Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Қайталану операторлары.

Читайте также:
  1. Дәріс. Құрылымдар және мәліметтердің басқа формалары.
  2. Дәріс. GRAPH стандартты модулін қойлдану
  3. Дәріс. Динамикалық жадымен жұмыс істеуге арналған процедуралар мен функциялар. Стандартты процедуралар және функциялармен жұмыс істеу.
  4. Дәріс. Жазбалар. Жазбаларды қолдану мысалдары
  5. Дәріс. Көріністер, тіліктер, қималар.
  6. Дәріс. Массивтер және көрсеткіштер

Паскаль тiлiнде цикл нұсқауларының 3 түрi бар:

1) for... do (параметрлiк қайталау)

2) while... do (алдын ала берiлген шарт бойынша қайталау)

3) repeat... until (келесi шарт бойынша орындалуын қайталау)

Көп жағдайларда аргументтердiң әр түрлi мәндерi бойынша алгоритмнiң аргументтердiң әр түрлi мәндерi бойынша алгоритмнiң белгiлi бөлiктерiн немесе алгоритмдiк тiлдiң бiрнеше оператор тобын бiрнеше рет қайталауға тура келедi. Осындай процестердi ұйымдастыру үшiн циклдық құрылымы бар алгоритмдер /операторлар/ пайдаланылады. Қайталаушы бөлiктер әртүрлi заңдылықтар /ережелер/ бойынша қарастырылады.

Параметрлiк қайталау.

Көп жағдайларда қайталау саны белгiлi болғанда шартсыз қайталау, яғни параметрлiк қайталау операторын пайдалануға болады.

Бұл нұсқаудың жалпы түрi:

for <айнымалы>:=<алғ.мән> to <сон.мән> do

<опер>

for I:=1 to n {downto} m2 do

<опер>

Мұндағы <айнымалы> – бүтiн типтегi цикл параметрi Паскаль тiлiнде параметрдiң қадамы тек екi мән: 1 немесе –1-дi ғана қабылдай алады. Қадамдық мәнiне тәуелдi нұсқауда to немесе downto (down – төмен, to – дейiн; яғни downto – азайту) тағы сол сияқты қолданылады. Егер қадам –1-ге тең болса, downto қолданылады.

Көп есептердi шешу үшiн бiрiнiң iшiнде бiрi жатқан күрделi цикл пайдалануға тура келедi. Мұндай программаларды құрғанда iшкi цикл толығымен сыртқы циклдiң iшiнде орналасуы қажет.

Iшкi циклдiң өзi де басқа iшкi циклдердi қамтуы мүмкiн.

Алдын ала шарт бойынша қайталау.

Бұл қайталау қайталаудың саны белгiсiз болған жағдайда пайдаланылады. Бұл нұсқау алгоритмдiк тiлде қайталау командасына сәйкес келедi.

Жалпы түрi.

While <шарт> do

<опер>

B логикалық өрнек тұруы да мүмкiн.

While B Do

P

Бұл нұсқауда алдымен шарт тексерiледi, егер ол орындалса (немесе сақталса), онда цикл денесi орындалады. Бұл процесс қашан шарт сақталмағанша қайталанады. Егер шарт сақталмаса басқару келесi операторға көшiрiледi. Дәлiрек айтқанда, логикалық өрнектiң мәнi қашан жалған болғанша қайталаудың денесi (цикл денесi) қайталап орындала бередi. Мысал келтiру.

Келесi шарт бойынша орындалатын қайталау операторы.

Бұл нұсқау көп жағдайда қайталаудың саны белгiсiз болған жағдайда, пайдаланады. Оның жалпы түрi:

Repeat

<қайталау денесi>

Until <логикалық өрнек>

 

Оның орындалуы: қашан логикалық өрнектiң мәнi ақиқат болғанша, цикл денесi қайталана бередi. Алгоритмдiк тілде бұл қайталауды “Цикл денесi” дейдi, оның жоғарыда көрсетiлген “Цикл – әзiр”-ден өзгешелiгi, мұнда қайталанатын цикл денесi кемiнде 1-рет орындалады. Демек, бұл қайталауда алдымен цикл денесi орындалады да, одан соң шарт тексерiледi.

Негізгі әдебиет: 1[37-43], [97-99], 2[123-132], 3[42-59], 4[7-11].

Қосымша әдебиет: 2[95-106].

Бақылау сұрақтары

1. Қандай жағдайда FOR, WHILE, Repeat циклдық операторлары пайдаланылады?

2. WHILE және Repeat операторларының айырмашылығы қандай?

3. FOR циклдық операторындағы қадамының мәні қандай?

4. Қандай процедура арқылы циклдан шығуға болады?

5. Қандай цикл операторы ен кемінде бір рет орындалады?


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 595 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пәннің қысқаша мазмұнында | Дәріс. Процедуралар мен функциялар. Қосалқы программаның сипаттамасы. Параметрсіз процедура. Параметрлі процедура | Бақылау сұрақтары | Бақылау сұрақтары | Дәріс. GRAPH стандартты модулін қойлдану | Модульдердi баяндау | Көрсеткіштер туралы қысқаша мағлұматтар | Дәріс. Динамикалық жадымен жұмыс істеуге арналған процедуралар мен функциялар. Стандартты процедуралар және функциялармен жұмыс істеу. | Тақырыбы: Арифметикалық операциялар. IF шартты операторы | Тақырыбы: Формулалар бойынша есептеулер. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс. Паскаль тілі туралы негізгі мағлұматтар. Меншіктеу операторы. Шартты оператор.| Бүтiн типтегi мәлiметтермен келесi амалдар орындалады

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)