Тұрақтылық

Бұл соңғылардың халықаралық құқық жүйесіндегі орнын,олардың қалыптасуы ерекшеліктерін алдын ала анықтайды.

“Егер жалпы халықаралық құқықтың бұйрықты нормасы норма болып саналса,мемлекеттердің біртұтас халықаралық қауымдастығы қабылдаса және таныса...”негізгі принциптер құқықтық нысанға ресімделеді.БҰҰ Жарғысы,2 бабында негізгі принциптері және оларды қамтамасыз етушаралары белгіленген.Оған қоса,негізгі принциптер мазмұны 1970 жылғы халықаралық құқық қатынастары принциптері туралы Декларацияда ашып көрсетілген.1975 жылғы Хельсинки Кеңесі Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Қорытынды актісінде негізгі принциптер мазмұнын дамыта түседі.Негізгі принциптерді нақты іске асыру мемлекеттердің келісім практикасында кездесіп отырады.Мысалға, 1994 жылғы 15 сәуірдегі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің егемендігін,аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын сақтау туралы Декларация,1994 жылғы 14 ақпандығы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы демократиялық әріптестік туралы Хартия,1994жылғы 23-наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындығы негізгі өзара Ынтымақтастар туралы Деклрацияны атауға болады.

Принциптер жүйесіндегі бейбіт қатар өмір сүру принципінің,біздіңше,жинақтау сипаты бар.Бейбітшілікті қолдау және халықаралық қауіпсіздік негіздерін сипаттайтын принциптерге;аумақтық тұтастық принциптері;күш қолдануға және қоқаң лоққы жасауға тиым салу,туындаған халықаралық жанжалдарды бейбіт жолмен шешу принципі;шекаралаодың мызғымастық сипаты жатады.

Халықаралық ынтымақтастық принципі,біріншеден,мемлекеттердің егемендік теңдігімен;екіншіден,ішкі ісіне қол сұқпаушылық;үшіншіден,мемлекеттердің әр түрлі салаларда қарым-қатынас жасаумен;төртіншіден,мемлекеттік егемендігін сыйлаумен;бесіншіден,өзіне қабылдаған міндеттемелерін адалдықпен орындаумен сипатталады.

 

 

Адам құқығын қорғау тетігін анықтау үшін,адам құқығы мен негізгі бостандығын құрметтеу принципінің,халықтар мен ұлттардың өзін-өзі басқару принципінің маңызы үлкен.

Халықаралық жариялық құқығының ерекшелік қасиеттерін анықтай отырып,таным көздері жүйесіне,халықаралық көпшілік құқығының субъектілік құрамына,жауапкершілік институтының ерекшеліктеріне жеке-жеке тоқталу қажет.

Бұл мәселелер оқу құралының жеке тарауларында қарастырылды.

Сонымен,халықаралық құқыққа мынадай барлық негізгі құқық белгілері тән екен:1.Құқық-ол мемлекеттік-еріктік құбылыс;

2.қоғамдық қатынастарды реттеуші заң нормалары;

3.мінез-құлық тәлімін сақтау үшін,мемлекеттік мәжбүр етуді қолдану.

Алайда халықаралық құқықтың халықаралық құқықты ерекше құқық жүйесіне жатқызуға мүмкіндік беретін ерекше сипаттары да бар.

Бұл ерекшеліктерге жататындар:

1. Реттеу пәні

2. Ерекше субъективтік құрам,атап айтқанда,егеменді мемлекеттердің реттелуі

3. Халықаралық құқықтағы норма жасау процесінің нәтижесі ретіндегі қайнар көздерінің ерекше жүйесі

4. Заң шығарушы,атқарушы және сот органдары жүйесінің жоқтығы

5. Жауапкершілік институты

Халықаралық жариялық құқығы-ол құқық субъектілерінің еріктерімен келісе отырып жасайтын заң жүзінде міндетті деп саналатын және қажет болған жағдайда мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етілетін заң нормаларының жүйесі.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 272 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)