Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

«Дене мәдениетінің және кәсіптік спорттың құқықтық негіздері» 1 страница



«Дене мәдениетінің және кәсіптік спорттың құқықтық негіздері»

 

Темы

текст

Рекомендации. Рисунки и картинки

 

Құқықтық норманың

мазмұны мен түрлері

 

 

Құқықтың мазмұны дегеніміз - қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы. құқық дегеніміз адам мен қоғамның объективтік құрылысымен байла-нысты тұлғаның бостандығын біл-діретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда фор-малды түрде анықталған, мем-лекеттік күшімен қамтамасыз еті-летін нормалардың жиынтығы. Құ-қықтың негізгі функцияларының түр-лері: Мемлекеттік биліктің үш түріне сәйкес құқықтың да үш функциясы болады: заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау.

Құқықтың реттеу функциясы нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Бұл функция екі әдіс-тәсілмен орындалады: біріншісі — құқықтық нормада қатынастың орындалу жолдарын, бағытын көрсету; екіншісі - нормативтік актіде субъектілерге толық бостандық беру, дұрыс орындалу бағытын көрсету.

Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.

Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норманың негізгі сипаттары: Норма - қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым-қатынастарды реттеп-басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әділет-тікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның экономикалық, саяси, әлеу-меттік, рухани, мәдени т.б. даму бағыттарын қамтып, реттеп басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Конституцияда және заңдарда көрсетілген; Норма - көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс- тәсілдерін алдын-ала анықтап, көрсетіп отырады.



Құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп-басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі занды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы. Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының "Салық туралы" заңында норманың элементтері 1-бабында көрсетілген. Тәртіп ере-желерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі.

Құқықтық нормалардың эле-менттері: диспозиция, гипотеза, санк-ция.

Диспозиция - қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқықтары мен міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың діңгегі, құқықтық тәртіптің үлгісі-моделі. Мысалы, ҚР, АЗК, 482 б. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады: жалпылама түрі - нормада субъек-тілердің құқығы мен міндеттері анық-айқын көрсетілмейді; Мысалы жұмыс-сыздық туралы занда республикалық, облыстық, аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген; Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі; сілтеу түрі - диспозицяның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу жасалады. Азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолданады.

Гипотеза - диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тарты-латын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (ҚР, ҚК - 7 б.). Гипотезаның үш түрі болады: егерде норманың іс-әрекеті бір жағдайдың болуын немесе болмауымен байланысты болса мынадай гипотезаны жалпылама деп атайды; егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса ондай гипотезаны - күрделі гипотеза деп атайды; егерде норманың іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы басталса - мынадай гипотезаны альтернативтік гипотеза деп атайды.

Санкция - диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса оның жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі болады: абсолютті-айқын санкция: жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып төлеу т.б.; салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның арасындағы жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар); альтернативтік санкция. Санкцияныц көрсетілген түрлерінің қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркінде-құзырында. Осы үш элементтер толық болса гана нормативтік акті өз міндетін, өз рөлін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егерде нормада бір екі элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.

Құқықтық норма, заңның немесе нормативтік актілердің баптары бір-біріне ұқсас емес баптарда норманың элементтері түгел болмайды, бірақ оны іздестіріп табуға болады.

Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді: Қоғамның әр саласына қарай: өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нор­малар; Құқықтың саласына қарай: мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-процессуалдық т.б. саладағы нормалар; Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нор­малар; қорғаушы нормалар; Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым салушы нормалар; ерік беруші нормалар;

Норманың элементтерінің құрылымына қарай нормативтік актілер үшке бөлінеді; нақты белгілі нормалар - мазмұны толық анық жазылған элементтері түгел; салыстырмалы нормалар - мазмұны, элементтері түгел емес, мәселені болған істің жағдайына қарай шешу; балама (альтернативтік) нормалар - істің орындалуының, норманың жүзеге асуының бірнеше бағыты, әдісі болуы. Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама нормалар, арнаулы нормалар.

Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолда-нылатын әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі.

 

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1.Заң ғылымында "құқық" термині бірнеше мағынада қалай қолданылады?

2. "Құқық" деген – екінші мағынада; құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы ма:

3. Үшіншіден, "құқық" термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қол- даныла ма? Мысал келтір.

4.Төртіншіден, "құқық" термині субъективтік құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылса, мысал келтір.

5.Құқықтың мазмұны дегеніміз не?

6.Құқықтық норма дегеніміз не?

