Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік саяси режим

Читайте также:
  1. Авторитарный режим
  2. Адағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі.
  3. АЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢАТРИБУТТАРЫ
  4. Азақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі
  5. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары
  6. арағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
  7. Арағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Мемлекеттік – саяси режимнің ұғымы. Ең алдымен мемлекеттік – саяси режим дегеніміз (басқарудың және мемлекеттік құрылыстың жоғарыда қаралған нысандары сияқты) оның мәндік – мазмұндық жағы көрінетін, мемлекет құрылымын және оның басқа да сыртқы жағын сипаттайтын жиынтық түсінік ретіндегі мемлекеттік нысанының компоненті болып табылады. Мемлекет – саяси режим деп мемлекеттің пайдаланып жүрген басқару, реттеу және ықпал ету әдісінің жиынтығын айтады. Соңғысы мемлекеттегі саяси бостандық дәрежесі туралы, мемлекеттік механизмнің түрлі буындары арасындағы қарым– қатынастары және бір жағынан, олардың арасындағы да, екінші жағынан партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен халықтың арасындағы өзара қарым– қатынастың моральдық – психологиялық ахуалы туралы пікір айтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік билік ету әдістерін зерттей отырып, жеке тұлғаның нақты мәртебесі туралы және мемлекеттегі басқа субъектілердің қарым–қатынасы, олардың құқықтары мен мүдделерінің кепілдік және қамтамасыз етілушілік деңгейі туралы түсінік алуға болады.

Оқулықтарда және монографиялық еңбектерде мемлекеттік – саяси режимді көбінесе саяси деп айтады. Бұл, біздің ойымызша, дәл емес: өйткені соңғысы мемлекеттік қызмет әдістерінен басқа, саяси партиялар қызметінің, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық қозғалыс әдістерін де қамтиды. Егер мұндай терминологияға сүйенетін болсақ, онда режимнің не екендігін түсіндіру мемлекеттік проблематика шеңберінен шығып кетейін деп тұр.

Мемлекеттің өз қызметінде қолданатын әдістері әр алуан. Мәжбүрлеу, жалаң әкімшілік ету, командалық – бұйрықты әдістерді атауға болады. Оларға қарама–қарсы иландыру, түсіндіру, ұйымдастыру – тәрбиелеу әдістері бар. Осы екі әдістің арасында екеуінің де сипаты бар аралық әдістер шығады. Мемлекет өзінің күнделікті тәжірибесінде жоғарыда аталған әдістердің қайсысын таңдайды, - ол оның қоғамдық – саяси мәні мен табиғатына байланысты. Басып – жаншу, зорлау, қуғын–сүргін және мәжбірлеу әдістерін басым бағыт етіп алған, жұрттың бәріне өзінің күші мен қуатын әр жолы көрсетуге құштар, диалог және келісім тілін мойындамайтын, адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын көзге де ілмейтін мемлекеттерді, - жалпы адамға тән құндылықтар басымдығын мойындайтын, демократиялық дәстүрлерді сақтайтын, азаматтар мен басқа субъектілерге мемлекет жарлығын орындау қажеттілігін алдымен айтып түсіндіруге тырысатын, оларға мемлекеттік саясаттың маңызын түсіндіріп, тек содан кейін ғана оларға қандай да бір мәжбүрлеу шараларын қолдануға жол беретін мемлекеттермен бір қатарға қоюға болар ма екен. Басқаша сөзбен айтқанда, мемлекеттік билік ету әдістері мемлекетті тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық мемлекеттерді қамтитын классификациялауға мүмкіндік бере отырып өте маңызды жағынан сипаттайды.

Тоталитарлық мемлекеттер тобы әр тектес. Бұл топқа ең алдымен әскери – полицейлік табиғаты ашық та айқын көрінетін фашистік мемлекеттер жатады. Фашизм – басқарушы элитаның неғұрлым реакциялық бөлігінің халыққа жасап отырған зорлық – зомбылығының, заңсыздығының және тіпті террорының айқын бейнесі. Ол қарапайым демократиялық құқықтар мен бостандықтарды жойып, іс жүзінде жоққа шығарады, оппозицияны сотсыз жағалауды әдетке айналдырған, халықтың бостандық сүйгіш күштерін басып–жаншып, қудалайды. XX ғасырдың бірінші жартысында Германияның, Италияның, Жапонияның, Испанияның, Португалияның мемлекеттік – құқықтық практикасында фашизм толық көрініс тапса, қазіргі күні сыртқы демократиялық және либералдық мемлекеттік нысандар арасынан фашистік тенденциялар түрінде ғана көрініп қалады. Социолистік елдердегі мемлекеттік – саяси режим тотализмнің басқа бір түріне жатады: Оларды пролетариат дикратурасы жекелеген сыртқы демократиялық институттардың көлеңкесінде қалса да, алайда соңғысынан мемлекеттің зорлау – мәжбүрлеу табиғаты көрініп қалатын еді. Қанаушы таптар мен оның қалдықтарын жою функциясын жариялау жаппай қуғын – сүргінді, зорлық пен мәжбүрлеуді кеңінен қолдануға бағыт берді. Жеке адамның мүддесі мемлекет мүддесімен салыстырғанда кейінге ысырылып қалды. Оппозияцияға жол берілмеді, пікір алуандығы(плюрализм) жоққа шығарылды, бір партияның диктатымен әкімшілік – әміршілдік жүйе билік құрды. Мемлекеттік – саяси режимнің алуан түрлілігі ретінде тоталитаризмнің мынандай да ерекшеліктерін(жоғарыда айтылғандардан басқа) атауға болады:

