Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нді әдебиетінің жанрлары

Читайте также:
  1. Ытай әдебиетінің жанрлары

Әдебиеті. Үнді әдебиеті – өте бай, сан-салалы әдебиет. Оның құрамына ассам, бенгал, гуджарат, хинди, каннад, кашмир, маратх, пенджаб әдебиеттері кіреді. Әдеби шығармалар ағылшын, санскрит және басқа да тілдерде жазылып келеді. Үнді әдебиеті әлем әдебие­тінен тәуелсіз дамып отырған. Ежелгі драма, лирикалық поэзия, прозаның гүлдену кезе­ңі және басқа ежелгі әдеби мұ­ра­лар­мен байланысы шамамен алғанда б.з.д. І мыңжылдыққа сәйкес келеді [1,4].

Ежелгі үнді мәдениеті мен әдебиеті түрлі тайпалар мен халықтық мұралардың синтезі нәтижесінде пайда болғаны түсінікті. Оларға ІІІ ғасырда Инд алқабын мекен еткен арий, дравид пен мунда халықтары жатады. Үнді-еуропа тіліндегі әдебиетпен қатар б.з. І мыңжылдықтың бас кезін­де оңтүстік аймақта дравидтік (тамильдік) әдебиет қатар дамыды. Ежелгі және орта ғасырда­ғы үнді әдеби ескерткіштерінің басым бөлігі санскрит тілінде жазылған. Санскрит тілінің классикалық, эпикалық және гибридтік деген түрлері болған. Әдеби ортада басқа да тілдер мен диалектілер кеңінен қолданылған. Б.з.б. ІІ-І мыңжылдықта пайда болған ежелгі үнді әдеби ескерткіші «Ригведа», сонымен қатар, басқа да философиялық мәтіндер солтүстік үнді тілінде жазылған.

Әлемдік әдеби үдерісте ежелгі үнді әдебиеті үлкен рөл атқарды. Үнділік эпос, лирика, драматургия және прозаның көпшілігі ежелгі дәуірде кең танымал болған және үнді елімен көршілес орталық Азиядан Қиыр Шығысқа, Индонезияға тарады. Үнді әдебиетімен танысу Еуропаның әдеби дәстүрлерін кеңейтіп, байытты.

Ежелгі үнді әдебиетінде поэзия мен прозаның аражігі ажыратылмаған. Мәтіндер діни, ғылыми, ертегі, эпикалық, тарихи болсын өлең жолдары мен прозалық пішінде кездескен. I мыңжылдықтың II жартысында үнді тарихында әлеуметтік өзгеріс­тер­мен қатар оның рухани мәдениетінде маңызды оқиғалар болды. Ол екі мықты діни джайнизм мен буддизм ағымдарының пайда болуымен сипатталады. Джайнизм ағымын қалаушы – Вардхамана Махавира, ал буддизм негізін салушы Гаутама Будда болып саналады. Махавира секілді Гаутама Будда кшатрилердің арасында патша жанұясында дүниеге келген. 29 жасында ол қолындағы барын тастап, шындықты іздеуде ел аралап кеткен. 6 жылдан кейін кейбір дерек­тер бойынша ол іздегенін тапқан дейді. Сонда Будда алғаш өзінің жан сырын ашқан екен. Будда өз алдына жаңа дінді шығаруды мақсат етпеген. Ол өмірге деген жаңа жолды көр­сет­кісі келді, бұл жол адамдарды қиындықтардан босатады деп сенді. Ол «төрт асыл ақиқаттарды» үйретті: қиналу бар, қиналудың себептері де бар, қиналудың бітуі де бар және осы­лар­дан босатылатын таза жол бар деп айтқан екен.

