Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Теориялық мағлұмат

Теориялық мағлұмат | Енгізу өрісі түрі, <TYPE> атрибуты. <INPUT> тәгінің <TYPE> атрибуты мәндері кестеде көрсетілген. 6 кесте | Теориялық мағлұмат | Теориялық мағлұмат | Н1,Н2,Н3,Н4,Н5,Н6 | Сурет. Стильдік анықтаулар қасиеттері | Зертханалық жұмысты орындау реті | Менің жақсы көретінім – еt | Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар | Привет, Ваня! |


Читайте также:
  1. Теориялық мағлұмат
  2. Теориялық мағлұмат
  3. Теориялық мағлұмат
  4. Теориялық мағлұмат
  5. Теориялық мағлұмат
  6. Теориялық мағлұмат
  7. Теориялық мағлұмат

 

Apache веб-сервер интернет желісінде ақпарат таратуға арналған арнайы сервер қосымшасы. Бұдан былай "Apache сервер қосымшасын" қысқартып сервер дейтін боламыз. Шындап келгенде интернет желісінде сервер деген ұғымға көбінесе осы интернет сервер қосымшасы сәйкес келеді. "Мына компьютер - сервер" деген кезде, ол компьютерде қандай да бір сервер қосымшасы қойылған деп түсіну керек. Желіде бұндай серверге клиенттен сұраныс кеп түскенде осы сервер қосымшасы, біздің жағдайда Apache сервер қосымшасы жауап қатады.

Компьютерге бұл серверді қалай орнату керегін қарастырайық. http://192.168.10.1/php-course/Apache/APACHE1323.MSI деген орнату бағдарламасын қосамыз. Егер операциялық жүйе WindowsÒ NT болса, онда алдымен сол жердегі InstMSI/InstMSI.exe бағдарламасын қою керек. Сосын барып сервер қосымшасын орнату керек. WindowsÒ жоғары нұсқаларына InstMSI орнатудың керегі жоқ.

Серверді орнатып жатқанда сервердің интернеттегі атын, домен атын сұрайды. Егер ол нәрселер жоқ болса, кез-келген ат беріп кете беруге болады. Серверді орнатқанда ешқандай параметрлерін өзгертпесе, Program Files/Apache Group/Apache/ деген жерге барып тұрады. Егер алғашқы параметрлерін өзгерпесе, онда сервер бірден іске қосылады. Ал егер қолмен қосамын деп көрсетілсе, онда серверді net start apache деп қосу керек. Өшіру үшін net stop apache деген бұйрық беріледі. Бұл бұйрықтарды WindowsÒ жүйесінде Start (Пуск) - Programs (Программы) - Apache HTTP Server - Control Apache Server деген жерден беруге де болады.

Сервер өзінің конфигурация файлы арқылы жөнделеді. Ол файл сервер тұрған жердегі conf/ деген каталогте орналасқан. Файлдың аты httpd.conf. Бұл файлға қандай да болмасын өзгеріс енгізгеннен кейін серверді өшіріп-қосу керек (1-сурет).

 

 

1-сурет. Серверді өшіріп, қайта қосу.

 

Сервердің енді жұмыс істеп тұрғанын көрейік. Ол үшін клиент серверге сұраныс жасауы керек. Яғни клиент бағдарлама осы сервер тұрған компьютердің желідегі IP адресі арқылы ондағы сайтты көруі керек. Біздің жағдайда сервер де, клиент те бір компьютер болғандықтан осы компьютердің өзінің адресін көрсетсек болғаны. Ал келісім бойынша әр компьютер өзін localhost немесе 127.0.0.1 деген адрес бойынша көре алады. Сонымен, клиент броузерді ашамыз. Броузер ретінде Internet Explorer (2-сурет) қолдануға болады.

 

2-сурет. Клиент броузердің бір түрі: Microsoft Internet Explorer белгісі.

Броузердің адрес енгізетін жеріне http://localhost/ деп жазамыз да Enter басамыз (3-сурет).

 

 

3-сурет. Серверден сайтты көру. Мұнда localhost орнына 127.0.0.1 деп жазуға да болады.

