Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 3. Тетікбөлшектерді біріктіру. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер.

Читайте также:
  1. Aуіпсіздік және еңбекті қорғaу бөлімі
  2. XIV-XVII ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
  3. А)Өндіріс алаңы және оның тегістеу жұмыстары
  4. Абынудың жасушалық және гуморалдық медиаторларының пайда болу және әсер ету жолдары
  5. Азаматгық қоғам және құқықтық мемлекет
  6. Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангиотензиндік жүйенің, натрий-уретикалық фактордың қызметі.
  7. аржы, ақша айналымы және несие » пәнінен емтихан сұрақтары

Тетікбөлшектерді біріктірулер ажырайтын және ажырамайтын болады. Жеке тетікбөлшектерге ешбір ақаусыз бөлшектеуге немесе оларды жинауға болатын біріктірулер ажырайтын деп аталады. Оларға мынадай біріктірулер жатады:

- бұрандалы бекіту тетікбөлшектерінің (болттардың, шпилькалардың, винттардың) көмегімен жасалатын біріктірулер;

- бұрандасыз тетікбөлшектердің (штифттардың, шплиттардың, шпонкалардың) көмегімен жасалатын біріктірулер;

- құбырларды фитингтардың көмегімен біріктірулер.

Ажырайтын біріктірулер қозғалатын және қозғалмайтын болады. Қозғалатын біріктірулерде тетікбөлшектер өзара қозғалыста болады. Мысалы, домкрат винттары, білдектердің, пресстердің винттары. Қозғалмайтын біріктірулерге болттардың, фитингтердің және тағы да басқа бекіту бұйымдардың көмегімен біріктірулер жатады.

Ажырамайтын біріктірулерде тетікбөлшектер ақаусыз ажыратылмайды. Бұндай біріктірулер пісіру, тойтарып шегелеу, дәнекерлеу, желімдеу, пресстеу арқылы жасалады.

Бұранда деп білікте немесе тетікбөлшектің тесігінде жазық контурдың (бұранда профилінің) цилиндрлік (немесе конустық) бет бойымен бұрама қозғалысының нәтижесінде пайда болған бетті айтады. Профильдің бетке қатысты орны өзгеріссіз болады. Бұранда оңқай және солақай болады. Егер білік тесікке сағат тілінің жүріс бағытымен бұралатын болса, бұранда оңқай болады. Ал егер білік тесікке сағат тілінің жүріс бағытына қарсы бұралатын болса, бұранда солақай болады. Солақай бұрандаға қарағанда оңқай бұранда көп қолданылады.

Бұранда профилі – тетікбөлшектің осі арқылы өтетін жазықтықпен қиғандағы бұранда қимасының контуры. Профиліне байланысты бұрандалар үшбұрышты, тік төртбұрышты, трапециялық, тіректік және дөңгелек болады. Профилі үшбұрышты бұранда көбіне бекітуге арналған тетікбөлшектерде жасалады, сондықтан оны бекіту бұрандасы деп атайды.

Басқа профильді бұрандалар, әсіресе трапециялық және тік төртбұрышты бұрандалар, жүріс бұрандаларына жатады.

Бұранда қадамы – пішіннің көршілес аттас бүйір қабырғаларының арасындағы, бұранда осіне параллель бағытта алынған қашықтық.

Бұранда жүрісі – пішіннің ең жақын аттас бүйір қабырғаларының арасындағы қашықтық.

Стандартты бұрандалар.

Метрикалық бұранда. Бұл негізгі бекіту бұрандасы болып табылады (3.1-сурет). Бұранда пішіні тең қабырғалы үшбұрыш болады. Пішін төбелері шеңбер доғалармен дөңгелектенеді. Метрикалық бұранда ірі немесе майда қадамды болады.

Құбырлы цилиндрлік бұранда. МСТ 6357-81 стандарты бойынша құбырлы цилиндрлік бұранданың пішіні төбесіндегі бұрышы a=55°болатын тең бүйірлі үшбұрыш, төбелер шеңбер доғаларымен дөңгелектенген. Құбырлық бұранданың негізгі өлшемі дюйммен есептеледі.

3.1-суретте біліктегі және тесіктегі бұранданың кескіні көрсетілген.

.

 

Метрикалық бұранданы сызбада белгілегенде сыртқы диаметрдің алдына М әрпін қояды, мысалы М12 – ірі қадамды бұранда үшін. Майда қадамды бұранданы белгілегенде қадамның өлшемі де көрсетіледі, мысалы М12×1,5.

3.3-суретте құбырлық бұранданы белгілеу көрсетілген. Құбырлық бұранданы белгілегенде құбырдың шартты ішкі диаметрін көрсетеді, мысалы, G3/4.

Негізгі әдебиет: 1 нег.[197-240], 2 нег. [123-150]

Қосымша әдебиет: 1 қос.[319-324].

Бақылау сұрақтары:

1. Метрикалық бұранда сызбада қалай кескінделеді?

2. Құбырлық бұранда сызбада қалай кескінделеді?

3. Ажырайтын біріктірулер дегеніміз не, оған қандай біріктірулер жатады?

4. Ажырамайтын біріктірулер дегеніміз не?

5. Пісірмелі біріктіру дегеніміз не?

 

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 2636 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА 3 | Инженерлік графика 3» пәнінің мақсаты мен міндеттері | Модуль №2 бойынша бақылау сұрақтары | Дәріс. Көріністер, тіліктер, қималар. | Дәріс 2. Аксонометриялық проекциялар. | Сызықтық перспектива. | Дәріс. Ортогональ проекцияларда, аксонометрияда және перспективада көлеңкелер. | Дәріс 10. Ғимараттардың тіліктерінің сызбалары. | Дәріс 11. Баспалдақтар сызбалары. | Дәріс 12. Ғимарат қасбеттерінің сызбалары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Горизонталь изометриялық проекция.| Дәріс 4. Тетікбөлшектердің эскиздері мен жұмыс сызбалары. Құрастыру сызбасы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)