«Джатак» кітабы да әлемдік танымалдыққа ие болды. Джатак – Будданың алдыңғы уақыттағы туылулары жөніндегі әңгімелер жиынты­ғы. «Джатак» жинағының басқа да азиялық елдерге таралып, ықпалы күшті болғандығы кхмер, лаос, сиам т.б. әдебиеттерді сөз еткенде айтылған болатын. Өйткені, джатактар буддизмге табын­ған халық тілдеріне аударылып отырған. Үнділік метампсихоз (рухтардың ауысуы) ілімі бойынша Гаутама Будда болып жаратыл­мастан және нирванаға жетпестен бұрын ол әртүрлі өсімдік, жануар, құдайлар мен адамдардың бейнесінде бірнеше рет болған. Пали канонындағы джатактар жинағы 547 әңгімеден құралған. Әр джатак кіріспе, прозалық әңгімелер және қорытынды болып үшке бөлінеді. Джатак сюжеттері фольклордан, халық мысалдары, ертегілер, фантастикалық аңыздар, анекдоттар т.б. алынған. Белгілі арыстан мен бұқа туралы джатак осыған дәлел: арыстан терісіне оранған есек, өзін даусы арқылы танытып қояды (189 джатак); көлдегі балықтарды бірінен кейін бірін жеп тұра берген тырнаны, шаян тұншықтырып өлтіргені (38 джатак); қарғаның қарқылдаған даусын өтірік мақтап, оның тамағын жеп алған шиебөрі туралы (224 джатак); екі қазбен көкке самғап сайрай бастаған тасбақа туралы (215 джатак); ағаш шеберінің өз ұлына маңдайын­дағы шыбынды қағып жіберуін өтінгенде, ақымақтығынан әкесін қақ маңдайынан ұрып мерт қылғандығы (44 джатак) және т.б.

Неміс ғалымы Т.Бенфей теориясы бойынша әлем ертегілерінің отаны – Үндістан жері, соның ішінде ертегі сюжеттерін құрастырушылар мен таратушылар буддистер деген. Джатактар құра­мына кірген кейбір әңгімелер Үндістанға басқа елдерден келген [4]. Алайда буддистік «Типитака» мен «Джатак» кітаптары әлем әдебиеті мен фольклорында өзінің маңызын жоғалтпақ емес.

Классикалық ежелгі үнді эпостары «Махабхарата» мен «Рамаяна» әлем халықтары арасында кеңінен танымал. Қазақ әдебиетінде бұл туындыларды тұңғыш қазақ тіліне аударған қазақтың көрнекті ақыны және жазушысы журналист, аудармашы Әубәкір Дастанұлы Нілібаев екенін айтып кеткен жөн. Нілібаев мырза үнді әдебиетін көп жылдар бойы зерттеп, үндінің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударды. Нілібаев мырза ертеден үнді мәдениет, әдебиеті және философиясына сүйіспеншілік білдірген, сондықтан ол 1980 жылдары «Махабхаратаны» аудара бастаған. Нілібаевтың үздік қызметін мақұлдап, 2004 жылы наурыз айында Үнді Президенті оны үндінің ең жоғары сыйлықтарының бірі Падма Шри сыйлығымен марапаттады. Бұл «Махабхарата» эпосы– Ұлы Бхарат жайлы көлемді туынды. Ол 18 кітапқа бөліген 100 мың қос шумақты өлең жолдарынан тұрады. Махабхарата VII-VIII ғасырда құрастырылған. «Махабха­ратада» негізінен, билік үшін жүргізілген соғыс жайлы айтылады. Бұл соғыс екі патшалық: кауравами және пандавами тектері арасында болған. Осы тұста Шекспирдің «Ромео-Джульеттасындағы» Монтекки мен Капулетти әулеті ойға оралады. Бұл эпостар жайлы қазақ оқырмандары М.Р. Анандтың «Үндістан туралы әңгімелері» атты кітабы арқылы таныса алады. Бұл кітапта тарихы тереңде жатқан Үндістан мәдениеті жайлы жан-жақты баяндалған. Осы екі эпостың қысқаша мазмұны берілген. Бұнда «Махабхаратаға» қысқаша былай тоқталады: «Махабхарата» патшалар мен патшайымдардың, ханзадалар мен ханшалардың өмірлері жайында, данагөй қарттар мен халықтың ерлік істері туралы жазылған көптеген дастандар жинағы. Бұл дастандарды Виаса деген ақын құратырып жинаған. Дастанда Нала мен Дамаянти махаббаты, Савитри адалдығы, Кришнаның атақты жорықтары, Хиндидің ұлы дұға кітабы «Бхагавад Гитадан» басқа санскрит тілінде жазылған «Кауравас пен Пандавас» деп аталатын тарихта болған оқиғаны сипаттайтын әңгімелер бар.

