Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Осман Зун-нурайн

Читайте также:
  1. Национально-освободительное движение в Османской империи, образование национальных Православных Церквей и Константинопольский патриархат
  2. Османның (р.а.) Аллаһ жолындағы жомарттығы.
  3. Расцвет Османской империи в XVI в.

Әркімнің Жәннатта бір досы бар. Менің Жәннаттағы досым – Осман.

 

Оның толық аты Осман ибн Аффан ибн Абу аль-Ас ибн Умайя ибн Абд-

Шамс ибн Абд-Манаф ибн Кусайй ибн Киляб аль-Умави аль-Кураши.

Османның анасы мұсылмандықты қабылдап, оның халыифалық кезінде көз жүмды. Ал әкесі болса қаранғылық кезде дүние салды.

Бадр-ад-дин аль-Ғайни аль-Мұхалляба ибн Абу Суфру сен білесінбе биз неге Османды Зун-нурай деп атайтынымызды деп сүрады. Өйткені Адам (а.с.) нан бері Пайғамбардың (с.а.с.) екі қызын бірдей алған адам болмаған.

Нақты деректер бойынша Осман (р.а.) «піл оқиғас» нан кейін дүниеге келген. Бір деректкрде Ол Меккеде туылған десе, екінші деректе Тайфта деген көзқарас. Хазіретті Осман Пайғамбарымыздан (с.а.с.) бес,алты жас кіші болған.

 

 

§ Осман ибн Аффан (р.а.) жаһилия кезінде.

Орта бойлы,сүйегі ірі қара торының әдемісі, қара қалың шашы мен сақалы болатын. Хазіретті Осман жаратылысынан жан тазалығы мен тән тазалығы бойыны сіңген жан еді. Жәһилия кезінде де ішімдікті өзіне харам санап аузына да алмайтын. Ән айту, құмар ойындар, ойнастық сияқты арсыздықтардан алыс жүретін, тіпті әурет жерлерге көзінің түспеуін абай болатын.[13] Әкесңнен қалған байлыққа Осман саудамен айналысты, кәсібі алдыға басып көп табыс табатын және қолындағы мүмкіндіктерді пайдаланып, халқына үнемі жақсылық жасайтын. көзі ашық көкірегі ояу, ішкі жан дүниесі бай, мәдениеті жоғары. Сондықтан халық Османды жақсы көріп сыйлайтын.[14]

 

§ Хазіретті Османның (р.а.) мұсылман болуы.

 

Уағыз айтушылардың ең батылы Хазіреті Әбу Бәкір еді, ол жүрген жерінде доc-дұшпан деп бөлмей Ислам ақиқаттарын түсіндіретін.

Бір күні Османға да иман жайын баяндап, оны Хазіреті Мұхаммедке ертіп әкеледі.

Расулаллаһ жылы жүзді, үнемі күлімсіреп жүретін жайдары жан – Османға төтесінен:

«Аллаhтың сыйы – жәннатқа ұмтылғаныңды қалаймын. Мен саған және барлық адам баласына жетекші ретінде Аллаh тарапынан жіберілдім», – деді.

Пайғамбарлар сардарының қарапайым, жүрекжарды лебізі Османға әсер еткені сондай, ол мүбәрак тілінен иман кәлимасының қалай шыққанын өзі де аңдамай қалды. Ақ көңіл, өте сыпайы, Хазіреті Османның да мұсылмандар қатарына қосылуы мүшріктердің қаупін күшейтті. Ағайындары жиналып оны жазаламақ та болды.

Бірақ Осман сол тұрысы ешқандай жазадан қорықпайтындығын, бағытынан таймайтынын білдірді. Османның мұсылман болғанын естіген немере ағасы Хакам ибн Әбул Ас жынданып Хазіреті Османды ағашқа байлап қойып: бұл дінді тастап, аталарыңның дініне қайта оралмайынша саған нәр таттырмаймын. - дейді.

