Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан республикасының прокуратурасы

Читайте также:
  1. Азақстан мен Орта Азиядағы әдеби-эстетикалық ойдың дамуы
  2. Азақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы
  3. Азақстан республикасы азаматтарының конституциялық міндеттері
  4. Азақстан Республикасындағы қылмыстылықтың сипаттамасы.
  5. Азақстан Республикасындағы мемлекттік билік органдарының жүйесі
  6. Азақстан Республикасының ұлттық қаауіпсіздік органдары
  7. Азақстан Республикасының 1995 жылғы конституциясының жалпы сипаттамасы

Құқыққорғау қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі прокурорлық қадағалау болып саналады. Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын орган прокуратура болып есептеледі.

Концтитуцияға және «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» 1995жылғы 21 желтоқсандағы заң күші бар Жарлыққы сәйкес, Республика Прокуратурасы:

1)Республика аумағында заңдардың,Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәл және бірізділікпен қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және ақарушылық іс жүргізудің заңдылығна жоғарғы қадағалауды жүзеге асырары;

2)сотта мемлекеттің мүддесін қорғайды;

3)қылмыстық қудалауды іске асырады.

Прокурорлық қадағалау оның қызметінде негізгі бағыт болып есептеледі. Прокурорлық қадағалау деген ұғымды заңдардың дәл және бірізділікпен қолданылуын бұзуды дерзінде анықтап, кемшілікті түзетіп отыру және кінәлі адамдар жауапқа тарту арқылы прокуратура қызметін мемлекет атынан жүзеге асыру деп түсіну керек.

Прокурорлық қадағалаудын мәні мен ерекшеліктері прокуратура қызметін ұйымдастыру жұмысының негізі болып саналатын принциптермен белгіленеді.

Оларға мыналар жатады:

Прокуратурадағы тұтастық, орталықтану және дара басқару. Оның оргындарының бәрі төменнен жоғарыға қарай бас прокурорға бағындырылған, біртұтастылықты білдіреді, мемлекет атынан әрекет етеді, және бүкіл прокуратура жүйесінің өкілі болады, ортақ мақсаттры, міндеттері, қадағалау нысандары мен әдістері бар. Бұл принцип прокурорды «патшаның он көзі» атаған 1 Петрдің заманынан бері бар. Мұндай жағдай мемлекеттік билік заң деңгейне көтерген ережелерден ауытқудың кез келген түріне жедел және тиімділікпен назар аударуға мүмкіндік береді.

Мемлекттік органдардан, лауазыды адамдардан, саяси партиялардан және қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіздік. Тәуелсіздік бәрінен бұрынпрокуратураның мемлекеттік органдар жүйксіндегі дербес жағдаймен, оның матениалдық-техникалық базасын мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырумен, оның органдары мне лауазымды адамдарын толық саясатсыздандырумен қамтамасыз етеді. Сонымен бірге тәуелсіздік бақылаусыздық деген ұғыды білдірмейді. Бас прокурор Президент алдында кем дегенде әр тоқсанда бір реттен есеп беріп отырады. Прокурордың әрекеттері мен актілеріне жоғары тұрған прокурорға және сотқа шағым берілуі мүмкін.

Прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады. Прокурорлардың шешімдеріне ықпал етуге тырысудың кез келгеніне тыйым салынады және қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік туғызады.

Прокурорлық қадағалау актілерінің міндеттілігі. Прокурорлық қадағалаудың негізделген актілері барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың сөзсіз орындауына жатады. Прокурорлардың қаулыларын, нұсқамаларын, нұсқауларын, және талаптарын орындамау заң бойынша жауапкершілік келтіреді.

Жариялық. Прокурор қадағалауының тиімділігін арттыру үшін және құқық бұзудың алдын алу мақсатымен прокурор өз қызметін ашық жүргізеді. Тексерудің нәтижелері көпшілікке, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да таралады. Бұған құпиялық сақтау немесе моральға байланысты жариялау мүмкін болмайтын жағдайлар кірмейді.