Егер осындан кейін сервердің тест бетін көрсек, онда сервер дұрыс орнатылғаны (4-сурет).

Сервер бұл тест бетті қайдан алып тұр? Сервердің httpd.conf конфигурация файлын ашып, DocumentRoot деп басталатын жолды тауып алайық. Конфигурация файлын кәдімгі Notepad (Блокнот) арқылы ашуға болады. Іздеп отырған жолды тез табу үшін F3 (Ctrl-F) тетігін басып, іздеп отыған сөзді беру керек. Табылған жолда DocumentRoot "C:/Program Files/Apache Group/Apache/htdocs" деген сияқты жол тұруы керек. Сонда тест бет осы көрсетілген орында тұрса керек. C:/Program Files/Apache Group/Apache/htdocs деген жерге барып, әртүрлі тілде жазылған index файлдарды көреміз.

Қандай файлды көрсету керегін сервер қалай біледі? Тағы да конфигурацияны ашып DirectoryIndex деген жолды тауып алайық. Бұл жолдың жанында алғашында index.html деп тұрады. Яғни клиенттен сұраныс кеп түскен кезде сервер конфигурациядағы DocumentRoot көрсетіп тұрған жерден DirectoryIndex көрсетіп тұрған файл(дар)ды іздейді. Сервердің клиентке көрсететін файлдарын веб-беттер деп атайды. Сайт деген веб-беттер ұйымдастырылған орын, яғни веб-сервер клиентке көрсете алатын веб-беттер орналасқан жер.

Біз енді өзіміздің сайтты жасайық. Алдымен, C:/home деген каталог жасайық. Біздің сайт осы каталогта орналасады деп келісейік. Конфигурация http.conf ішіне DocumentRoot "C:/home" деген өзгерту енгізейік те, серверді өшіріп, қайта қосайық (1-сурет).

4-сурет. Сервердің тест беті.

Енді өзіміз тест бетін жазайық. Блокнотты ашып мына HTML кодты теріп, C:\home\index.html деп сақтаймыз.

<html>

<head>

<title>Тест бет</title>

<meta http-equiv="Content-Type" content="text/html; charset=windows-1251">

</head>

<body>

<center>Мынау тексеру.</center>

</body>

</html>

1-листинг. Бізің тест бет.

Енді сайтты броузермен қайта ашып көрейік (5-сурет). Бұл жерде "сайтты" деген сөзге көңіл бөліңіз. Яғни жасаған index.html файлды үстінен екі рет басып аша салмаймыз. Бұлай етсек "сайтты" емес "веб-бетті ашып көрейік" деген болар едік. Броузерді ашып, localhost немесе 127.0.0.1 деген адресті тереміз. Сонда біздің клиент бағдарлама серверге өзіңде тұрған сайтты көрсет деген сұраныс жасайды. Ал сервер сәйкесінше біздің сайт тұрады (C:\home\) деген жерден біздің индекс файл (index.html) деп көрсеткен файлы тауып алып клиентке жіберуі керек.

 

 

5-сурет. Біз жасаған тексеру бет.

 

Байқағанымыздай, сервер көрсеткен жерде индекс файл бар болса, соны көрсетеді екен. Сайтты ашқанда қай веб-беттен бастап ашылу керек екенін клиент білмейді. Серверде қандай файл бар-жоғы клиентке белгісіз. Клиенттен сұраныс келіп түскенде неден бастап көрсету керегін сервер өзі шешеді. Сондықтан файл http.conf ішінде индекс файлды көрсеткен болатынбыз.

Индекс файлды HTML (HyperText Markup Language) кодта жазуымыздың себебі - броузер осы тілді түсінеді. Серверден клиентке ақпарат жіберген кезде клиент түсінетін тілде жіберуіміз керек. Бұдан былай біздің қарастыратын жүйеміздің кірісінде әртүрлі ақпарат, ал шығысында HTML кодта жасалған файл болады. Яғни клиент тек өзі түсінетін тілде ақпарат алады. Сол себепті бұл тілді жақсы білуіміз керек.

