Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аралдың экологиялық проблемасы

Читайте также:
  1. лемдік экологиялық проблемалар құрылысы
  2. Экологиялық дағдарыс аймақтарына жатады

Лкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы

Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар,пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ.

Азақстандағы экологиялық апат жағдайы.

Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. Экологиялық апат кезінде төтенше жағдайлар туып, табиғи экожүйелер мен әлеуметтік жағдайлар күрт өзгереді, жалпы тіршілікке, соның ішінде адамның қалыпты өмір сүруіне қауіпті жағдай төнеді.Экологиялық апатқа ұшыраған аумақтардағы табиғат өзгерістерін бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмайды. Сондықтан Экологиялық апат қайтымсыз құбылыс болып саналады. Экологиялық апаттың таралу деңгейіне қарай: ғаламдық, аймақтық және аумақтық (жергілікті) деп бөлінеді. Ғаламдық Экологиялық апат бүкіл биосферадағы табиғи процестерге әсер етіп, барлық адамзатқа қауіп төндіреді. Мысалы, климаттың ғаламдық жылынуы, Әлемдік мұхиттардың ластануы, озон қабатының (озонсфера) жұқаруы, қышқылды жаңбырдың жаууы, т.б. Экологиялық апаттың пайда болуына әсер ететін жағдайларға байланысты табиғи және антропогендік (техногендік) болып бөлінеді. Экологиялық апаттар көбіне кенеттен болатын табиғи жағдайлардың әсерлерінен (жерсілкіну, жанартау атқылау, құйынды борандар, су тасқындары, т.б.) және ұзақ уақытқа созылған экология дағдарыс зардаптарынан пайда болады. Соңғы кезде адамның іс-әрекеттерінің тікелей немесе жанама әсер етуі де себепші болуда. Табиғи Экологиялық апаттардың ертедегі геология замандарда да оқтын-оқтын болып тұрғаны – ертеде теңіздерде тіршілік еткен жануарлардың қаңқа қалдықтарының көптеп табылуы дәлел болады. Мысалы, палеозойдың ордовик кезеңінің соңында екі рет жойқынЭкологиялық апат болған. Оған Әлемдік мұхиттар деңгейінің алғаш күрт төмендеуі және екінші рет оның күрт көтерілуі әсер етіп, бұрынғы тіршілік еткен теңіз жануарларының көптеген түрлері толықтай жойылып кеткені дәлел. Кейде ғылым-технология прогрестің қарқынды дамуының өзі Экологиялық апаттарға әкелетіні белгілі. Мысалы, 1945 жылы атом бомбасының қолданылуы, 1986 жылы Чернобыль АЭС-сындағы техногендік апат, т.б. 20 ғасырда адам қолымен жасалған Экологиялық апатқа Арал теңізінің тартылып қалуы жатады.

Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемдетөртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5,Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.

Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

Аралдың экологиялық проблемасы

арал теңізі деңгейінің төмендеуі(1960-2010 жж.)Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландиямұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады. АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе облысы) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауданы 66,1 мың км² (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69000 км² болған. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. А. т. көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент т., Кердері т. сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхақ әл-Истахри (10 ғ.), Әбу Абдал-лаһ Мүхаммед ол-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 ғ.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874,-1889) И.А. Стрельбицкий анықтады. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нотюкесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі тереңд. 20 — 25 м, А. т-нде жалпы ауданы шамамен 2235 км² (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, кұрғақ, ауаның орташа температурасы жазда 24 -26°С, қыста -7,0 - 13,5°С. Жьылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су теңдестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км'. 1970 ж. бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық кұбылмалылық болмаса, су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының темп-расы жазда 26 — 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%с болатын, соңғы он жыл ішінде (1988-98) 25 — 30%-ға дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. А. т-нде балықтан арал шоқыры, сазан, каяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен жөне көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балықөндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын.

 

3. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫСТАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ.

3.1. Экологиялық апат мәселесінің шешімдері.