Прокурорлық қадағалау сондай-ақ құқық қорғау қызметінің жалпы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады,оған заңдылық,адамның және азаматтың құқығымен бостандығының басымдығы,заң алдында бәрініңде теңдігі,лауазымды адамдардан өз міндетін атқару кезінде талап етілетін біліктілік,іс жүргізудегі ұлттық тіл,жан-жақтылық,толықтық және басқалары кіреді.

Өзге құқық қорғау органдарымен ортақ міндеті-құқық қорғау бола отырып,прокуратура оған тек өзіне тән тәсілдер арқылы қол жеткізіледі,ол-заідылыққа бақылау ұйымдастыру,қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық қудалау,сот органдарында мемлекет мүдделерін қорғау.

Заңдылықты қадағалау негізгі бағыттары бойынша жүзеге асыралады (оларды прокурорлық қадағалаудың салалары деп айтады).Ол бір мезгілде біртекті қоғамдық қатынастарды және оларды реттейтін нормаларды да қамтиды.Оларға мыналар жатады:

-адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын,заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүдделерін сақтауды қадағалау(жалпы қадағалау деп аталады);

-Жедел іздестіру қызметін қадағалау;

-тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау;

-әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалау;

-Атқарушы іс жүргізудің заңдылығын қадағалау.

Осы аталған бағыттардың әрқайсысының өз міндеттері және айрықша ерекшеліктері бар.Сонымен бірге прокурорлық қадағалау біріктіреді.Жалпы мақсат Конституция мен заңдарының үстемдігін қамтамасыз ету,адамның және азаматтың құқығы мен бостандағын және құқықтық ықпал ету әдісін қорғау.

Қадағалау әрқашан тексеру жолымен жүзеге асырылады.Оған мыналар негіз бола алады:

-Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы;

-Заңдардың бұзылғандығы жөніндегі арыздар,шағымдар,хабарлау және басқада деректер;

-Заңдардың бұзылғандық белгілерін тікелей айғақтау.

Жоғарыда тұрған прокурордың тапсырмасы сұрау салуы.

Прокуратураның ұйымдық құрылымы.Прокуратура органдары жүйесінің ұйымдық құрылым аумақтық-аймақтық принцип бойынша түзілген. Әрбір әкімшілік-аумақтық бөліністе прокуратураның ауданынан бастап барлық тиісті тармақтары бар.Бұған қоса,мамандандырылған прокуратуралар болды-көлік,табиғат қорғау,арнайы объектіліер прокуратуралары.Олар аудандық прокуратуралардың құқықтарына орай әрекет етеді және өз қызметтерінде тиісті облыстық прокуроға бағынады.

Мамандандырылған прокуратураларға сондай-ақ түзілісі армияда қабылданған ұйымдар құрылымына сәйкес келетін әскери прокуратураларда жатады.

Прокуратура жүйесіндегі ең жоғарғы орган-Бас прокуратура.Оны Парламент

Сенаттың келісімімен 5 жыл мерзімге Президент тағайындайтын Бас прокурор басқарады.

Орталық ақпарат Бас прокурордың ұсынымы бойынша Президент қызметке тағайындайтын және жұмыстан босататын бірінші орынбасардан,3-4 орынбасардан сондай-ақ-секретариттан,басқармалардан және бөлімдерден тұрады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанынан заңдылық пен құқық қорғау проблемаларын зерттеу және кадрлар мамандығын арттыру институты құрылған.Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері негізінен алғанда прокурорлық қадағалаудың салалары (бағыттары) бойынша құрылады.

Бас прокуратураның бүкіл жүйесіне басшылық етеді,оның мемлекеттік билік орталық органдары,халықаралық ұйымдар алдындағы өкілділігін қамтамасыз етеді.Басқа құқық қорғау органдары мен өзара қары-қатынаста болады,Республикадағы заңдылық ахуалына және қадағалау практикасына талдау жасайды,норма шығармашылығы қызметіне қатысады,заң шығару бастамаларын көтереді.

