Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары

Читайте также:
  1. Бұйрық (өкім) оларды ,орындау және бақылау тәртібі.беру
  2. Жалпы ережелер.Әскери қызмет өткеру тәртібі
  3. Жергілікті атқарушыбилік органдары:жүйесі, құрылымы, құрылу тәртібі.
  4. Кәмелетке толмағандардың отбасымен, мектеппен, еңбекпен сәтсiздiк жағдайына байланысты қылмыстылық шарттары.
  5. Ойын шарттарын бұзу
  6. СӨЖ тапсырмаларын орындау мен тапсыру тәртібі

Отбасы құқығы бойынша неке - бұл (ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ) (Заңның 1 - бабы).

Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз оны азаматтық хал актілеріндегі жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке-отбасы заңдарының негіздерінің бірі болып табылады.(“ Неке және отбасы туралы” Заңының 2- бабының 3 –тармағы).

Қазақстан аумағында қолданылып жүрген неке және отбасы туралы заңда некені міндетті түрде тіркеу барлық кезде талап етілмеді. Мұндай ереже 1926 жылға дейін болды да, кейін 1944 жылғы 8 - шілдеде дегі КССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлыңы болды. Бұл Жарлық бойынша іс жүзінде некеде болып, бірақ тіркелмеген адамдардың некесі мойындалмады. Ал,мұндай қатынастағыларға бірге тұрған кездерінің уақыты көрсетіле отырып АХАЖ органдарында тіркеу жолымен рәсімдеу құқығы берілді. Кейін ерлі – зайыптылардың бірі қайтыс болған, майданда хабарсыз кеткен жағдайларда аман қалғанының және балаларының мүддесі үшін іс жүзіндегі неке қатынастарын заңдастыру мүмкіндігі сот тәртібімен шешіліп отырды.

Мемлекеттік және қоғамдық мұдделер тұрғысынан алғанда да, ерлі – зайыптылардың және олардың балаларының жеке және мүліктік мүддесін қоғау жөнінен де некені тіркеу қажет. Тіркеу кезінде некені қию шарттарының сақталғандығы тексеріледі.

Некеге тұру үшін заңда белгіленген шатрттады (9-11 - баптар) сақтау қажет. Аталған шарттарды оң (позитивтик), теріс (негативтік) деп бөлу қабылданған. Басқаша айтқанда, оңды жағы көбірек болып, теріс жағы болмаған жағдайда некеге тұруға болады.

Оның біріншісіне мыналар жатады: некеге тұратын еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі.

Некеге тұратын адамдардың өзара келісімі некеге тұрудың шарты ретінде еркек пен әйелдің ерікті және еркін одағы болып табылатын неке мәнінен туындайтын. Осы шарт біреудің мәжбүр етуімен болатын неке одағына заң мән бермейтіні көрсетеді.

(“Неке және отбасы туралы” Заңының 10 – бабында) азаматтық хал актілеріне жазу органдары некеге тұруды ме млекеттік тіркеу орындарында дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендету мүмкіндігі (некеге тұрушылардың өздерінің және олардың ата-аналарының, немесе қорғаншылардың келісімімен) көзделген.

(“Неке және отбасы туралы” Заңының 10- бабында) белгіленгендей, еркектер мен әйелдердің неке жасы - 18. Ертеректе Қазақ КСР-інің неке және отбасы кодексінің 16- бабына сәйкес еркектердің неке жасы – 18, әйелдердікі - 17 деп белгіленген болатын.

Белгіленген неке жасын кемітудің қажеттілігіне келетін болсақ, мқндай жағдай әдетте неке жасына толмаған, бірақ іс жүзінде некеде тұрғандар үшін, әйелдің аяғы ауырлығы мен баласын тууы үшін жасалады.

Некеге тұруға кедергі жасайтын қолайсыз жағдайларын, немесе басқа да себептердің болатындығы (“Неке және отбасы туралы ” Заңының 11- бабында) қарастырылған. Осы бапқа сәйкес мына тараптағы адамдардың некеге тұруына тыйым салынады:

1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;

2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы – інілер мен апалы-сіңілілердің (аға – қарындастардың)

3) асырап алушылар мен асырап алынғандардың;

4) біреуін болсада психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігіңнің саларынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 433 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)