Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нормативтік-ҚҰҚыҚтыҚ актілерді жҮйелеу

Читайте также:
  1. Ықтық актілерді дайындау, ұсыну, талқылау тәртібін
  2. ықтық актілердің күшіне енуі, өзгеруі, күшін жою негіздері.

Нормативтік актілерді жүйеге келтірудің мақсаты құқықтық материалдарды тәртіпке келтіріп, оларды белгілі бір бөлімдер мен тарауларға орналастыру, яғни саралау болып табылады. Қажет болған нормативтік актілерді іздестіріп табу ісін жеңілдету үшін бұлай етіп орналастыру ыңғайлы және ол заңдылық талаптарын орындау шарты қызметін атқарады.Бұл аспект бұрынғысына қарағанда осы іс нормативтік актілерді сырттай жүйеге келтіру, құқықтық нормаларды терең ішкі мазмұндары бойынша бірыңғай мазмұндас етіп орналастыру болып,есептеледі.Және ол құқықтағы кездесіп қалуы мүмкін кемшіліктері, қарама-қайшылықтарды болдырмау жолын қарастыру болып табылады.

Нормативтік-құқықтық актілерді бір жүйеге келтіруге заң шығарушылар, құқық қолданушылар және барлық азаматтар да мұқтаж.

Нормативтік құқықтық актілерді бір жүйеге келтірудің қазіргі уаөытша үш түрі белгілі. Олар инкорпорация, кодификация және консолидация. Нормативтік-құқықтық актілерді бұлайша бөлу құқықтық материалдарды тәртіпке келтіру үдерістерінің түрліше болып келедіктерімен байланысты және соларға негізделеді.

Кондификация актілерді сырттай, сондай-ақ іштей өндеуді де қамтиды. Кодификациялаудағы өңдеу ісінің барысында нормативтік актілерді жүйеге келтірумен қатар, олардың мазмұнына да әжептеуір өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, ескірген принциптер мен нормалар өзгертіледі, жойылады. Олардың орнына жаңалары жасалынады. Бұл істі тек мемлекеттің заң шығарушы органдары ғана жүзеге асырады. Және бұл іс құқық шығармашылығы ісінің бір түрі болып табылады.

Кондификация нәтижесі жаңа заң актісін шығару, ол осы мәселе бойынша бұрыннан күші бар нормативтік актіні алмастырады. Сөйтіп ол кондификациялық акті деп аталады. Оған жататындар кодекстер жарғылар, жарлықтар. Кондификация жалпы және арнайы деп екіге жіктеледі. Кондификацияның белгілі бір түрлеріне жарғылар, жөн-жоба тәртіп ретінде регламент қағидалар жатады.Олар арнайы жасалған кодификацияның нәтижесі болып табылады.

Инкорпорация нормативтік актілерді белгілі бір тақырыптарды қамтитын нышандарына қарай жүйелейді. Сондықтан да бұл саралау пәндік және қарай немесе ол қарапайым түрде жүйеге келтіру болып табылады.

Сонда, жүйелеудің қарапайым және көп тараған түрі құқықтық актілерді инкорпорациялау болып табылады.

Инкорпорацияның нәтижесінде нормативтік актілер қоғамдық қатынастардың белгілі бір салаларына реттеудегі белгілі нышандары бойынша біріктіріледі. (Мысалы, зейнеткерлік саласын немесе тұрғын үймен қамтамасыз ету саласын).

Инкорпорация өзі реттейтін осы пәніне жататын барлық заңды түгелдей қамтуы мүмкін. Ол ең басты инкорпорация деп аталады. Ол инкорпорацияның тек бір бөлігіне ғана қатысты болуы мүмкін–онда ол дербес инкорпорациялау болады. Инкорпорация ресми-бейресми де болады. Ресми инкорпорация реми органдар жүзеге асырады. Мұндай инкорпорациялар бар нормативтік құқықтық актілерді өңделген, тәртіптік ретке келтірілген күшінде жариялаудың және қайта жариялаудың тәсілі ғана болып табылады. Ресми инкорпорациялау Қазақстан Республикасы Президентінің жеке, Үкімет актілерінің жинағы жатады.