Обылыстық және соларға теңестірілген прокуратуралар, мәселен, әскери Бас прокуратура, астана және республикалық баңыныстығы Алматы прокуратуралары осы органдар жүйесіндегі орта буын болып табылады. Олар Бас прокуратураға бағындырылған. Олардың прокуратураларын, сонымен қатар Бас прокурорды қоспағанда, Бас прокурор тағайындайды. Қызметкерлердің штаттық саны жағынан бұл органдардың аппараттары Бас прокурордың құрылымымен бірдей деуге болады. Олардың да бөлімдері мен басқармалары бар. Прокурорда олардың орынбасарлары, аға көмекшілері, көмекшілері, аға прокурорлары және бөлімдер мен басқармалары прокурорлары болады.

Бас прокурорда және обылыстық прокуратураларда ұйымдық мәселелермен қоса заңдардың бұзылғандығын айғақтайтын елеулі фактілерді қарайтын кеңесші органдар- алқалар құрылады.

Прокуратура жүйесіндегі төменгі буынға жергілікті жерлерде өз құзыреті шегінде заңдардың дұрыс қолданылуын қамтамасыз ететін, қылмыстық қудалауды ұйымдастыратын және сот жүйесі негізгі тармағының соттсарында мемлекет мддесін қорғайтын қалалық, аудандық және соларға теңестірілген прокуратуралар жатады. Екі және оданда көп ауданда (қалада) немесе қала мен аудан аумағында ауданарарлық прокуротуралар құрылуы мүмкін. Атқаратын жұмысының салмағына және штат санына қарай оларда бөлімдер құрылуы мүмкін.

Прокуратура кадрлары. Қазақстан Республикасы Президенттің 21.12.95 жылғы «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» заң күші бар жарлығына сәйкес мыналар прокурор бола алады: Республиканың Бас прокуроры, оның бірінші орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері, прокуратура басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшілер мен көмекшілер, қадағалау саласының прокурорлары, прокуротура органдары басқармаларының және бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорлары, сондай-ақ әскери, өкілетті және мамандандырылған прокурорлар. Осылардың бәрі, сондай-ақ прокуратураның ғылыми және білім беру мекемелерінің аттестатталған қызметкерлері Қазақстан Республикасының Призиденті бекіткен прокуратура органдарында қызметтен өту туралы Ереже негізінде прокуратура органдарында қызметтен өтеді.

Прокурорлық қадағалау жүзеге асыру кезінде кәсіпқойлық принципін қамтамасыз ету мақсатында қызметтің осы саласы мен айналасушыларға белгілі талаптар қойылады. Мәселен, прокуратура органдарына қызметке тұру мемлекеттік қызметкерлер кадрлары туралы республикалық орталыққа алдын ала сұрау және азаматтарды арнайы тексеруден өткізу жолымен жүргізіледі. Бұл тексеру бұрын сотталған немесе қылмыстық жауапкершілікпен ақталмайтын негіздер бойынша босатылған,сондай-ақ мемлекеттік қызметтен теріс қылықтары үшін қуылған адамдарды айғақтау мақсатын көздейді. Сонымен қатар тексеру кандидаттың азаматтық ахуалын, денсаулық жағдайын, білімін анықтайды. Сондай-ақ іскерлігін, жеке басының адамгершілік қасиетін әйгілейді.

Прокуратура қызметкерлері үшін мыналар міндетті талаптар болып есептеледі:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) Заңгерлік жоғарғы білім;

3) Сотталмағандық, мемлекттік қызметтен теріс себептермен босатылмағандық;

4) Денсаулық жағдайы;

5) Іскерлік және моральдық қасиеттері.

Әскери прокурорлар міндетті түрде әскери қызметкерлер болуға тиіс. Прокуратураның басшы құрамына-обылыстардың(қалалардың) және соларға теңестірілген прокуратуралардың пркурорларына қосымша талаптар қойылады-жасы 25-тен кем болмауы және прокуратурадағы жұмыс стажы 3 жылдан кем болмауы керек.