 

Құқық

 

 

Заң шығару Заңды орындау

Заңды қорғау

Құқықтың реттеу функциясы екі әдіс-тәсілмен орындалады:

 

 

біріншісі — құқықтық екіншісі - нормативтік актіде

нормада қатынастың орындалу субъектілерге толық бостандық

жолдарын, бағытын көрсету; беру, дұрыс орындалу бағытын

көрсету

 

 

Құқықтық функция

 

 

Іс-әрекетіне мінезіне тәртібіне нормативтік

акті ықпалы

мен әсері

 

 

Құқықтық нормалардың элементтері

 

 


Диспозиция Гипотеза Санкция

 

 

Диспозиция

Жалпылама түрі Сілтеу түрі

Мазмұны

Гипотеза

Диспозиция қашан басталады, аяқталады,

нормативтік акті қалай орындалуы керек,

осы жағдайларды көрсетеді.

Гипотеза

 

 

 

Жалпылама Күрделі

 

Альтернативтік

 

 

Санкция

 

 

 


абсолютті-айқын альтернативтік санкция санкция

жұмыстан шығару,

қызметін төмендету,

айып төлеу т.б.;

салыстырмалы айқын

санкция

Құқықтық нормалар

 

Қоғамның әрҚұқықтың саласына саласына қарай:қарай:

· өндірістік мемлекеттік

· ауылшаруашылық әкімшілік

· құрылыс еңбек, қаржы

· мәдениет жанұя

· экономика азаматтық

· әлеуметтік қылмыстық

· білім азаматтық-процессуалдық

· ғылым қылмыстық-процессуалдық

 

Атқаратын жұмысына қарай нормалар:

 

 

Реттеуші нормалар Қорғаушы нормалар

 

Мазмұнына қарай нормалар:

 

 

Міндеттеуші нормалар Тыйым салушы нормалар

Ерік беруші нормалар

 

Құқықтық норма

Қоғамдық қатынастарды реттеуге

қолданылатын әлеуметтік ережелердің

ең күрделі түрі

 

Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты, кеңістігі және адамдарды қамтуы

 

 

 

Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты — бұл мәселені төрт топқа бөліп карастырған жөн: норманың заңды күшінің басталу уақыты; аяқталу уақыты; заңның кері күші; жойылған норманың күші кейбір жағдайда сақталуы. Норманың заңды күшінің басталу уақыты: қабылдаған немесе ақпаратта басылған күннен, норманың өзінде көрсетілген күннен басталады. Кейбір нормаларда басталу уақыты бірнеше түрге бөлінеді: заңның әр бөлімі немесе әр бабы әр уақытта басталуы мүмкін, бұл заңның өзінде көрсетілуі тиіс. Кейбір нормада заңды күшінің басталуы бір уақиғамен байланысты болады, бұнда көрсетіледі. Норманың заңды күшінің аяқталуы: уақыты бітсе, жаңа заң қабылданса, заңды күші жойылса, заңды өмірге әкелген оқиға-себептер жойылса.

Нормативтік актілердің заңды күшінің кеңістігі - мемлекеттің жоғарғы басқару органдарының заңдары, нормалары қоғамның барлық территориясына заңды күші болады, оны орындау барлық жеке және заңды тұлғаларға міндетті. Кейбір заңдар бір өлкеге немесе бірнеше өлкеге сәйкес қабылданады. Мұндай заңның күші сол өлкелерде ғана болады. Облыстық, аудандық, қалалық басқару органдарының қабылданған норма-ларының заңды күші өз әкімшілік территориясында ғана болады. Экс-территориялық мәселесі халықаралық құқық арқылы қаралады.

Сонымен, адамдарды қамтуы нормативтік актілердің өзінде көр-сетілуге тиіс: норма кімдерді, қандай территорияны, өлкені, облысты қам-тиды, қандай мамандарға қолданады. Басқа елдердің азаматтары да өзіміздің азаматтармен тең құқықты. Тек олар сайлауға қатыса және сайлана алмайды, әскер қатарына шақырылмайды. Елшілік органдарында қызмет атқаратын аза-маттар халықаралық құқық арқылы жауап береді.

Қазақстан Республикасының құ-қық шығармашылық қызметі. Заң шығаруда ұсыныс құқығы - Парламент депутаттарында және Үкіметтің құзы-рында. Қазақстан Республикасының заң шығару процесінің ерекшеліктері бар. Бұл процесс әдетте заң шығару қызметінің сатылары және олардың бір ізділігі арқылы дамып отырады.