Үнді халқының екінші әйгілі эпосы «Рамаяна» («Раманың амалдары»). «Махаб­­харатамен» ұқсастығы көп болғанымен де, басқаша қалыпта құрылған. Данышпан ақын Валмики жазған «Рамаянаның» көлемі шағын. Ол жеті кітапқа (канд) бөлінген, 24000 қос тармақты шумақ шлокалардан тұрады. «Илиадаға» қарағанда «Одиссея» секілді, «Махабха­ратаға» қарағанда «Рамаяна» эпосы фольклорлық сарындағы ертегі элементтеріне толы, әңгімеде көп басты әзәзіл­дермен күрес, сиқырлы құбылыстар, әуедегі ғажайып ұшулар мен жауынгер-маймылдар тура­лы болады. Назар аударарлық нәрсе – «Махабхаратаға» қарағанда «Рамаянаның» әңгімесінде руханилық жағы өзгеше келеді: жартылай жабайы қаһармандық ахуал нәзік сезімталдықпен алмастырылады, атақ-даңққа деген құмарлық ұнамды бекзаттық пен адамгершілікке, таза­лық­қа ұмтылған, жоғары міндет пафосы махаббат пен сенімділік пафосына жол береді [2].

Екі эпостың да композициялық негізі ұлы шайқас қаһарманның заңды құқығы мен намысына әділетсіз қастандық жасаудан басталды: Паристің Еленаны ұрлап әкеткеніндей қаһарманның әйелінің ұрлануы ұзақ жылдарға созылған және көптеген айбынды жауынгер­лердің өліміне әкеліп соқтырған қанды соғыстың себепшісі болады. Зерттеушілер осы туындылар мен жанрлар әлем әдебиетінің дамуына негіз болған деген пікірде. Бұл ескерткіштер үнді әдебиетінің көркем шығарма мен көркем туындыларының пайда болуына жол ашты.

Ведалық әдебиет. 3 мың жылдан астам уақыт бойы өз дәстүрі қалыптасқан үнді әдебиеті санскрит тілінде жазылған, эпос, лирика, драманың негізі қаланған діни мадақ жырлар – ведалардан басталады.

Мохенджо-Даро мен Хараппа өркениеттерінің жойылу себептері мен мерзімі нақты белгілі емес. Инд алқабының жоғарғы бөліктеріндегі қазба жұмыста­ры­ның нәтижесінде, ғалымдар шамамен б.з.д. ІІ мыңж. жататын жойқын жорықтар­дың қалдық­та­рын тапқан. Ол даму сатысы төмен болған халықтардың шабуылы екені де айқындалды. Гиндукуш тауларынан өтіп, Ауғанстанға шабуыл жасаған, одан Пенджабқа соққан сол арий тайпалары екені әбден мүмкін. Олар біраз уақыт Инд жерінде болып, Ямуна мен Ганга бассейндеріне өткен. Ведалық әнұрандарда осы шабуыл жайлы айтылған. Онда арийлердің заң, құдай, құр­бан­дық дегенді тіптен білмейтін «дасью», «қара тәнділермен» шайқасы, дасью қамаула­ры­ның жойылу және ведалық пантеонның басты құдайы Индра жайлы жазылған. Индра шығармада жиі-жиі «Пуран­дара» яғни «қалалардың қиратушысы» деп аталып отырады [3].

Зерттеушілер ведалық әдебиеттің басталуын шамамен б.з.б. ІІ мыңжылдықпен сәйкестендіреді. Ведалық әдебиет негізінде өлеңдер мен проза формасында берілген кең көлемді мәтін­дер жинағы, ұрандар мен ән-әуендер, рәсімдер түсініктемесі мен аңыз-әңгімелер, философия­лық диалогтар және метафизикалық ой толғаулар көрініс табады. «Веда» сөзінің өзі «білім» деген мағынаны білдіреді, нақты айтсақ, жоғары білім және де веда ескерткіштері мәңгілік жасаған құдірет күші ретінде саналады. Ведалармен жетік таныспай тұра, Үндістан­ның рухани мәдениетін, діни әрі философиялық ілімдерін, осының ішінде тек индуистік емес, сонымен қатар буддалық ілімдер тарихын жетік түрде тану мүмкін емес.