Прокуратураның барлық қызметкерлері үш жылда бір рет аттестаттаудан өтуге тиіс, ол олардың қызметтерін қорытындылайды, кәсіпқойлық жарамдылығын, атқарып жүрген қызметіне сәйкестігін және қызметке жоғарлату немесе кезекті сыныпты шен немесе атақ беру мүмкіндігін анықтайды.

Прокуратураның құқықтық актілері. Прокуратураның құқықтық актілер жүйесі мыналардан құрылады:

1) Прокурорлық қадағалау актілері;

2) Прокуратуралық ұйымдық және қызмет мәселелерін реттейтін актілер (бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар, ережелер).

Прокурорлық қадағалау актілеріне нормативтік және кесімді өсімдік сыйпаттағы заңның бұзылуына прокурорлық назар аудару құжаттары-наразылықтар, қаулылар, санкциялар, ұсынымдар, нұсқамалар, нұсқаулар,шағымдар, заңды түсіндірулер жатады.

Наразылықтар мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың Конституцияға, Президент заңдары мен нормативтік актілеріне және өзге де құқықтық актілерге қайшы келетін шешімдері мен әрекеттеріне келтіріледі. Олар тікелей заң бұзушы адамға немесе тұрған органға жасалады және 10 күндік мерзім ішінде қаралуға жатады. Прокурор наразылықтары заңсыз актіні өзгертуді, оны заңдармен сәйкестендіруді, лауазымды адамның заңсыз әрекетін тоқтатуды және бұзылған құқықты қалпына келтіруді талап етуді қамтиды. Прокурор наразылық бойынша шешім қабылданғанға дейін шағым жасалған актіні немесе әрекетті кідірте алады.

Сот органдарына берілетін наразылықтар үшін тиісті процессуалдық заңмен белгіленетін ерекше тәртіп бар.

Қаулыны прокурор өзінің жүргізген қадағалау жұмысына байланыәсты процессуалдық әрекеттерін ресімдеу мақсатымен жасайды. Мәселен, қылмыстық іс қозғау, тәртіптік іс жүргізу, әкімшілік құқықтық бұзушылықтың ісін қарау кезінде прокурор өкілетті органдар мен лауазымды адамдары құқық бұзушылықты, оларға кінәлі адамдарды, айыптылықты анықтау және оларды жауапқа тарту бойынша шаралар қолдануға бағытталған тиісті әрекеттерді орындауға міндеттейтін дәлелді қаулы жасайды.

Қадағалау тексеруін жүргізер алдында прокурор іс қозғау туралы қаулы шығарады, онда өзінің реквизиттерін, негіздемелерін, тексерудің мақсаты мен мерзімін көрсетеді. Қаулы сондай-ақ тергеу әрекеттерін жүргізу қажет болған жағдайларда, мәселен, алу, тінтіу жүргізу, тұтқындау немесе тыйыммен шектелген шаралар қолдану (заңсыз құқықтық актінің күшін тоқтата тұру) және заңда қарастырылған өзге де жағдайларда шығарылады.

Санкция белгілі бір процессуалдық әрекеттерді орындауға прокурордың жазбаша келісімі (рұқсаты) дегенді білдіреді. Ол негізінен тергеу және шұғыл шараларды орындау үшін беріледі. Мәселен, сезікті, айыпкер адамды тұтқындауға; тінтіу жүргізуде; айыпкерді қызметтен шеттетуге және т.б

Санкция әдетте лауазымды тұлғаның қаулысына қарар ретінде ресімделеді, бірақ принципінде оны жасаудың өзге де нысандары болуы мүмкін.

Нұсқаулар заңдық мәні бар фактілерді анықтау үшін қажетті белгілері бір әрекеттерді орындауға деген прокурордың өкімін білдіреді. Мәселен, олар қылмыстық іс қозғауға және тергеу жүргізуге байланысты анықтау және тергеу орындарына, жедел іздестіру жұмысын жүзеге асыратын органдарға беріледі. Прокурордың нұсқауы орындауға міндетті.