Осылайша арадан ондаған күндер өтеді. Хазіреті Османның шыдамы шыңдала түскендей, қайтар түрі жоқ, таяқ та жейді, сүйектен өтер сөзге де селт етпейді. Иманына зиян келмейді. Дініне беріктігінің арқасында көкесі де ештеңе шығара алмайтынына көзі жеткеннен кейін, оны босатып қоя береді. [15]

Көзі тірісінде-ақ жәннаттық екендігі жария болған Хазіреті Осман бір жағынан Мұхаммедтің (с.а.у.) күйеу баласы. Бірінші әйелі пайғамбарымыздың қызы Руққия, ол ерте қайтыс болады да, кейіннен Мұхаммед (с.а.у.) екінші қызы Үммү Гүлсіммен некесін өзі қиған. Пайғамбарлар Сұлтаны – Мұхаммедтің (с.а.у.) екі бірдей қызын алған бақытты күйеу осы себепті Зиннурайн лақабымен құрметке бөленген.[16]

 

Мүшріктердің көрсеткен қорлықтары мен зұлымдықтарынан құтылу үшін Эфиопияға һижрет еткен алғашқы 15 кісілік топтың ішінде хазірет Осман

мен жұбайы Рұқия да бар еді. Надыр ибн Әнәс әкесі Әнәстің былай дегенін естіпті:

«Осман ибн Аффан мен әйелі Рұқия Хабашстанды бетке алып, жолға шығады. Аллаһ расулы олар жөнінде ешбір хабар-ошар ала алмай, ошарылып тек күтумен болады. Содан бір күні Құрайыш әйелдерінің бірі: «Уа, Мұхаммед! Күйеу балаңды көрдім, әйкліде қасында екен», -дейді. Пайғамбарымыз: «Жағдайлары қалай екен», - деп сүрағанда, «Әйелін аяғын әрең басатын әлсіз есекке мінгізіп өзі жаяу келе жатыр», - дейді. Аллаһ расулы: «Хақ тағала екеуіне де жар болсын. Осман Лұттан (а.с.) кейінгі отбасы мен һижрет еткен алғашқы мұсыдман», - дейді.[17]

Ұяттылық пен биязылықтың белгісі Хазіретті Осман (р.а.) Айша (р.а.) анамыз риуаят еткен бір хадисінде былай дейді: “Бір күні Расулаллаһ үстіне жамылғысын жамылып демалып жатқан кезде Әбу Бәкір келіп, үйге кіруге

рұқсат сұрады. Расулаллаһ өзінің күйін өзгертпестен оған кіруге рұқсат берді. Ол сұрайтын нәрселерін сұрапболғаннан кейін шығып кетті. Содан кейін Омар келді, Пайғамбарымыз және жағдайын еш өзгертпестен, оған рұқсат берді. Содан кейін Осман келіп рұқсат сұрағанда, Пайғамбарымыз тұрып, үсті-басын түзетті. Мұны байқаған Айша анамыз:

– Уа, Аллаһтың елшісі! Әбу Бәкір мен Омар келген кезде көп қозғалмадыңыз, Осман келгенде неге әбігерлендіңіз? – дегенде, Ардақты елші (с.а.с.):

– Өйткені Осман – өте ұялшақ. Періштелердің ұялып, қысылған адамынан мен қалайша қысылмайын?”– деген.[18]

Пайғамбарымыз (с.а.с.), Құрайыштардың керуендерін қолға түсіру мақсатында өз сазхабаларын жинады. Хазіретті Осман жолға әзірленіп келгенде Пайғамбар (с.а.с.) оны босатып, әйелінін қасында қалуын бұйырады. Сол уақытта Рұқия ауру үстінде еді, ауруы күшейген сәтте Осман (р.а.) аяулы жарының дүние салатынын сезіп көзіне жас алды. Рұқияның соңғы арманы Аллаһ елшісін көріп кету еді, Рұқия жарық дүниемен қош айтысқанда, Аллаһтың елшісі Бәдірде болған еді. Оның соңғы сөзі ұлық кәлима еді. [19]

Хазіретті Осман (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.а.с.) соғысқа қатыспауға рұқсат алғанымен, Бәдірдегі шайқасқа қатыса алмаудың жанына батты. Мұсылмандардың Бәдірде жеңіске жетуі Османның қайғысын қуанышпен алмастырды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Бәдірден оралған соң Османға (р.а.):

– Сен Бәдірге қатыспасаң да бір шейіттің сауабын алдың, – деп тағы бір сүйінші хабар жеткізді. Содан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) екінші қызы-

Үммү гүлсүмді Османмен некелестіреді. Хижраның төртінші жылында болған «Затур-Риқа» соғысында Пайғамбарымыз (с.а.с.) Османды Мәдинада өзінің орнына уәкіл етіп қалдырады. Бұдан кейін хазірет Османды «Хұдайбия» келісімі кезінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) құрайыштарға Елші етіп жіберді.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 136 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бу Үбәйданың Әбу Бәкірдің халифалығы туралы айтқаны.| Османның (р.а.) Аллаһ жолындағы жомарттығы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)