Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқыту әдістемесі.

Читайте также:
  1. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  2. Азақ тілін коммуникативтік тұрғыдан оқыту әдістемесі
  3. Азақ тілін оқытудың жаңа технологияларының классификациясы
  4. Азақ тілін оқытудың жаңа технологияларының классификциясы.
  5. Взвод командирінің міндеттері (топ, мұнара) оқыту әдістемесі.
  6. Гарнизондық патурльдер. Оқыту әдістемесі.
  7. Дәріс. Қазақ тілін оқыту жүйесіндегі дәстүрлі әдістер

Әрбір әскери қызметші өзінің денсаулығын сақтау туралы қамқорлық жасауы, ауруларын жасырмауы, жеке және қоғамдық гигиенаның ережелерін қатаң сақтауы және зиянды әдеттерден бой тартуы тиіс.

Жеке бастың гигиенасын орындауға мыналар кіреді:

- тісін тазалаумен бірге таңертең белуарға дейін суық сумен жуыну;

- тамақ ішердің алдында қолды жуу;

- ұйықтар алдында жуыну, тиісті тазалау және аяқты жуу;

- уақытылы қырыну, шашы мен тырнақтарын алу;

- іш киімді және төсектік жайманы, шұлғаулар мен шұлықтарды ауыстыра отырып, апта сайын моншада жуыну;

- киім-кешекті, аяқ киімді және төсек жайларын таза ұстау, жағалықтарды уақтылы ауыстыру.

Әскери қызметшінің шашы, мұрты, сақалы, егер ол бар болса, ұқыпты болуы, гигиенаның талаптарына жауап беруі және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану мен жарақтарды алып жүруге кедергі келтірмеуі тиіс.

Қоғамдық гигиенаның ережелері жатын үй-жағдайларында, әжетханалар мен басқа да жалпы пайдаланудағы бөлмелерде тазалықты сақтауды;үй-жайларды желдету, қоғамдық орындарда, сондай-ақ әскери бөлімнің (бөлімшенің) орналасқан аумағында тазалықты ұстауды қамтиды.

Әскери қызметшілердің жұқпалы ауруларды қабылдамауын қамтамасыз ету үшін алдын-алу екпелері жүргізіледі. Егулер жоспарлы және індеттік көрсетулер бойынша болуы мүмкін.

Жоспарлы алдын алу егулері әскери бөлімнің (бөлімшенің) бүкіл жеке құрамына егулердің күнтізбесіне сәйкес, ал індеттік көрсетулер бойынша-аға командирдің (бастықтың) бұйрығымен жүргізіледі.

4.Бақылау сұрақтары:

1. Санитарлық гигиеналық тазалықтар.

2. Жұқпалы ауруларға қарсы іс-шаралар. Оқыту әдістемесі.

2. Әрбір әскери қызметші жеке гигиенаның қандай ережелерін сақтау керек.

3. Әскери қызметшінің денсаулығына медициналық бақылау жасау жолдарыұ

4.Әскери қызметшінің сыртқы пішіні.

5.Әскери қызметтерді шынықтыру тәсілдері.

6. Әрбір әскери қызметші жеке гигиенаның қандай ережелерін сақтау керек.

7. Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтауы.

8.Әскери қызметшілерді шынықтыру.

9. Әскери қызметшілердің денсаулығына зиянды факторлардың әсерлерін жою.

5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1. ҚРҚК-дегі әскери бөлімдереде әскери қызметшілерді шынықтыру, дене даярлығы және спортпен шұғылдануы туралы.

2. Әскери бөлімде санитарлық гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы іс-шаралар. Оқыту әдістемесі.

7. Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі әскери бөлімдереде әскери қызметшілерді шынықтыру, дене даярлығы және спортпен шұғылдануы туралы, санитарлық гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы іс-шараларды оқытуды қайталау.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.И.К.Тұрметов, Ә.Айтуғанов, Т.Қарғабаев,ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары. Түркістан, 2007. 2.Т.Қарғабаев

3.Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас., Түркістан, 2007

4. Т.Қарғабаев, Гарнизондық қызметті ұйымдастыру. Түркістан, 2007.

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

№ 7 Практикалық/семинар сабақ тақырыбы: " ҚР Қарулы күштерінің тәртіптік жарғысының ережелері. Көтермелеулер."

1.Жоспары:

1.Әскери тәртіптің талаптары.

2.Көтермелеулер ережелері.

3.Сарбаздар(матростар) мен сержанттарға қолданатын көтермелеулер. 5.Командирлердің (бастықтардың)өздеріне бағынышты сарбаздар(матростар)мен сержанттарға)старшиналарға)көтермелеулерді қолдану құқығы.

Оқыту әдістемесі.

2.Сабақтың мақсаты: ҚР Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысының маңызын түсіндіру.

3.Қысқаша мәтіні: ҚРҚК-дегі әскери бөлімдереде әскери қызметшілерге тәртіптік жарғысының маңызын түсіндіру.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 46 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)