Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. ДАСТАН: Жиынтық сұранысты реттеу (талдамалық үлгі мысалында) құралдарына сипаттама беріңіз.



БЛОК ПЕРВЫЙ

 

1. ДАСТАН: Жиынтық сұранысты реттеу (талдамалық үлгі мысалында) құралдарына сипаттама беріңіз.

2. ДАСТАН: Жиынтық сұраныс үлгісін жан-жақты сипаттаңыз.

3. ИНДИРА: Инвестицияның проблемаларын Тобин-q моделі арқылы түсіндіріңіз.

4. ИНДИРА: Акселератор мен мультипликатор әрекеттесуін және инвестициямен байлынысын түсіндіріңіз.

5. АЙГЕРИМ: Жиынтық сұранысқа әсер ететін факторларды анықтаңыз. Бағалы емес факторларды мысал келтiре отырып, үлгiмен (графикпен) көрсетiңiз.

6. АЙГЕРИМ: Жиынтық ұсыныс қисығының өзгеруін мысал келтіре отырып, түсiндiріңіз.

7. НУРСУЛУ: Ақша ұсынысы және сұранысына графикпен сипаттама беріңіз.

8. НУРСУЛУ: Ақша мен еңбек нарығындағы жалпы тепе-теңдікті айқындаңыз.

9. ШАЙГУЛ: Макроэкономикалық айнымалылар және олардың іскерлік белсенділікке қатысты өзгеруін атаңыз.

10. ШАЙГУЛ: Циклдік толқындардың туындау себебін инвестиция теориясындағы мультипликатор-акселератор үлгісі арқылы түсіндіріңіз.

11. ЕРКЕЖАН: Капитал ағым шоты мен төлем балансының ағымдағы шотын түсіндіріп, өзара байланысын көрсетіңіз.

12. ЕРКЕЖАН: Номиналды айырбас курсы мен нақты айырбас курсы ерекшеліктерін қарастырыңыз. Ашық экономикада үлгі арқылы сипаттаңыз.

13. РИЗА: Макроэкономикалық саясат құралдарын анықтап, олардың экономикаға әсерін график түрінде талдаңыз.

14. ГУЛЬДЕН: Халықаралық саудадағы меркантилистік теорияны түсіндіріңіз.

15. ГУЛЬДЕН: Сыртқы қарыз мәселесі және «Голланд сырқатын» ашып қарастырыңыз.

 

 

БЛОК ВТОРОЙ

 

1. РИЗА: 2013 жылы ҚР Үкiметi Салық Кодексiне көлiк салығын жоғарылату сияқты өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде Парламентке ұсыныс жасады. Жабық экономика шартында салық ставкасының жоғарылауы мен IS қисығы арасындағы байланысын көрсетіңіз. Жауабыңызды үлгi (график) ретiнде және формуламен қарастырыңыз.

2. АЙГЕРИМ: 2012 жылы Қазақстандағы тұтынуға шектi бейiмдiлiк 0.4-ге тең болды. ЭКСПО 2017 көрмесiн өткiзуге байланысты мемлекеттік шығыстар 400 млрд.теңгег өстi. Жабық экономика шартында Кейнс кресi үлгiсiндегi тепе-теңдiкке мультипликаторлық әсер байланысын көрсетіңіз. Жауабыңызды үлгi (график) ретiнде және формула ретiнде көрсетiңiз.



3. НУРСУЛУ: Айталық, ашық экономика жағдайында Ұлттық Банк облигацияны сатып алды, сәйкесінше ақша базасы көбейді. Ақша нарығындағы жаңа тепе-теңдік баға деңгейі жоғарылауын график арқылы көрсетіңіз.

4. НУРСУЛУ: Орталық банктiң мiндеттi резервтеу нормасы rr=20%. 2013 жылы ВТБ банк депозиттері 1000 бірлікке өстi. Осындай шарттарда ақша ұсынысының жағдайына баға беріңіз. Жауабыңызды график арқылы бейнелеңіз.

5. ЕРКЕЖАН: Қазақстан Республикасының экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, «ЭКСПО-2017» көрмесіне жұмсалған шығынның ел экономикасына әсерін график түрінде көрсетіңіз.

6. ЕРКЕЖАН: 2014 жылы Қазақстанда 20% теңге девальвация болды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасындағы компаниялардың іс-әрекетін талдаңыз. Жауабыңызды AD-AS үлгiсi арқылы дәлелдеңiз.

7. РИЗА: 2014 жылы елімізде теңге девальвациясы орын алды. Осы девальвацияның елімізге әсерін (ашық экономика) IS-LM үлгісінде талдап, график түрінде сипаттаңыз.