Компьютерге MySQL орнату

http://192.168.10.1/php-course/mysql/setup.exe орнату бағдарламасын қосайық. Орнатып жатқанда ешқандай параметрін өзгертпесе, MySQL мәлімет қорын басқару жүйесі c:\mysql деген жерге қойылады. Егер бұл жүйені бұрын қойып көрмеген жағдайда және алғаш үйреніп отырған кезде, алдымен ешнәрсе өзгертпей орнатқан жөн. Басқа жерге орнатуды кейінірек қарастыруға болады. Ал егер басқа жерге қою керек болса, алдымен осы көрсетілген жерге қойып алып, сосын қалаған жерге көшіру керек. Бұл жағдайда /mysql/my-example.cnf деген файлдың атын өзгертіп с:/my.cnf етіп, сосын осы конфигурация файлдың ішіндегі мына жолдарды қажетінше өзгертеміз:

#basedir = d:/mysql/

#datadir = d:/mysql/data/

Өзгерткенде әр жолдың алдында тұрған торды алып тастап, тең белгісінен кейін /mysql мен /mysql/data мәлімет қоры сақталатын жерді анық көрсету керек. Конфигурация файлы my.cnf міндетті түрде с: дискісінде тұруы керек.

Мәлімет қоры да, оны басқаруға арналған бағдарламалар да осы қойылған жерде орналасқан. Басқару бағдарламалары c:/mysql/bin деген жерде, ал мәлімет қоры c:/mysql/data деген жерде.

Мәлімет қорын басқару жүйесі дұрыс не бұрыс істеп тұрғанын тексеріп көрейік. Ол үшін /mysql/bin/winmysqladmin.exe деген бағдарламаны іске қосайық. Егер конфигурация өзгермеген болса, бірінші қосылғанда бұл бағдарлама қолданушының логині мен паролін сұрайды. Біз логинді admin, ал парольді 123 деп келісейік. Бұл логин мен парольді кейінірек сайт жасағанда пайдаланатын боламыз.

Мәлімет қоры дұрыс жұмыс істеп тұрса, онда экранның оң жақ төменгі бұрышында бағдаршамның жасыл болып жанып тұрғанын көреміз (6-сурет). Егер қызыл шам жанып тұрса, онда қандай да бір қате кеткенін немесе MySQL өшіп тұрғанын білдіреді. Оны қосу үшін net start mysql деген бұйрық береміз. Ал өшіру үшін net stop mysql деген бұйрық береміз.

6-сурет. WinMySQLAdmin бағдаршамы.

Енді мәлімет қорын жасап, оның ішіне мәлімет енгізіп, оны оқып және тағы басқа нәрселер жасап көрейік. Мына /mysql/bin/mysql.exe бағдарламасын іске қосайық. Қара экранда mysql> деген команда жолы тұрады. Соның тұсында тұрып SQL бұйрық бере беруге болады.

Мәлімет қорын жасау үшін CREATE DATABASE course; деген бұйрық береміз (7-сурет). Мұнда course деген жасайын деп отырған мәлімет қорының аты. Яғни бұл аттың орнында кез-келген басқа ат тұра алады. Бұйрықтың соңындағы үтір-нүкте міндетті түрде тұруы керек. Бұл жазып отырған бұйрық - SQL бұйрық. Жай сөз бен бұйрықты шатастырмас үшін курста ылғи да SQL бұйрықты бас әріппен жазамыз. Негізі бұл бұйрықтарды кіші әріппен жазса да қате болмайды.

Қандай да болмасын мәлімет қорын басқару үшін алдымен оған қосылып алу керек. Ол connect course деген бұйрықпен жүзеге асады. Бұл SQL бұйрық емес, mysql ортасының бұйрығы. Кіші әріппен жазылып тұрғаны сол. Мұнда course деген біздің жаңа ғана жасаған мәлімет қорының аты. Сонда MySQL мәлімет қорын қайда сақтап жатыр? Жоғарыда айтылған /mysql/data деген жерді ашып қарайық. Ол жерде course деген каталог пайда болыпты. Каталогтың іші бос. Енді осы мәлімет қорына қатысты не жасасақ та, course мәлімет қорына байланысып тұрған кезде, барлығы осы каталогтың ішіне жазылып отырады.

7-сурет. MySQL бұйрықтары.

