Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Cәбит Мұқ анов жә не әд еби-көркем сын 4 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

1920-жылдары Абай шығармашылығына теріс көзқарас білдірушілердің бірі ретінде және ең қауіптісі ретінде Ілияс Қабыловты атап өтуге тура келеді. Ыдырыс өзінің «Ақын Абай және пәлсапашыл Ілияс туралы» [16] атты мақаласында, Ілияс Қабыловтың мақаласындағы: «...Сондықтан Абайдың дүние тану әдісінен үлгі алудың керегі жоқ. Өйткені, Абайдың дүние тану әдісі біздің әдісімізге үйлеспейді. Оның дүние тану әдісі – ұлтшылдық, қиялшылдық, біздің дүние тану әдісіміз затшылдық диалектика. Қазақстанның жас жұртшылығы соны үйренуге, бұл жөнінде Абайдан үлгі алмай Маркс, Плеханов, Лениндерден үлгі алу керек» [17] деген пікіріне Ыдырыс былай жауап береді: «Өзінше Ілияс жолдас мұны әбден тауып айттым деп отырған шығар. Абайды марксшіл, диалектикашыл емес деп сөгу балалық емес пе? Ал, дүние тану әдісін, пәлсапа жәйін Абайдан іздемей Ленин, Маркстен үйрену керектігін біздің жас жұртшылығымыз Ілияс жолдастың шалағай пәлсапасынсыз да, байбаламынсыз да білетін шығар» деп батыл пікірін айта келіп, ары қарай былай жалғастырады: «Қасқыр сазайын қомағайлықтан тартады ғой. Әйтпесе биыл Октябрь төңкерісіне 11 жыл болғанда жаңа жұртшылығымыз жетіліп өсіп қалғанда диалектиканы Абайдан үйренбей Маркстен үйрен деп шұбатылған пәлсапа соғу орынсыз» [16]. Расында да, Абайдың пәлсапасы марксизмге үйлеспейді, Абайдың дүниеге көзқарасы теріс деп, Абайдан марксизм ілімін іздеу ақылға мүлдем сыйымсыз екендігі айдан анық. Бұл тұрғыдан келгенде Ыдырыстың пікірімен толық келісеміз.

Абай дүниетанымы туралы да кезінде саясаттың кесірінен көптеген солақай пікірлер болды. Ақынға қасақана жала жабылып ол «байшыл, феодализмді көксеген ақын», ол «нағыз діншіл ақын» т.б. толып жатқан кінә тағылды. Кейінірек Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы тиісті бағасын алған кезде, Абайға жала жабу тоқталғанымен, оның дүниетанымын «зерттеудегі» тұрпайылық сақталып қала берді. Материализм мен идеализмнің «күресі» пәлсапалық мәнінен айрылып, саяси мазмұнға ие болып тұрған заманда Абайды зерттеген ғалымдар оны ие материалист ете алмай, не идеалист ете алмай, не атеист ете алмай әуре-сарсаңға түсті.

Өйткені, Абай нені оқыса да, қандай философиялық жүйелерге қызыға ден қойса да ешқашан солардың шылауында кетпеген, өзіндік қорытынды жасап отырған. Абай нені, кімді оқыса да зерттеп, үңіле оқиды. Олардан жаңа үлгі алады, үйренеді. Абайдың абайлық негізгі ерекшелігі де осында. Осы ерекшелік оның дүниетанымының дұрыс қалыптасуына көмектесті.

«...Ал, Ілиястың мамандығы пәлсапа болсын, бірақ Абай ақын ба, жоқ па, қазақ әдебиетінде Абайдың орыны қандай, осы күнгеше бұларды білмей тексермей жүрген Ілиясты үлкен пәлсапашыл деп айта салмадық» дей келе Ыдырыс «пәлсапа, өнер, әдебиет, сыншылдық дегендердің бәрі қоныстас, аралас отырған ғылымдар, бірімен-бірінің жалғасы мол екендігін философ дегендер, сыншы дегендер, ақын дегендер бірінің сырын бірі қайтсе де білу керек екендігін» [16] айтады.

«Абайдың пәлсапасы» [16] деген тараушасында Ыдырыс Абайдың философиясына тереңірек тоқталады. Ыдырыс Абайға былайша баға береді: «Абай біртұтас пәлсапа пікірін қалдырып кетпесе де, заманына қарай зор адам болған. Бұны тану керек. Абай үлкен ойшыл адам болған» [16]. Расында да, Абайды философ ретінде қарастырғаннан гөрі, ойшыл деп атаған жөнге келетін тәрізді. Өйткені, философ атауына қарағанда, ойшылдық кең ауқымды қамтиды және әлдеқайда мәндірек.

М. О. Әуезов айтқандай: «Шын мәнінде алғанда, Абай философ емес, ғылымдық кең мағынасында алғанда, Абайдың арнап жазған философиялық жекеше терең толғаулы еңбектері, трактаты жоқ» [18, 480]. Осы пікірді жолдаған жазушы сонымен бірге Абайдың философиялық дүниетанымын зерттеуді мақсат еткен: «Және осындай ойшылдық белгілерін жеке философиясы деп атамасақ та, ақынның даналық, философиялық көзқарастары деген тұрғыда мейлінше түгел қамтып, тексеріп, талдай білуіміз керек» [18, 410]. Жазушының ой-пікіріне толық қосыла отырып, Абайдың философиясын терең зерттеуге мүмкіндіктің туғанын айтуға болады.