Жер шарында жыл сайын 600 миллион тоннадан астам зиянды өндіріс қалдықтары шығарылады. Ал біздің республикамызда 22 миллиард тонна өндіріс қалдықтары жиналған және оның мөлшері жыл сайын 1 миллиард тоннаға артып отыр. Оның ішінде 150 миллион тоннасы улы және 20 миллион кубометр тұтыну қалдықтары. Бұл қалдықтар елімізге, халықтық денсаулығына өте зиян келтіріп отыр.

Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау жағдайы жер-жаһанды алаңдатуда. Ал Кеңес дәуірінен «қомақты экологиялық мұраға ие болып қалған» Қазақстан үшін бұл ең өзекті мәселе.

2002 жылы Иоханнесбургте өткен Тұрақты даму жөнінідегі әлемдік саммиттесөз сөйлеген Елбасымыз Кеңес Одағы тоқырауға ұшырағаннан кейін, Қазақстанның түрлі экологиялық, саяси, экологиялық проблемалар ортасында жалғаздан-жалғыз қалғандығын айта келе, бір ұрпақтың көз алдында «ғайып болған» Аралтеңізі мен есепсіз жасалған ядролық сынақтардан тоз-тоз болған аумақтарға әлем назарын аударды.

Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес'– Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары кеңесінің атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 адам және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекетаралық кеңесті әр жылда Орталық Азия елдерінің біреуі алфавит тәртібі бойынша кезекпен басқаратын болып шешілді.[5]

Алғашқы кезек Өзбекстан Республикасына берілді. Кеңес өзінің атқарушы комитетін, су мәселелері жөніндегі әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және экологиялық даму жөніндегі комиссияларын бекітті. "Сырдария" және "Әмудария" алабының су шаруашылығы басқармаларын Кеңестің су моселелері жөніндегі комиссиясы басқаратын болды. Кеңес өз жұмысын "Халықаралық Арал қорымен" және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізеді.[6]


Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар, Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім 1990жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта Бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды.

Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша дүниежүзілік дәрежедегі оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғылыми-тәжірибелік зерттеу Арал апатыкеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. «
Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған Қазақстан Республикасы атынан Ұ.Қараманов, К.Салықов, Н.Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және халықар. Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды

 

БҰҰ мемлекеттік хатшысы Кофи Аннен Қазақстанға келген кезінде Президент Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қорға БҰҰ институтының мәртебесін беру туралы ұсыныс жасады. Арал аймағындағы экологиялық проблемалардың біршама бөлігін шешу мәселелері бүгінгі Арал жөніндегі халықаралық ұйымның араласуымен жасалған 2002-2010 жылдарға арналған Арал теңізі бассейніндегі экологиялық, әлеуметтік-экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі нақты іс-шаралар бағдарламасына енгізілді. Бағдарламада тұрғындар денсаулығын жақсарту, олардың тұрмыс деңгейін көтеру, суға, жерге және басқа табиғи ресурстарға деген тиесілі үлестеріне қол жеткізуін, білім мен мәдениетті дамыту үмін несиемен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қарастырады.

Арал экологиялық апат аймағында тұратын халықтық денсаулығы өте нашар. Жекелеген аудандарда, мысалы әйелдердің қаназдық ауруы 90 пайызды құрайды, ана мен бала өлімі көп. Осыларды ескеріп, біз Қызылорда қаласынан қоршаған ортаны қорғау және халық денсаулығы мониторингі орталығын аштық.

Ал Семей ядролық сынақ айлағына қатысты айтар болсақ, осы жылы бюджет қаражаты есебінен шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы радиоэкологиялық ахуалды бағалау жөніндегі жұмыстар аяқталады.

