Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары, міндеттері және проблемалары

Монетарлық экономикалық саясат | Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта құру мәселелері | Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттің өнеркәсіптік саясаты | Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы, мақсаттары мен міндеттері | Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыты, әдістері және нақты механизмдері | Бәсекелі және монополды рыноктар. Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеті | Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар | Табиғи монополияны мемлекеттік реттеу | Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін мемлекеттік қолдау |


Читайте также:
  1. A) Контекстік меню көмегімен, Файл менюімен және “Бума құру” сайманымен.
  2. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  3. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  4. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  5. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.
  6. А топты болаттар дегеніміз не және оның ентаңбасы?
  7. АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау

Инвестициялар және инвестициялық үдерістерді мемлекеттік реттеудің басты мақсаты орта және ұзақ мерзімді перспективада елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Экономикалық өсудің негізгі факторлары жер, еңбек, капитал екендігі экономикалық теориядан белгілі. Үшінші фактордың шамасын күрделі ресурстарды қалыптастырудың негізін қалайтын инвестициялар анықтайды. Алғашқы екі фактордың да динамикасы табиғи ресурстар мен адам капиталын инвестициялауға тәуелді.

Инвестициялық үдерістерді мемлекеттік реттеудің бірінші дәрежелі міндеттеріне негізгі құрал-жабдықтарды тозудан сақтау шаралары жатады. Негізгі құрал-жабдықтарды жаңалау осы құрал-жабдықтарға капитал салымының көлемі мен динамикасына тәуелді. Бөлінетін және жұмсалатын инвестициялардың жетіспеушілігі өндірістік қуаттарды кемітеді, жабдықтардың сапасы мен өнімділігі азаяды, ғимараттар, құрылғылар, тораптардың істен шығуы, тіпті қирау қауіптері туындайды. Аталған проблемалар қазақстандық экономикаға тән екендігін айту қажеттілігі соңғы 10-15 жыл бойына оларды инвестициялаудың жалпы деңгейі төмендеу үрдісін көрсетіп отырғандығынан туындайды.

Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің тағы бір ірі міндетіне ұлттық экономика құрылымы мемлекет дамуының әлеуметтік-экономикалық стратегиясына сәйкестендіру, құрылымдық саясатты қажеттіліктерге, сұранысқа, рыноктық конъюнктураға сай жүргізу жатады. Қазақстан экономикасында құрылымдық-инвестициялық саясат жүргізу барысында инвестицияларды өңдеуші, түпкі өнім шығаратын салаларға бағыттау ұмтылысы мен таза рыноктық мақсаттарды шикізаттық, қазба ресурстары салаларын инвестициялау үрдісі арасында қайшылықтар пайда болды. Ал, мұның өзі салиқалы мемлекеттік реттеу шараларынсыз шешуге болмайтын түйін екендігі даусыз.

Мемлекеттік реттеуді талап ететін тағы бір мәселе ғылыми-техникалық, технологиялық инновацияларды инвестициялық қамтамасыз ету болып табылады. Венчурлық капитал ағынының баяулығы, техникалық-технологиялық жаңаруға мүдделердің кемшіндігі қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетпесе, арттыра қоймайды.

Сенімді, орнықты өркендеуге қажетті инвестициялар көлемінің қатаң нормативтері жоқ болуына қарамастан экономикаға инвестицияланатын капитал мөлшері жалпы ішкі өнімнің, шамамен алғанда 15-20% құрауы тиіс және бұл мөлшер дағдарыстық құбылыстарды еңсеру проблемасы туындағанда арта түсуі қажет. Жалпы, капиталды тұтыну мен оның қорлануы арасында динамикалық тепе-теңдік орнағаны жөн.

Қазақстандық болмыста бұл талаптар рыноктық реформалардың барлық кезеңдерінде сақтала қойған жоқ. Мемлекеттік инвестициялар үлесі жыл сайын төмендеу үстінде болды. Қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі ішкі және сыртқы қарыздар, ағымдағы өткір қажеттіліктер күнделікті тұтынушылықтың басымдығын дәлелдеп тұруы, нәтижесінде инвестицияларды «жеп қою» үрдісі қалыптасты.

