Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

А) Тұрмыс-салт жырларының жиналып, зерттелу тарихы



Тұрмыс-салт жырлары

Кіріспе

А) Тұрмыс-салт жырларының жиналып, зерттелу тарихы

Негізгі бөлім

Ә)

Қорытынды

Б)

 

Тұрмыс-салт жырлары - көне заманда туып, ел арасында кең тараған, халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігін, түрлі әдет-ғұрыптарын, наным-сенімдерін, дүниетанымын бейнелеген мәдени қазынамыз. Табиғат аясында көшіп-қонып жүрген, бар тіршілік, ғұмыры табиғатпен үзілмес байланыста болған халқымыздың ақыл-ойының сәбилік шағы, дамуы, дүниетаным негіздерінің қалыптасуы осы тұрмыс-салт жырларынан көрініп отырады.

3.2 Тұрмыс-салт жырларының жиналып, зерттелу тарихы

Қазақ халқының тұрмыс-салт жырлары ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысынан бастап жиналып, зерттелуде. Н.П.Рычков, П.С. Паллас, А.И. Левшиннің еңбектерінде салтқа қатысты өлеңдер этнографиялық сипатта зерттелді. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы зерттеушілер Ш. Уәлиханов, В.В. Радлов, Г. Потанин, А. Васильев, Я. Лютшь, Н. Гордеков, М. Готовицкий, Р. Пфеннинг, А. Алекторов т.б. еңбектерінде тұрмыс-салт жырлары жайлы құнды пікірлер мол.

А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» (1926) еңбегінде ауыз әдебиетін сауықтама және сарындама деп екі топқа бөліп, сарындамаға салт сарынындағы өлеңдерді жатқызады.

Ә)

Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:

тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),

дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),

үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),

мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау),

өтірік өлеңдер, т.б.

 

Төрт түлік малға, еңбекке, аңшылық кәсіпке байланысты туған өлең-жырлар. Қазақ халқының өмірі төрт түлік малмен тығыз байланысты болғандықтан, түрмыс-салт жырларының ең бай және кең тараған түрі — төрт түлік мал туралы өлең жырлар.

Себебі төрт түлік мал — қазақ халқының күн көрісінің, шаруашылығының негізгі саласы. Ол сауса — сүт, сойса —ет, кисе — киім, мінсе —көлік болды. Түрмыска керекті заттар: алаша, кілем, сырмак, корпе-жастык, саба, торсық, т. б. малдың өнімінен жасалды. Сондықтан да төрт түлік малды казак халкы аса кадір түтып, өлең-жырларына аркау етті.



Төрт түлік туралы өлең-жырлар ерте заманнан халыкпен бірге жасасып келеді. Ертедегі адамдар Айдың, Күннің, кыс пен жаздың, боран мен жауын-шашынның, су таскынының жаратушы иелері бар, адам баласы оларға жалынып-жалбарынса, табиғат адамға мейірім-ділік нүрын шашады деп үкты. Хайуанаттардың әркайсысының да жаратушы иесі бар, соларға жалынып-жалбарынсак малды ауру, індеттерден сактайды, өнімді мол береді деп түсінген. Қой атасына — Шопан, сиыр атасына — Зеңгібаба, түйе атасына — Ойсылкара, жылкы атасына — Қамбар деп ат қойып, оларға өлеңмен тілек тілеп жалбарынған. Шопан атадан: "Тегене күйрык кошкар бер, малды берсең, койды бер”, Қамбар атадан: "Айғыр берсең, үйірі толған байталды, өңкей мама бие бер”, Зеңгібабадан: "Сиыр берсең, өңкей мама сүттісін бер”, Ойсылқарадан: "Маң-маң баскан, маң баскан, шудаларын шаң басқан, өрі жүнді, өрі сүтті, әрі күшті түйе бер”, — деп тілейді. Эр түліктің иелеріне "Мал басын өсімтал ет, үры-қарьщан, ит-күстан, ауру-індеттен сактай гөр”, — деп жалбарынады.

"Бакташының сөзі” деген халык өлеңінде эр түлікті бағып-кағудың киындығы, өзіндік ерекшеліктері айты-лады. Етпкінің тау мен таска желдеп кететінін, сиырдың жүрдектігін, бір орында түрмайтындығьш, түйенің түрған жерінен табылатын жуастьнъін, т. б. суреттеп, эр түліктің ерекшеліктеріне сипаттама береді.

Қазак халкы өр түліктің күнделікті түрмыс-тірпгілік-тегі аткарар кызметін макал-мөтелдер аркылы да білдірген.

Мысалы, "Мал өсірсең, кой өсір, өнімі оның көл-көсір”, "Тоғыз кабат торқадан, токтышактың терісі артык” деген макал-мөтелдер аркылы кой малының өнімді көп беретіні, жүні мен терісінің, сүтінің адамға өте пайдалы екені айтылады.

 

Сол сиякты бір топ макал-мөтелдер түйе малының қасиетін марапаттауға арналған. "Нар жолында жүк калмас”, "Бакырауык демесең, бағалы көлік түйе ғой”

деген мақал-мәтелдер түйенің шөлге шыдамды, жүк көтергіш, көшіп-конуға таптырмас күш көлігі екенін дәріптеуден туган.

Қазак халқы төрт түліктің ішінде жылқы малын ерекше кадірлеген. Жылқыны сауса, қымызы—дәрі, жесе, еті — дәрі, мінсе, пырак деп бағалаған. "Түлпардың ізі бітпейді, түяғы кетпейді”, "Атың жақсы болса, бүл дүниенің пырағы”, "Ат үстаған азабынан қүтылады”, "Ер канаты — ат” деген мақал-мәтелдер көптеп саналады.

"Жылқы — малдың патшасы, түйе — малдың қасқасы” деп бағалауы жаугершілік пен көшпелі өмірді бастан кешірген қазақ елінің жылқы мен түйені ерекше қастерлеуінен туған.

Қазақ халқы ертеде аң аулауды да кәсіп етті. Аңның етін, терісін, жүнін күнделікті түрмысында керегіне жаратты.

Халық жырларында аңшы-мергендермен катар, алғыр кыран қүстар мен жүйрік тазыларды да өлеңге қосып отырған. Олардың адам баласына келтірген пайдасын, атқарған қызметін баяндаған.

 

Б)

Қазақ халқының көнеден кеде жатқан салт-дәстүрлері,ырымдары өте көп.Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт-дәстүрлерімен

,ырымдарымен,той-мереке,тағы басқа да жол-жосындарымен талай елді таң қалдырып келеді.Ата-бабамыздың қалдырған асыл-мқрасын қадірлеп,жоғалғанды жаңғыртып,қайта жаңартатын ендігі болашақ

ұрпақтың өз қолында.


Дата добавления: 2015-11-05; просмотров: 315 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Творческое задание для участников I тура Межвузовского конкурса красоты и таланта Miss Mass Media

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)