Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дыбыстармен ойындар 3 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

- бір орыннан ұзындыққа (80 см кем емес);

- жүгіріп келіп ұзындыққа (100 см кем емес);

- жүгіріп келіп биіктікке (биіктігі 30-40 см кем емес);

- шахмат тәрізді қойылған ағаш кірпіштерден (арақашықтығы 50 см), толтырылған доптардан (5-6 дана) қос аяқтап секіру;

- алаңның ортасына қойылған жіптің оң және сол жағынан 4 м қашықтыққа алға жылжып;

- ұзын және қысқа секіртпемен қос аяқтап, ыршып-ыршып, бір аяқтан екінші аяққа алға айналдыра отырып және қос аяқтап ыршып секіруді алмастырып алға, артқа секіру;

- теңселіп, айналып, бір орында тұрып секіртпемен;

- қысқа секіртпемен алға жүріп (арақашықтығы 8 м) қос аяқтап;

- арақашықтығы 40 см құрсаудан келесі құрсауға бір аяқтап және қос аяқтап;

- қос аяқтап, аяқтың оң және сол қырымен (3 рет), одан соң 180 градусқа бұрылып секіру.

Лақтыру, қағып алу, домалату:

- қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру, допты еденнен ыршытып жоғары лақтырып қос қолмен қағып алу (10 реттен кем емес) допты қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу;

- допты заттар арасымен және түзу бағытта домалату;

- 3-4 м арақашықтықта допты, қапшықты, тасты, асықты нысанаға дәлдеп лақтыру;

- 3-4 м арақашықтықтан қапшықтыты тік нысанаға иықтан асырып, оң және сол қолмен лақтыру;

- қапшықтарды себетке, алысқа көздеп тастау, бір қолымен қапшықты, екі қолмен допты төменнен құрсауға лақтыру;

- допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5-2 м) басынан асыра лақтыру;

- тізбектеліп және тізерлеп тұрып допты екі қолымен бір-біріне басынан асыра лақтыру;

- 3 м арақашықтықта тізбектеліп допты төменнен қос қолдап, кеудеден және төменнен лақтырып, тосар алдында қолды шапалақтау;

- допты қос қолдап заттар арасымен (4-5 м арақашықта) алға қарай алып жүру;

- алға қарай жылжып қос қолмен допты лақтырып, қайта қағып алу (арақашықтығы 4-5 м);

- сақинаны лақтырып таяққа кигізу;

- допты қос қолмен себетке лақтыру;

- кішкентай допты бір қолымен лақтырып, екі қолмен тосып алу;

- допты бір қолмен еденнен ыршытып, қос қолмен тосып алу, бір қолымен жоғары лақтырып, бір қолымен тосып алу.

Еңбектеу және өрмелеу:

- биіктігі 40 см болатын жіптің астынан қолды еденге тигізбей, жанымен еңбектеу;

- гимнастикалық орындық үстінде ішпен, арқаға қапшық қойып еңбектеу;

- еңкіш басқышпен өрмелеп гимнастикалық қабырғаға өтіп, одан қайта түсу, гимнастикалық орындық үстімен еңбектеу;

- биіктігі 50 см доға астымен қолына допты ұстап, қатарынан қойылған 3-4 доғаның астынан еңбектеу;

- қолды еденге, шеңбердің шетіне тигізбей топталып шеңбердің ішіне кіру (биіктігі 50 см);

- кеглилер арасымен допты басымен итеріп еңбектеу;

- арқаға қапшық қойып еңбектеу;

- гимнастикалық қабырғаның басына дейін бір және бірнеше тәсілмен өрмелеп, басқа аралыққа ауысып төменге түсу;

- доғаның астымен допты басымен итеріп еңбектеу;

- кедергілер арасынан және қолды еденге тигізбей доға астынан еңбектеу;

- шығыршықтарды айналдырып, олардың ішіне кіру;

- сатының қырына қойылған тақтайшалар арасынан өту.