8. РИЗА: 2013 жылы КР Үкiметi Салық Кодексiне көлiк салығын жоғарылату сияқты өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде Парламентке ұсыныс жасады. Жабық экономика шартында салық ставкасының жоғарылауы мен IS қисығы арасындағы байланысын көрсетіңіз. Жауабыңызды үлгi (график) ретiнде және формуламен көрсетiңiз.

9. РИЗА: Ел экономикасында өндірістің төмендеуі мен жұмыссыздықтың өсуі, сонымен қатар осы көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты бағаның өсуі байқалады. Экономиканың мұндай жағдайын критикалық бағалаңыз. Мұндай жағдай немен байланысты болатынын графикалық түрде түсіндіріңіз.

10. АЙГЕРИМ (277/3): Экономика бастапқыда Y*=5000 потенциалды шығарылым көлемінде және P=100 бағалар деңгейінде тепе-теңдік жағдайда болды. Алайда Орталық Банк ақша массасын 3,3%-ға жоғарылату туралы хабарлайды. Рационалды күту және экономикалық агенттердің Орталық Банк саясатына сенім деңгейі шартында шығарылым көлемі мен бағалар деңгейінің мүмкін өзгерістерін есептеңіз. Бұл өзгерістердің болу ықтималдығын анықтаңыз, түсіндіріңіз.

11. АЙГЕРИМ (87/3): Экономика бастапқыда өзінің (Y*) потенциалында жұмыс істеп тұр делік. Шоктың нәтижесі салдарынан баға деңгейінің әрбір мәнінде жиынтық сұраныстың төмендеуі орын алды. Бағалар қатқылдығы шартында бұл жұмыссыздықты арттырады. Осы жағдайды AD-AS үлгісі арқылы түсіндіріңіз.

12. РИЗА: Төмен іскерлік белсенділік, инфляция мен жұмыссыздықтың жоғары деңгейлері болған кездегі экономиканың жағдайын сипаттаңыз. Мұндай жағдай немен байланысты болатынын түсіндіріңіз. Мысал келтіріңіз.

13. ЕРКЕЖАН: Қазақстан Республикасы Кедендік Одаққа мүше мемлекет ретінде, Кедендік Одақ мүшелеріндегі еңбекке сұраныс және еңбек ұсыныс үлгілерін қарастырыңыз.

14. ЕРКЕЖАН: Президент Н.Назарбаев мемлекеттік маңызды жолдардың бірін салуға Қытай азаматтарын тартуды тапсырды. Салыстырмалы талдау жасаңыз, өз жауабыңызды нақты мысалмен түсіндіріңіз.

15. ДАСТАН: Елiмiздiң экономикалық саясаты негiзiндегi маңызды факторларды экстрополиялық шарттар негiзiнде сипаттаңыз. Әлемдiк қаржы дағдарысын негiзге ала отырып жағдайға баға берiңiз. Өз жауабыңызды негіздеңіз

 

 

БЛОК ТРЕТИЙ

 

1. ИНДИРА: 2 тауарды береміз X және Y (қолдағы тауар және өндіріс шығыны) X бірлігі өндірілген болатын (P=3$) және Y тауар 20 бірлігі өндірілген болатын (P=15$) жыл соңында Y 6 машина тауарын жаңасына ауыстыру керек. ЖҰӨ, ЖҰТ, тауардың қолданылған көлемі, таза және жалпы инвестицияны есептеңіз.

2. ИНДИРА: Үй шаруашылығының номиналды табысы 130 000тг, үй шаруашылығы жинақ шотынан ақша алғандағы шығыны 300тг, үй шаруашылығы банкке барған сайын алатын ақша көлемі 40 000тг, пайыздық қойылым 3,6%. Ақша сақтаудағы жалпы шығындарды бағалаңыз.

3. НУРСУЛУ: 2013 жылы елдегi бүкiл қолма-қол ақша көлемi 17900 млн.тг. құрады. Ал коммерциялық банктердегi депозиттер көлемi 14000 млн.тг. және резервтер 2800 млн.тг. құрады. Ақша мультипликаторын анықтаңыз. Жауабыңызды формуламен дәлелдеңiз.

4. НУРСУЛУ: Айталық, ҚР екінші деңгейлі «Каспи банкте» депозиттер сомасы 500 млрд.долл. тең, берілген несиелер көлемі 460 млрд.долл., артық резервтер 12 млрд.долл. құрайды. Міндетті резервтер нормасын анықтаңыз, формула арқылы жауабыңызды дәлелдеңіз.

