Читайте также: |
|
Білім алушы өзінің білім беру бағдарламасын мамандықтың жұмыс оқу жоспары шегінде өз бетімен жеке оқу жоспары (ЖОЖ) ретінде құрастырады. Білімнің сәйкес деңгейін меңгеру үшін білім беруші оқу жоспары бойынша талап етілген кредиттер санын жинау арқылы өз жеке оқу жоспарын орындауға міндетті.
Студенттің ЖОЖ әрбір академиялық кезеңге эдвайзердің (білім алушының мамандығы бойынша бітіруші кафедраның оқытушысы) көмегі арқылы қалыптасады. Эдвайзердің басты міндеті - студентті оқыту траекториясын таңдауға көмек көрсету. Эдвайзер болмаған жағдайда бітіруші кафедраның меңгерушісі студенттердің жеке оқу жоспарларын қалыптастыру мәселелері бойынша оларға кеңес беруі тиіс. Эдвайзерлер саны студенттер санына байланысты ректордың бұйрығымен бекітіледі.
Білім алушы өзінің ЖОЖ құрастырған кезде:
· кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелерімен танысуға;
· оқу пәндеріне тіркелу және қайта тіркелудің бекітілген мерзімдерін сақтауға;
· жекелеген деңгейдің білім беру бағдарламасын меңгеру үшін бір оқу жылына бекітілген кредит санынан кем емес пәндерге жазылуға м і н д е т т і.
Білім алушы ақылы негізде сәйкес деңгейдегі білім беру бағдарламасын меңгеру үшін бекітілген кредит санынан төмен кредит санымен өзінің ЖОЖ қалыптастыра алады;
Білім алушының ЖОЖ кірістіретін кредиттер саны білім алушының сәйкес семестрге мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспары бекіткен кредит санына сәйкес келуі керек.
Қалыптасқан ЖОЖ (3 данада) кафедра меңгерушісімен (бастығымен) және Тіркеу бөлімімен келісіледі де, деканмен бекітіледі. Келісілгеннен соң бір дана білім алушыда қалады, ал екінші дананы эдвайзер Тіркеу бөліміне атестаттауды ұйымдастыру үшін тапсырады, үшінші дана деканатта болады және білім алушының оқу жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.
Білім алушы элективті пәндерді (таңдау бойынша компонент) мамандықтың жұмыс оқу жоспары шегінде пәндер құрамы бойынша ЖОЖ өзгертуге құқылы. Оқу жоспарының әрбір бөлігі бойынша элективті пәндер каталогы (ЭПК) кафедрамен қалыптасады, кафедра отырыстарында, Факультет кеңестерінде, университеттің ОӘК талқыланады және Ғылыми кеңесте бекітіледі.
Кафедралар эдвайзерлер (ғылыми жетекшілер) және пәндерді презентациялау арқылы білім алушыға элективті пәндердің саны және мазмұны туралы толық ақпаратты алдын-ала беруге міндетті.
Кафедралар сондай-ақ, әрбір академиялық кезеңдегі сабақтардың алғашқы күндерінде электрондық тасымалдаушыда студенттің оқу-әдістемелік кешенін (СОӘК) толық түрде беруге міндетті.
Силлабустар және СОӘК бойынша әдістемелік ұсыныстар оқу процесін ақпараттық қамтамасыздандыру бөлімімен құрастырылады. Силлабустар мен СОӘК құрастыру бойынша ақпараттарды барлық оқытушыларға жеткізу жауапкершілігі кафедра меңгерушілеріне жүктелінеді.
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында үлкен мағына білім алушылардың өзіндік жұмысына бөлінеді: студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ), студенттердің оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы (СОӨЖ). Білім алушы өз бетімен үй тапсырмаларын орындай алуы, кейстерді талдай білуі, курстық және басқа да зерттеу жұмыстарын жаза білуі қажет.
Өзіндік жұмыстың барлық түрлері нақты тапсырмалар мен бағалау өлшемдерін көрсету арқылы пәннің силлабусында жазылуы керек.
СОӨЖ және МОӨЖ қатынас сағаты шегінде жүргізіледі. Офис-сағаттар кестесі кафедраларда оқытушының ұсынған мәліметі негізінде талданып, студенттердің сабақ кестесімен, деканатпен, оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау бөлімімен аудитория бөлу үшін келісіліп, БСМж/еМБ бастығымен (Мж/еСББ бастығымен) бекітіледі де, деканат пен кафедралардың тақтасында ілінеді және барлық оқытушылардың силлабустарында көрсетіледі. Офис-сағаттарының саны жүктеме көлемі мен студенттер санына байланысты анықталынады.
Білім алушылардың пәндерді оқуға жазылуы (Enrollment) Тіркеу бөлімімен, кафедралар, деканаттар мен эдвайзерлердің әдістемелік және кеңес беру көмегі арқылы жүргізіледі.
Білім алушылар оқу сабақтарына жазылуы (Registration) үшін СМЖ/ЭМЖ 07.ҚЕ.17 «Пәндерге тіркелу туралы» қызмет туралы ережесімен танысулары керек.
Білім алушылар оқу сабақтарына жазылмас бұрын біріншіден, өздерінің жеке траекторияларын жасақтау үшін эдвайзерларына хабарласуы керек. Эдвайзер білім алушыларға бекітілген жұмыс оқу жоспарына және таңдау бойынша пәндер каталогына сәйкес пәндерді таңдау мәселелері бойынша түсінік пен кеңес береді.
