Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Астанада жаңа алаң бой көтереді

Читайте также:
  1. Азақ тілін оқытудың жаңа технологияларының классификациясы
  2. Азақ тілін оқытудың жаңа технологияларының классификциясы.
  3. Балаң жастық және бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері.

Рылыс пен сауда саласында ашылған кәсіпорындар саны артқан

Астана қаласында 2013 жылдың IV тоқсанында жаңа заңды тұлғалар 3,6% артық тіркелді.

Бұл туралы Статистика департаменті хабарлады.

«2013 жылдың IV тоқсанында бастапқы тіркеуден өткен заңды тұлғалардың саны 1521 бірлікті құрайды, олар негізінен Алматы (50,6%) және Сарыарқа (31,8%) аудандарында шоғырланған. Есіл ауданының үлес салмағы 17,6%»,- делінген хабарламада.

Тіркеу барысында кәсіпорындар жоспарлаған қызметкерлер санына сәйкес, барлық жаңа құрылған заңды тұлғалардың 1505 шағын, 15 орта, біреуі ірі кәсіпорын ретінде тіркелген. Үстіміздегі жылдың IV тоқсанында тіркелген шағын кәсіпорындар саны өткен жылдың сәйкес кезеңінде тіркелген шағын кәсіпорындармен салыстырғанда, 33,2%, дәл сол кезеңде тіркелген орта кәсіпорындардың 10 бірлікке, сондай-ақ, тіркелген ірі кәсіпорындардың саны 1 бірлікке артқаны байқалды.

«Жаңа кәсіпорындардың басым бөлігі құрылыс және сауда салаларында шоғырланған, әрбір саладағы олардың үлесі 24%. Өзге де қызметтерге 13%; ғылым және техникалық қызметтерге 7% тиесілі. Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет; ақпарат пен байланыс, өнеркәсіп орташа есеппен 5% алып отыр»,- деп хабарлады Статистика департаментінен.

Сонымен қатар, Білім және денсаулық сақтау; жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар; көлік және қоймалау 3% құрайды. Қаржы және сақтандыру қызметіне; тұру және тамақтануға; өнерге; ойын-сауық және демалысқа; қоғамдық ұйымдар және қорларға орташа есеппен 2% тиесілі.

Жаңа заңды тұлғалардың 95,4% жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (одан әрі - ЖШС) болып тіркелген. ЖШС-нің жыл басындағы жалпы санымен салыстырғанда олардың үлесі 8 пайыздық тармаққа артқан. Сонымен қатар, ағымдағы кезеңде тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың 2,1% қоғамдық бірлестіктер мен қорлар; 1,3% тұтыну кооперативтері; 0,7% заңды тұлғалар бірлестігі; 0,3% мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар; 0,2% акционерлік қоғамдар құрайды.

2013 жылдың IV тоқсанында тіркелген заңды тұлғалар басшыларының арасында ерлердің үлесі 68,2%, әйелдер 31,8% құрады. Жыл басында заңды тұлғалар басшыларының жалпы санында ерлердің үлесі 73,9%, әйелдер 26,1% болды.

 

Астанада жаңа алаң бой көтереді


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 39 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)