Читайте также: |
|
Алтын Ордада Жошы үлысының мемлекеттік қүрылысының негізгі бастамасы сақталды. Жошы үрпагының мемлекеті саяси қүрылысы жағынан ұлыстарға бөлінген, өз кезегінде ұлыстары пеғұрлым ұсак үлес-иеліктерге бөлшектенген әдеттегі көшпелі мемлекет болған еді. Алтын Орданың ішкі басқару жүйесінде қызмет адамдарынан, әскери ақсүйектерден қүралған әкімшіл-чиновниктік аппараты маңызды орын алды. Армияны жэне мемлекеттің ішкі істерін басқару үшін ерекше лауазымдар белгіленді. Алтын Орданың билеушісі — хан ондағы барлық қарулы күштердің бас қолбасшысы саналды. Ханның атынан бүкіл әскери істі беклербек басқарды, ал азаматтық биліктің басында уэзір түрды. Беклербек уәзірден дәреже жағынан жоғары түрды. Ол басқа мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды басқарды жэне азаматтық істерді шешкен кезде жоғары сот билігін атқарды.
Алтын Ордада атқарушы орган—диуанның басында уэзір түрды. Атқарушы өкіметтің орталық органы — диуанның қарауында қаржы, салық жэне басқа ведомстволар болды. Диуанның хатшысы бітікші деп аталды. Уэзір мемлекетті азаматтық түрғыдан басқару ісінде ханның кеңесшісі болды. Мемлекеттік басқару жүйесінде даруғалар мен басқақтар маңызды орын алды. Даруғалар негізінен салық жинаумен айналысты, басқақтар басқару міндетін де атқара отырып, жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды. Олар сонымен қатар қалалар мен бағынышты үлыстардан алым-салық та жинады.
Монгол әскерлерінің басқыншылыгы жаулап алган елдер үшін өзінің зардабы жагынан ауыр апат әкелді. Ол көптеген халықтардың экономикалық жэне мәдени прогресін, олардың саясн, әлеуметтік жэне этннкалық дамуын тежеді. Монголдардың шапқыншылыгы салдарынан өндіргіш күштер әлсіреді. Көптеген қалалар қпратылып, ортагасырлық қала мәдениетіне үлкен знян келтірілді. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңіріндегі отырықшылық өмір мен егіншілік мәдениетіне бүл ауыр соққы болып тиді. Багындырылган халықтан алынатын алым-салық та ауыр жэне коп болды. Зерттеушілердің айтуынша салықтың 20 шақты түрі болган.
Дегенмен, монгол басқыншылыгының апатты зардаптарымен бірге кейбір жагымды жақтары да болган. Монгол өкіметтері сауда- саттық пен халықаралық байланыстың дамуына жағдай жасады, жер-жердің бэрінде пошта жэне көлік қатынасы қызметін енгізді. Монғолдар бір орталыққа бағынатын өкімет идеясын әкеледі, бұрып үйымдаспаган тайпалардың басын қосады. Көшпелі өмір тэртібін Шыңғысханның заңдар жинағы — «Ясасына» сәйкес келтіре бастайды. Кейін «Ясаның» кейбір нормалары қазақ заңдарында белгілі дәрежеде пайдаланылады. Мемлекеттіліктің элеуметтік үйымы мен түрлерінің көптеген нормалары монгол дәуірінен кейін Қазақстанда пайда болған мемлекеттік қүрылымдарда пайда- ланылды. Монгол жаулаушылығы Қазақстан жеріндегі этникалық процестер барысына да үлкен әсер етті
Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 816 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде. | | | Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет. |