Алғаш уақытта қасиетті үш веда: «Ригведа» ұрандар ведасы («риг» сөзі «ұран» дегенді білдіреді), «Самаведа» өлеңдер ведасы (саман мелодия, әуен), «Яджурведа» құрбандыққа шалу рәсімімен байланысты нақыл сөздер (яджус құрбан, құрбандық формуласы) болған. Кейін үш ведаға төртіншісі «Атхарваведа» дұғалар ведасы (атхар­ван дұға, сиқырлы формула) қосылды. Бұл төрт веда барлық ведалық әдебиеттің негізі болып табылады, олар компози­циясына байланысты самхиттер, яғни жинақтар деп аталды. Өлең түрінде жазылған сам­хит­терге көбінесе брахмандар жатады, олар рәсімге түсініктеме беретін, теологиялық мағынадағы прозалық мәтіндер. Брахмандармен араньяк және упанишадтар жақын болды, олар өлең мен проза формасында жазылған философиялық трактаттар, негізінен, адам болмысы, табиғат, Құдай және адамзат, олардың бұл өмірде байланысы мен орналасуы жайлы нақты мәлімет береді. Еврейлердің Библия кітабы немесе мұсылмандардың Құран Кәрімі тәрізді, самхиттер, брахмандар, араньяктар мен упанишадтар біріге отыра брахманизмнің қасиетті канонын құрайды. Оларға қатысты Үндістанда «шрути» («естілген») термині қолданылып, осының өзі ведалық мәтіндер оқылып, қағаз бетіне түсірілмеген, оның орнына мәтіндер қарапайым түрде айтылып, халыққа естіліп отырды [2].

«Ригведаның» бірнеше мәтіндері болған, бізге жеткені – Шакал аталатын мәтіні. Мәтін он мандалға (кітап) жинақталған, түрлі көлемдегі 1028 әнұраннан тұрады. Бұл мандал­дар­ды әдетте рулық кітаптар деп атайды, себебі әр кітапта әртүрлі абыз­дардың руы жазыл­ған. «Ригведа» авторларын ежелгі үнділіктер риши, яғни қасиет­­ті даналар деп атаған және оларға Брахма құдайдың өзі қолдау береді деп түсінген. «Ригведа» ұрандарына, негізінен – мақтау сөздер, дұғалар, өтініштер, үнді пантеонын­дағы құдайларға тағзым ету т.б. жатады.

Самаведа және Яджурведа самхиттерінің Ригведадан айырмашылығы олардың негі­зінде дәстүрлі салттар болады. Самаведаның бізге дейін үш редакциясы жеткен еді. Солардың ішіндегі ең кереметі болып Каутхума редакциясы саналады. Каутхума 1603 әнұран­нан тұрды. Самаведа үнді әндерінің тарихи дамуын­да үлкен рөл атқарды.

Яджурведа – абыз адхварьюларға арналған үнді прозасының ежелгі үлгілері. Бұған құдайға табынушылық, құрбан шалу секілді дәстүрлі салттар негіз болған. Яджурведаның сақталған редакциясының екі негізгі Қара Яджурведа және Ақ Яджурведа мәтіндері бар. Ақ Яджурведаға – әнұрандар мен құрбан шалу формулалары; ал Қара Яджурведаға негіз болған теологиялық және салттық прозалар. Атхарваведа – сиқырлық жалбарынулар мен ырымдардан тұрған. Сақталған Ат­хар­ва­веданың екінші редакциясы – Шаунаки, ол 20 кітапқа бөлінген, 731 әнұраннан тұрады.

Веда әдебиетін «веданга» деп аталатын туындылар аяқтайды. Веданганың ерекшелігі – ондағы трактаттардың сутра жанры бойынша жазылғандығы. Сутраның алғашқы түсінігі – жіп, ал кейін ол қысқаша түсініктеме деген сөз деп берілді. Яғни, алғашында ол матаның жібі секілді, ал кейіннен оны тезірек түсіну үшін веданга қысқаша түсінікті формада деп түсіндіріледі [3].

