Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ҚараҒанды мемлекеттік медицина университеті



Ф КГМУ 4/3-06/02

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы

Семинар сабаққа арналған әдістемелік - ұсыныс

2 Тақырып. Жасушалық мембрананың молекулярлық құрылысы және қызметтік компоненттері

Пән: Молекулярлық биология және медициналық генетика

Мамандығы: 5В130100– жалпы медицина

Курс: 1

Құрыстырғандар:

Есілбаева Б.Н.,

Ф.Х.Мустафина

 

ҚАРАГАНДЫ 2011

 

 

 

Кафедраның отырысында талқыланды және бекітілді

Хаттама № _1_ «_01_» ___09___2011

 

Каф. меңгерушісі ____________________ Б.Ж. Култанов

2 Тақырып. Жасушалық мембрананың молекулярлық құрылысы және қызметтік компоненттері

Мақсаты: Жасушалық мембрананың молекулярлық құрылысын және қызметін оқу.

Оқыту мақсаты: Мембрана құрылысының қазіргі кездегі модельдерін, жасушалық мембрананың негізгі компоненттерін, тасымалдаудың негізгі түрлерін оқу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жасуша құрылысының типтері.
  2. Жасушаның компартментализациясы
  3. Биомембрананың молекулярлық ұйымы, химиялық құрамы.
  4. Биомембрана липидтерінің негізгі қызметтері.
  5. Биомембрана ақуыздарының негізгі қызметтері.

Білім берудің және оқытудың әдістері:тақырыптық семинар: сабақ тақырыбын өңдеу және талқылау, тесттілеу, оқылған тақырып бойынша мәселелерді талқылау және терең танысу. Ситуациялық тапсырмалардың көмегімен мәселені шешу, білімді бекітетін тақырып бойынша сұрақтар қою және оларды шешу жолдары.

Әдебиет:

Негізгі

1. С.А.Әбілаев. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- Шымкент: "Асқаралы" баспасы, 2008.- 424 с.

2. С.А.Әбілаев. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- 2-ші, түзет. Ж. Толық, 2010.- 388 б.

Қосымша:

1. Бегімқұл Б. Медициналық генетика негіздері: оқулық.- Астана: Фолиант, 2008.- 336 с.

2. Е. Куандыков, С.А. Әбілаев. Медициналық биология және генетика.- Алматы: НАS

Ақпараттық блок:

 

Жасушалық мембрана (немесе цитолемма, немесе плазмалемма, немесе плазматикалық мембрана) әрбір жасуша құрамын тұрақтылығын сақтай отырып сыртқы ортадан бөліп тұрады, жасуша және сыртқы орта арасындағы зат алмасуды реттейді, жасушаішілік мембраналар жасушаны арнайы тұйық бөлімдерге — компартменттерге немесе жасушаішілік ортаның белгілі жағдайларын ұстап тұратын органеллаларға бөледі. Жасушалық мембрана екі қабаттан тұрады (биқабат), олардың көбісі күрделі липидтер- фосфолипидтер деп аталатын липидтер класы малекуласынан тұрады. Липидтер молекуласында гидрофильді («басы») және гидрофобты («құйрығы») бар.



Мембрананың түзілуі кезінде молекуланың гидрофобты бөлімдері ішке қарай, ал гидрофильді сыртқа қарай ығысады. Мембрананың қалыңдығы 7-8 нм. Биологиялық мембранаға әртүрлі ақуыздар да жатады: интегральді (мембранадан өтетін), жартылайинтегральді (липидті қабаттың ішкі немесе сыртқы бір жағына батып орналасқан), беткейлік (сыртында орналасқан немесе мембрананың ішкі жағына жабысып тұрады). Кейбір ақуыздар жасуша мембранасының жасуша ішіндегі цитоқаңқамен байланыс нүктесі болса, жасуша қабырғасын (егер ол болса) сыртқы ортамен байланыстыру орыны болып табылады. Кейбір интегральді ақуыздар иондық канал қызметін атқарады, әртүрлі транспортерлер және рецепторлар.

Мембрана құрамына липидтердің 3 класы кіреді: фосфолипидтер, гликолипидтер және холестерол. Фосфолипидтер және гликолипидтер (липидтер көмірсулармен байланысқан) зарядталған гидрофильді «басы» мен байланысқан екі ұзын гидрофобты көмірсулы «құйрықтан» тұрады. Холестерол липидтердің гидрофобты құйрығының арасындағы бос аймақты ала отырып және олардың майыстырмай мембранаға мықтылық беріп тұрады. Сондықтан егер мембранада холестерол аз болса майысқақ болады, ал көп болса қатты болады. Сонымен қатар холестерол полярлы малекулалардың жасушадан жасушаға араласып кетпеуіне кедергі жасайтын «тетік» қызметін атқарады. Мембрананың басты бөлігін ақуыздар құрайды, олар мембрананың әртүрлі қасиеттеріне жауап береді. Олардың құрамы және бағдары әртүрлі мембранада әртүрлі.

Жасушалық мембрана көбінесе асимметриялық, яғни қабат липидтің құрамына байланысты, жеке малекулалардың бір қабаттан екінші қабатқа өтуі қиын болса, ол флип-флоп деп аталады.

Мембранадағы көмірсулар:

• 1. Ақуызбен байланысқан болса – гликопротеиндер

• 2. Липидтермен байланысқан болса – гликолипидтер.

• Көмірсулар - олиго- немесе полисахаридті тізбекті құрайды,олар мембрананың жоғарғы жағында тарамдалып орналасқан, антенаға ұқсас болады.

Гликокаликстың бұзылысы (көмірсулы компоненттің) жасушаға вирустың енуіне, ісіктің ұлғайуына әкеліп соқтырады.

 

Студенттің өзіндік жұмысы:

1 Жұмыс: Альбомға кестені толтырыңыз «Мембрана компоненттері»

 

компонент

Липидтер

Көмірсулар

Перифериялық ақуыздар

Ішке қарай батырылған ақуыздар

Жартылай батырылған ақуыздар

 

қызметі

 

 

 

3…..

 

3….

 

 

3…

 

 

3….

 

 

3……

патологиясы

 

 

 

 

 

2. Компартменттері бар жасушаларды альбомға салу. Компартменттерге ат беріңіздер


Бақылау түрі:

1. Бастапқы білім деңгейін бақылау.

2. Студентттердің өз бетінше жұмысының нәтижесін талдау.

3. Қорытынды білім деңгейін бақылау.

Сұрақтар:

  1. Табиғаттағы жасуша типтерін сипаттау.
  2. Биомембрана көмірсуларының негізгі қызметтері.
  3. Жасуша мембранасының өткізгіштігі.
  4. Биомембрананың патологиясы.
  5. Копартментализация дегеніміз не.

 

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 47 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Міжнародна асоціація повітряного транспорту | Мы против фальшивых итогов выборов

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)