Бейресми инкорпорациялауды заңдарды жүзеге асыратын өздерінің дербес бастамасымен жекелеген ұйымдар мен дара тұлғалар, лауазым иелері жүзеге асады. Ол нормативтік актілерді жариялаудың тәсілі болып табылмайды. Бейресми инкорпорациялауға «Жекешелендіру туралы нормативтік актілер» «Еңбек заңдары» және т.б. жатады.

Консолидация кодификация мен инкорпорациялаудың аралығында орын алады. Мұнда консолидациялау әдісі үдерісінде бірнеше нормативтік актілерді бір ірі құрамаға біріктіреді. Бұрынғы актілердегі құқық нормалары мұнда бір ізгілікпен дәйекті, қисынды маңызы сақтала отырып, қайталауларды болдырмай және қайшылықтарға жол бермей орналастырады. Мұнда кейбір баптардың жаңаша жазылуы мүмкін. Алайда консолидация қоғамдық қатынастарды реттеуге елеулі өзгерістер енгізбейді. Сондықтан өзінде консолидацияның кодификациясы ұқсас келетін кейбір сипаттары бола тұрсада, бұл жағынан ол инкорпороцияға жақынырақ ие болып келеді.

Консолидацияның нәтижесінде заңдардың жинақтары жасалынады. Әдетте олар бейресми сипатта болады. Мұнда құқық нормалары, өздерінің іс-әрекет түрлерінің біріне жататындығын білдіретін нышан белгілермен салыстырғаннан соң барып жинаққа біріктіріледі (табиғатты қорғау, күрделі құрылыс құралдарымен жқмыс істеу және т.с.с).Жекелеген нормативтік актілер түгелдейімен де, сондай- ақ үзінділер түрінде де консолидациялау актілерін әдетте мемлекеттік немесе қоғамдық салаларда қызмет істетейтіндер заң жөніндегі құралдар ретінде пайдаланды.

Құқықты жүзеге асырушылар мен оны қолданушылар үшін заңдардың жүйелі болғаны әрқашан да қажет-ақ, ол атқарылып орындалып жатқан істер көлемін ұлғайып көбейген кездерінде әсіресе керек болады. Олай болатын себебі, құқықтық ақпарат мағұлматтарының қисынды түрде бірізділікпен дәйекті, ішкі мазмұнының келісімді құрылуы қажет болған құқықтық норманы дер кезінде табуды қамтамасыз етеді.

Заң халықтың қалың бұқара топтарының түсінуіне оңай болуы тиіс. Олар өздерінің құқықтары мен бостандықтары жөнінде, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның өздеріне қойып отырған талаптарын да түпкі деректердің білуі тиіс. Тек қана тиісті түрде бір жүйеге келтірілген заң ғана халықтың құқықтық деңгейдегі қажетті мәдениетке жетуіне, ал құқық қолданушылардың кәсіби-заңгерлік мәдениетке жетулеріне жағдай жасайды, мүмкіндік береді. Заңдарды жүйелеу ісі ғылыми приматтарды іздестіру және оларды белсенді түрде қолдану құқықтық ақпарат материалдармен жұмыс істейтіндерден іскерлікпен дағдыны қажет етеді. Өйткені ақпарат мағұлматтары ондаған миллион белгі-таңбалардан тұрады. Ақпарат мағлұматтары іздестіруде қажет болған нормативтік –құқықтық актіне тауып алу ісін дәстүрлі жүйелер негізінде орындаудың келмеске кететін күні алыс емес. Ахуалдың жақсаруы үшін нормативтік құқықтық құжаттар саласын механикаландыру- автоматтандыру, оған қоса ақпараттық–іздестіру жүйесін жаңа техникалық негізде ұйымдастыру өзекті мәселеге айналдыру қажет. Мұндай ақпараттық мағұлматтарымен айналысатын қызметкерлердің жеке компьютерлері болған мерзім жетті.

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 314 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)