Біз үшін экологиялық проблемалардың жаңа нүктесіне айналып отырған Каспий теңізіндегі техногендік апаттар мен ластанулар көмірсулы ресурстардың қомақты көлемде игерілуімен байланысты. Мұнай өндіру мен оны тасымалдауда болатын апаттар шетелдік компаниялардың жүргізілген жұмыстарының толық экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын еместігін көрсетеді. Осы және бұдан басқа да бірқатар мәселелердің алдағы уақытта шешімін табуы үшін біз Президент бекіткен 2003-2005 жылдарға арналған Каспий теңізі қайраңының қазақстандық бөлігінигеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға енгіздік.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Ақтау қаласында Каспий экологиясы бойынша бірінші халықаралық конференция өткізілді. Каспий теңізінің экологиясын қорғау жөніндегі шектеулі конференцияның жобасы жасалып, оны барлық Каспий маңындағы мемлекеттермен келісу барысында алдын ала үлкен жұмыстар жүргізілді. Бес мемлекеттің төртеуі: Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Иран 14 қарашада Тегеран қаласында аталған коференцияға қол қойды. Ал Түркменстан кейінірек қосылмақ. Шектеулі конференцияда тараптардың міндеттіліктері, Каспий теңізі ресурстарын пайдалануда қоршаған ортаға зиян тигізбеу, оны қорғау, сақтау жөніндегі қажетті шараларды дербес және бірлесіп қабылдау қарастырылады. Бұрынғы Кеңес одағы кезінен мұнаы-газ кешендері, жылу электір станциялары, тау-кен және қайта өңдеу өнеркәсіптері, сондай-ақ иесіз ұңғымалар, шахталар мен кен орындары, әскери сынақ полигондары, т.б. секілді тарихи ластанулар да өз алдына бөлек мәселе. Қазіргі уақытта елімізде20 миллиардтан астам өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинақталған. Оның ішінде 237 миллионы-радиоактивтік қалдықтар, 6,7 миллион – улы қалдықтар. Осы тарихи ластану ошақтарын жою республикалық бюджет есебінен қазіргі күннен-ақ қолға алынуда, болашақта бұл шара дұрыс жолға қойылады деген сенімдеміз.

Еліміздегі экологиялық ахуалға әскери сынақ айлақтары да зиянды зардаптарын тигізуге. Бұрын Қазақстан аумағында ірі-ірі 14 әскери сынақ айлағы жұмыс істесе, қазір соның төртеуі қалды. Сынақ жүргізу кезінде, ракета ұшырылған уақытта, сондай-ақ ракеталардың жерге құлаған түрлі бөліктерінен өте улы заттар ауаға таралатыны белгілі.

Үстіміздегі жылы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасы территориясының ракета-космос қызметінен бүлінген учаскелерінің экологиялық ахуалының мониторингі» бюджеттік бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады, сондай-ақ «Капустин яр» әскери сынақ айлағының аумағын зерттеу бағдарламасы бойынша жұмыстар одан әрі жалғастырылуда.

Қалаларда, әсіресе, өнеркәсіп, өндіріс орындары бар қалаларда ауа атмосферасының ластануынан экологиялық қауіп деңгейі артып отыр. Өскемен, Риддер, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Теміртау секілді қалалар сол бұрынғы ластанған күйлерінде. Ал қоршаған ортаны ластаушы-қазандықтарға айналып отырған ең ірі өндіріс бірлестіктері: «Балқаштүстіметалл комбинаты», «Востокказмет» филиалының «Мыс-химия комбинаты» және «Қазақмыс» корпорациясы. Мұндай кәсіпорындарға министрлік тарапынан тиісті шаралар қолданылуда.

Еліміздегі экологиялық нүктелердің енді бірі-зиянды қоқыстар тастап, қалдық сулар жіберуден ластанған су көздері. Бірінші кезекте Ертіс өзені мен Ертіс бассейнінің басқа да өзендері тұр. Бұдан кейін ластанған су көздерінің қатарына Іле, Елек, Нұра,Сырдария, Шу өзендері мен Самарқанд су қоймасы кіреді. Экология саласында осы ретпен арнайы тоқталуды талап ететін орманды, сулы-батпақты жерлерді, сондай-ақ жануарлар әлемін қорғау, т.б. секілді сан түрлі проблемалар көп-ақ.