Санскрит тілінде жазылған халық ертегілерінің жинағы — “Панчатантра” (б.з. III-IV ғасырлар) повесть жанрының бастамасы болды. Жаңа заман шебінде жеке шығармашылыққа көшу байқалып, дербес әдеби түрлер мен пішіндер қалыптасты: Халаның пракриттік лирикасы, Ашвагхошидің, Бхасаның санскриттік драмалары, тамиль-лиро-эпостық поэзиясы [4]. Калидас пен Дандиннің санскриттік мифологиялық мазмұнындағы шығармалары өзінің діни реңін бүтіндей жоғалтып, адамгершілік идеяларды білдірудің құралына айналды. Драмалық тамиль әдебиетінің шыңы дана билеушінің мүлтіксіз тұлғасын суреттеген Тируваллурдың “Тирукурал” атты қанатты сөздер кітабы болып табылады. Шамамен 7 ғасырдан бастап санскрит және тамиль тілдеріндегі әдебиеттермен қоса дравид және жаңа үндіарийлік тілдердегі әдебиеттер пайда болды. Кейінірек кашмир әдебиеті мен синдх әдебиетінің, сондай-ақ, пушту тіліндегі үнді әдебиетінің негізі қаланды [4]. Үндістандағы жергілікті тілдердегі әдебиеттермен қатар ұзақ уақыт бойы мемлекеттік мекемелер мен жоғары білім берудің негізгі тілі болып келген ағылшын тіліндегі үнді әдебиеті де дамыды. Алғашқы ағылшын тілді ақындардың (В.Деразио, К.Гхош, Т.Датт) өлеңдерінен ағылшын романтизмінің ықпалы байқалады [4].

Үнді тіліндегі роман жанры ХІХ ғасырдың 70-жылдарында пайда болды. Солтүстік Үндістанда алғашқы аударма романдар халық арасына кең тарап үнді тіліндегі романдардың жазылуына септігін тигізді [5]. Алғашқы романдардың тақырыбы нәзік жандылардың білім алуы («Үлкен және кіші келіндер жайлы әңгіме» Гаури Датта, 1970; «Бхагьявати» Ш.Пхуллори, 1877;) жайлы болды. ХІХ ғасырдың аяғында роман жанрының даму бағыттары айқындала бастады. Проза жанрындағы ағымдардың бастауында Шринивасдастың «Тәжірибе» және Кхартидің «Чандраканта» романдары тұрды.

ХХ ғасыр басындағы үнді әдебиетінің дамуына ерекше зор үлес қосқан ұлы жазушы, сыншы, ақын, драматург, композитор, суретші, педагог, қоғам қайраткері Рабиндранат Тагордың орны ерекше болды. Ол артына қалдырған мұра да тым мол. Ол елу шамалы өлеңдер жинағын, он екі роман-повесть, жүзден астам әңгіме, отыз пьеса, екі жүздей сын мақала жазған. Дін мен суреттері тағы бар. Солардың ішінен «Гитанджали» («Құрбандық жырлары») деген өлеңдер жинағы мен 1913 жылы Нобель бәйгесін алған «Бағбан» дастанын, «Күйреу», «Гәуірмаһан», «Үй мен түз» деген романдарын атауға болады [6,214].

«Күйреу» романы – Р.Тагор шығармаларындағы елеулі туындыларының бірі. Бізге Рабиндранат Тагордың «Күйреу» романы С. Шаймерденовтің аудармасы арқылы таныс. Романның басты кейіпкелері – Ромеш, Нолинакха екеуі үнді жігіттерінің ұлттық таза бояулы қалпымен бейнеленеді. Жан мен тән тазалығын берік тұтынған олар өздері сүйген әйел затының парасаттылығын ардақтауды берік тұтынады. «Күйреу» романында жаңа өмір ағымы мен ескі ғұрыптың қызық тартысы баяндалады. Үнді жұртында қатыгез бір заң бар: бұл елде 8-10 жастағы балаға әйел әепереді. Жесір әйелдің қайта тұрмысқа шығуына жол жоқ. Күйеуінің көзіне шөп салған әйел талақ болады, діннен шығады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында жастар осындай анайы ғұрыпқа қарсы шыға бастайды. «Күйреуде» осындай ағымның жаңғырығы бар. Нолин деген жігіт бұрынғы ғұрыпты талақ етеді де, тағдырдың жазуымен басқа күйеуге шыққан Камала деген қалыңдығын қайтарып алады. Сөйтіп ғасырлар бойы қаймағы бұзылмай келген ескі шірік салттың тамырына балта шабылады. Кітаптың «Күйреу» аталған себебі де осыдан. [6, 215].

