Читайте также:
|
|
Баяндама түріндегі бақылау нысаны студенттің қарастырылып отырған тақырып шеңберінде өзекті деп есептеген тақырыптың маңыздылығын, мәнін, оның теориялық және тәжірибелік қажеттілігін негіздеп, қарастырып отырған тақырыбы шегінде мәселелерді ғылыми, тәжірибелік деңгейде көтеріп қарастырған авторлардың пікірлеріне сүйеніп, сын көзқараспен талдау жасап, өз ұсыныстарын беруі қажет.
Әдетте баяндаманың құрылымы автордың жеке сөйлеу мәдениетімен, стилімен ерекшеленеді. Баяндаманың көлемі әдетте 5-7 минуттық уақытқа сәйкес дайындалады немесе баяндама оқылатын іс-шарадағы регламенттің көлеміне ыңғайланып дайындалады.
Баяндамада рефераттағыдай қатаң құрылымдық тәртіп жоқ, ол баяндама жасаушының жеке, индивидуалдық ерекшеліктерге ие болады.
Дәрістер тақырыптарының тезистері
1 тақырып. Шетелдегі алқабилер сотының тарихи тамырлары.
Алқабилер сотының пайда болуының тарихи тамырлары. Европадағы абсолютизм және феодализм кезеңіндегі сот жүйесінің ерекшеліктері. Соттардың билік жүйесіндегі орны мен мәртебесі. Сот өндірісіне халық өкілдерінің қатысу қажеттілігі. Алқабилердің сот өндірісіндегі алғашқы тәжірибесі. Алқабилер демократиялылықтың элементі.
2 тақырып. Қазақстандағы алқабилердің тарихы.
Қазақстандағы билер сотының табиғаты. Билер сотында істі қараудың ерекшеліктері. Кеңес одағы кезеңіндегі сот өндірісі. Кеңестік сот өндірісіндегі халық өкілдерінің қатысуы және олардың әділ төреліктегі орны. Кеңестік халық өкілдерінің құқықтық мәртебесі. Кеңестік сот өндірісіндегі халық өкілдерінің қажеттілігі. Қазіргі кездегі Қазақстандағы алқабилер сотынын енгізу алдындағы туындаған мәселелер.
3 тақырып. Халық өкілдерінің әділ сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуы
Сот төрелігін жүзеге асыруда халық өкілдігі және оның тарихи тамырлары. Халық өкілдерінің қатысуымен сот төрелігін жүзеге асырудың әлеуметтік-психологиялық және адамгершілік аспектілері. Сот өндірісіне халық өкілдерінің қатысу мақсаттары мен міндеттері: сот билігін жүзеге асыру аясында әлеуметтік бақылау, сот шешімдерін адамгершілік тұрғыдан қорғау және т.б.
Әділ төрелікті жүзеге асыруда халық өкілдерінің қатысу нысандары. Сот өндірісіне халық өкілдерінің қатысу нысандарының көптүрлілігі.
4 тақырып. Алқабилер сотында жарыссөз қағидасы.
Жарыссөз қағидасы – алқабилер сотындағы негізгі қағида.
Жарыссөз қағидасының мазмұны және оның іс бойынша объективті шындықты анықтаумен ара қатынасы. Жарыссөз процесінде соттың орны. Аталған мәселелерді шешуде көзқарастың әртүрлілігі.
Алқабилер сотының қызметінде жарыссөз қағидасының көрінісі. Сот отырысында соттың жеке ынтасы бойынша алдын ала тергеудегі олқылықтарды толтыруға құқығының шектелуі. Тараптардың дәлелдемелерді ұсынғанда және сараптағандағы белсенділігі. Процестің салдарына тараптардың көзқарасының ықпалы.
5 тақырып. Істі алдын ала тыңдау.
Алдын ала тыңдаудың мақсаты. Алдын ала тыңдауға қатысатын тұлғалар және олардың құқықтары мен міндеттері. Айыпталушының істі алқабилер сотының қарастыруына байланысты мақсаттарын анықтау. Айыпталушыларға алқабилер сотының негізгі ережелерін және соттың үкіміне шағымдану тәртібін түсіндіру.
Істі сотта қарастыру тәртібінің еркін таңдалуы ғылыми және тәжірибелік мәселе ретінде.
Мүмкін болатын дәлелдемелер жөнінде дауларды шешу тәртібі және негізі. Тараптардың ұсынымдарға рұқсат беруі. Алдын ала тыңдау нәтижесі бойынша судьяның шығаратын шешімі және оған шағымдану тәртібі.
