Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  4. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  5. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  6. Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы

Практикалық жұмыс

Жұмыстың мақсаты: Кеңінен таралған А-3100 сериялы қондырғы аппараттардың құрылғысын оқып- үйреніңіз; есептеуді орындау және соған сәйкес оқу шеберханаларындағы жабдықтарды жүктеменің шамадан тыс асуынан және қысқа тұйықталудан қорғау үшін осы сериялы автоматты таңдау.

Қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар: Оқып-үйренуге арналған автоматты ажыратқыш; жөндеу құралдарының жинағы.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

1. Оқытушының және оқу шеберінің басшылығымен күш және жарық беруші қалқандарға қондырылған автоматтарды қараңыз, олардың қорғайтын аймақтарын анықтаңыз, олардың талғау талаптарының қалай қамтылғанымен танысыңыз.

2. 11.12-суретті қолдана отырып, оны бөлшектеуге арналған автомат қақпағын алып тастаңыз және оның құрылғысын оқып үйреніңіз.

Автоматты бөлшектеудің сабын тарамдауыш жағына ауыстырудан бастайды. Содан соң автоматтың қақпағын қаңқаға бекіткен бұрамаларды бұрап ажыратады, қақпақты және сапты алып тастайды. Доға сөндіргіш тордың қақпағын суырып алады.

Тізбектегі ток өскенде сақтандырғыштардың барлық бөлшектерінің температурасы жоғарылайды. Тізбектегі токтың шамасы балқымалы тетік төзетін токтың мәнінен артқанда тетіктің температурасы оның балқу температурасына дейін жоғарылайды. Тетік балқиды да, өзі қорғап тұрған электр тізбегін ажыратады.

Тетіктің балқу уақытын қысқарту үшін мынадай тәсілдер қолданылады:

1) балқымалы тетіктер арнайы формалы болып дайындалады:

2) металлургиялық тиімділік пайдаланылады.

Бірінші жағдайда тетіктерді белгілі жерлері оюмен жіңішкертілген пластинкалардан дайындайды. Қысқаша тұйықталу кезінде тетіктің жіңішке жерлері жалпақ жерлерінен тезірек қызады. Балқымалы тетік әбден қызған кезде бір немесе бірнеше жерінен балқып үзіледі.

Тез балқығыш металдардың (қалайы, қорғасьін, т.б.) ерітетін қабілетін металлургиялық тиімділік деп атайды. Бұл құбылыс тетіктері бірнеше параллель сымдар немесе пластиналар ретінде жасалатын сақтандырғыштарда пайдаланылады. Тетіктің балқуын тездету үшін сымдардың немесе пластиналардың бірнеше жерлеріне қалайыдан кішкене шариктер дәнекерлейді. Тізбек қысқаша тұйықталғанда, тетіктің температурасы жоғарылап қалайы шариктерді балқытады, ал балқыған қалайы тетік сымды немесе пластинаны ертіп үзіп жібереді де, тізбекті ажыратады. Сымның диаметрі немесе пластинаның қалыңдығы өскен сайын металлургиялық тиімділіктің әсері темендей береді, сондықтан бұл құбылыс жіңішке сымдардан немесе жұқа пластиналардан жасалған тетіктерде ғана пайдаланылады.

Сақтандырғыштардың жақсы қасиеті олардың тізбектегі токтың шамасын шектеуі болып табылады. Металлургиялық тиімділікті пайдаланатын тетіктермен салыстырғанда, арнайы формалы тетіктердің тізбектегі токтың шамасын шектеу қабілеті өте жоғары келеді.

Балқымалы тетік жанғаннан кейін пайда болатын электр доғасы мүмкіндігінше тез сөндірілуі керек. Доғаны сөндіру уақыты сақтандырғыштың конструкциясына және қолданылатын сөндіру тәсіліне байланысты болады. Ашық түтік сақтандырғыштарда доға оны түтіктен үрлеу және созу арқылы сөндіреді. Қазіргі жабық түтік сақтандырғыштарда доға жоғары қысым әсерімен, ал кіші құммен толтырылған сақтандырғыштарда доға (тар) жіңішке каналдардағы өте жоғары қысым әсерімен сөндіріледі.

Балқымалы тетіктер қорғасыннан, қорғасын мен қалайының қорытпасынан, мырыштан, мыстан, күмістен және басқа металдардан дайындалады. Әсіресе, олардың арасынан мырыш тетіктер жиі қолданылады. Мыс пен күміс тетіктер кіші токтарға арналады. Мыс балқыма тетіктерінің сыртқы бетін коррозиядан қорғау керек. Қорғалмаған жағдайда тотығудың әсерінен мыс тетіктің көлденең қимасы азаяды, сондықтан тез жанып кетеді.