Тепе-теңдікті сақтау:

- заттар арасымен аттап жүру;

- кедергісі бар тақтай үстімен адымдап, аяқ ұшымен жүру;

- орындық үстімен, текшелерді аттап, толтырылған доптармен, әр қадам сайын допты алға қойып, қолды арқаға немесе алдына ұстап, басына қапшық қойып жүру;

- арқан бойымен қырынан, қосымша қадаммен (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге);

- кедір-бұдыр тақтай үстімен жүру;

- еңкіш тақтай үстінен арқаны түзу ұстап жүру және жүгіру;

- еңкіш тақтай үстіне жүгіріп шығып, төмен қарай адымдап түсу;

- еңкіш тақтай үстімен бір қырымен қосымша адымдап жүру;

- арқан бойымен басына қапшықты қойып, бір қырындап, қосымша адымдап жүру;

- гимнастикалық орындық үстімен арақашықтығы баладан екі қадам алыс қойылған толтырылған доптардан аттау арқылы жүру;

- көлденең және еңкіш бөрене бойымен жүру және жүгіру;

- бір-бірінің қолдарынан ұстап жұптасып айналу;

- «Қарлығаш» жаттығуын орындау.

Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру:

- сапқа бір қатармен тұру;

- сап түзеп жүруден бір және екі қатармен қайта тұру;

- бір орында және қимыл үстінде оңға, солға бұрылу;

- қатарда - қолды алға, сап түзеп жүргенде және шеңбер жасағанда -қолды жан-жаққа созып тік тұру;

- секіріп және аттап оңға, солға, айналып бұрылу;

- қатардан сапқа тізбектеліп шеңбер бойымен және үш қатарға тұру;

- шаңғымен сапқа тізбектеліп тұру, адымдап қадам басу, бұрылу;

- жүру барысында жұптасып және қайтадан бір қатарға тұру;

- педагогтің тапсырмаларын орындай отырып, сапта тұрып бір қатардан үш қатар құру, жүгіру кезінде ауысу, қимылдар жасай отырып екі қатардан бір қатарға сапқа тұру;

- саптағы бір қатардан үш, төрт қатарға қайта сап түзеп тұру.

Музыкалық-ырғақты жаттығулар:

Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Өздеріне таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Аяқты өкшеге кезектестіріп қойып, топылдату. Бір жанымен тізе бүге отырып жүру. Қарапайым музыка ырғағына сай қолды шапалақтау. Жұптасып шеңбер бойымен қозғалу. Музыка ырғағына қарай ойдан қимылдар ойластырып, шығармашылық таныту.

 

Жалпы дамыту жаттығулары

Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Қолды кеудеге қою, жан-жаққа созу, қолды желкеге қою, жоғары көтеру, жан-жаққа созу. Қол саусақтарын айқастыру - «құлып», жоғары алға көтеру (алақанды сыртқа қарай айналдыру). Қолды жоғары артқа бір мезгілде және кезектесіп көтеру. Бір қолдан екінші қолға затты алға, арқаға, басына қайта қою. Қолды алға шапалақтау және арқаға қою. Қолды буыннан айналдыру. Қолдың саусақтарын ашып, жұму.

Аяққа арналған жаттығулар. Аяқтың ұшымен тұру. Аяқтың ұшын жерден алмай, өкшені жоғары көтеріп, түсіру. 2-3 рет қатарынан жартылай отырып-тұру. Қолды алға созып, қолмен тізеге сүйеніп, қолмен тізені құшақтап және басты иіп жүрелеп жүру. Аяқты кезекпен алға және жан-жаққа жіберіп отыру. Ұсақ заттарды аяқтың саусақтарымен қысып алып, орнын ауыстыру. Аяқтың басын таяққа, арқанға тірей отырып, өкшемен бір жағымен қырындап жүру. Таяқ, білікше бойымен (диаметрі 6-8 см) табанның ортасына сүйене отырып, бір қырындап өкшені өкшеге қойып жылжу. Табанды майыстыру, түзулеу, айналдыру.

