Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

МемлекеттіҢ функциясы

Читайте также:
  1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
  2. МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕХАНИЗМІ
  3. МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТЕОРИЯСЫ
  4. МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
  5. Төменде көрсетілгендердің қайсысы депозитраиидің функциясына жатпайды?
  6. ЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАРЫ

Мемлекет функциясының ұғымы. Өзінің бағытына сәйкес мемлекет, әдетте, өз қызметін белсенді атқарады, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осындай тіршілік ететін неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт мемлекет функциясын құрады. Оның астарынан мемлекеттануда мемлекет қызметінің негізгі бағыттарын түсіну қабылданған, онда өзіне қажетті қарым–қатынас тәртібін бекіту мен алдыға қойған мақсатқа қол жеткізу түсіну қиын емес. Мемлекет қызметінің осы негізгі бағыттарының әрқайсысы тұтастық пен оқшаулықтың үлгісін көрсете отырып, белгілі бір айқындығы мен сипатталады, онда аз мөлшердегі компоненттер жинағы міндетті түрде болады, ол компоненттер мемлекеттің дербес функциясын ерекшелеп тұрады. Ең алдымен функцияның мағынасы туралы, яғни мемлекеттің қоғамдық қатынастың қандай да бір саласына белсенді және мақсатты ықпалы туралы айту керек. Мұндай ықпалдың процесінде мемлекет бір қатынасты бекітіп, дамытып, жетілдіруге тырысса, екіншісін бейтараптандырып, үшіншісінің – жаңадан пайда болуына мүмкіндік тудырады және т.б. Мемлекеттің ықпал ету объектісі болып табылатын бұл қатынастар бір функцияны екіншісінен ерекшелейтін белгі ретінде саналады. Мемлекет функциясының оны жүзеге асыру әдісі сияқты мынандай компонентін бөліп көрсету керек, оның астарынан ара қатынасты: а) сенімді және мәжбүрлеуді, б) басқаруды орталықтандырудың және орталықсыздандырудың бастауын, в) авторитарлық пен қоғамдық қатынастарға қатысушылардың мінез–құлық варианттарын еркін таңдау принциптерін түсінуге болады.

Осылайша, функцияның құрамына мемлекет қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде мағынасынан басқа, жүктелген міндеттерді шешудің нысандары мен әдістері, сондай–ақ мемлекеттік ықпал ету объектілері жатады.

Экономиканы және қоғамдық өмірдің басқа да салаларын қамтыған дағдарысқа байланысты халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мен қызмет көрсетужөнінен мемлекеттің мүмкіндігі күрт азайды. Сондықтан денсаулық сақтауға, ғылымға, мәдениетке, білім беруге және әлеуметтік саланың басқа да тармақтарына қаржы бөлу қысқаруда, ал зейнетақы, жәрдемақы, стипендия бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы төлеу кейде кешігіп жатады. Азаматтар үшін мемлекет есебінен тұрғын үй құрылысын жүргізудің, медициналық, мәдени – ағарту, ғылыми, мектеп, спорттық объектілерді салу бағдарламалары қысқартылды. Дағдарыстан шығу жағдайды түзетіп, мемлекеттің әлеуметтік саладағы қызметін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Мемлекеттің ішкі функцияларына сондай–ақ мына төмендегілер де жатады:

- идеологиялық, бұл функцияның мақсаты – халықтың арасында мемлекеттің саясатын түсіндіру, осы азаматтардың көпшілік тобының қолдауы мен мақұлдауын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарын, ғылыми білім беру, мәдени ағарту және мекемелердің басқа да идеологиялық бағытын аталған міндеттерді шешуге жұмылдыру. Әдетте, мемлекет идеологиялық функцияны қамтитын мақсаттарға қол жеткізу жолында қаржы алмайды, оны жүзеге асырушы мекемелер жүйесін құрады, ниеттес және рухы жақын мемлекеттік емес құрылымдар қызметін қолдайды;

- қорғаушы, бұл функцияконституциялық құрылымды сақтау мен нығайту, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, заңдылықты, құқық тәртібін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, әлеуметтік және ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты реттеу, қылмыспен және құқық бұзушылықпен күрес, мемлекет жарлығын қоғамдық өмірге қатысушылардың барлығының сақтауына қол жеткізу міндетін шешуге бағытталған. Мемлекет сот, құқық қорғау органдарының және осы функцияны жүзеге асыру мен айналысатын билік құралдарының ұйымдастыру – мәжбүрлеу жүйесін құрады, олардың қызметін қаржыландырады, оның тиімділігін арттыру шараларын қабылдайды, оның халық үшін қолайлы және ашық болуын қамтамасыз етеді, қажеттілігіне қарай үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының жұмысын қолдап отырады;

- экологиялық, бұл функция айналадағы ортаны қорғауды, табиғат байлықтарын сақтауды мемлекет тарапынан атқарылатын қызметті қамтиды. Қазіргі кезеңде мемлекет ғылыми – технологиялық прогресті жедел дамытудің және адамдардың қызметінің басқа да түрлерінің болатын табиғатқа төніп тұрған қауіпті.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 166 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)