Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті арасындағы қатынастар

Читайте также:
  1. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
  2. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 1 страница
  4. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 2 страница
  5. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 3 страница
  6. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 4 страница
  7. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 5 страница

 

Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті (ИМ) арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 10 сәуірде орнатылды. Израильдің Қазақстандағы Елшілігі 1992 жылдың тамызынан бері жұмыс атқарады. Қазақстанның Израильдегі Елшілігі 1996 жылғы мамырда ашылды. Қазақстанның Израильдегі Елшісі Б.Нұрғалиев (2012 жыл, сәуір). Израильдің Қазақстандағы Елшісі Исраэль Мей Ами (2008 жыл, қазан). Өткен кезеңде екі ел арасында әртүрлі деңгейде бірқатар сапарлар жүзеге асырылды. ҚР Президенті Н.Назарбаев Израильге екі рет ресми сапармен барып қайтты (1995 ж. желтоқсан, 2000 ж. сәуір). Қазақ тарапынан Израильге сонымен қатар келесі тұлғалар сапар жасады: Премьер-Министр (1992 ж.), Премьер-Министрдің орынбасарлары мен бірқатар министрліктер мен облысәкімдіктерінің басшылары (1992 ж.), Жоғарғы соттың төрағасы (1995 ж.), Білім және ғылым министрі (2007, ақпан), Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі (2007, маусым),Парламент Сенатының Төрағасы (2008, мамыр), Парламент Мәжілісі Төрағасның орынбасары (2008, желтоқсан).
Қазақстанда сапармен Израиль Ғылым және экономика министрі (1993 ж.), Энергетика министрі (1993 ж.), Қорғаныс министрлігі Бас директорының басшылығымен әскериделегация (1995 ж.), Сыртқы істер министрі (1995 ж. тамыз-қыркүйек), Премьер-министрінің орынбасары-Құрылыс және тұрғын үй министрі (2002 ж. маусым, АӨСШК саммиті),Премьер-министрінің орынбасары-Негев және Галилейді дамыту министрі (2006 ж. маусым, АӨСШК екінші саммиті), Мәдениет, ғылым және спорт министрі (2008 ж,. қаңтар), Кнессет(Парламент) Вице-спикері (2008 ж,. мамыр) болды. Израильдің ұлттық инфрақұрылым министрі Б.Бен-Элиезер Қазақстанда үш мәрте сапармен болды (2007 ж. желтоқсан, 2008 ж. қыркүйек, 2010 ж. сәуір), Ғылым министрі Д.Гершкович және экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының Лауреаты Р.Ауман (2010 ж. шільде және 2011 ж. мамырда Астана қаласында III-IV Астана Экономикалық Форумы). Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Израиль үкіметаралық комиссиясының 5 отырысы өтті – 1993 ж. наурызда, 1998 ж. маусымда Алматыда, 1994 ж.қарашада, 2004 ж. қарашада Иерусалимде, 2010 ж. сәуірде Астанада. 2009 жылғы 30 маусым – 1 шілдеде Израиль Мемлекетінің Президенті Шимон Перестің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары болды. Сапар шеңберінде ол Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының үшінші Съезі мен Қазақстан-Израиль бизнес-форумына қатысты. Аталған бизнес-форумда 6 келісімге қол қойылды.
2010 жылғы 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ Саммитіне (Астана) израиль тарапынан Премьер-министрдің орынбасары, Стратегия істері жөніндегі министрі М.Яалон қатысты. 2010 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан-Израиль сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті. 2011 жылы ҚР мен ИМ арасындағы тауар айналымы 1,544 млрд. долл. жетті (экспорт – 1,418 млрд., импорт – 126 млн.долл). Қазақстан-Израиль шарт-құқық базасы 35 келісімнен тұрады.

 

 


Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 124 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ел жайлы мәлімет | Географиясы, орналасуы, климаты | Лттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері | Ірі қалалары мен астанасы ТЕЛЬ-АВИВ | Астанасы - Иерусалим | ШЫҒЫС ДУАЛЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лі теңіз| Я вижу тебя насквозь 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)