Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жауап: «Естіп, бойұсын тіпті малыңды алып, арқаңнан ұрса да».

Читайте также:
  1. Көтермелеулер мен тәртіптік жазалардың жалпы тіркеу ережелері.
  2. Сарбаздар(матростар)мен сержанттарға)старшиналарға) қолданылатын тәртіптік жазалар.
  3. Скери тәртіптің талаптары.
  4. Тәртіптік жазаладың ережелері.

Бұл хадис әмір иесі (басшы) жайында. Ал малды қорғау басшыдан басқаға қолданылады. Егер залым, ұры, баукеспе, қарақшы малыңды тартып алмақшы болса, олармен өліп кетсең де күресесің. Егер өлсең шаһидсің. Ал басшыдан қорғамайсың, тіпті малыңды алса да. Екі зиянның қатерлісін тосу мақсатында, сол іске сабыр қыл. Басшы мен жеке адамдар арасында айырмашылық бар. Зұлымдық жеке адамдардан болады.

Сұрақ: Сұрақтағы екінші хадис: «Есті, бойұсын егер арқаңнан ұрса да». «Осы хадисті мұсылманды әлсіздікке тәрбиелейді»,- дейтіндерге не айтар едіңіз?

Жауап: Бұл хадисмұсылманды бойұсынуға, қуаттыққа тәрбиелейді. Себебі: басшыға бағыну әлсіздік емес, керісінше қуаттылық. Ол осы істі жалпының пайдасы және ауызбіршілік үшін тастайды. Нәпсіге ерушілер сахих дәлелдерден бас алып қашқысы келеді. Олардың мақсаты адамдардың пікірін өз қолдарына алу. Аят пен хадиске күмән қылдырып, бұзық пікірлерін адамдарға сіңдіреді. Бұл бүгінгі таңда таң қалатын жағдай емес.

Сұрақ: Әһлі сүннет ақидасына көңіл бөлу, діннің негізгі бөлімінен,- дедіңіз. Аһлі сүннет ақидасын нақты түсіну үшін қосымша айтып өтсеңіз. Себебі кейбір жастар білім алуды адасқан ағымдардың тарихын оқумен бастайды, содан әсерленіп, көптеген қайтарылған істерге тап болады. Білім алуды неден бастау керек екендігі жайында бағыт-бағдар беріп кетсеңіз?

Жауап: Өздерің білесіңдер, ең әуелі ақида кітаптарынан, Аһлі сүннет ақидасын үйрену керек. Оны танып – білсең, оған теріс істерді тануға көшесің, ақидаға қарсы келетін амалдардан ұзақ болу үшін. Хақты тастап, жалған іспен шұғылданба. Әуелі хақты білу тиіс, сосын оған теріс келетін жалғанды білесің. Ғұламалардың алдында отырмай өз бетіңше тәлім алма.

Сұрақ: Кейбір адамдар кітаптардан оқып, ғалымдардың қолында тәлім-тәрбие алмайды.

Жауап: Оның кейбір пайдалары болса да, зияны көбірек. Ол кітаптағы нәрселерді түсінбейді. Кітаптарды айқындап, түсіндіріп беретін ғұламаларға мұқтаж. Себебі кейде онда қателік, күмән, адасу болуы мүмкін. Сол кітаптарды ашықтап, баяндап беретін сенімді ғалымдармен тығыз байланыста болу керек.

Хауариждер[5] өз түсініктеріне сүйеніп, дәуірлеріндегі ғалымдардан бөлінген сәтте, адасулар, ауытқулар пайда болды. Ондай жолдан Аллаһ сақтасын.

Олар адасуында, азғындығында, сенімсіздіктерінде әлі күнге дейін сипалақтап тентіреуде. Себебі олар ғалымдардан бөлініп кеткен еді. Адамға «Мен оқып жатырмын, осы жетеді, ғалымдарға мұқтаж емеспін» - деуі жеткіліксіз.

Кітап, ол жаттығатын қару сияқты құрал. Егер қолға қару ұстап, дағдыланбаған біреу қолына қару алса, өзін немесе өзгені өлтіріп алмайды ма? Қаруды қолдануға жаттығу қажет. Қаруды қолдануды білетін жаттықтырушының қолында, оны қалай қолдануды біліп оны үйренуі керек. Бұл дүние істері, ал ахирет, дін істері қалай болмақ? Кітап тек құрал ғана, ондағы баяндалғанды дұрыс жолмен түсінуге дағдылану қажет.

Сұрақ: Көпшілік адамдар жамандықтан қайтаруға немқұрайлы қарайды. Ондайларға не деп бағыт берер едіңіз?

Жауап: Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уа сәлләм) күнәдан қайтаруда адамдарды үштопқа бөлді. Әр қайсысы өз шамасына қарай.

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерден кім жамандықты көрсе, қолымен қайтарсын, шамасы келмесе тілімен қайтарсын, оған да шамасы жетпесе жүрегімен қайтарсын»,- деген.

Қолымен қайтаруға құдіреті барлар: Басшы, не оның орынбасары немесе әкімшілік қызметкерлері, міне бұлар тиым салынған істерді қолымен қайтарады. Себебі оларда билік бар, ешкім оларға көлденең келмейді. Қолында билігі болмаған адам тиым салынған істі, уағыз-насихатпен, әрі оның күнә екенін баяндаумен қайтарады. Сонда да қайтпаса, оның ісін арнайы адамдарға жеткізеді. Тілімен осылай қайтарады. Егер білімі жоқ болып тілімен қайтара алмаса, бірақ ынта-жігері болса, жүрегімен қайтарады. Сол жамандық істеп жүргендерден ұзақ болады. Тиым салынған жамандық орындарынан, әрі ондай істерден аулақ болады.

