Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оршаған табиғи ортаның сапасы

Читайте также:
  1. Quot;Қоршаған орта" ұғымына нені жатқызуға болады
  2. Азақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы
  3. Далалық жағдайда судың сапасына қойылатын талаптар (кесте 3).
  4. Оршаған ортаны қорғау. Оқыту әдістемесі.
  5. Оршаған ортаның биологиялық ластануы
  6. Оршаған ортаның химиялық ластануы
  7. Оршаған табиғи ортаға зиян келтіру

«Қоршаған ортаны қорғау туралы» занының 1 – бабында «Қоршаған ортаның сапасы – қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы» деп көрсетілген.

Табиғи қоршаған ортаның ортаның сапасына экологиялық жүйенің үнемі және тұрақты, табиғат пен адам арасындағы зат және энергия алмасу процесін қамтамасыз етуді және өмірді қалпына келтіруді жатқызамыз.Табиғаттың өндірістік циклі ауытқымайтын процесс принципинде құрылған. Ол бойынша соңғы берілген өнім, келесі циклдегі өнімін шикізат ретінде қолданылады. Адам өндірісі табиғат өндірісіне қарағанда қалдық технологиясында құрылған аздаған процесте өндірілетін соңғы өнім, келесі циклге шығуына қызмет етпей қалдыққа жіберіледі. Қоршаған ортаның сапасын нормалау экологиялық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластануына жол берілмеуін табиғи ресурстарын толықтырылуы мен ұтымды пайдалануын қамтамасыз ететін қоршаған ортаға ықпал етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормалардың белгілеу мақсатын көздейді. Қоршаған табиғи ортаға әсер ету шаралары норма болып табылады.

Әсер ету дегеніміз табиғи ортаға физикалық, химиялық, биолгоиялық өзгерістер енгізілетін адамның экономикалық,рекрияциялық, мәдени мүдделердің жүзеге асыру мен байланысты антропогендік қызмет. Табиғи ортаға теріс әсерін ең көп тараған түрі – қоршаған табиғи ортаны ластау болып табылады.

«Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда қоршаған ортаны нормалаудың негізгі міндеттері көрсетілген, олар:

1) Қоршаған ортаның сапасының өлшемдерін белгілеу және оның адам денсаулығына, табиғи ресурстарын қорғауға толықтыруға және ұтымды пайдалануға ықпалын анықтау:

2) Қоршаған ортаға зиянды әсерін жол берілетін шекті шамалар мен деңгейлерін белгілеу кіреді:

3) Қоршаған орта сапасының белгіленген нормативтерін асыра көрсетуге немесе оларды уақытша және төмендетілген нормалар мен алмастыруға жол берілмейді.

Нормативтер шамаларын аумақтардың нақты экологиялық жағдайларына байланысты қатаңдату жағына қарай өзгертуге жол беріледі.Қоршаған орта сапасынын бекітілген нормативтері барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылыды, жариялануы және еркін таратылуы тиіс. Сонымен қатар,заңда қоршаған орта сапасын нормалаудың негізгі түрлері көрсетілген олар:

1) Қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге болатын шекті мөлшерде шоғырлану нормативтері;

2) Қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шекті мөлшерде шығарылу және тасталу нормативтері;

3) Шудың, тербелістің,магнит өрісі мен өзге де зиянды физикалық әсерлердің жол беруге болатын шекті деңгейінің нормативтері;

4) Радияциялық әсердің жол беруге болатын шекті деңгейінің нормативтері;

5) Агрохимикаттарды ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында қолданудың жол беруге болатыншекті нормалар;

6) Қорғау, санитарлық-қорғаныш және өзге де қорғаныш аймақтарының нормативтері.

Ал ендіоларға толығымен тоқталайық.