Дегенмен, соңғы жылдары Қазақстан экономикасына инвестициялар көлемі арта түскенінің куәсі болудамыз. Соның өзінде инвестициялардың көлемдік өсуі орнықтылықты талап етеді. Ал, ол өз кезегінде орнықты экономикалық жоғарылауды және өндірісті жаңартуды қамтамасыз етеді.

Тағы бір айтылатын жайт, рыноктық экономикада инвестициялық салмақ едәуір дәрежеде мемлекеттік бюджет иығынан алынып, шаруашылық жүргізуші субъектілердің иығына салынады десек те инвестициялық үдерістерді реттеудегі мемлекеттің рөлі сақталады, әрі күшейе түспек. Бұл жағдайда мемлекеттік қаражаттардан инвестициялық ресурстарды бөлу функциясымен қатар инвестициялық үдерістерді толығымен реттеу, басқару, барлық көздерден ел экономикасына инвестициялар тартуда мемлекеттік шаралардың маңыздылығы арта түседі.

Инвестициялық ресурстарды рыноктық бөлуді түзету, дәлдеу іс-әрекеттері де мемлекеттік реттеуді қажетсінеді, себебі инвестициялық ағындар өзінің жаратылысы бойынша әлеуметтік нәтижелер мен ұзақ мерзімді күтулерден тәуелсіз максималды және жедел табыс алу аймақтарына қарай бет түзейді. Сонымен бірге, мемлекет инвестициялық арналарды экономикалық өсуді, өндірісті жандандыруды, дағдарыстық жағдайда оңалуды қамтамасыз ететін экономикалық объектілер бағытына бұруы тиіс.

ХХІ ғасыр басындағы инвестициялық проблемалардың шиеленісе түсуінің тағы бір себебіне өндірістік сфераға капитал салымы деңгейінің негізгі қорлардың ескіруі, тозуы, істен шығуы үдерістерінің орнын толтыра алмай отырғандығы жатады. Мұның өзі елдің өндірістік әлеуетін төмендетеді де экономикадағы прогрессивті құрылымдық өзгерістерді қиындатады.

Өздерінің капиталын Қазақстан экономикасына орналастыру бағытында шетелдік инвесторлардың мүдделілігі арта түсуде. Осы үрдісті күшейте түсу үшін мықты заңнамалық база, сенімді кепілдіктер, орнықты экономикалық және саяси ахуал қажет.

Қазақстан экономикасына инвестиция келтіру проблемасы шетелдік инвестициялармен шектелмейді. Қаржылық дағдарыс салдарына қарамастан ішкі көздерден тартылатын капитал салымдары пайдаланылмай қалуда. Оларды іске асыру үшін, бір жағынан қолайлы инвестициялық ахуал жасап, капиталдарды кепілдіктермен қамтамасыз ету керек, ал екінші жағынан инвестициялық саясатты жүргізуде мемлекеттің рөлін күшейту қажет.

Жекелеген кәсіпорындар мен объектілердің сырттан инвестициялар алуы, сондай-ақ оларды меншікті табыстар мен жинақтарынан қалыптастыру мүмкіндіктері шектеулі. Оның үстіне инвестициялық ағындарды бөлшектеу инвестицияларды ұсақтап жібереді де оларды пайдалану тиімділігін төмендетеді. Инвестицияларды басқару мен реттеуді, инвестициялық үдерістерді бақылауды орталықтандыру жоғалатын болса, онда инвестициялық ресурстар азая түседі. Осы жағдайларға байланысты және экономиканы дамытудағы инвестицияның рөлін ескере отырып, инвестицияларды мемлекеттік басқару мен реттеуді объективті қажеттілік деп қарастыру қажет.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 267 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар| Инвестициялық үдерістер белсенділігін арттырудағы мемлекеттің рөлі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)