Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Астана Медициналық Университеті АҚ



 

Астана Медициналық Университеті АҚ

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Урологиялық ауруы бар науқастарды зерттеу әдістері

 

 

Орындаған: Нуржанова Н.Ж

419 ЖМ

Қабылдаған: Шерханов Р.Т

 

 

Астана 2014

 

Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан.Адам бүйрегінің массасы-150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады.Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан.Бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп аталады.Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып,зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады.Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз.Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін,тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді.Бүйректе түзілген зәр несеп жолымен клоакаға немесе қуыққа келеді. Омыртқалылардың эволюция даму жолында және жоғары сатыдағы омыртқалылардың жеке дамуында бүйрек дамуының 3 сатысы байқалады:

1. бастама бүйрек (пронефрос),

2. дене бүйрегі (мезонефрос),

3. соңғы не жамбас бүйрегі (метанефрос).

Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын бүйрек тостағаншалары мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен тұрады. Бүйрек экскреторлық орган ретінде организмнен []азоттық зат алмасу өнімдерін –мочевинаны, креатинді, мочевина қышқылын, артық тұздар мен суларды, т.б. бөтен заттарды шығарады. Бүйректің басты қызметі – организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып саналады. Организмнен шығуға тиісті зәр бүйрек астауларынан несеп ағарға, одан біртіндеп қуыққа түседі.



Несеп ағар – трубка тәрізді орган, оның бас жағының диам. 2 – 4 мм, ұзындығы 30 см-дей. Несеп ағар төмен қарай, кіші жамбасқа түсіп, одан әрі қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай, несеп ағарға өтуіне жол бермейді. Қуық – дөңгелек пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл, кіші жамбастаорналасқан. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Зәр шығарушы канал – несеп түтігі арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығарылады.[1]Ер адамдардың несеп түтігінің тағы бір қызметі – шәуҺетті шығару және жыныстық қозу кезінде үрпінің алдыңғы бөлімінің бездерінен арнайы сөл бөлу. Дені сау адам тәулігіне 4 – 6 рет дәрет сындырады (шамамен 1,5 л-дей). Зәр шығару жүйесінің көп таралған аурулары: нефрит, пиелонефрит (бүйректің қабынуы), цистит (қуықтың қабынуы), уретрит (несеп түтігінің қабынуы), т.б. Ер адамдарда, көбінесе, несеп түтігінің қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі кездеседі.

ҚазақстандаУрология саласындағы зерттеулер 1956 жылы басталды. Профессор З.В.Файнштейннің жетекшілігімен қуық ісіктерін, қосалқы жыныс безі аденомасын, бүйрек зақымдануынан болған гипертонияны емдеу тәсілдері ұсынылды; несеп түтігіне жамау салу, сыңар бүйрек қызметіне сипаттама берілді. Б.О.Жарбосыновтыңбасқаруымен қосалқы жыныс безінің қабынуы, ен және ен қосалқысының қабынуы, сол жақ ен сағағы венасының кеңеюі (варикоцеле), еннің ұмаға түспеуі (крипторхизм) салдарынан ер адамның белсіз қалуы, оның белгілерін анықтау, операция жасап емдеу тәсілдері жетілдірілді. Бүйрекке тас байлану, ер адамдардың жыныс органдарының туа біткен ауытқуларын, анрологиялық қызметін қалыпқа келтіру, бүйректердің сарысулы ауруларын, бүйректің екіншілік семуін және гипоплазиясы, уретеролитиаз хирургиялық лапараскопты пайдаланып операция жасау әдістері, несеп жолының тасын антеградтық уретеролитоэкстракциямен емдеу мәселелері одан әрі зерттелуде. Қазақстанда Урология ғылымының дамуына көп еңбек сіңірген ғалымдар: Жарбосынов, И.С.Халықов, Б.У.Шәлекенов, Е.С.Мәмбеталин, Ә.Т.Тоқсанбаев,М.К.Алшынбаев, Е.Қ.Сәрсебеков, т.б. Урология мәселелерімен Урология ғылыми орталығы, республикалық медицина университетттер мен академиялар, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының Урология кафедрасы, Хирургия және педиатрия мен бала хирургиясы ғылыми орталықтары шұғылданады.

Урологиялық ауруы бар науқастарды зерттеу

Науқасты жалпы қарағаннан кейін несеп жыныс мүшелерін қарауға кіріседі. Құрсақтың алдыңғы қабырғасында кейде бүйрек үлкеюі есебінен қабырға астында томпаю байқалады. Бүйрек ісінген кезде әсіресе оң жақтағы вена ісінгенін көруге болады

Белдің айналасында қан құйылғанда паранефрит кезінде бұлтиюдан болған ассиметрияныбел маңының толысқанын сондай ақ белдің қажалы тегістелгенін көруге болады.

Несеп шығару актісіне зер салып қадағалаудың, ағыстың жуандығын, күшену шамасын анықтаудың диагносикада маңызы зор

Пальпация. Сипап көру науқастытексеруде өте маңызды. Аурудың сипатына қарай бүйрек, қуық, ұма мен оның ішіндегі, жыныс мүшесі, қуықалды безі ұрық қуықшалары пальпациялық тексеруге жатады.

Бүйрек пальпациясы науқасты шалұасынан немесе қырынан түрегеп тұрғызып екі қолмен жасалады.