Өтініштер- мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға байланысты қандай да бір мәселелерді шешу мақсатымен сот органдарына жолдайтын құжаты. Мәселен прокурор мемлекетке, қоғамдық ұйымдарға, азаматтарға келтірілген шығындардың орнын толтыру туралы сотқа талап өтінішін бере алады, ата-аналық құқықтарын айыру, әрекет қабілетінің шектеулігі және басқалар жөнінде өтініш беруі мүмкін. Прокурор сондай-ақ өзінің қадағалау актісін қабылдамаған немесе белгіленген мерзімде қарамаған жағдайда, өз құқығын қорғау үшін сотқа өтініш беруіне болады. Прокуродың барлық өтініштеріне мемлекеттік баж салығы және өзге де алымдар салынбайды.

Нұсқама-заң бұзушылықты жою туралы прокурордың жазбаша өкімі, заң бұзуға жол берген органға немесе лауазымды адамға немесе бұзылған заңды қалпына келтіруге құзыретті лауазымды адамға беріледі. Онда бұзылған нормалар құқықбұзушылық сыйпаты және оны түзеудің шаралары туралы нақты нұсқама ұсыныстар болды. Ол міндетті түрде орындалуға жатады.

Ұсыным- заңдылықтың бұзылуын, оған жол беруге себеп болған жағдайларды жою туралы прокурордың құқықтық актісі. Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес жеке басына қол сұқпаушылық құқығы бар адамдарды осы құқынан айыру мәселелері жөнінде және заңда қаралған басқа да жағдайларда ұсынылады. Ұсыным өзінің нысаны жағынан белгілі талаптарға сай болуға тиіс.

Ұсыным бір ай мерзім ішінде қаралуға тиіс. Оның нәтижелері жөнінде жазбаша хабарланады.

Заңды түсіндіру. Заңдарды білмеу немесе дұрыс түсінбеу оларды органның немесе лауазымды адамның, немесе азаматтың дұрыс қолданбауына соқтыруы мүмкін деуге жеткілікті негізі болған жағдайда, прокурор заңның мазмұнын, ал қажетті жағдайларда- заңда қаралған жауапкершілікті түсіндіреді.

Прокурорлық қадағалау актілері бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.

Құқықтық статистика және ақпарат. 1997 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республиканың Президентінің «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалау шаралары туралы» Жрлығымен Мемлекеттік тергеу комитетінің қылмыстық ақпарат орталығы, ішкі істер министірлігі мен Әділет министрлігінің стстистикалық қызметі базасында Бас прокуратура жанынан Құқықтық статистика және ақпарат орталығы құрылды. Жаңа құрылған Орталық қызметінің негізгі бағыттарына құқық қорғау және құқық қолдау органдар қызметі салсының назарына іліккен оқиғалар мен адамдар есебінен орталықтандыру, соның негізгінде бастауыш есеп құжаттарын жинау мен өңдеудің бірізді принциптердің қамтамасыз ете алатын біртұтас құқықтық статистикасын қалыптастыру, олардың нысандарын жасау және енгізу, қылмыстық проблемалардың ахуалына талдау жасау, есептік-тіркеу тәртібінің жағдайында және құқық қорғау және сот органдары беретін бастауыш стстистикалық құжаттардың дұрыстығына бақылау жасау енгізіледі. Орталыққа заңды тұлға құқығымен Бас прокурордың бас басқармасы мәртебесі берілді. Құқықтық статистика және ақпарат субъектілерінің қатарына прокуратура, ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, салық және әскери полиция, кеден, әділет органдары, судьялар кіреді. Орталық ақпаратын пайдаланушылар қатарына-Президент Әкімшілік, қауіпсіздік Кеңесі және Қазақстан Республикасының Үкімет кіреді. Құқықтық статистика және ақпарат Орталығы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры алдында есеп берді.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 1 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)