Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі.

Мұрат өлеңдерінң жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар. | Мұраттың дастандарында көтерілген мәселелер (мысал келтіріңіз). | Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары. | Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының ағартушылық-гуманистік сипаты. | Біржан мен Сара айтысының көркемдігі. | ХІХ ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар. | Сал-серілік дәстүрдің әдебиеттегі рөлі. | Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ ІІ жартысындағы айтыс өнерінің дамуы. | Еспембет” дастанының құрылысы | Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы. |


Читайте также:
  1. Азақстандағы социалистік индустрияландыру саясатының мазмұны және оның нәтижелері.
  2. Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні
  3. Мазмұны
  4. Маркетинг жүйесіндегі өткізу және тауарларды өткізу арналары, түрлері, деңгейлерінің мазмұнын ашып көрсетіңіз
  5. Маркетинг жүйесіндегі баға түсінігі , оның ролі және атқаратын қызметтері мазмұнын ашып көрсетіңіз
  6. Тауардың өмірлік циклінің мәні мен мазмұнын және оның түрлері ашып көрсетіңіз

Шернияз Жарылғасүлы (1806 — 1867) — халық ақыны. Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, оның жалынды жыршыларының бірі болған. Шернияз жырларында көтеріліс тақырыбы басты орын алады. Ақын көтеріліс жеңіліске ұшырап, оның басшысы Исатай мерт болса да, азаттық, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлаған. Сол арқылы Исатайдың батырлық бейнесін жасаған: “Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас”, “Ақ алмас алтын сапты, қылышым-ай”, “Исатай ел еркесі, ел серкесі”, т.б. жырларын шығарды. Шернияздың “Ай, Қазы би, Қазы би”, “Тостағанды қолға алып”, “Ай жігіттер”, “Сөз сөйлеймін бөлмелеп”, “Көл қылып құдайым талай судай ағын”, т.б. өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігі, өмірдің өзгермелілігі мен оның мән-мағынасы үлкен ой елегінен өткізіле жырланады. Шернияз өлеңдерінің 1925 жылы Мәскеуде басылған Алыш ақынның ңұсқасы, Омарбек, Мәшһүр-Жүсіп жинаған үш түрлі нұсқасы бар («Шернияз ақын өлеңдері “,«Шернияз», «Шернияздың Баймағамбетке айтқаны»). Бұлардың аттары әр басқа болғанымен, желісі бір. Өлеңдер Шернияздың Баймағамбетке келуімен басталады, яғни өзінің кім екенін таныстыру, Баймағамбеттің бұйрығы бойынша, оның қызын, әйелін, өзін мақтау, Исатайды мақтау, Мәдебайды (бір нұсқада Марабай делінеді) жеңуімен аяқталады. Алыш ақынның нұсқасында Шернияз өлеңдерінің аяғы Байғара болыстан зорлық көрген Шернияздың арыз айтуымен тынса, Мәшһүр-Жүсіптің нұсқасында Шернияздың Баймағамбеттің қызының тойын бастауы, Баянасқа айтқан өлеңімен аяқталады. Жоғарыда айтылған үш нұсқадан басқа институт мұрағатында Нұржігітұлының «Шернияз тарихы» және Жәмет жыраудың «Ақкете Шернияз өлеңі» атты қолжазбалары, т.б. бірнеше ұсақ өлеңдері сақталған. Әсіресе құнды материал деп Нұржігітұлының қолжазбасын айтуға болады. Мұнда Шернияздың өмірімен байланысты оның әр жағдайда айтқан ұтымды қысқа-қысқа бір ауыз, екі ауыз өлеңдерімен қатар, бұрынғы жинақтарда болмаған «Шернияздың Қазыбек би мен Әлен төреге айтқан сөзі», «Терме», «Өмір туралы айтқаны» дейтін бірнеше жаңа өлеңдері бар. «Ақкете Шернияз өлеңі» атты қолжазба Нұртуған ақын арқылы, кейін Нұртуғанның жиені Жәмет жырау арқылы алынды. Кіші жүз Сиықтың шежіресін айта келіп, Исатай мен Наушаның хан, патша әскерімен соғысы, Науша мен Исатайдың өз арасындағы қарым-қатынастары, Исатайдың ерлік өлімі, оның сүйегін Наушаның алып шыққаны баяндалады, Баймағамбет пен Шернияздың кездесуі, Марабай ақынмен айтысып, оны жеңуі жайлы айтылады. Көркемдігі жағынан бұл онша құнды өлең емес. Бірақ оқиғасында тарихи кейбір шындықтардың бетін ашатын жерлері бар. Жоғарғы үш ақынның аузынан жазылып алынған үш түрлі нұсқаның желісі бір десек те, әрқайсысының өзінше өзгешеліктері бар. Бас-аяғы бүтін, әңгіме желісі дұрыс, адам мен ел аттары тарихқа жақын келетіні - Көкшетаудың Алыш ақыны айтқан нұсқа. Мәшһүр-Жүсіптің нұсқасы Алыш ақынға, негізінен, жақын келеді. Әйтсе де сөздерінде кейбір өзгешеліктері де жоқ емес. «Арқада ту ұстаған Арынғазы» (Мәшһүр) емес, «Ар жақта ту ұстаған Арынғазы» болу керек дейді. Өйткені әңгіме желісі атақты Арынғазы атты хан туралы. Бөкейліктегі ел Жайықтың бергі бетіндегі елді «ар жақ» деп сөйлейді. Оның Арқамен еш байланысы жоқ, сонымен қатар Мәшһүр-Жүсіптің нұсқасының көп жерлері түсіп қалған,не болмаса сөздері басқаша құралатын жерлері көп.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 575 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні| Ақан серінің лирикалық ән өлеңдеріндегі азаматтық, сыншылдық, махаббат тақырыптары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)