Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Компанияның қазіргі жағдайы

Читайте также:
  1. А. жер жүзінлегі тіршіліктің қазіргі жағдайы мен болашақ қамын ойлау
  2. А. кеңістік пен ауқыттың өрісіндегі жағдайы
  3. Азіргі болмыстағы халықаралық құқықтың қызмет ету жағдайы.
  4. Дебиеттің үш тегі туралы қазіргі көзқарастар.
  5. Жабығу жағдайына ұшырамау үшін психологиялық қорғанысты қабылдау
  6. Имараттың техникалық жағдайы
  7. Иммунитет жағдайын бағалауда жалпы қолданылатын стандарт

 

"ҚОР" мұнай компаниясы қазіргі таңда үлкен жетістіктерге жеткен Қазақстан Республикасындағы алдағы қатардағы мұнай компанияларының бірі. Оған дәлел компанияның осы уақыт аралығында алған марапаттары. Мысалы, 2002 жылы "ҚОР" мұнай компаниясы акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігімен "2002 жылдың ең үздік салық төлеушісі" атағы берілген. 2005 жылы компанияға Кенен комитеті атынан "2005 жылдың Сыртқы экономикалық қызметтінің ең үздік қатысушысы" атағы берілді. Сонымен қатар, компания қайырымдылық шараларын өткізгені үшін жергілікті басқару органдарының, өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік емес ұйымдардың марапаттарына ие.

2007 жылдың 25 сәуірінде Қызылорада облысы әкімі мен "ҚОР" мұнай компаниясы арасында жергілікті жердің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі серіктестікке меморандум жасалған. Аталған меморандум бойынша компания 1000000 АҚШ долларын денсаулық сақтау іс-шараларына, білім мен спорттың дамуына, әр түрлі әлеуметтік, экологиялық, мәдени және спорт шараларының өткізілуіне бағытталған жобаларды қаржыландыруға бөлді. Тек қана 2006 жылдың қорытындысы бойынша компанияның қайырымдылық қоры 1,5 млн АҚШ долларын құраған.

Қазіргі таңда компания жергілікті жерде өткізілетін "Менің елім – менің тірегім" сияқты іс-шараларға белсене қатысуда. Сонымен қатар, компания Қызылорда қаласының инфраструктурасының дамуына өз үлесін қосуда. Жыл сайын соғыс ардагерлеріне, мүгедектер мен аз қамтылған жанұяларға ақшалай көмек беріледі. Компания мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды қолдайтын әлеуметтік ұйымдардың іс-шараларына белсене ат салысады.

Компания жергілікті жердегі оқу орындарын қолдайтын іс-шаралар өткізеді. Мұнай кәсіпшілігінде оқитын жергілікті жердегі студенттерге үлкен көлемде ақшалай қаржы бөліп отырады. Конкурстық байқау нәтижесінде өздерін жоғары деңгейде көрсеткен студенттерге компания тағайындаған шәкірт ақы беріледі.

Компания алғашқы жұмыс күндерінен-ақ патриоттық ұстанымда болған. Қазіргі таңда компания жұмысы өз негізін қалаушылардың даму мақсаттарына негізделген. Компания атауының өзі Қазақстанның болашақ ұрпағына қалдырылатын "қор" мағынасын береді. Компания құрылған кезде 10 адам өз қызметін бастаған болатын, ал қазіргі таңда 578 қызметкер бар, оның 577 Қазақстан Респуликасы азаматтары болып табылады. Жыл сайын компания қызметкерлері өз білімін жоғарылату мақсатында квалификациялық мамандандырудан өтеді.

Серіктес таңдауда отандық компанияларға көп көңіл бөлінеді. Отандық компаниялармен мақсатты серіктестік құруының себебі еліміздегі мұнай компанияларының дамуына өз үлестерін қосуды мақсат етуі.

National Business рейтингтік бағалау нәтижесі бойынша "ҚОР" компаниясы еліміздің ең үлкен 100 компаниясының қатарына, сондай-ақ мұнай саласындағы 20 алдыңғы қатарлы компаниялардың санатына қосылған. Бұның бәрі қызметшілердің адал еңбегінің нәтижесі болып табылады.

Компания өз болашағын бүкіл Қазақстан республикасының дамуымен байланыстырады. Компанияда қазіргі таңда істелініп жатқан жұмыстар болашақ ұрпақтың келешегіне зор үлесін қосары анық.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 40 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)