Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Табиғи балдың органолептикалық көрсеткіштері.

Ара балы, шығу тарихы | Балдың жіктелуі мен түрлері | Физика – химиялық көрсеткіштері бойынша балдың табиғилығын анықтау. | Анықтау әдісі. |


Читайте также:
  1. C)& бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар
  2. Балдың емдік қасиеті
  3. Балдың жіктелуі мен түрлері
  4. Оршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау
  5. Тақырып № 3 Табиғи ресурстар
  6. Табиғи монополияны мемлекеттік реттеу

Балды тасмалдауға және сақтауға арналған ыдыс денсаулық сақтау органымен рұқсат етілген материалдардан жасалу керек. Тат баспаған болаттан, алюминний шыныдан жасалған, эмильденген ыдыстар мен және емен мен хвойдан басқа ағаш ыдыстарда сақтауға болады. Бал тексеруге оның ішінде ветеринариялық анықтама және омарташының ветеринариялық куәлігі болу керек.

Орташа сынама. Өнімнің бүкіл партиясынын сапасын көрсететін балдың бөлігі. Партия – деп балдың ботаникалық шығу тегі және жиналған жылы органолептикалық және физико-химиялық көрсеткіштері технологиялық өндеуден кейін уақыттарда базарларда сату үшін жеткізу.

Ара балын сараптауға қабылдау үшін, зерттеу үшін әр бір тексеруге жататын ыдыстардан 100гр ара балын алады. Егер судың мөлшерін ариометр арқылы анықтау керек болса, онда сынама мөлшерін екі есе арттырады. Ара балының түсін шыны цилиндрге құйып анықтайды. Түсі бойынша бес топқа бөлінеді: түссіз, ақшыл янтар, янтар тәрізді және қоңыр.

Балдың иісі. Балдың иісі анық білінбесе, онда оның қақпағын жауып, су моншасында 45-49 С минут қыздыру арқылы анықтайды.

Балдың дәмі. Балдың дәмін оны алдын ала 30 С-қа дейін қыздырып барып анықтайды.

Балдың консистенциясы. Балдың консистенциясын оған шпательді батыру арқылы анықтайды. Содан соң шпательді суырып алып, одан бал ағу сипатына қарап балға баға береді. Жаңадан алынған бал сироп тәріздес. Бір екі айдан соң мұндай бал қоюланады. Сұйық бал шпательде азғантай ғана бал қалып, оның өзі жиі-жиі тамшылап тұрады.

Балдың жетілгендігін анықтау. Балдың жетілгендігін 20 С температурада анықтайды. Оны қасықпен араластырып, қасықты ыдыстың үстіне үстеп араластырады. Егер бал қасықтап ағып тұрса, онда бал жетілмеген, ал бал қасыққа оралса, онда бал жетілген деп есептеледі.

Балдан ерітінді дайындау. Ерітіндіні балмен судың 1:2 арақатнасында дайындалады. Колбаға 60гр бал өлшеп алып 120мл жылы дистилденген су қосады. Толық ерігенше араластырады. Бұл бал ерітіндісіні болады.

 

 

Балда көпіршігі бар жоғын анықтау. Балды герметикалық емес ыдыста сақтағанда және ауа құрамының ылғалдылығы жоғары балдың құрамында судың көп мөлшерінің жинақ әкеледі. Алғаш көпіршіген кезде ароматы жоғарлап, содан кейін қышқылданған иіс пайда болады. Ол тәтті дәмге ұқсайды. Көпіршу ол жиі жетілмеген балда, оның құрамында 22% су болғандапайда болады. Балдың ашу кезінде қолайлы температура 14-20С. Бал көпіршіген кезде жоғарғы бетінде ақ көпіршік және көп мөлшерде газданған көпіршіктер пайда болады. Микроскопиялық зерттеу бойынша көпіршіктердің қоздырғышы дрожжыларекені анықталды. Бұл балды сатуға жібермейді, себебі ал тез ашиды.

Шіре балдан улану – бұл шіре балмен сипатталатын ауру. Шіре бал араның ас қорыту жүйесіне түсіп, оның жұмысын бұзады, содан кейін бүкіл организмнің қызметін бұзады. аралар өледі. Ауру кезінде аралар ұяларының қабырғаларына және кәріздерге қою қоңыр түсті нежіс бөліп шығарады. Жаз кезінде аралар жерде ұяның маңында жүреді және олардың құрсағы ұлғайған. Шіре балының улануы көмірсулардың, алкалоидтардың, гликозидтардлың, сапониндардың, минералды тұздардың және токсиндардың бөліп шығаратын бактерияларымен саңырауқұлақтарына байланысты. Диагнозды өлегн аралармен ауру араларды клиникалық бақылаулар мен лабораториялық зерттеулермен, сонымен қатарды, ұяда кәрез балымен азықтанған араларды зеттеу арқылы қояды.Жарық жерлерде шіре балдары ашық сары түстен қою қоңыр түске дейін өзгереді. Сондықтанда балдың сапасын тек лабораториялық әдіспен ғана анықтауға болады.

 

 


Дата добавления: 2015-11-15; просмотров: 288 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Балдың емдік қасиеті| Оксиметилфурфуролға реакция.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)