Кіші қуатты жарық беретін қондырғылар Е-27 жәнө Е-33 типті тығынды сақтандырғыштармен қорғалады. Бұл сақтандырғыштардың балқымалы тетігі калибрленген сымдардан жасалады. Тұрмыстық қондырғыларда соңғы кезде автоматты тығындар пайдаланылады.

Күш қондырғыларының патрондары кварц құмымен толтырылған және балқымалы тетіктері калибрленген сақтандырғыштармен қорғалады.

НПН типті сақтандырғыштардан басқа сақтандырғыштардың жанып кеткен балқымалы тетігін ауыстырып салуға болады.

Жарық беретін аспаптар қосылған электр желісін қорғайтын сақтандырғыштың балқымалы тетігінің тогын аспаптардың қалыпты тогымен анықтайды:

Асинхронды электрқозғалтқыштарын қорғайтын сақтандырғыштардың балқымалы тетігінің тогын анықтауда олардың жүргізу тогының номинал тогынан 5-7 рет көп екендігін ескеру керек болады.

Ток шектегіш автоматтардың ағытқыштары жартылай өткізгіш, биметалл және электрмагниттік элементтерден дайындалады. Селективті автоматтардың ағытқыштары жартылай өткізгіш элементтерден жасалады. Автоматтар, сонымен қатар, минимал кернеу ағытқыштармен және сөндіргіштерді қашықтықтан ажыратуға арналған тәуелсіз ағытқыштармен жабдықталуы мүмкін.

Электр тізбектерін қорғауына байланысты автоматтар мынадай түрлерге бөлінеді: қысқаша тұйықталудан қорғауға арналған электрмагниттік ағытқышпен жабдықталған автоматтар; мүмкіндігі шектен артық жүктелуден қорғауға арналған жылулық ағытқыштармен жабдықталған автоматтар; қысқаша тұйықталудан және мүмкіндігі шектен артық жүктелуден қорғауға арналған электрмагниттік және жылулық ағытқыштармен жабдықталған автоматтар, нөлдік қорғауға арналған минимал кернеу ағытқышпен жабдықталған автоматтар.

Электрмагниттік ағытқыштар бірден әрекет етеді, ал жылулық ағытқыштар тізбектегі токтың шамасына байланысты біраз уақыттан кейін іске қосылады.

Автоматтарды қалқанға және басқа орындарға орнатудың алдында олардың қосу және ажырату батырмаларының, түйіспелер жүйесінің, жылжымалы бөлшектерінің жұмысын тексеріп, табылған кемшіліктерді жою керек болады.

Бақылау сұрақтары

1. Төмен кернеулі автоматтарды сөндіргіштердің атқаратын қызметі қандай?

2. АК-50 типті сөндіргіштер не үшін қолданылады және қандай түрлерге бөлінеді?

3. А-3100 сериялы автоматты сөндіргіштер қандай ерекшелігіне қарай бөлінеді?

4. А-3700 типті автоматтар қандай мақсатта қолданылады?

 

 

11.4. Сақтандырғыштар

Сақтандырғыштар - электр тізбектерін қысқаша тұйықталу тогынан автоматты түрде қорғайтын аппарат. Ол патроннан немесе сүйемелдейтін бөлшектен, балқымалы тетіктен, түйіспемен қосуға арналған құрылғыдан және доға сөндіретін құрылғыдан немесе ортадан тұрады. Сақтандырғыштардың ашық және жабық түрлері болады (11.13-сурет).