Кеудеге арналған жаттығулар. Допты басынан асыра (алға және артқа) бір-біріне беру. Қолды алға созып оңға, солға бұрылу. Гимнастикалық қабырғаға бетімен қарап тұрып белінің тұсына сай қолына рейка ұстап алға еңкейіп, иілу. Гимнастикалық қабырғаға арқасымен тіреліп тұрып, қолын белінің тұсына сай рейкадан ұстап аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру. Алға еңкею, алақанын еденге тигізу, арқасына ұстасқан қолдарын көтеру. Тізерлеп тұрып, алға еңкею, отыру. Отыру, бұрылып затты артына қою, қайтадан артқа бұрылып затты алу. Арқасымен жерде жатып, аяқты жоғары көтеру, велосипед айдағандай аяқты қимылдату. Бір аяқпен тіреуішке сүйеніп, тіреуіштен тіреуішке өту. Ішпен жатып, аяқты бүгу, қайта жазу (алдымен бір аяқпен, содан соң екі аяқпен бірге). Шалқасынан жату, етпетіне ауысу. Етпетімен жатып қолды жан-жаққа созу, бүгу және иығын аздап жоғары көтеру.

Дене күшін арттыратын жаттығулар. Қолдарымен орындыққа сүйеніп, аяқты түзу күйінде артқа созып, қолды бүгіп жазу, 5-10 рет 5-6 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді).

Денені нығайтуға (пресс) арналған жаттығулар. Жұптасып жасайды: қол желкеде, арқамен жату, бір бала екіншісінің баланың аяғына отырады (5-10 рет), гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын қосып, бұрау (5-10 рет).

Арқаға арналған жаттығулар. Топтасып алға, артқа «әткеншек» жасап домалау (5-10 рет), 5 метрге дейін қолдың көмегімен ішпен жатып еңбектеу.

 

Спорттық жаттығулар

Шанамен сырғанау. Төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау. Шанамен төбешікке көтерілу. Төмен сырғанауда шананы тежеу. Бір-бірін сырғанату.

Сырғанау. Мұз жолымен жүгіріп келіп сырғанау. Сырғанау кезінде тізені бүгіп және орнынан тұру. Сырғанау кезінде тапсырмалар орындау.

Шаңғымен жүру. Бірінің артынан бірі кезектескен адыммен алға жылжу. Қиылысқан бос жерлермен жүру. Байыпты қарқынмен 0,5-1 км жерге шаңғымен жүріп өту. Бір орнында тұрып айналып оңға, солға аттау, екі жаққа шеңбер жасау. Шырша, жартылай шырша адымдармен төбешікке шығу. Аласа боймен төмен түсу. Шаңғыны өз беттерімен алу, орнына қою, қию, шешу, қолтығының астында алып жүру.

Велосипед және самокатпен жүру. Шеңбер бойымен және тура жолмен қос дөңгелекті велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау. Оң және сол аяқпен итеріп самокатта жүру.

Жүзу. Судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимыл жасау (жоғары, төмен). Судың түбінде қолын алға, артқа сермеп жүру (аяғын көлденеңінен созып). Иек, көз деңгейіне дейін суға отыру, суға бетін батыру, суға үрлеу. Суға басын батырып отыру. Хауыздың қабырғасын екі аяқтап күшпен итеру жаттығуын жасау. Арқасымен және кеудесімен сырғанау, суда дем шығару. Баланың өзіне ыңғайлы кез-келген тәсілмен жүзу.

Судағы аэробика. Ернеуде тұрып, секіру, суда бұрылыс жасау және басқа да жалпы дамыту жаттығуларын жасау.

 

Спорттық ойын элементтері

Городки. Бастапқы қалыпты дұрыс ұстап тұрып, таяқты бір қырындап лақтыру. 3-4 пішіндерді білу. Городкиді 2-3 м және 5-6 м аралықтан таяқ лақтырып құлату.

Баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолдап допты бір-біріне лақтыру. Допты оң және сол қолмен алып жүру. Допты кеуде тұсынан екі қолмен лақтыру. Ойынды топ болып үйрену.

Бадминтон. Ракетканың воланын белгілі жаққа қағып лақтыру. Тәрбиешімен жұптасып ойнау.

Футбол. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен домалату. Доппен затты айналдыра жүру. Допты шұңқырға, қақпаға домалату. Допты қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу. Жұптасып тұрып, допты аяқпен қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғып, аяқпен бір-біріне домалату.

