Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

МемлекеттіҢ пайда болу теориясы

Читайте также:
  1. А. тірінің өлі табиғаттан даму теориясы
  2. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  3. баланс теориясы 1 страница
  4. баланс теориясы 2 страница
  5. баланс теориясы 3 страница
  6. баланс теориясы 4 страница
  7. баланс теориясы 5 страница

Мемлекеттің пайда болу процестерінің саясиқұқықтық ойда бейнеленуі. Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке заңдылықтары ежелден – ақ адамдарды толғандырып, олардың қызығушылығын туғызып келді. Алғашқы қауымдық қоғамның рулық ұйымының мемлекетке орын беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі саяси құқықтың ойдың тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл – ойын жаулап алды, әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді. Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз әрбір ойшылдың мемлекеттілік генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз, олардың басқа ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әр түрлі. Сонымен, кейде терең ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен қонсы қонып жатады.

Мемлекеттің пайда болуының маңызды теорияларының сипаттамасы. Теологиялық және патериалистік теориялар мемлекеттің пайда болуының ең ерте және көне теорияларының қатарына жатады. Теологиялық теориялар мемлекеттің құдайшыл мәнімен келіп шыққан, бұл теориядан құдайдың идеялары мен тілегінің жүзеге асуын және жазмыштың жазуын ғана көреді. Олардың айтуы бойынша, құдай адамдарды жаратты, оларды қоғамға және мемлекетке біріктірді, қолында билігі бар билеушілер берді; осы теорияны ұстанғандардың ойы бойынша, құдайдың айқындаушы рөлі оның уәкілетті өкілдері арқылы да, тікелей де көрінеді. Заңдылық пен құқық тәртібін сақтау құдай өсиетін орындау болып түсіндірілді, ал зайырлы билік құдайдың билігінің жердегі аналогы саналады. Патернализмнің теологиялық теориядан айырмашылығы, мемлекеттік биліктің отбасы егесінің билігімен ұқсастығы мен туыстығын көре білді. Патерналистік тұжырымдаманың түсінігіне сәйкес, мемлекет отбасынан шығады және өзінің құрылымында, қол астындағылармен өзара қарым – қатынаста отбасының ұйымдастыру және тіршілік ету принциптерін туғызады. Әсіресе әкенің билік ету жағдайына көңіл бөлініп, барлық отбасы мүшелерінің оған сөзге келмей бағынуы баса көрсетілді. Адамдар арасындағы қарым – қатынастың отбасылық – туысқандық ұйымдастырылуын дәріптеу, жалпы алғанда оның ерекшелігін ескермей, қоғамға заңсыз жүргізілуі, отбасы егесінің нақтылы мүмкіндіктерін және оның билігін асырып жіберу – міне осының бәрі патернализмнің осал жері еді.

Белгілі бір мөлшерде оған бір жағынан – мемлекеттік құрылым, екінші жағынан – тірі организмнің арасында параллель жүргізуші органикалық теория келіп жалғасты. Соған ұқсас, жеке организмнің басы, денесі, қолы және т.б дене мүшелері болатыны, және олардың әрқайсысының орындайтын түрлі функциялары болатыны сияқты, әрбір мемлекеттік құрылым да белгілі бір мақсатқа арналған және басқа мемлекеттік құрылымдардың рөлі мен функциясын қайталамауға тиіс. Олардың бәрі өзара матасып кеткен, іштеріндегі белсенділері басқаларының қызметін анықтап, бағыт беріп отырады. Өздерінің тұтастығымен олар өздерінше бір бірлік құрады. Органикалық теория шеңберінде әр түрлі факторға акцент жасағанағымдар бөлініп шықты. Алғашқы ағымның өкілдері Платон мен Аристотельдің ойы бойынша, дене болмаса қолдың өз бетінше әрекет ете алмайтыны сияқты, адам да мемлекеттен тыс тіршілік ете алмайды.одан әлдеқайда кейін пайда болған ағымның өкілдері Герберт Спенсер және оның ізбасарлары, адамдардың пайда болуымен бірге пайда болған мемлекет қашан қоғам өзінің тіршілік етуін тоқтатқанға дейін өмір сүре береді және егер организм жалпы алғанда сау болса, онда оның құрамдас бөліктері де сау болады деген ойды түйіндейді.