11.13-сурет. Сақтандырғыштар: а - бір полюсті бұрандалы фарфорльі; б — ПР-2 сақтандырғыш; 1 – тұғыр;2,7 – түйіспелі пышақ; 3,6 - латунъды қалпақшалар; 4 - балқыма қыстырғыш; 5 - патрон; в - сақтандырғыш ПН-2,1 - патрон; 2 - қақпақ; 3 - сап; 5 - серіппе; 6 - жалғастыру қысқышы     Сақтандырғыш бір-бірінен өзгеше болып келетін екі режимде: әдеттегі және қысқаша тұйықталған жағдайда жұмыс істейді. Әдеттегі жағдайда сақтандырғыштардың барлық бөлшектері де тұрақты температураға дейін бірдей қызады. Балқымалы тетіктің ұзақ уақыт жұмыс істеуге есептелінген тогы оның қалыпты тогы деп аталады. Бұл ток сақтандырғыштардың қалыпты тогынан өзгеше болуы мүмкін. Сақтандырғышқа қалыпты тогы әр түрлі болатын балқыма тетіктерді орнатуға болады, бірақ олардың тогы сақтандырғыштардың қалыпты тогынан көп болмауы керек. Сақтандырғыштардың қалыпты тогы оған орнатылған балқыма тетіктің ең үлкен қалыпты тогына тең болады. Векторлық автоматтарда ажырататын құрылғыны қорғау тізбегінде жұмыс режимінен ауытқу кезінде сөндіргіш түйіспелерді сақтап, ұстап тұру мүмкін болмайтындай сті іі құрады. Сөндіру жылдамдығы операторға байланысты емес. Ол тек ажыратқыш құрылғымен анықталады. На.мқыма сақтандырғыштың орнына автоматты қондырудың бірқатар артықшылығы бар. Біріншіден, артық жүктемемен бірден барлық үш фаза ажыратылатындықтан, электр қозғалтқыштың толық фазалы емес режимінде жұмыс жасау мүмкіндігі жойылады. Екіншіден, электржабдықтарының бос тұрысы немесе жұмыссыз уақыты біршама төмендейді, жанып кеткен сақтандырғышты ауыстыруға қарағанда, жұмыс істейтін автоматты қосуға аз уақыт кетеді. Автоматты монтаждау кезінде мынадай талаптарды еске алады. Ток тасымалдайтын және ток өткізгіш бөліктер арасында жеткілікті арақашықтық сақталу қажет. Аппарат қақпағын алып тастаудың қажеті жоқ (әсіресе, А-3100 сериялы автоматтарға қатысты), егер оның қақпағын алып тастаса, онда оны орнына қондырып, барлық бұрамамен мықтап тарту қажет. Бұл ерелсені сақтамаса, қысқа тұйықталу пайда болғанда автоматты сөндіру кезінде апатқа әкелуі мүмкін. А-3100 сериясы автоматында максималды ток ажыратқыш зауыт дайындауында реттеп калибрлейді, автомат қақпағын мөрлейді. Калибрін ауыстыруға рұқсат етілмейді, өйткені ол оның жұмысын бұзып, апатқа әкелуі мүмкін. Қорғау аппараттарын тікелей қоректендіру желісіне қорғау өткізгіштері жалғанған жерлерге орнатады. Қорғау аппараттарын қоректендіру желісі өткізгіштері жалғанған орындарға сөндіру салдарынан қауіпті жағдай (өрт сөндіргіш сорғыштары мен желдеткіштердің ажырап сөнуі) болуы мүмкін болса, қондыруға тыйым салынады. Барлық жағдайларда осы тізбектердің өткізгіштерін құбырларға немесе жанбайтын қабықшаларға төсейді. Автоматты таңдау кезінде оның қалыпты кернеуі тораптың қалыпты кернеуіне дейін және артың болатындай етіп алады. Қорғау аймағында есептеу көмегімен токтың кысқа тұйықталудың жоғарғы күшін анықтайды немесе автоматты сөндіргіштің рұқсат етілген ток күшін осы шамадан артық етіп таңдайды.

Ажыратқыштың қалыпты ток күші, сонымен қатар, (максималды) жоғары ұзақ жүктемедегі ток күші шамасынан артық болуы тиіс. Әйтпесе. автомат ток күшінің ауытқуы кезінде тізбекті бірақ, қалыпты жұмыс режимінде ажырататын болады. Сол себепті, жылу ажыратқышты қондыру кезінде ток күшін рүқсат етілген жүктеме шамасынан 125-150% -ға тең етіп таңдайды.

Ажыратқыштың жұмыс сенімділігін қысқа тұйықталу қорғау тізбегінен қашықтатылған нүктесінде болатын деп тексереді. Сонымен қатар, автомат әсерін қамтамасыз ету қажет: қоректендіру нүктесіне жақын орналасқан басқа қорғау аппараттарына қарағанда, басқа тұтыну топтарын ажырататын аппараттардан бұрын қорғау автоматын ажырату қажет.

А-3700 типті автоматты сөндіргіштер. А-3700 типті автоматтар кернеуі 440 В-ке дейін болатын тұрақты ток желісіне немесе кернеуі 660 В-ке дейін, жиілігі 50,60 Гц болатын айнымалы ток желіеіне қосылған электр қондырғыларын қысқаша тұйықталудан және мүмкіндік шегінен жоғары жүктелуден қорғауға, сондай-ақ, электр тізбектерін сирек оперативтік қосуға және ажыратуғаарналған. Автоматты асинхронды электрқозғалтқыштарын жүргізуге де қолданылады.

11.1-кесте

А-3700 типті автоматтардыц негізгі техникалық

мәліметтері
Типі   Номинал тогы, А   Кернеуге (В) сөйкес шекті коммутаторлық қабілеті,   кА
     
Ток шектегіш:        
А-3710Б        
А-3720Б        
А-3730Б        
А-3740Б        
Селективті:        
А-3730С        
А-3740С        
         

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 994 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)