Сұрақ: Шейхтарға, насихат қылушыларға, ғұламаларға сөз сөйлеп, ғайбат айтатын және олар осы істерін діннен, насихаттан, - дейтін адамдар туралы не айтасыз?

Жауап: Ғайбат, өсек діннен бе? Бұл нағыз жала. Аллаһ Тағала: «Біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысыңның етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көресіңдер». Хужурат:12

«Әрбір көп ант ішкен ынжықтарға бойұсынба. Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да» -деген. Қалам: 10-11

Ғайбатшы мен өсекшіге бағыну дұрыс емес. Бұл тиым салынған. Ғайбат, өсек харам етілген. Оларға құлақ асып, көңіл бөлу жақсы емес. Керісінше осы істен қайтару керек. Өзгелерден гөрі ғұламаларды ғайбаттаудың күнәсі қаттырақ болады. Себебі ғұламалар пайғамбарлардың мұрагерлері. Кім оларды ғайбаттаса, сөзсіз пайғамбарлардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұрагерлерін ғайбаттаған болады. Ғалымды ғайбаттау, қарапайым адамды ғайбаттаудан ауыр болады.

Ғалым түгілі, қарапайым адамды ғайбаттау харам. Бұл дұрыс іске жатпайды. Сондай-ақ насихатта емес. Ғайбат – насихат деп аталады ма!?

Насихат – деген сен оны басшыға немесе ғалымға жеткізуің. Әрі сенімен екеуінің араңдағы ауызша, жазбаша немесе сым тетік арқылы кеңесуің.

Ал сенің көпшілік алдында, мәжілістерде әңгімелеуің, бұл насихатқа жатпайды. Бұл ғайбат және ғұламалар мен басшылардан ұзақтататын іс. Әрі ғұламалар мен адамдар арасына жамандықты жайып,олардың арасын ажырататын қылық.

Сұрақ: Шариғат пәнінің ұстазы Пайғамбарымыздың(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күнін атап өтеді. Осыны діннен деп айтады. Осы жағынан не міндет. Басшылыққа хабар беру керек пе?

Жауап: Оны қолға алу үшін және білім беруін тоқтатқызу мақсатында арнайы білімге жауапты қызметкерлерге хабар беру міндет. Себебі ол бидғатшы (жаңалық енгізуші) шәкірттер арасына бидғатын жаюы мүмкін.

Сұрақ: Кейбір адамдар өткен дәрістегі "шариғаттан басқа заңмен үкім етуші" деген сөзіңізді "ол шариғаттан заңды абзал көреді", - деп түсініп, сонымен ол үлкен күпірлікқылған болады дейді?

Жауап: Мен: Егер шариғатты түбегейлі алып тастаса және оның орнына заңның құр өзін қалдырып, адамдар арасына тек сол заңмен үкім жүргізсе, - деген едім. Осылай істесе оның заңды шариғаттан дұрысырақ көретініне дәлел.

Сұрақ: Аллаһ сізге береке берсін. Имамсыз жамағат жоқ. Сонда бүгінгі күнде жамағат бар ма, біз тек бөлінуді ыдырауды келіспеушілікті көріп жүрміз ғой?

Жауап: Осы елде (яғни, Сауд Арабиясы) мұсылмандар жамағатпен, имаммен өмір сүруде. Аллаһқа барлық мақтау болсын! Ал енді екінші бір елде имам болса, ол өз қол астындағы мұсылмандарға имам. Жеке-дара мемлекеттерге бөліну Аббаситтер халифаты ыдырағаннан бері Ислам тарихында бар нәрсе. Мұсылмандар ел-елге тараған, әр елде өзінің имамы бар. Оның айтқанын тыңдап, оған бағынады.

Бұл іс жүзінде болған. Мұсылмандар бұны Исламға қарама-қайшы деп білмеді. Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әмір иесіне бағынудағы бұйрығына бойұсынудан деп есептеді. Тіпті алыс аймақтарда көбейсе де. Әрине бір елде бірнеше басшының болуы дұрыс емес. Бұл елде имам, Мысырда имам, Шамда имам болуы қажеттілік үшін оқасы жоқ.

Егер үммет бір имамның қол астына жиналса, бұл жақсырақ. Бірақ, бұған қол жетпесе әр имамға өз орнында бойұсынылады.


[1] Әһлі сүннә: Пайғамбарымыз және сахабалардың (Аллаһ оларға разы болсын)жолдарымен жүрген адамдарды айтады.

[2] Жәһмия: исламдағы адасқан топтардың бірі. Оның тегі Жаһм ибн Софуан деген адамға қайтады. Олардың ақидаларынан: Аллаһтың есім және сипаттарын інкәр қылу, Құранды Аллаһтың сөзі емес, жаратылған деу және ғойбйи(көмес) хабарларды інкәр қылу

[3] Муғтазилә: исламдағы адасқан топ. Оның тегі Уасиль ибн Ато деген адамға қайтады. Олар хижраның 105-110 жылдары пайда болған. Олардың ақидаларынан: Аллаһтың есімдеріне иман келтіреді де, бірақ та сипаттарын інкәр қылады. Үлкен күнә істеген адамды кәпір деп те, мұсылман деп те айтпайды, бірақ ол тозақта мәңгі қалады дейді.

[4] Үлкен шірк деп: Аллаһпен қатар Одан өзгеге құлшылық ету және тек Аллаһқа тән болған істерде оған серік тұтуды айтады.

[5] Алиге қарсы шығып, үлкен күнәні істеген адам діннен шығады деген, адасқан топ.

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 54 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)