Хоккей. Берілген бағытқа, қақпаға доптаяқпен шайбаны лақтыру. Жұптасып тұрып шайбаны бір-біріне лақтыру.

 

Өздігінен қозғалу белсенділігі

Ойынды түрлендіріп, қызықты өткізуге мүмкіндік беретіндей түрлі құрал-жабдықтармен, спорттық құралдармен жабдықталған қимыл-қозғалыс әрекетін дамытатын орта құру. Заводтық спорт құрал-жабдықтарымен қатар жүйелі түрде массажерлер, жүру мен жүгіруге арналған, ептілікті, үйлесімділікті дамытуға бағытталған жасанды құрылғыларды пайдаланған жөн.

Ойын алаңын басқа да ойындарды ойнауға ыңғайлы болатындай етіп ұйымдастыру керек. Ойындардың, қимыл-қозғалыстардың, жаттығулар түрі жазылған карточкалар жиынтығы болуы қажет.

Балаларды құрдастарымен жарыс ұйымдастыру барысында ережеге бағынуға үйрету.

Балалардың қалауы бойынша қимылды ойындар ұйымдастыруға жағдай жасау. Серуен кезінде меңгерген қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру. Серуендеу орынын дұрыс жабдықтау.

Қыс мезгілінде мұз жолдарымен сырғанау, шаңғымен жүру, хоккей ойнау, шанамен сырғанау, ал жылдың жылы мезгілінде велосипедпен жүру, футбол, бадминтон, баскетбол ойындарын ойнауға қолайлы жағдай туғызу керек. Ойын алаңдарында кедергі жолдары болғаны дұрыс.

Айына бір рет дене шынықтыру ойын-сауығын, жылына 2 рет - қыста және жазда дене шынықтыру мерекелерін ұйымдастыру.

 

Валеология

Мақсаты: денсаулықты нығайту, бала ағзасы мен табиғи-әлеуметтік орта арасындағы тепе-теңдігін сақтауға тиімді жағдай жасау. Балаларды салауатты өмір салтының құндылықтарына бейімдей отырып, дене және сезім мәдениетіне тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Балаларды валеология негіздерімен таныстырып, денсаулық туралы ғылым - «Валеология» туралы түсінік беру;

2. Өзінің денесі, оны сезіну туралы түсініктерін қалыптастыру;

З.Өзіне, өзінің ағзасы мен денсаулығына құндылықпен қарауға тәрбиелеу;

4. Салауатты өмір салты: өзіне күтім жасау, дұрыс тамақтану, аурудың алдын-алу, табиғаттағы еңбек пен демалысты алмастыру іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

5. Қиын жағдайда көмек көрсету тәсілдерін үйрету;

6. Тұрмыста, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.

 

Мазмұны:

Сауықтыру және шынықтыру жұмыстары

Топ бөлмесінің ауасын жүйелі түрде тазартып отыру арқылы қалыпты температура ұстап отыру. Балаларды ауа райына байланысты киіндіріп, күн сайын жеткілікті мөлшерде таза ауаға шығару.

Балалармен қарапайым су процедураларын өткізу. Біртіндеп судың температурасын төмендету арқылы дене шынықтыру.

Аяққа дене температурасына қарсы су құю жаттығуларын жүргізу. Баланың денесіне түгел су құю кезінде судың бастапқы температурасы 34-35°С, ақырғы температурасы 22-24°С болады.

Балаларды гигиеналық талаптарға сай ашық өзен, көлдерде шомылдыру. Шомылу уақытының ұзақтығын біртіндеп ұзартып, 8-10 минутке жеткізу. Судың температурасын біртіндеп төмендетіп отыру.

Шынықтыру өткізу барысында дене шынықтыру құралдарын пайдалану - баланың денсаулық жағдайын ескере отырып жүргізілуі керек.

Ертеңгілік жаттығуларды (10-12 мин) орындауға қызықтыру. Балаларға жаттығуларды реттілікпен орындауға үйрету: бастапқы қалыпқа сәйкес тұру, жәй қарқынмен қол, аяқ, кеудеге арналған жаттығуларды орындау, белгіленген тәртіп бойынша дем шығару жүйесі жаттығуларын жасау.