5. ЕРКЕЖАН: 1 АҚШ доллары 40 рубльге тең. Беларусь тракторы 1 000 000 рубль және Ресей тракторы 1100 000 рубльге тең. Нақты айырбас курсын есептеңіз.

Жауабы: ; =0,0275

6. ЕРКЕЖАН: Кіші ашық экономика жағдайында инвестиция туралы мәліметтер берілмеген. Әлемдік пайыздық қойылым 7%-ға, ал мемлекеттегі ақша базасы 100 млн.АҚШ долларына тең. Мемлекет салықты 9 %-дан 11%-ға көтерді. Осы жағдайды графикте көрсетіп, өз жауабыңызды негіздеңіз.

Жауабы: Салықты 9 %-дан 11%-ға көтергенде жинақ көлемі азайып, түзуіне жылжып, төлем балансындағы ағымдағы шотында дефицит пайда болады.

7. ЕРКЕЖАН: 2011 жылғы ҚР Статистика агенттігі деректері бойынша келесі мәліметтер берілген: ЖІӨ – 5213 млн KZT, тұтыну – 3324 млн KZT, инвестиция – 712 млн KZT, мемлекеттік шығындар - 943 млн KZT. Осы мәліметтерге сүйене отырып таза экспорт көлемін есептеңіз. Еліміздегі сыртқы сауда жағдайын критикалық бағалаңыз.

Жауабы:

,

5213 млн KZT =3324 млн KZT+712 млн KZT+943 млн KZT+Xn,

Xn=5213 млн KZT - 4979 млн KZT

Xn=234 млн KZT

Қорыта келгенде, елдегі таза сыртқы сауда жағдайы жақсы, себебі біздегі экспорт импорттан жоғары болып табылады. Себебі, таза экспортымыз экспорттан импортты азайтқанға тең.

 

8. ГУЛЬДЕН: Айталық бір микроскопты өндіру үшін 24 сағат еңбек және 3 га жер керек. Ал бір тонна сүт өндірісі үшін 4 сағат еңбек және 8 га жер керек. Егер Ресейде 150 млн жұмысшы мен 200 млн га жер, ал Латвияда 50 млн жұмысшы мен 40 млн га жер болса, онда Ресей мен Латвия арасындағы екі тауармен сауда қатынасын анықтаңыз. Жауабыңызды негіздеп, дәлелдеңіз.

9. ШАЙГУЛ: t0 периодына дейін игіліктер нарығында динамикалық тепе-теңдік болған. Үй шаруашылығы St=–80+0,3yt–1 бойынша жинақты жүзеге асырған, ал кәсіпкерлер It=100+0,8(yt–1–yt–2) бойынша инвестициялау жүргізген. t1 периодында кәсіпкерлер автономды инвестицияны 150 бірлікке дейін өсірген, ал t2 периодында бастапқы көлеміне қайта келген. Самуэльсон-Хикстің экономикалық цикл моделіне сүйене отырып t5 периодындағы индукцияланған инвестиция көлемін анықтаңыз. t1 периодынан кейін басқа периодтарда индукцияланған инвестицияның болмау мүмкіндігін және себебін анықтаңыз.

10. ШАЙГУЛ: Экономикада мемлекеттің және шетелдің араласуынсыз t жылдағы жинақ St=0,2yt–1–120 арқылы анықталады. Жыл сайынғы 400$ автономды инвестициялауда экономика динамикалық тепе-теңдік жағдайында болады. Индукцияланған инвестициялар көлемі It=0,25(yt–1–yt–2) арқылы анықталады. Ұлттық табыстың тепе-теңдік көлемін анықтаңыз. Егер бесінші жылы автономды инвестициялар көлемі 100$ өссе және алтыншы жылы бастапқы қалпына келсе, онда сегізінші жылғы үлттық табыстың көлемін анықтаңыз. Келесі жылдардың барлығы осы көлемнің сақталу мүмкіндігін қарастырыңыз.

11. ИНДИРА: Үй шаруашылығының номиналды табысы 1000 USD, үй шаруашылығы жинақ шотынан ақша алғандағы шығыны 2 USD, үй шаруашылығы банкке барған сайын алатын ақша көлемі 230 USD, пайыздық қойылым 3,6%. Ақша сақтаудағы жалпы шығындарды бағалаңыз.

12. ДАСТАН (132/1): Ел экономикасы келесідей мәліметтермен сипатталған: C=20+0,8(Y-T+F) тұтыну; I=60 инвестиция; T=40 салықтар; F=10 трансферттер; G=30 мемлекеттік шығындар. Табыстың тепе-теңдік деңгейін анықтаңыз. Үкімет экономиканы ынталандыру үшін шығындарды 40-қа арттырды делік. Бұл жағдайда: жоспарланған шығындар қисығының жылжуын, табыстың тепе-теңдік деңгей өзгерісін, мемлекеттік шығындардың мультипликатор шамасын, мемлекеттік бюджет сальдосының өзгерісін анықтаңыз, критикалық бағалаңыз.