Бірінші жылы оқып жатқан білім алушы үшін мерзімі академиялық күнтізбеде көрсетілетін бағытталу жұмасы ұйымдастырылады. Бұл кезеңде кредиттік оқыту технологиясымен жалпы танысу, әкімшілік өкілдері, факультет декандары, кафедра меңгерушілері және эдвайзерлермен кездесулер ұйымдастырылады.
Университетке жаңадан түскен білім алушылар бағытталу жұмысы аяқталған соң бірінші семестрдың теориялық білім беру үдерісі басталғанға дейін пәндерге тіркелуі керек.
Білім алушылардың бұл категориялары пәндерге тіркелу үшін келесілер негіз болып табылады:
§ Білім алушылар қатарына еңгізу туралы бұрық;
§ Семестр үшін төлем (егерде оқу ақылы негізде болса).
Басқа білім алушылар келесі оқу жылының пәндеріне және қайтадан оқитын пәндерге (Retake) академиялық күнтізбеде көрсетілген тіркелу кезеңі аралығында оқу жылының аяғында тіркеледі. Олардың тіркелу кезеңіне (презентациялар, кеңестер) қатысуы міндетті. Білім алушы осы кезең аяқталған соң пәндерге жазыла алмайды.
Тіркелу үшін оларға:
§ Пәнді оқуға қажет барлық пререквизиттерді толығымен өтуі;
§ Оқу ақысы бойынша қаржылық бережақтарының болмауы;
§ Кешенді медициналық тексерістен өтуі (бір оқу жылында кемінде 1 рет өту керек).
Ақылы негізде білім алушы оқу ақысын жасалынған келісім-шартқа байланысты төлейді.
Таңдалынған курстардан бас тарту және қайта тіркелу «Add/Drop» жеке өтініш бойынша 27 тамызға дейін келесі себептермен жүргізіледі:
1) топтың рентабелсіздігі (қалыптаспауы);
2) кафедраның штаттық кестесіндегі өзгерістер.
Кредиттік жүйемен оқыту кезінде академиялық ағындар мен топтар, оқытушыға және оқыту пәндеріне жазылу принципі бойынша қалыптасады.
Академиялық лектер пәнге жазылған білім алушылардың жеткілікті саны қағидасы бойынша қалыптасады. Міндетті пәндер үшін минимальды жазылған білім алушылардың саны келесіні құрау керек: дәріс- 30 және одан да көп адам, семинарлар мен практикалық сабақтар – 20, зертханалық – 10 адам (тілдер, информатика бойынша практикалық сабақтар жалпы саны 10-12 адамды құрайтын топшаларға бөлінеді). Таңдау бойынша пәндерге минималды 12 адам.
Жазғы семестр кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесінің бір бөлігі, білім алушылардың қосымша оқытудағы қажеттілікті қанағаттандыру және академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарларындағы айырмаларын (қайта қабылдау, ауыстыру және де рейтинг-балдың жетіспеушілігінен сессияға жіберілмегендерді) жою үшін ақылы негізде ұйымдастырылады.
ЖС өтуге келесілер құқылы:
* «өте жақсыға» үлгіретіндер (қосымша білім алуға);
* өткен академиялық кезеңдегі академиялық қарыздары бар студенттер;
* қайта қабылдау, ауысу кезіндегі академиялық айырмалары бар студенттер;
* рейтинг-бақылаудың қорытындысы бойынша сессияға жіберілмеген студенттер.
ЖС мамандықтар мен курстарға байланысты оқу процесіндегі академиялық күнтүзбе бойынша анықталады және ұзақтығы 6 аптаға дейін.
Жазғы семестрдің басталуы оқу процесінің графигіне байланысты жыл сайын академиялық күнтүзбе арқылы белгіленеді.
Сессия бойынша академиялық қарыздары бар студенттер кафедраның келісімі бойынша басқа элективтік курс таңдауға құқылы.
ЖС ұйымдастыру барысы регламентке сәйкес келеді:
Білім алушы жазғы емтихандық сессия аяқталғаннан кейін 10 күн аралығында тіркеу бөліміне үлгі бойынша ЖС қатысу туралы өтінішін және қосымша төлем түбіртегін қоса береді;
* ТБ студенттердің ЖС өтініштерін электрондық түрде Тіркеу жорналына тіркейді, кейін ол қағаз күйінде сақталады;
* Пәндерге тіркелгеннен кейін ТБ топтарды бөледі;
* ТБ кафедра меңгерушілерімен бірге білім алушылардың ұсынған өтініштеріне сәйкес оқытушылар құрамын анықтайды;
ЖС кезінде рейтингілік (3,6 жұма) және қорытынды бақылау тест түрінде өткізіледі (компьютерлік немесе қағаз түрінде).
ЖС кезінде өтпелі бал жинай алмаған студенттер келесі курсқа көшірілмейді. Университеттегі оқытудың келесі курсына ауыстыру үшін қажет үлгерімнің минималды орташа балы (GPA) студенттер үшін - 1,33
ЖС қатысқан оқытушыларға төлем ақы ректордың бұйрығымен орындалады.
Дата добавления: 2015-11-28; просмотров: 172 | Нарушение авторских прав