· қоғамның тіршілік әрекетінің негізгі салаларын мемлекет қарауына айналдыру;

· барлық қоғамдық бірлестіктерді бүкіл дербестіктен айыру, оларға қазыналық қызмет бағытын тану;

· мемлекеттің құқыққа шектен тыс ие болу ролі.

 

Демократиялық мемлекеттік – саяси режим батыс пен шығыстың алдыңғы қатарлы елдерінде орнаған. Онда конституционализм идеялары, билікті бөлісу, құқықтық мемлекет идеялары жүзеге асырылуда, халықтың пікірін ескеру бағдарға алынған, құқықты жүзеге асыру процесі кезінде орындаушыларымен құқықтың ұйғарымының мазмұнын түсіндіру және оны сақтаудың қажеттілігіне иландыру жөнінде жұмыс жүргізіледі, мәжбүрлеумен байланысты органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметі бақылауда болады. Мемлекет пайдаланып отырған басқарудың демократиялық әдістері, реттеу және ықпал ету оның қызметіне бақылау жасауға, сондай - ақ мемлекет өмірінің негізгі мәселелері бойынша ұсыныстарымен тікелей шығуға мүмкіндік алып отырған халықтың өзіне деген сенімін арттырады. Қара күшке, зорлық пен қысымға емес, керісінше халықпен диалогқа келіп, олармен ақылдаса отырып, демократиялық режим басқарудың неғұрлым тиімді стилін көрсетіп тұр. Демократиялық мемлекеттік – саяси режимнін, жоғарыда айтылғандардан басқа, мына төмендегі сипаттарын да тануға болады:

· қоғамдық өмірдің барлық салаларында – экономикалық, әлеуметтік – саяси, жеке бастың – жеке адамның шынайы бостандығын қамтамасыз етуге шаралар қабылдануда;

· жеке адамды шенеуніктің тәлкегінен құқықтық қорғауды күшейтуге бағытталған институттар жүйесін іске қосу енгізілді;

· жеке адамның демократиялық құқығы мен бостандығын жариялаумен қатар, осы құқықтар мен бостандықтар жүзеге асырылуы үшін жұмыстар жүргізілуде;

· мемлекеттің алдына қойған мақсаттары аз шығынмен – халықтың наразылығынсыз, керісінше халықтың ниеті түзу немесе тіпті қолдауы жағдайында орындалуда;

· тоталитаризмге белгісіз, конституциялық бақылау, құқыққорғау қызметі, экологиялық сараптама сияқты институттар құрылуда.

 

Авторитарлық мемлекеттік – саяси режим бүкіл билік бір органның немесе бір лауазымды тұлғаның қолында болуы мен және басқа жоғары мемлекеттік органдардың(ең алдымен заң және өкілдік) ролін төмендете отыруымен өзгеше болып табылады. Қолында билігі бар, өзінің мемлекетін сақтап қалуда немесе қолбасшылық жағдайын одан әрі нығайтуға тырысқан орган немесе тұлға халық жағынан және оппозиция жағынан бақылауды шектей немесе болғызбай отырып қатаң саяси бағыт ұстанады. Бұл кезде қанаты қырқылған демократия біржола жойылып кетпейді, қаралып отырған режимнің демократияны толығымен жоққа шығаратын тоталитаризмнен ерекшеленетін өзінің қарама–қарсы жағына айналып та кетпейді. Аталған белгілерден басқа авторитаризмге мына төмендегі белгілер де тән:

· жоғары және жергілікті биліктің (сыртқы атрибуттарын сақтай отырып) қалыптасып және қызмет істеуіне халықтың қатысуының айтарлықтай кемуі;

· жергілікті органдарды орталыққа берілетін бірқатар дәстүрлі өкілеттіктерінен айыра отырып басқаруды орталықтандыруды күшейту;

· сөзсіз бағынуға және үнсіз орындауға есептелген басқарудың әкімшілдік – әміршілдік стиліне әуестену;

· этатистік құндылықтарды пайдалану өсіп жатқан тұста құқықтық құндылықтардың шынайы маңыздылығы мен қолданылуының іс жүзінде төмендеуі;

· Оппозициялық қызметтің жария мүмкіндіктерінің тіртіндеп тарылып, минимумға дейін жетуі.

Авторитарлық мемлекеттік – саяси режим, әдетте, тұрақсыз болады. Ол қоғамдағы саяси күштердің нақты ара салмағына байланысты тоталитаризм жағына, болмаса демократияландыру бағытына қарай да дамуы мүмкін.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 304 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)