Бүйрек рентгеннограммасы

Қалыпты жағдайда бүйрек көлеңкелері орташа өлшемдерімынадай: ұзындығы 11,6 ені 6-7. Рентгеннограммада қалыпты бүйректер контуры біркелкі және көлеңкелері гомогенді. Бүйректердің тыныс алу актісімен синхронды, белгілі бір физиологиялық жылжымалылығы бар. Тыныс алғанда болсын сондай беломыртқасы денесінің ұзындығынан аспауы тиіс. Бүйректердің көрсетілген жылжу диапазонының ұлғаюы оның патологиялық қозғалмалылығын көрсетеді

Бүйректер мен қуықтың тік проекциядағы шолыма көрінісі, конкременттерді, жұмыс тіндерге, әк қатуын, газды анықтауға көмектеседі, контрасты зат енгізіп зерттеуден бұрын қашанда жасалуы керек

Қалыпты КТ зерттеу кезінде бүйректердің үш деңгейін: жоғарғы полюсін, қақпалар деңгейін жіне төменгі полюсін саралайды. Томограммаларда полюстер контурлары біркелкі анық, овал түріндегі құрылымдарда көрінеді.Бүйректер май клеткамен қоршалған себепті клетчатка фонында жақсы анықталады. Бүйректер талшықты қабықпен қапталған, қалыптыда көрінбейді. Талшықты қабықтан қабықтан сыртқа қарай май капсуласын құрайтын қабаты болады. Май капсуладан тысқары бүйрек шандыры, оның алдыңғы және артқы қабықшасы орналасады.

Анықталатын ісік 2 см ден, киста 0.5 см артық болса байқауға болады.

МРТ

МРТ радиологиялық әдістердің ең жасы. Магнитті резонансты томографтар дененің кез келген бөлігі қимасының бейнесін жасай алады. Оның иондайтын сәулесі пайдаланылады, ал ауа немесе сүйектер визиализация кезінде бөгет болмайды. МРТ негізгі компоненттері күшті магнит, радиожөнелткіш, қабылдаушы радиожтілік катушка, компьютер тұрады

 

Несептегі формальды элементтер анықтау үшін мынадай әдістер қолданылады:

• Ничипоренканың, Коковский Аддисдің, Амбурженің, Рябинский- Родомманың сынамалары, провакациялық тестілер

• Каковский Аддистің әдісі бойынша тәуліктің лейкоциттерді, эритроциттерді,эпителийлік клеткалар мен цилиндрлер есептеп шығарады

Биопсия алу

Қуықта ісік туберкулез, қарапайым уылу бар деп күдіктенгенде, ісіктің басқа органдардан өрбуін анықтау үшін жүргізіледі. Қуық биопсиясы операциялық және эндровезикалдық болып бөлінеді.

Цистоскопиялау кезінде катетеризациялық цистоскоп арқылы арнайы аспаптар өткізіледі. Аспаптың ұшындағы браншей ашылған кезде цистоскоптың оптикалық бөлігі арқылы шола бақылай отырып, қуықтың зақымдалған өңірінен бір түйір тін кесіп не қыршып алады да гистологиялық зерттеуге жіберіледі.

Уретраны буждау

Жүргізу техникасы қуықты катетерлеу кезіндегідей. Буждың диаметрін дұрыс тандау маңызды. Буждың диаметрін дұрыс таңдау өте маңызды. Уретраның тарылатын тұсында буж кедергіге кезіксе диаметрі кіші буж өткізіп көру керек. Буждау 1-3 күннен кейін қайталанады.

Уретроскопия

Уретра ауруларының диагностикасында жүргізіледі. Жүргізуге болмайтын жағдайлар уретра мен жыныс бездерінің жедел қабынба аурулары, уретраның ыдырау стадиясындағы қатерлі жаңа түзілімдер уретра структуралары. Несеп шығару өзегіне уретоскоп енгізіп уретраның кілегей ұрық дөңесшенің жағдай іштен сыртқа қарай қарала отырып уреоскоп біртіндеп шығарып тасталынады.

Цистоскопия - қуық қуысынын ішкі беттерін цистоскоп көмегімен зерттеу әдісі

• Уретраға цистоскоп өтуі мүмкін жағдайда ғана жасалынады

• Уретроцистоскоп комбинирленген оптикалық бөлімдерден тұрады: несепағарға катетеризациялау, оперативті

Атқару техникасы: науқас қуығын босатқаннан кейін урологиялық креслода болады. Уретра өңделгеннен кейін 10 мл 5 % новокаин 5 минутқа енгізіледі. Бұдан соң қуықты катетерлеу техникасына ұқсатып цистоскопты кіргізеді. Тубусты шығарып алып оптикалық бөлігін орнатады, бұдан соң қуықты науқас кіші дәрет сындырғысы келгенге дейін 200-300 млантисемтик ерітіндімен толтырады. Оптикалық бөлімі орнатылған цистоскопқа икемді жарық қондырғыш қойып қуықты қарайды

Уретоскопия- вена ішіне наркоз беріліп операция жағдайында жүргізілетін емдік диагностикалық зерттеу. Оны жүргізу үшін икемді жарық талшықты оптикасы бар уретоскоп қажет. Оның цистоскоптан айырмашылығы оптикалық түтүгі ұзын және Шарьер шкаласы бойынша мөлшері кіші. Бұл әдіс несепағардың жай күйін: тас байлануын ісігін, стриктурасын, тұрақтанған бүгілмесін ятрогенді зақымдалуын анықтауда қолданылады.

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 82 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Патриотизм : аналог или имитация | г. Уфа, ул.Комсомольская 23, 5-этаж, ком.1-3

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)