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы поэзияда Үндістанның ұлттық тәуелсіздігіне шақыру басым болды. ХХ ғасырда ағылшын тіліндегі проза туды, оның көрнекті өкілдері М.Р.Ананд, Р.К.Нараян, Х.Чаттопадхая т.б. болды. Үнді прозасының өрістеуіне Калькуттадағы Форт Вильям колледжі әдістемелік тұрғыда көп көмек көрсетті.

Үнді әдебиетінің туындылары ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ тіліне аударыла бастады. 1956 жылы Алматыда «Әдебиет баспасында» «Индия мен Пакистан әңгімелері» атты жинақ жарық көрді. Жинақта қазақ оқырмандары М.Р.Анандтың, Кришан Чандардың, Ибрагим Джалистің, Ходжа Ахмад Аббастың, Али Сардар Джафридің, Махиндар Натхтың әңгімелерімен таныса алады. Үнді әңгімелері Үндістан халқының жан дүниесін көркем бейнелейді, әсем суреттейді. Бұған Кришан Чандардың «Жүз рупия» әңгімесі мысал бола алады. Бұл әңгімеде бай саудагердің жұмысын істеп бергені үшін Мұхамед Шафи деген жұмысшы жүз рупия алмақ болып алдына күнде келеді. Біресе қожайыны болмай, біресе меңгеруші келмей, енді бірде дұрыс есеп жасалмады деп сылтауратып жұмыстағылар қайтарып жібере береді. Соңғы рет тағы да келіп, ақыры жүз рупияға жазылған чекті алып банкке өткізіп жүз рупиясын алады. Сол мезетте Ысқақ деген досы кезігіп, оған қарызға он рупия береді. Қалтасында ақшасы болғанан кейін қайтуға асықпай, жағалауда қыдырып, Хариби роудта орналасқан дүкендерді аралап әр нәрсені қызықтап сатып алғысы келеді. Бірақ көргеннің үстіне көргісі келіп, қызығып тағы да жақсы нәрселер кезігіп қалар деп аралап жүре береді. Бала кезінен ұнататын фильмоскопты да сатып алмақшы болады. Бірақ үйіндегі келіншегі мен баласын ойлап, үйіне қайтады. «Еңбекпен тапқан әрбір қағаздың өзіне өз қолымен салып жүрген қайғы ұғауы екендігін сезген едім мен»,-дейді жұмысшы. Сөйтіп оның өмірге деген көзқарасы осы сапарында өзгереді.

Үнді әдебиетінде поэзия мен прозаның аражігі ажыратылмаған. Мәтіндер діни, ғылыми, ертегі, эпикалық, тарихи болсын өлең жолдары мен прозалық пішінде кездескен. Орнаметті поэзияның негізі болған осындай ежелгі үнді романдары ерекше жанрдың тууына себеп болды. Осыдан философиялық шығармалар, медицина, грамматика, астрономия, архи­тектура тақырыбында өлең жолдарымен жазылған.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Бомышұлы Б. Көп тілді әдебиет. Қазақ әдебиеті, 1960 ж., №5 (265), 29 қаңтар, - 4 б.

2 Әлем әдебиеті: Оқулық. Көптілеуова Д.Т. Алматы, 2012. - 320 б.

3 Титов В.М. Идейно-художественные принципы в зарубежной литературы ХІХ-ХХ вв. – Воронеж, 1977.

4 Үндістан. http://kk.wikipedia.org /wiki/

5. Дубянская Татьяна Александровна. Развитие романа на хинди в концеXIX ―первой трети XX в. www.dissertacii.narod.ru/libr/filol/dubianskaya.pdf

6. Шаймеренов С. Әдеби толқындар. Алматы, 1986.

 

 


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 897 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ытай әдебиетінің жанрлары| ХОРНАДА ПЕРВАЯ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)