Халықтың денсаулығын, өсімдіктер мен жануарлар дуниесіне қорғау, олардың генетикалық қорларын сақтау мақсатында атмосфералық ауаны, суды, топырақ пен жер қойлауын ластауы ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың жол беруге болатын шекті мөлшерде шоғырлануын нормативтері белгіленеді тиістіаумақта қоршаған ортаның ластаудың барлық көздерімен көлемдерін ескере отырып, халықтың денсаулығына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне олардың жасайтын кешенді ықпалына жол бермеу мақсатында ластанудың әрбір көзі бойынша қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шекті мөлшерде шығарылуы мен тасталу нормативтері белгіленеді.

Зиянды заттардың шекті мөлшерде шоғырлану нормативтері қоршаған табиғи орта жағдайының экологиялық санитарлық – гигиеналық бағасын береді, бірақ зиянды әсер ету көздерін көрсетпейді және олардың жүрісін реттейді. Бұл қызметі зиянды заттардың шекті мөлшерде шығарылуы мен тасталу нормативтері жүзеге асырады.

Халықтық денсаулығы мен еңбек ету қабілетін сақтау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, тіршілік үшін қолайлы қоршаған ортаны жқорғау мақсатында шудың тербелістің магнит өрістері мен басқа да зиянды физикалық әсерлер адамды қоршаған ортаны акустикалық ластау түріне жатады. Кәдімгі шу, басқа да физикалық әсерлер сияқты «өркениетті» өмірмен тығыз байланысты серіктері.Тіпті бұл ісерлер қандай да бұл мөлшерлер адамға белгілі бір өмірлік жағдайын сақтау үшін қажет, бірақ белгілі дозада.Физикалық әсерлердің шекті мөлшердегі нормаларынан шығып кетуі, адамның миының жұмыс істеуін төмендетеді, жүйке жүрек – тамыр психиқалық ауруларға душар болуға алып келеді.

Денсаулықты сақтау органдары шудың шекті мөлшерін белгілейді. Егер шу әртүрлі дыбыстардың жиынтығы болса, тербеліс – қандай да бір механикалық қайнар көзден шығатын күрделі тербеліс процесі. Шу әскерлері сияқты тербелісте децибилмен өлшенеді. Адам үшін электромагниттік зиянның қайнар көзі радио және телестанцияның, радиолокалдық обьектілер және тағы басқа болып табылады.

Адамның денсаулығы мен генетикалық қорына төнетін қауіпті болдырмау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында қоршаған орта мен тамақ өнімдеріндегі радиациялық әсердің жол беруге болатын шекті деңгейін нормативтері белгіленеді.Биохимиялық процестердің бұзылуы, адам организімінде физикалық, химиялық, физиологиялық, ақырында потологиялық өзгерістерге алып келеді.Адамның денсаулығын және генетикалық қорын сақтау, өсімдік және жануарлар дүниесін қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында минералды тыңайтқыштарды, өсімдік қорғау құралдарын, стимуляторларды және басқа да агрохимикаттарды, тамақ өнімдеріндегі, топырақ пен судағы химиялық заттар қалдықтарын жол берілетін шекті нормативтерін сақталуын қамтамасыз ететін мөлшерде қолдануға жол берілетін шекті нормаларын белгілейміз.

Қоршаған ортаға зиянды әсерді жою және ерекше қорғалатын обьектілерді сақтау мақсатында қорғау, санитарлық – қорғаныш және өзге де қорғаныш аймақтары белгіленеді.

Санитарлық және қорғаныш аумақтарының нормативтері, олардың мақсаттары мен міндеттерінің сипатымен анықталады. Бұл аумақтар өзара байланысты екі түрлі функция атқарады – қорғау және сауықтыру.

Осы көзқарас бойынша бұл аймақтардың қатарына санитарлық қорғаныш, қорықтар мен ұлттық табиғи парктер айналасындағы қоғаныстар, үлкен қала айналасындағы қорғаныстар, экологиялық апат аймағы, төтенше экологиялық жағдай.Чернобыль апат аймақтары жатады.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 284 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)