Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емдеу бөлімінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі

Читайте также:
  1. Акционерлік қоғамды құру тәртібі
  2. Емдеу бөлімдерінің асхана, буфеттерінде санитарлық-эпидимиологиялық тәртіп
  3. Емдеу және реабилитациясы.
  4. Жұмыстың орындалу тәртібі.
  5. Жұмыстың орындалу тәртібі.
  6. Кәсіпорынның негізгі басшылығымен және мамандарымен, еңбек жағдайы мен жұмыс тәртібімен танысу.

Науқас түсер алдында палатадағы төсек, тумба, дәрет ыдысына арналған заттар дезинфекциялық ерітіндідегі дымқыл шүберекпен сүртіледі. Осыған орай, бөлімнің жұмыс бөлмесінде дезерітінді мен шүберегі бар таңбалы ыдыс болады. Ыдысты жабық ұстау қажет. Төсекке дезинфекциядан өткен төсек жабдықтары төселініп, төсек жабдықтарына таза төсек жамылғысы жабылады. Науқасқа жеке заттар (аурудың жағдайына байланысты) бөлінеді: стакан, су ішкізетін ыдыс, түкіргіш, дәрет ыдысы, зәр қабылдауыш, жылытқыш, т.б. тиянақтап жуылады. Науқас жазылып шыққаннан кейін науқас қолданған заттар дезинфекцияланады.

Науқас ауруханаға түскен кезде өзімен гигиеналық заттарды алуына рұқсат беріледі. Битпен түскен аурулар қабылдау бөлмесінде алғашқы тазалаудан өтеді, ерекше қадағалауда болады және қажет болған жағдайда биттен толық арылту үшін тазалаудан қайта өтеді.

Рұқсатпен, әр ауру өз бөлімінде гигиеналық душ қабылдай алады (7-10 күнде 1 рет).

Науқас іш киімдері және төсек жамылғылары 7-10 күнде бір рет (душ қабылдағаннан кейін) және жамылғы кір болған жағдайда ауыстырылады.

Жамылғыларды ауыстыру мерзімі арнайы тіркемеде тіркеліп отырады, оны бөлімнің шаруашылық бөлімінің медбикесі жүргізеді. Жамылғыларды іріктеуге арналған арнайы бөлме болу керек. Пайдаланған жамылғыларды еденге лақтырып тастауға тиым салынады. Жамылғылар ауыстырылғаннан кейін палатадағы заттар дезерітіндімен дымқылданған шүберекпен сүртіледі.

Пайдаланған жамылғыларды іріктеу мен жинастыруға арналған бөлме ауасы таза, еденнен 1,5 м жоғары плиткамен жапсырылған немесе майлы бояумен боялуы керек.

Жамылғыларды ауыстыру кезінде халат, медициналық қалпақ, маска, резинке қолғап, шәркей болу қажет. Жамылғыларды ауыстырып болғаннан кейін бөлме дезерітіндімен жуылады, арнайы киім жууға жіберіледі, аяқ киім мен қолғап дезинфекцияланады. Бөлмелерді тазалау үшін арнайы белгі қойылған мүлік және шүберек бөлінеді, олар тазалаудан кейін дезинфекцияланады. Науқастар күнде таңертең және кешке, ұйықтар алдында жуынуы керек. Тамақ ішер алдында міндетті түрде қол жуу керек. Төсектен тұрмайтын науқастарды жуындыру керек. Төсектен тұрмайтын науқастар үшін жуыну төсек жанында ұйымдастырылады. Бұл үшін, бөлімде белгі соғылған ыдыстар (шәйнек, леген, су және ағызба суға арналған ыдыс пайдаланылғаннан кейін дезинфекцияланады) болуы керек.

Науқастарға, палатадағы көрші төсегіне отыруына тиым салынады. Сонымен бірге, келушілерге де науқастың төсегіне отыруға рұқсат берілмейді. Бұл жағдайда палатада орындық болу керек.

Палаталар ауасы күніне кем дегенде 4 рет тазартылуы керек. Түскі астан кейінгі демалыс және күн тәртібінің барлық науқастармен аурухана жұмыскерлері тарапынан қатаң сақталыну керек.

Ауруханалардың бөлімдерінде пост тәртібі мен күн тәртібі қатаң сақталуы керек, науқастар мен медицина қызметкерлерінің дауыстап сөйлемеуге тиісті, бөлмелерді таңертең ерте және кешке кешігіп жинамау керек.