Бастауында Г.Гроций, Д.Локк, П.Гольбах, Ж.Ж. Руссо секілді көрнекті ойшылдар тұрған қо.амдық келісім теориясы кеңінен тарады. Бұл теория бойынша мемлекеттің пайда болуының негізінде адамдардың келісімі мен олардың келісіп іс істеу факторы жатыр. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша, адамдар өздерінің күнделікті тіршілігінде қалыпты жағдайды қамтамасыз ету үшін және тәртіпті сақтап,түрлі қол сұғушылықтан қорғану үшін және қажетті билік өкілдіктерін беріп, мемлекетке бірігуді шешті. Бұл мәселені шешкенде олар адамдардың саналы түрде көңіл білдіруі мен ерікті түрдегі келісім негізінде әрекет етті. Халықтың басқаруға деген міндетті алғаннан кейін мемлекет әрбір адамның мүддесін қанағаттандыратын және барлығының игілігі үшін әрекет ететін бірден бір ұйымға айналады. Егер де ол өзінің бұл миссиясын нашар орындаса немесе мүлдем орындамаса, онда Ж-Ж. Руссо мен А.Н. Радишев ұсынған келісімді теорияның радикалды ағымына сәйкес, халықтың оны өзінің сенімінен айырып, тіпті көтеріліс жасау арқылы өкіметті толық ауыстыруға қол жеткізкгу құқығы бар.

Озбырлық теориясы мәжбүрлеу факторларын мемлекеттің пайда болу және даму процестеріндегі бірінші себебі деп саналады. Ішкі озбырлық жағдайында халықтың қолы билікке жеткен бір бөлігі басқаларға өзіне қолайлы шешімді таңа бастайды. Осындай жолмен билік институттары, жеке меншік институттары, мемлекет құрылды. Сыртқы озбырлық жағдайында бір аумақта тұратын халық келесі бір аумақта тұратын халықты жаулап ала бастады, жауланып алынғандар құл болды, байлық пен жеке меншікті еселеп көбейту үшін пайдаланылды, ал бұл шаруанымемлекет сияқты мәжбүрлеу ұйымынсыз жүзеге асыру мүмкін емес еді. Озбырлық теориясына баға бере келіп, озбырлық, мәжбүрлеу мемлекеттің пайда болу процестеріне қатысқанымен, аталған теорияда олардың абсолюттендіріліп, шектен тыс өсіріңкіреп кеткендігін айта кету керек. Ал бұл, шындыққа жанаспайды.

Диалектикалықматериалистік теория мемлекеттің пайда болуын табиғи – тарихи себептермен – өндіріс қаржысына жекеменшіктің пайда болуымен, қоғамның тапқа бөлінуімен шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар тудыратын олардың теңсіздігімен, таптық қарама–қайшылықтың ымырасыздығымен түсіндіреді. Экономикада шешуші позицияда отырған тап, өзінің экономикалық билігін сақтап қалуға тырысады. Осы мақсатпен ол саяси билікті қолға алып, соның көмегімен өзінің еркін бүкіл қоғамға таңады. Сөйтіп ол қоғамда өзінің диктатурасын, яғни саяси билігін орнатады. Бұл көзқарас Ф. Энгельстің «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы» деген еңбегінде және В. И. Лениннің «Мемлекет туралы» деген лекциясында кең түрде негізднлді. Оларда, сондай–ақ К.Маркстың кейбір еңбектерінде мемлекеттің пайда болуының күрделі процесінің көптеген сипаттары дұрыс көрсетілген. Алайда олардытүсіндіру кезінде бұл процестегі таптық фактордың рөлінің дабырайтып көрсетілетіндігін ескермеуге болмайды, өйткені шын мәнінде мемлекет билік етуші таптың қарсыластарынбасып – жаншып, қанап, қысым көрсету үшін ғана құрылған жоқ, тұтас алғанда қоғамды басқарып, оның қалыпты жұмыс істеуі және үдемелі дамуы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін және құқық тәртібін қалыптастырып, сақтау үшін де құрылды ғой.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 411 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)