Читайте также:
|
|
Компрессорлық станциялар газ құбырының өткізгіштік қабілетін арттыру мақсатында газ қысымын көтеруге және берілген қашықтыққа дейін газды тасымалдауды жүзеге асыруға немесе қажетті технологиялық процесстерді қамтамасыз етуге (мұнай бергіштікті ұлғайту үшін қабатқа газ айдау, газлифтілі пайдалану және т.б.) арналған. Компрессорлы станцияларды әдетте табиғи газдың немесе мұнай газының көп жиналған жерінде тұрғызады.
Компрессорлық станциялар құрылымының кешенінде келесі объектілер мен құрылымдар болуы мүмкін:
· бір немесе бірнеше компрессорлық цехтар;
· жинау жүйесі, механикалық және сұйық қоспаларды бөліп шығару және залалсыздандыру;
· электрмен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, канализация, байланыс, найзағайдан қорғау және электрохимиялық тоттанудан сақтау, автоматты түрде басқару және телемеханизация жүйелері;
· қосалқы және көмекші объектілер.
Осылайша, компрессорлар орналасатын ғимараттан басқа компрессорлық станциялар аумағында мыналар тұрғызылады:
· сумен циркуляцияны (тұйықталған) қамтамасыз ету үшін сорап орналасатын орын;
· суды салқындатуға арналған градирня (құрылғы);
· газды сұйықтан және механикалық қоспалардан алдын-ала тазартуға арналған айырғыштар тобы;
· майды ажыратқыштар, мұздатқыштар, мұздатқышта тұрып қалған конденсатты бөлуге арналған ажыратқыштар;
· газды өлшеу пункті;
· мұздатқыштардан және айырғыштардан бөлінген конденсатты айдап шығаруға арналған сораптың орналасатын орны;
· механикалық шеберхана;
· құбырлар жүйесі;
· қосалқы ғимараттар.
Компрессорлық цех - компрессорлы станцияның негізгі кешені (объектісі). Оған бір топ компрессорлық агрегаттар, сонымен қатар цехты функциялануын (жетілдірілуін) қамтамасыз ететін қондырғылар мен құрылымдар жүйесі кіреді.
Газ жинау коллекторынан-1 мұнай немесе табиғи газ айыру қондырғысына-3 келіп түседі, онда сұйық және механикалық қоспалардан тазартылады. Одан әрі газ бірінші сатылы компрессорға-7 берілу үшін қабылдау коллекторына-5 келіп түседі және 1 МПа қысымға дейін сығылады. Желі (линия) 2 бойынша майлы газ мұнайды дайындау қондырғысынан алдын-ала тазалану үшін айырғышқа-3 келіп түседі.
Бірінші сатылы компрессордан айдалған газ майайырғыштардан өтеді, онда компрессордың цилиндрінен газбен бірге кеткен компрессорлық майдан босатылады да мұздатқышқа- 12 барып түседі. Мұздатқышта май 30-400С дейін салқындатылады, нәтижесінде одан көмірсутектік конденсат бөлініп шығады. Газдыконденсатты қоспаны бөлу үшін оны орташа қысымдағы айырғыштан-14 өткізеді. Одан соң газ компрессорлардың-7 екінші сатылы сығуының қабылдауына барады, онда қысым 7,84 МПа. дейін жеткізіледі.
Сурет 12.4. Компрессорлы станцияның технологиялық сұлбасы 1-кәсіпшілік келетін газжинау коллекторы; 2-МДҚ-нан келетін газжинау коллекторы; 3-сұйықтардан және механикалық қоспалардан газды алдын-ала бөлуге арналған айырғыштар; 4-“өзінен кейін” қысым реттегіші; 5- І-ші сатылы қабылдау коллекторы; 6-жанар отын желісі (линиясы); 7- 10ГК түріндегі поршенді компрессорлар; 8- ІІ-ші сатылы қабылдау коллекторы; 9- І-ші сатылы арынды коллектор; 10- ІІ-ші сатылы арынды коллектор, 11-май айырғыштар; 12- І-ші сатылы мұздатқыштар; 13- ІІ-ші сатылы мұздатқыштар; 14-орташа қысымдағы айырғыштар; 15-жоғарғы қысымдағы айырғыштар; 16, 17, 18-конденсатқа арналған сыйымдылықтар (ыдыстар); 19-сораптар орналасатын орын; 20-газөлшеу пункті. |
Екінші сатыда сығылған газ алғашқыда температураны төмендету және одан конденсатты бөлу үшін май ажыратқыш-11 арқылы мұздатқышқа-12 бағытталады. Газдан конденсатты бөлу үшін газ мұздатқыштан-13 жоғарғы қысымдағы айырғышқа-15 бағытталады. 10ГКН Газдымоторлық компрессорларымен жабдықталған компрессорлық станцияда қабылдау коллекторындағы-5 газдың бір бөлігі қысым реттегіш-4 арқылы газдымоторкомпрессорлардың отындық желісіне келіп түседі. Бөлініп шыққан конденсат конденсат жинағыштарға-16,17,18 бағытталады, ол жақтан сораптар орналасқан алаңдағы-19 сораптармен ГӨЗ бағытталады.
Осылайша, газды көп сатылы сығу кезінде, әрбір сатыдан кейін газ салқындатылады, бұл кезде одан конденсат түріндегі біршама мөлшерде ауыр көмірсутектері бөлініп шығады. Конденсаттан газдың неғұрлым толық бөлінуі газды дайындау әдістерінің - адсорбция, майлық абсорбция және төменгі температуралы айырғыш көмегімен жүзеге асырылады.
Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 560 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сығымды сорапты станциялар | | | Компрессорлық станцияның негізгі жабдықтары |