Науқастарға басқа бөлімдерге баруға рұқсат етілмейді. Шәркейлер және басқа да қолданыста болған аяқ киімдер науқас шыққаннан кейін дезинфекцияланады.

Қызмет көрсетушілер қолдарын тазалау, осы нұсқаудың 2.14 тармағына сәйкес жүргізіледі.

Бөлімдерде тәртіп пен тазалық сақталынады. Тазалау күніне 2 рет 2% ыстық сабынды-содалы ерітіндіні немесе 2 пайыздық ыстық синтетикалық жуу заттары ерітіндісімен, ылғалды тәсілді пайдалана отырып жүргізіледі. Дәретханалар, душ бөлмелері дезинфекция жабдықтарын пайдалана отырып жуылады. Дезинфекция ерітінділерін пайдалана отырып, аптасына 1 рет жалпы тазалау жүргізіледі. Бөлімнің тазалау мүліктеріне (шелек, шүберек) белгі қойылады және дәретхана, палата, ванна, дәліз, емдеу кабинеттерінде және т.б. бөлмелер үшін арнайы пайдаланылады.

Белгі соғылған тазалау мүліктері қатаң белгіленген орындарда сақталады және белгілі бір мақсатта ғана қолданылады. Тазалау мүліктерді сақтайтын орын болмаған жағдайда дезинфекциялағаннан кейін жинайтын орын белгіленген жерге сақтауға болады. Осы мүліктерді басқа бөлмелерді және басқа да мақсатты істерге пайдалануға рұқсат етілмейді. Пайдаланғаннан кейін жинау мүліктері мен шүберектер дезинфекцияланады және тиісті жерде сақтайды.

Бөлім персоналдың медициналық бақылануы мен тексерісі медициналық бақылаудың қолданылыстағы нұсқауына сәйкес жүргізіледі.

Науқастар арасында ауруханаішілік инфекциялық дерт пайда болған жағдайда барлық қызметшілерге кезектен тыс медициналық бақылау жүргізіледі.

Аурухана бөлімдерінде, науқастардың инфекциялық ауруларына орай іс-шаралар жүргізіледі. Науқастардың қызуы көтерілген кезінде (37,5° С және жоғары), 5 күн бойы тифопаратифоз, риккетсиоз және басқа да инфекцияларға тексеруге арналған бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін қан алады. Соңғы 2 жылда тропиктен келген, қызбасы байқалған науқастардың алғашқы белгілеріне қарамастан малярия зиянкестерін білуде міндетті түрде қаны зерттеледі. Осындай қанды зерттеу:

қызу жиі көтерілгенде, сырқаттанудың алғашқы 5 күн ішіндегі алынған анықтауларға қарамастан;

қан құйғаннан кейін 3 ай ішінде қызу көтерілгенде;

соңғы 2 жылда анализде маляриямен ауырғандардың қандай ауру түрі болмасын қызуы көтерілгенде;

белгісіз қан аздық, көк бауыр мен бауырдың өсуі кезінде жүргізіледі.

Науқастың жұқпалы ауру белгісі байқалғаннан, жұқпалылар ауруханасына (бөліміне) ауыстырғанға дейін, оны оңаша палатаға оқшаулау керек.

Жұқпалы аурумен қатысты науқастарды оңаша палатаға ауыстырады және аралық уақытына дейін оларға бақылау жасалынады, науқасты шығарар кезде жұқпалы аурумен қатысты болғаны туралы мекен-жайына орай СЭС хабарлайды. Босатылған палатаға кесте бойынша ЕПМ құралдары және күшімен соңғы дезинфекция жүргізіледі.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 785 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Олды хирургиялық деңгейде өңдеу | Дезинфекция түрлерi. | Дезинфекцияның химиялық әдiсi. | Инвентарды өңдеуден өткізу | Науқасты қабылдау және санитарлы өңдеуден өткізу | Педикулез анықталғанда науқасқа жүргiзiлетiн санитарлық өңдеу. | НАУҚАСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ | Науқастың функциональды жағдайын бағалау: ақыл есін, төсектегі жағдайын, тері жабындыларын, тыныс алуын бағалау | Артериялдық қысымды өлшеу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Модульдік оқу кезіндегі қажетті кәсіби мейірбикелік сапалардың дамуы| Емдеу бөлімдерінің асхана, буфеттерінде санитарлық-эпидимиологиялық тәртіп

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)