6 тақырып. Сот талқылауында алқабилерді таңдау
Іріктеу тәртібі тәуелсіз алқабилер алқасының құрылу кепілі ретінде. Алқабилерді іріктеу тәртібі. Алқабилер алқасын құру үшін қажетті мәліметтер көлемі мен сипаты. Сотталушының кінәлілігі жөнінде мәселені шешуге ықпал ететін алқабилердің көзқарастарын анықтау. Алқабилер алқасының құрылуына тараптар мен төрағалық етушінің ролі. Мақсатты мақсатсыз шеттетулер. Оларды шешу және арыз беру тәртібі. Алқабилер сотында мақсатсыз шеттетулердің маңыздылығы. Бірнеше айыпталушы бар істерде мақсатсыз шеттетулер мәселесін шешу.
7 тақырып. Алқабилер сотында дәлелдемелерді сараптау.
Алқабилер сотында дәлелдемелерді сараптаудың ерекшелігі. Істің фактілік жағдайларын сараптаудың шектері мен пәні. Дәлелдемелерді сараптау тәртібін анықтау. Тараптардың дәлелдемелерді ұсынуы. Дәлелдемелерді сараптау барысындағы алқабилердің құқықтары. Сот тергеуінде төрағалық етушінің құқықтары мен міндеттері. Әрекеттегі қылмыстық іс жүргізушілік заңнамасы бойынша қысқартылған алдын ала тергеу тәртібінің мүмкіндігі.
8 тақырып. алқабилер сотында тараптардың сөз жарысы
Алқабилер сотында тараптардың жарыс сөзінің ролі. Жарыс сөздің қатысушылары. Ораторлық өнер әдістерінің алқабилерде оң көзқарас қалыптасуына ықпалы. Тараптардың мәтіндерінің мазмұнына байланысты шектеулер.
9 тақырып. Алқабилер алқасымен шешілуге жататын сұрақтар
Алқабилер алқасымен шешілуге жататын сұрақтар қою тәртібі. Сұрақтарды қою кезіндегі тараптардың құқықтары. Төрағаның міндеттері. Сұрақ парағының құрылуы және бекітілуі.
10 тақырып. алқабилер сотында заңды талқылау.
Алқабилердің материалдық және қылмыстық іс жүргізу құқығының нормаларын түсіну мәселесі. Бұл мәселенің әділ төрелікке жетуде маңыздылығы. Мәселені шешуде төрағаның соңғы сөзінің ролі. Соңғы сөздің мазмұны мен құрылымы.
Алқабилердің заңның мазмұнына байланысты талқылау сұрануға құқығы. Төрағалық етуші судьяның заңды талқылауы және тараптардың соттағы сөздеріне түсіндірме беруі.
11 тақырып. алқабилер алқасының шешімі.
Шешімшығаруды алқабилердің кеңесу тәртібі. Алқабилердің көпшілік дауы бойынша шешімшығару тәртібі. Алқабилердің сот залына шешімшығару үшін қосымша мәліметтер мен түсіндірме алуғы қайты келу мүмкіндігі.
Айыптау немесе ақтау шешімдері. Олардың іс бойынша одан кейінгі маңыздылығы. Төрағалық етуші судьяның алқабилердің айыптау шешімімен келіспеу құқығы. Мұндай келіспеушіліктің негіздемесі мен салдары.
12 тақырып. Алқабилер қабылдаған шешімнің салдарын талдау
Сот талқылауы қорытындысында қабылданатын шешімдер.
Сот талқылауының аталған кезеңінің ерекшелігі. Алқабилердің қарауына жатпайтын жағдайларды талдау. Сот талқалауының осы бөліміне қатысты тараптардың құқықтары. Алқабилердің сұрақ парағында қойылған талаптары жөнінде шешімге күмәндануға тыйым салу. Сот талқылауның осы кезеңіндегі тараптардың сөздерінің мазмұны.
Алқабилердің шешімінің негізінде қабылданған үкімнің ерекшелігі.
Судьяның қылмыстық істі тоқтату жөніндегі қаулысы. Алқабилер сотында қылмыстық істі тоқтатудың ерекшеліктері.
13 тақырып. Алқабилер сотында қабылданған шешімдерге шағымдану
Шағымдану құқығының субъектілері. Шағым беру тәртібі. Қылмыстық істі тоқтату қаулысына шағымдану. Шағымды кассациялық және қадағалаушылық тәртіппен қарастыру тәртібі. Шағымды кассациялық және қадағалаушылық тәртіппен қарастыру кезіндегі тараптардың құқықтары.
Дата добавления: 2015-07-18; просмотров: 182 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін әдістемелік нұсқау | | | Инструктор |