Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ықтық актілерді дайындау, ұсыну, талқылау тәртібін

Читайте также:
  1. А. ара қашықтықты өлшеу бірлігі
  2. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  3. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
  4. Басқарудың құқықтық актілеріне қойылатын талаптар
  5. Гильберт кеңістігінің ішкі жиынына дейінгі арақашықтық.
  6. Еңбек құқықтық қатынастары және еңбекпен байланысты өзге де құқықтық қатынастар
  7. Ішкі істерді басқарудың құқықтық – ұйымдастырушылық нысандары. Ішкі істер органдарындағы қызмет. Полиция.

«Нормативтік актілер туралы» Заң және басқа актілер реттейді. Көптеген

мамандардың жұмыстарында (Б.В. Дрейшев, И.Я. Дюрячин, Ю.А. Тихомиров және т.б.) құқықтық актілерді қабылдау процесі мынандай кзеңдерге бөлінеді:

- Актіні шығарудың қажеттілігін анықтау

- Акт жобасын дайындау

- Актіні қарау және қабылдау

- Орындаушыларға жеткізу, жариялау.

Актіні шығарудың қажеттілігін анықтау, оның жобасының тұжырымдамасын дайындау мына жағдайларда туындайды:

- Ол жағдайда тұрған нормативтік құқықтық актілерде көзделсе;

- Жаңа актіге нақты мұқтаждық туындаса.

Басқарудың жаңа құқықтық актілеріне мұқтаждық мына негіздерде анықталады:

- Күшіндегі заңнаманың жайына, оның жаңа мәселелерді шешу

мүмкіндігіне талдау жасау,

- Басқа актілерді өзгерту қажеттігін анықтауға жаңа актіні қабылдауға

байланысты оларды келісімді жүйеге келтірудің қисынын іздестіру.

Жаңа құқықтық актінің қажет екендігі дәлелді болған жағдайда, оның жобасы дайындалады, қаржы экономикалық негіздеме жасалынады, актінің нақты орындаушылары анықталады.

Жаңа акті шығаруға мыналар ынта білдіре алады:

- Мұндай акт қабылдауға өкілетті орган

- Төменгі тұрған басқару органы

- Басқа мүдделі субъектілер

Басқару құқықтық актілердің реквизиттері:

- Форманың аты

- Реттеу затын қысқа формада білдіретін тақырып

- Қабылданған күні мен орны

- Тиісті актіге қол қоюға өкілетті адамның қолы

- Күшіне кіру уақыты, қажет болған жағдайда күшінде болу мерзімі

- Белгіленген жағдайда тіркеу нөмірі.

5. Мемлекеттік басқару актілеріне қойылатын негізгі талаптар:

1. ҚР Конституциясында, сондай-ақ органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық мәртебесін айқындайтын заңдарда белгіленген өз құзіретіне сәйкес ҚР мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғалары басқарудың құқықтық актісін қабылдауға хақылы.

2. Басқарудың құқықтық актісі белгіленген тәртіпте қабылдануы тиіс. Басқарудың құқықтық актілерінің жобаларын дайындау жоспарлары бір жылға жасалатын ағымды және неғұрлым ұсақ мерзімге жасалатын перспективалық жоспарлар болып бөлінеді және ҚР «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның 2,3-тарауларында белгіленген реттерде жүргізіледі.

3. Басқарудың құқықтық актісі белгіленген нысанда шығарылуы және лауазымды тұлғаның қол қоюымен ресімделуі қажет. Нормативтік құқықтық актілерде мынадай реквизиттер болуға тиіс:

- ҚР мемлекеттік Елтаңбасы;

- актінің нысанына нұсқау (әкімшілік шешім);

- осы нормативтік құқықтық акт реттейтін істі білдіретін тақырып;

- қабылданған жері мен күні;

- актінің тіркеу нөмірі;

- актіге қол қоюға уәкілдік берілетін тұлғаның қолы (ҚР Үкіметінің қаулысына-Премьер-Министр; әкімнің шешімдеріне – әкім; өзге де нормативтік құқықтық актіге – оны қабылдаған (шығарған)органның басшысы қол қояды;

- нормативтік құқықтық актілердің ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуі (жалпыға міндетті маңызы бар, ведомстволық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтры мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілері) оларды күшіне енгізудің қажетті шарты болып табылады;

- елтаңбалы мөр.

 

№8 Дәріс. Атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік-құқықтық

әдістер.

Жоспар:


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 65 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)