Енді кесте жасап көрейік. Релативті мәлімет қорында барлық мәлімет кестеге сақталады. Кесте өрістерден тұрады. Әр өріс өзінің түрімен анықталады. Түрі дегеніміз сол өріске қандай мәлімет жазылатынына байланысты. Мысалы бүтін өріске бүтін сан, мәтін өріске мәтін жазылады. Мәліметтің бір бірлігі жазба болады. Әр жазба кестедегі өрістердің түрі мен ретіне байланысты толтырылады.

Осы айтылғандарды түсіну үшін кесте жасап көрейік. Кесте жасау үшін CREATE TABLE sample (id INT, name CHAR(15)); деген бұйрық беріп көрейік. Мұнда sample кестенің аты. Кесте екі өрістен id, name тұрады. Бірінші өріс бүтін, екінші өріс 15 әріптен аспайтын мәтін түрінде. Енді мәлімет қор тұрған жерді /mysql/data/course/ қайта ашып көрейік. Онда үш файл пайда болыпты: sample.frm, sample.MYD, sample.MYI. Мәлімет осы файлдардың ішіне сақталады. Атап айтқанда негізгі мәлімет.MYD файлда жиналып отырады. Қалғандары осы кестеге байланысты ақпаратты сақтап тұрады.

Кестенің ішіне мәлімет жазып көрейік. Ол үшін INSERT INTO sample VALUES (1, 'course'); деген бұйрық берейік. Бұл sample кестеге бір жазба енгіз деген бұйрық. Ал кестеде жазылған мәліметті оқу үшін SELECT * FROM sample; дейміз. Мұнда жұлдызша аталған кестеде "не бар, соның бәрін" таңда деген сөз. SELECT деген кестеден теріп ал деген бұйрық. Егер SELECT name FROM sample; десек, тек қана аталған өрісте қандай мәлімет бар, соны көреміз. Әрбір бұйрық соңына үтір-нүкте қойып отыру керек. Бұл SQL тілдегі бұйрықтар туралы /mysql/Docs/manual.html оқулығында толық жазылған. Осы бұйрықтар туралы кез-келген анықтама сол жерде егжей-тегжей түсіндірілген.

Енді тағы да бірнеше маңызды нәрселерді қарастырып өтейік. Мәлімет қорына тағы екі жол енгізейік.

INSERT INTO sample VALUES (2,'mysql');

INSERT INTO sample VALUES (3,'php');

Көру үшін SELECT * FROM sample; дейміз. Жазулар бір-біріне ұқсас. Оларды қайта-қайта жазбас үшін жоғары-төмен пернелерді басып алдыңғы жазуларды қайтарып алып, жөндеп беруге болады. Енді жазбаларды өзгертіп көрейік.

UPDATE sample SET name='MySQL' WHERE id=2;

Мұнда екінші жазбадағы name өрісінде тұрған мәлімет өзгертіледі. WHERE арқылы шарт бере аламыз. Енді мәлімет қорынан бір жазба өшіріп көрейік.

DELETE FROM sample WHERE id=3;

Егер енді SELECT * FROM sample; десек тек қана екі жол қалғанын көреміз. Бірден барлық жолдарды өшіріп тастау үшін DELETE FROM sample; десек болғаны. Ал осы кестенің өзін өшіру үшін DROP TABLE sample; деген бұйрық беріледі. Осыдан кейін /mysql/data/course/ каталогын қарап көрсек, оның іші бос болып тұрады.

Мәлімет қорын өшіріп тастау үшін DROP DATABASE course; дейміз. Сонда /mysql/data/ ішіндегі course та жоқ болып кетеді.

Сонымен, біз мәлімет қорын қалай жасаудың, оған мәліметті қалай сақтаудың, өзгертудің, өшірудің негізін шолып өттік. Кейінірек бұл бұйрықтарды сайт жасағанда пайдаланатын боламыз. Ол бұйрықтарды бұлай тікелей қолмен емес, бағдарламаның ішінде жазатын боламыз. Бірақ ол кезде де SQL тілінің синтаксисі дәл осы жердегідей болып келеді.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 73 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Теориялық мағлұмат| Мәлімет қорын анықтау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)