Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Салықтық құқықтық ұғымы

Читайте также:
  1. Quot;Қоршаған орта" ұғымына нені жатқызуға болады
  2. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  3. Азаматтық іс жүргізудің ұғымы мен мазмұны
  4. Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы
  5. Аржылық бақылаудың ұғымы және түрлері
  6. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
  7. Басқарудың құқықтық актілеріне қойылатын талаптар


Қандайда болмасын мемлекетке салықтық қатынастарды құқықтық ретте өзекті де маңызды саяси және әлеуметтік – экономикалық ахуалдарға қатысты мәселелердің бірі болып табылады. Бұл қатынастар мемлекеттің салық салу аясында туындайды және олардың басты объектісі тиісті бюджеттерге түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болып есептеледі. Осы салықтар мемлекеттің атрибуттары қатарынан көрініс табады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру, қамтамасыз ету мақсатында заңды негізде, заңды белгіленген мөлшерде және уақытта салық төлеушілерден мәжбүрлі түрде, қайтарымсыз,сондай-ақ жекелей – ақысыз негізде тиісті бюджетке алынатын міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық және құқықтық табиғатын ашып көрсететін мына келесідей белгілер болады: салық тек мемелекеттің тарапынан, бір жақты өктем түрде белгіленетін төлем заңымен міндеттелген төлем; мәжбүрлі төлем; құқыққа сай төлем; тұрақты төлем; қайтарымсыз төлем; баламасыз төлем; ақшалай нысандағы төлем; мөлшері анықталған төлем; субъектісі, объектісі айқындалған төлем.
Сонымен, салықтар деп заңның негізінде, заңмен айқындалған мөлшерде және зағда белгіленген уақытта салық төлеушілерден қайтарымсыз, мәжбүрлі, сондай-ақ жекелей баламасыз түрде тиісті бюджеттің кірісіне алынатын міндетті ақшалай төлемдерді айтамыз.
Салықтар экономикалық категориялардың бірі болып табылатындықтан мына функцияларға тән болады: фискальдық функция; қайта бөлу функциясы; реттеуші функция; бақылау функциясы.
ҚР салықтардан басқа міндетті төлемдер баждар, төлемжер және алымдар алынады. Салықтар мен өзгеде міндетті тқлемдердің арасындағы ерекшелік салықтар баламасыз болса, ғалымдар мен баждар және төлемдер біршама – баламалы (қызмет көрсетілгені немесе құқық берілгені үшін) болып табылады.
Осы салықтар мен өзге міндетті төлемдердің белгіленуі және алынуы мемлекеттің салық қызметінің барысында жүзеге асырылады. Мемлекеттің салық қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:

· Салықтармен басқада міндетті тқлемдерді белгілеу

 

· Салықтар мен басқада міндетті төлемдерді алу және олардың төленуін қамтамасыз ету

1.Бұл қатынастар ммелекттің салық салу аясында, салық қызметінің нәтижесіндетуындайды;
2.Бұлқатынастарға да бөлу сипаты тән болады;
3. Бұл қатынастар ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысын білдіреді;
4. Бұл қатынастар экономикалық қатынастардын бір түрі болып табылады;

5.Бұл қатынастар әрқашанда құқықтық нысанда болады.
Сонымен, салық құқығы дегеніміз, мемлекеттің салық қызметінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Салық құқығы нормалар мемлекеттің салық жүйесін белгілейді, мемлекеттік салық қызметі органдарының құрылымын айқындап, олардың салық салу аясындағы құзіреттерін белгілейді, сондай-ақ салықтарды белгілеу, алу және осы процестің заңды негізде жүзеге асырылуына салықтық бақылау жүргізу қағидаларын белгілеп, айқындайды.

Салықтық құқығының әдістеріне императивтік (өктем -әмірлі) және диспозитивтік әдістер жатады. Бұл жерже айтатын бір жәйт, салық салу аясында мемлекет тарапынан баса қолданылатын негігі әдіс императивтік әдіс болыптабылады.Салық құқығы болмысының нысаны ретінде салық заңдарын айтуға болады. Салық заңдарына мемлекеттік салық салу аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормативтік актілердің жиынтығы жатады.

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 174 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)