Осы ретте экономикасы, қоғамдық сананы және ұлттық заңдылықты айқындайды. Экономиканы экологияландыруда экономиканың барлық саласындағы экологиялық фактор интеграциясының экономикалық құрал-саймандарын енгізу ойластырылады. Бұл дегеніміз, өнеркәсіпті,ауыл шаруашылығының дамытудың кез келген бағдарламалары мен жобаларының, өндіріс күштерін орналастыру тәсімдерін қала құрылысы жобаларды әзірлеуде міндетті түрде олардың қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына әсерін бағалау мәселелері қарастырылатындығын аңғартады.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нақты шаралар қазірдің өзінде 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасының индустриалдық-иновациялық дамыту стратегиясына, 2006 жылға арналған Үкімет бағдарламасына, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игерудің мемлекетік бағдарламсына, 2004 және 2010 жылдарға арналған ҚР-ның ауылдық аумағын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Бұл бізді қуантады, өйткені бұрын мұндай проблемалар аталған бағдарламада мүлде болмайтын. Қоғамды экологияландыру, немесе, басқаша айтқанда, әлеуметтік экологияның көздейтін мақсаты, бір жағынан, адамдардың табиғат тазалығы үшін жауапкершілігін арттыру болып табылады. Яғни қоршаған ортаны қорғау дегеніміз — әр азаматтың құқықы мен міндеті.

3.2. Қазақстанның экологиялық ұйымдармен байланысы.

Жер бетінің түпкір-түпкірінде экологиялық жағдайдың нашарлауы барлық мемлекеттерді одан шығу жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Сөйтіп, 100-ден астам мемлекеттерде қоршаған ортаны қорғауды басқаратын министрліктер, департаменттер мен агенттіктер құрылды. 1970 жж. бастап экологиялық дағдарыстан шығу жолдарын бірге іздестіріп, қажетті шараларды бірге жүргізу туралы келісімге қол жетті.
Табиғат қорғау проблемаларына арналған І халықаралық жиналыс 1971 ж. көкек айында Чехияда өтті. Бұл БҰҰ Еуропаның эконмикалық комиссиясының симпозиумы болатын.
1972 ж. 5-маусымда Стокгольм қаласында БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі конференциясы ашылды. Осы күн Халықаралық ынтымақтастықтың басталу күні болып есептелетін конференция «Жер біреу» деген ұранмен өтті.
Халықаралық табиғат қорғау ұйымына, одаққа, кеңеске мыналар кіреді:
• Халықаралық ғалымдар одағы (МСНС) барлық елдердің дерлік академиялары мен ғылым одақтарын біріктіреді. Ғарыштық кеңістік, Антарктида, мұхиттар проблемаларымен айналысып зерттейді;
• Қоршаған орта жөніндегі ғылыми комитет биологиялық циклдарды, қоршаған ортаның улануын зерттейді, табиғи ортаны бақылау (мониторинг) мәселесімен айналысады;
• ЮНЕСКО-ның «Адам және табиғат» бағдарламасы адамдардың іс-әрекетінің тропиктік және субтропиктік орман және жайылым экологиялық жүйелеріне әсерінің күшеюін зерттейді;
• БҰҰ-ның Қоршаған орта туралы бағдарламасы (ЮНЕП) топырақты және су қорларын қорғау проблемаларын, мұхиттарды ластанудан сақтау мәселелерін зерттейді;
• Қоршаған орта мониторингісінің глобалды жүйесі (ГСМОС) қоршаған ортаның жағдайын арнаулы бақылау жүйелері, бақылау станциялары, мониторинг, бақылау күзеттері, т.б. арқылы біліп отыру үшін құрылған;
• Халықаралық табиғат қорғау одағы (МСОП) табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелерін зерттейді;
• Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) қоршаған ортаны санитарлық тазалық жөнінен бағалайды және бақылайды;
• Дүниежүзілік метереологиялық ұйым (ВМО) жер шары ауасындағы құбылыстар мен өзгерістерді бақылайды;
• Халықаралық океанографиялық комитет (МОК) жер шары мұхиттарының жағдайын бақылайды;
• Халықаралық азық-түлік және ауыл шаруашылық жөніндегі ұйым (ФАО) топырақтың құнарлылығын, су қорларын үнемді пайдалану және қорғау, жануарлар дүниесін сақтау мәселелерін зерттейді,
• Дүниежүзілік білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым (ЮНЕСКО) табиғат қорғау жөніндегі маман кадрлар оқыту, даярлау мәселелерімен айналысады.
1975 ж. шілде айында Хельсинки қаласында еуропалық 35 мемлекет және АҚШ пен Канада елдері басшылары қорытынды актіге қол қойып, ауаның ластауына қарсы күресті, тұщы су мен теңіз суларын, топырақ бетін, тірі ағзаларды қорғауды, қорықтар құру, елді мекендерді қоршаған ортаны жақсарту мәселелерін, қоршаған ортаны зерттеу жұмыстарын халықаралық ынтымақтастықтың негізінде және халықаралық бағдарламаларға сәйкес жүргізуге келісті.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Курстық жұмысты жазу барысында мен көптеген өзекті және маңызды ақпараттарға ой түйіндедім. Қазіргі Қазақстандағы экологиялық дағдарыс жағдайындағы елді-мекендерді анықтап, олардың қазіргі қалыпты жағдайын көрсете отырып, сол экологиялық апат жағдайына жету үшін түрткі болған мәселелерді қарастырдым. Тарихқа сүйенетін болсақ, экологиялық дағдарыстың пайда болу себептеріне табиғат жағдайларын және антропогендік факторды жатқызады. Курстық жұмысты бастамас бұрын қойылған міндеттеріме жете отыра, өзім үшін пайдалы ақпарат жинадым.