13. ГУЛЬДЕН (343/2): Ел экономикасы келесідей мәліметтермен сипатталған: жеке сектордың жинақ функциясы Sp= -50+0,2(Y-T); инвестиция функциясы I=100-5R. Тұтынушылық шығындар 530$ құрады, ал пайыздық қойылым 7% және бюджет артықшылығы BS=10 тең. Ағымдағы операциялар шотының сальдосын анықтаңыз.

14. ГУЛЬДЕН: Кестеде Германия мен Италияның сыртқы тауарлық қатынастар орнамаған кездегі өндірістік мүмкіндіктері көрсетілген.

Өнім

Өндіріс (күн/бірлік)

Германия

Италия

Теледидар (дана)

   

Ірімшік (кг)

   

Келтірілген мәліметтер негізінде Германия мен Италия арасындағы сауда қатынастарын бағалаңыз, өз жауабыңызды негіздеңіз.

15. ЕРКЕЖАН: 1 сом 5 теңгеге тең. Қырғызстан сүті 100 теңге және Қазақстан сүті 115 теңгеге тең. Нақты айырбас курсын есептеңіз.

16. АЙГЕРИМ: АҚШ-та 1990 ж. 16 жас және одан жоғары жұмысшы күшiнің саны 124 млн.адам құраған, жұмыссыздар саны 7 млн.адамға тең. Жұмыссыздық деңгейiн есептеңiз, критикалық бағалаңыз.

17. ДАСТАН (38/1): Ел экономикасы келесідей мәліметтермен сипатталған: трансферттік төлемдер 4,0 млрд.$; жалпы ішкі инвестициялар 16,2 млрд.$; бизнеске жанама салықтар 7,0 млрд.$; жеке табыс салықтары 2,6 млрд.$; таза экспорт 1,1 млрд.$; корпорациялардың бөлінбеген пайдасы 2,8 млрд.$; амортизация 7,9 млрд.$; жеке тұтыну шығындары 77,2 млрд.$; корпорациялар пайдасына салықтар 1,4 млрд.$; әлеуметтік сақтандыру төлемдері 0,2 млрд.$; тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу 8,5 млрд.$. Берілген мәліметтер негізінде ЖІӨ мен қолдағы бар жеке табысты есептеңіз. Жеке жинақтар мен экономикадағы капитал запасының шамасын анықтаңыз. Ескерту: ЖІӨ=ЖҰӨ шартында.

18. ШАЙГУЛ (342/1): Ел экономикасы келесідей мәліметтермен сипатталған: тауарлар экспорты 19 650$; тауарлар импорты 21 758$; ел азаматтарының шетел инвестицияларынан пайыздық төлем түрінде алатын табысы 3621$; мемлекет шетел инвесторларына пайыздық төлем түрінде төлейтін табысы 1394$; берілген ел азаматтарының туризм шығындары 1919$; берілген елдің туризмнен алған табысы 1750$; елдің біржақты трансферттері 2388$; капиталдың елден жылыстауы 4174$; елге капиталдың құйылымы 6612$. Осы мәліметтерді қолдана отырып елдің ағымдағы шот, қаржылық шот және төлем балансының сальдоларын есептеңіз. Елдің ресми валюталық резервтерінің өзгерісін анықтаңыз.

19. НУРСУЛУ (178/4)): Орталық Банк 100 млн.долл. көлемінде мемлекеттік облигацияларды коммерциялық банктерден сатып алды. Егер коммерциялық банктер депозитті резервтеу нормасы rr=0,1 (10%) шартымен және банк өзінің несиелік мүмкіндіктерін толығымен қолданып қойса, онда ақша ұсынысының өзгерісін анықтаңыз.

20. НУРСУЛУ (177/2): Коммерциялық банктің жалпы резервтер сомасы 220 млн.рубль, ал депозиттер 950 млн.рубльге тең. Депозиттерді міндетті резервтеу нормасы 20%. Егер банк өзінің барлық артық резервтерін қарыз беруге жұмсайтын болса, онда ақша ұсынысының өзгерісін табыңыз.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 34 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
00:11So I've had the great privilege of traveling to some incredible places, photographing these distant landscapes and remote cultures all over the world. I love my job. | Я хочу рассказать как влюбился. Рассказать о том, с чего все начиналось. Может, кому-то и будет это интересно? Ну? Не против? О’кей. Тогда - поехали. 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)