Дұрыс дене сымбаты мен табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына көңіл бөлу.

Серуен кезінде меңгерілген біліктер мен дағдыларды қолдана отырып, қимылды ойындар мен дене шынықтыру жаттығуларын өз еріктерімен ұйымдастыра білуге үйрету, бірлесіп, ережелерді сақтай отырып, ойнау дағдыларын қалыптастыру.

Балаларды күнделікті өмірде жыл мезгілдеріне сай табиғат ерекшеліктерін қолданып ойнауға үйрету.

Балаларды баскетбол, бадминтон, хоккей ойындарын ойнауға үйрету.

Шаңғымен, велосипедпен жүру және т.б. дағдыларын жетілдіру.

Қажет жағдайда сабақтарда ұзақтығы 3 минут болатын сергіту сәттерін ұйымдастыру: жүру, жүгіру, бір орында секіру жаттығулары, тартылу, бұрылу, еңкею, отырып-тұру, қолдың саусақтарын ашып-жұму және т.б. қиын емес жаттығулар.

Дене шынықтыру сабағында құрдастарымен әсерлі қарым-қатынас жағдайында өзінің қимылдау тәжірибесін қолдану, әртүрлі іс-әрекеттерінде шығармашылық таныту.

Дене шынықтыру мерекелеріне, мереке кезінде ұжымдық ойындарға, сауықтарға, жарыстарға белсенді қатысуға қызықтыру.

Өзінің жетістіктерін, меңгерген қимыл түрлерін, ептілігін, шыдамдылығын, батылдығын, тапқырлығын керек жерде көрсете білуге, жолдасының сәтсіздігіне жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

Жетістігіне қуануға, достық қарым-қатынасын нығайтуға, кішкентай бөбектерге қамқор болуға тәрбиелеу.

 

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Ұқыпты тамақтану мен үстел басында өзін-өзі ұстау дағдыларын жетілдіру.

Өзінің жеке бас гигиенасы дағдылары мен ережелерін сақтауы мен оны орындауын қадағалап отыруға дағдыландыру.

Дене тазалығын сақтауға, қолын, аяғын жууға, тісін ұқыпты тазалауға, ешкімнің ескертуінсіз-ақ тамақтанар алдында қолын жуып және тамақтанып болған соң ауыз қуысын шаюға, бет орамалын уақытылы ауыстырып, үстін, шашын ретке келтіріп отыруға, беліне дейін ылғалды сүртінуге дағдыландыру.

Өз-өзіне қызмет көрсету дағдылары мен киіміне күтім жасауға дағдыландыру.

Гигиеналық шараларды орындау кезінде балалардың бір-біріне көмек көрсетуін мадақтау.

Баланың шамасына қарай жұмыс түрлеріне (асханада, оқу бөлмесінде кезекші, тәрбиешіге көмектесу, т.б.) тарту арқылы еңбек етуге қызығушылығын арттыру.

Өзіңді таны. Адамдардың сезім мүшелері мен дене бөліктері жайлы түсінік беру. Олардың көмегімен қимылдай алады, айналадағы қоршаған ортаны таниды. Адамдардың әр дене бөлігі белгілі тәртіпте жұмыс істейді. Олардың қызметі үйлесімде болғанда ғана адам өз саулығын сезінеді. Адамның дене құрылымы күрделі. Олардың әрқайсысы өз қызметін атқарады. Біз оларға күтім жасап, әрдайым шынықтыруымыз қажет.

Жүрек, асқазан, тіл, өкпе, бүйрек адамның маңызды мүшелері болып табылады.

Сезім мүшелері. Олардың жұмысы. Сезім мүшелерінің жұмысы мен оларға күтім жасау.

Түрлі дене бөлігі мен оның қызметін сезіне білу. Не сезінеді? Қандай ықылас пайда болады? Әр уақытта біз әр түрлі жағдайда боламыз: мейірімді, ашулы, көңілді, мұңлы. Көңілді, мейірімді болған кезде, біз өзімізді жақсы сезінеміз.