Ең басты зерттеу объекттер ретінде қарастырған мекендер ол: Балқаш, Каспий, Семей ядролық полигоны, Арал және Қазақстандағы таза су проблемаларын басты зейін қойдым.

Курстық жұмысымды қорытындылай келе, орындалған мақсаттарым:

- Экологиялық дағдарыстың не екенін және Қазақстанда экологиялық дағдарыс жағдайындағы аймақтарды айқындадым;

- Экологиялық апат және экологиялық дағдарыстың айырмашылықтарын тауып, экологиялық апат жағдайындағы аймақтармен таныстым;

- Қазақстанда экологиялық дағдарыстың алдын-алу үшін және экологиялық дағдарыс аймағындағы аймақтарда атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстым, олардың тиімділік мәселесін қарастырып,қаншалықты нәтижелі екенін қарастырдым;

- Халықаралық дәрежеде экологиялық дағдарыстың алдын-алу шараларымен таныстым.

Экологиялық дағдарыстардын алдын-алатын болсақ, біз:

- Халықтың денсаулығы, өмірі, еңбегі, мен демалысына;

- Қазіргі және болашақ ұрпаттардың салауатты өмір сүруіне;

- Экологиялық аймақта экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;

- Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және арттыруға;

- Табиғатқа нұсқан келтіруге жол бермеуге;

- Табиғатымыздың халықаралық деңгейге сай сақталып, қорғалып және арттыруға кепілдікке ие бола аламыз.

Пайдалынылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1999 ж. -14 б.

2. Информационный экологический бюллетень, 1997. С. 50.

3. Карпов В.Е. Капшагайское водохранилище как тормоз на пути ради-

кального решения проблемы озера Балхаш //Международный экологический

форум по проблемам устойчивого развитии Или-Балхашского бассейна "Бал-

хаш-2000". Алматы, 2000. С. 11.

4. Бюллетень Международного конгресса «Избиратели мира против

ядерном оружия». Алма-Ата, 14-26 мая, 1990 г.

5. Исаева Ж.А. Проблемы правового регулирования экологического оз-

доровления Приаралья. Алматы, 1999.

6. Материалы архива Министерства Природных ресурсов и охраны ок-

ружающей среды за 1996 год.

http://e-history.kz/kz/contents/view/1321

7.

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 229 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.022 сек.)