Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Б) Айыппұл.

Айыппұл - әкімшілік құқық бұзушылық үшін Кодексте (48-б) көзделген жағдайда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза.

Айыппұл - әкімшілік жазалардың ең көп тараған түрі б/е. Себебі ол құқық бұзушының материалдық мүддесіне әрекет ету тәсілі.

Айыппұл мынадай мөлшерде салынады.

- жеке адамға – айлық есептік көрсеткіштің оннан бір бөлігінен.

- лауазымда адамға – бес айлық есептік көрсеткіштен.

- заңды тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс.

Жеке адамға салынатын айыппұл мөлшерін 200 айлық есептік көрсеткіштен, лауазымды адамға 400 айлық есептік көрсеткіштен, заңды тұлғаға 2000 айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.

Әкімшілік айыппұл міндетті түрде төленуі тиіс, егер құқық бұзушы дер кезінде төлемесе, онда айыппұл оның жалақысынан (стипендия, пенсия т.б) мәжбүри түрде даусыз өндіріп алынады.

Егер кінәлі тұлға жұмыс істемесе, не тұрақты жалақысы болмаса онда жаза соттық орындау тәртібімен борышкердің мүлкімен өндіріп алынады.

Егер дереу төлеуге мүмкіндігі болмаса, лауазымды тұлға айыппұлдың төленуін 1 айға дейін созуы мүмкін.

Өзіне әкімшілік тәртіппен айыппұл салынған адам бұл жаза заңсыз деп есептесе, «Азаматтың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы 19.07.95 Президентінің заң күші бар жарлығымен сәйкес, бұл шешімге шағымдануға құқылы. Шағым қаулы шығарған лауазымды тұлғаға беріледі, ал соңынан іспен бірге қарауға мүдделі органға не лауазымды адамға беріледі. Шағым 10 күн ішінде қаралуы тиіс.

Шағым берген адам мынадай құқыққа ие:

- шағым беруге негіз болған дәлелдерін тікелей баяндауға.

- тағайындалған жазаның объективті емес екендігін дәлелдеуге көмектесетін қосымша материал беруге.

- берген шағымына жазбаша не ауызша жауап алуға

- жоғарғы тұрған органға (лауазымды тұлғаға) берген арызы бойынша қабылданған шешімге шағымдануға.

- белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге.

в) Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою – оны мәжбүрлеп алып қоюдан және алынған затты өткізу жөніндегі шығыстарды шегеріп, түскен соманы бұрынғы меншік иесіне бере отырып, ол затты өткізуден тұрады. Өтемін төлеп алып қоюды судья қолданады, түскен сомадан ол затты сақтауға, тасмалдануға, сатуға т.б. кеткен шығындар алып қалынады.

Өтелім алып қоюдың тәртібі және алып қоюға жататын заттың тізімі Қазақстан Республикасының тиісті заңнамамен белгіленеді.

Аң аулау өмір сүруінің негізгі заңды көзі боп табылатын адамдарға аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрілерін және аңшылықтың басқа да қаруларын өтемін төлеп алып қоюды қолдануға болмайды.(КОАП 49-б 2-т)

Бұл тек қасақана құқық бұзушылық үшін негізгі де, қосымша жаза ретінде де қолданылуы мүмкін.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 46 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)