Түбегейлі зерттеліп, білікті ғалымдардан тиісті бағасын алып үлгермеген Абай әлемінің ашылмаған сыры әлі көп. Ақынның діни-әлеуметтік философиясына да біржақты баға беріліп, теріс пікірлер де кездесіп жатты. Абайдың дүниетанымы жөніндегі ғылыми-қоғамдық пікірталас әлі де жүріп жатыр. Белгілі әдебиетші-ғалым, профессор Ә. Қоңыратбаев мынадай естелік айтады: «...Сөз кезегін алған Мұқаң мінбеге көтеріліп: – Абай философиясын зерттеу әрине, жақсы бастама. Бірақ оны журналистік шолу емес, теориялық тұрғыдан зерттеген дұрыс болар еді. Абайдың әдеби мұрасына келгенде оның ақындығын баса көрсеткеніміз жөн. Пушкиннің философиясын зерттеп олжа тапқандар орыс халқында көп емес. Олар Пушкинді ұлы ақын деп дәріптейді. Біз де осы арнаға түссек қайтеді» [19, 169] деді.

Кемеңгер жазушымыз Мұхтар Әуезовтің бұл пікірінің келешекте де маңызының зор болатыны даусыз.

І. Қабылов өзінің мақаласын: «Абайдың пәлсапасы, Абайдың қоғамға көзқарасы деп әлденешеге бөлгенін» айта келіп, Ыдырыс олардың ішінде Гегельдер, Фейербахтардың үлкен пәлсапалары жүргендігін, бірақ Абайдың бұл өлеңдерінде Ілияс туғызған зор пәлсапасы, баланың ойыншығы секілді болып шыққанына назар аударады.

Ыдырыс Абайдан соңғы жазба әдебиет тіл жағынан өнегені Абайдан алғандығын, тілдің бұқараға ашық түсінікті болу жайын кейінгі ақындар Абайдан үйренгендігін, тіл жағынан көп ел әлі де болса Абайдан кем екендігін ерекше атап өтеді.

Қорыта келе, ХХ ғасырдың 20-жылдарында кеңестік идеологияға сай келмейтін туындылар қатты сынға ұшырағандықтан, Абай дәстүрінің дамуы, жалпы адамзаттық ортақ мәселелер әдебиет тарихында өз шешімін таба алмады. Әдеби туындылар, жеке қаламгерлердің көзқарасы әдебиеттің партиялығы туралы В. И. Лениннің теориясы шеңберіндегі өлшеммен өлшенгендіктен, қазақ әдебиеті өзінің табиғатынан, даму заңдылықтарынан айырылып, жаппай науқаншылдық өріс алды. Десек те, кеңестік дәуірде қазақ әдебиетінің тарихы күрделі де, қайшылықты жағдайларға толы болғанымен, сонымен бірге бұл дәуір қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің өсу, өркендеу жолында айтарлықтай жаңалықтар әкелген кезең болғаны да даусыз.

Соның ішінде, жиырмасыншы жылдары екі дүркін айтыс болған абайтану ғылымында да әдебиеттанушылардың, қоғам қайраткерлерінің айтарлықтай қосқан табыстары болды. Абай мұрасын қорғап қалуда үлкен қажыр-қайрат танытқан көрнекті қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, сыншы Ыдырыс Мұстамбайұлының да абайтанушылардың қатарында өз орнын алары сөзсіз. Оның әсіресе, Абай мұрасына қарсы шыққан І. Қабылұлының мақаласына екі тілде бірдей жауап жазған мақаласының әдебиеттану ғылымындағы орны ерекше. Сондықтан да оның Абай шығармаларын зерттеу тарихындағы өзіндік орнын айрықша атап өткен жөн. Қаламгер еңбектерінің Абай мұрасына қатысты қағидаларын ғылыми тұжырымдау мақсатында оның мақалаларына сүйенуді жөн санағандықтан, түпнұсқадан үзінділер көптеп келтірілді. Нәтижесінде, Ыдырыс Мұстамбайұлының абайтануға қосқан үлесі ғылыми тұрғыда тыңғылықты зерттеліп сарапталды.

Қорытындыда 1920-жылдардағы қазақ әдеби сынын қалыптастырып дамытудағы Ыдырыс Мұстамбаев еңбектерінің мән-маңызы ашып көрсетіледі. Бұл ретте, Ыдырыс Мұстамбайұлы біріншіден, сыншы ретінде 1920- жырдардағы көркем әдебиет туралы пікірталасқа белсене арасып қана қоймай, сол жылдардағы солақай саясаттың ықпалына түспестен, ұлттық мүддені жоғары қоятын берік ұстанымынан таймай, өзіндік батыл пікірлерімен көзге ерекше түссе, екіншіден, ұлтымыздың рухани байлығы, әдебиетіміздің темірқазығы Абай шығармашылығын жоққа шығаруға тырысқан кейбір қаламгерлердің теріс пиғылды мақалаларына батыл түрде тойтарыс беріп, абайтануға өзіндік үлкен үлес қосты. Үшіншіден, Ыдырыс Мұстамбайұлының зұлматты жылдарда алаштың саңлақ ақыны М. Жұмабаевты кеңестік идеологияның айыптауынан арашалап алып қалуға тырысып жазған мақаласының да мағжантануда алар орны ерекше деп қарау керек.

 

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 59 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)