Тамақтану. Ашығудың белгісі. Ашығу сезімін, шөлді қалай жеңуге болады? Тәттіні көп жеуге болмайды, денсаулыққа зиянды.

Тамақтану мәдениеті мен ережесі. Азық-түлік сапасын түсіне, иісіне, пішініне қарай ажырата білу. Дәрумендер - табиғи қорғаушылар. Су. Суды пайдалану қауіпсіздігі.

Тамақтану түрлері. Жемістер, жидектер, тәттілер, жаңғақтар, шекілдеуік, ет, балық. Олардың пайдасы мен зияны. Азық-түліктерді қолдануға дайындау ережелері: жуып-тазалау, қайнату.

Жеке тазалықты сақтау. Қолды жуу. Тісті тазалау. Ауыз қуысын шаю. Осы шаралардың маңыздылығын түсіндіру.

Киімдерін күтіп, тазалап ұстай білу. Жеке заттарын ұқыпты ұстаудың қажеттіліктері мен ережелерін түсіну. Жеке гигиеналық заттарды білу және дұрыс қолдану (сүлгі, бет орамал, тарақ).

Қоғамдық орындарда тазалық сақтау. Бөлмеде өзін-өзі ұстау тәртібін сақтау. Бөлменің ішін ұқыпты ұстау (қабырғаларды шимайламау, жарық беретін аспаптарды, баспалдақ сүйеніштерін бүлдірмеу). Үлкендерден бүлінген заттарды жөндеуге көмек сұрау.

Дала және бөлме өсімдіктерін күтіп қараудың қажеттіліктері мен ережелері. Өсімдіктердің пайдасы.

Қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстай білу және қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жалпыға ортақ құрал-саймандарды ұқыпты және дұрыс қолдана білу (жеделсатылар, телефон-автоматтар).

Аурудың алдын алу. Күн тәртібі туралы білімдерін кеңейту, оны жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру.

Сымбат. Әдемі сымбат денсаулықты сақгайды. Дү-рыс қалыпты сақгай білу ережелерін меңгерту

Күн, ауа және су - біздің нағыз досымыз. Табиғи факторлар көмегімен шынығудың маңызы мен ережесі. Үйқы және оның адам өміріндегі маңызы. Пайдалы және зиянды әдеттер. Темекі мен арақтың зияны.

Өзіңе және басқаға көмектес. Науқастанып, ауырған кезде дереу үлкендерге хабарлау. Науқас адамға мүмкіндігінше көмектесу.

Дененің ауырғанын жеңілдететін тәсілдер. Дененің ауырғанын жеңілдете білу: ауыртып алған жерін сипау (уқалау), салқын затты басу (су орамал), зейінін басқа жаққа аудару, жұбату, қорқынышын сейілту.

Азын-аулақ жарақаттанғанда алғашқы көмек көрсету ережесі. Дене шынықтыру жаттығулары арқылы әлсіреу кезінде 1-2 тыныштандыратын кешенді меңгеру. Оларды қай кезде қолданатынын білу.

Басқаларды ренжітпеу. Дауларды шеше білу. Қол көтеру - жанжалды шешудің тиімді тәсілі емес екендігін есте сақтаған жөн. Бірлесіп жұмыс істеу - қарсыласудан жақсы. Дөрекілер мен бұзақылардан алыс жүру қажет.

Өзінен кішілерге, әлсіздерге қамқорлық көрсету. Басқа біреудің көмектесуін күтпей-ақ, көмек керек сәтте басқаларға көмектесу.

Табиғат. Жемістер. Жидектер. Олардың пайдасы мен зияны.

Үй жануарлары. Жанауарларды күтіп-баққанда қауіпсіздік шараларын білу (мысық, ит, атжалман, құстар және т.б.).

Жабайы аңдар. Жәндіктер. Жәндіктердің келтіретін зиянын білу (шыбын, маса, тарақандар, басқа да құрт-құмырсқалар). Олардан қалай сақтанатынын білу Көшеде және бөтен үйде жануарлармен қарым-қатынас жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 248 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.025 сек.)