Бірінші. Заң шығару баста-машылығы құқығы субъектісін Пар-ламент қарауға міндетті. Заң жобасын және Парламенттің өзге актісінің жобасын ресми енгізуі заң шығару бастамашылығы болып табылады.

Екінші. Мәжілістің комитеттері заң жобасын қабылдап қарайды, олар алдын-ала заң жобасын әзірлейді. Бұдан кейін заң жобасын Мәжіліс бюросының қарауына тапсырады. Бюро заң жобасы жұмысының қорытындысын тұрақты комитетте қарап, оны Мәжілістің пле-нарлық отырысының қарауына беру туралы шешім қабылдайды.

Үшінші. Заң жобасы Мәжілістің пленарлық отырысының қарауына беріледі. Мұнда заң жобасы бірінші рет, әдетте екі рет, кейде одан да көп пысықталады (заңның бірінші, екінші, үшінші оқуы). Одан кейін Мәжіліс депутаттары қараған және жалпы санының көпшілік дауысымен мақұл-данған заң жобасы Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткенде 60 күннің ішінде қаралуға тиісті. Сенаттың алдынан ко-митеттерінде, содан кейін бюро, пле-нарлық отырысында заң жобасы қа-ралады. Сенат депутаттары жалпы сана-ның көпшілік дауысымен қабылданған жоба заңға айналады және оны он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Президент заң жобасын Конституциялық Кеңеске Консти-туцияға сәйкестігін тексеруге бере алады. Президент заңға қол қойғаннан кейін заң жарияланады, немесе Заң Парла-ментке қайтарылады.

 

Парламенттің актілері. Норма-тивтік актілердің жүйелерінде заң ерекше орын алады, оның жоғары күші бар. Заңның жоғары күші келесі жағдайлардан тұрады: заңды тек Парламент күрделі Консти-туцияда айтылған әдістермен алады. Заңды тек Парламент қабылдайды, жояды не­месе өзгертеді. Басқа нормативтік актілер заңға сәйкес болуға тиісті. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, күрделі мәселелерді шешеді және заңдар шығаруға хақылы. Оның құзырындағы мәселелер: құқық субъ-ектілеріне, азаматтардың құқық-тары мен бостандықтары, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауапкершілігі; меншік режиміне және өзге де мүлік құқығы; мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарды ұйым-дастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметінің негіздері; салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белігілеу;республикалық бюджет;сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелері; білім, денсаулық және әлеуметтік қамсыздандыру; кәсіп-орындар мен олардың мүлкін жеке-шелендіру; айналадағы ортаны қорғау; республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы; мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігі. Парламент Конституцияны, заңдарды қабылдайды. Сенат пен Мәжіліс өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Олар Конс-титуцияға және заңдарға қайшы келмеуі тиіс.

Президенттің актілері. ҚР Президенті бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен үкімдер шығарады. Президенттің Жарлықтары Конституция мен Республика заң-дарының негізінде және оларды орындау үшін шығарылады. Республика Президентінің Жарлығымен: Респуб-лика Президентінің актісін шығаруда талап ететін Президенттің Конс-титуциялық өкілеттігінің жүзеге асырылуы; Конституцияда және өкі-мет органдарының Қазақстан хал-қының алдындағы жауапкершілік заң-дарында белгіленген мемлекет-тік биліктің барлықтармағының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері шешіледі; Парламенттің заңды міндетіне кірмейтін, сондай-ақ үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың заңда көрсетілген мін-деттеріне жатпайтын мәселелерді құқықтық жүйелендіру жүзеге асы-рылады;

Қазақстан Республикасының эко-номикалық және саяси-әлеуметтік да-муы стратегиялық мәселелер бойынша шешім-дер қабылданады. Президент Конституция бойынша заң қабылдайды (53-бап 4 пункті, 61-бап 2 пункті).

Республика Президенттің өкімдері Конституцияның, заңдардың және Пре-зидент жарлықтарының негізінде және соларды орындау үшін шығарылады. Оның үкімдерімен әкімшілік-үкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу жүзеге асырылады. Республика Президентінің құзыретіне сәйкес конституциялық мәрте-бесі жоқ лауазымды тұлғалар қызметке тағайындалады және босатылады.

Үкімет актілері. Нормативтік жүйеде бұл актілер үшінші орында тұрады, олар заңдардың және Республика Президенті актілердің негізінде және соларды орындау үшін шығарылатын үкіметтің нормативтік актілері және қаулылары.Үкімет актілері алқалық түрде оның отырыстарында дауыс беру арқылы қабылданады, оған Премьер-министр қол қояды.

Премьер-министр шығарған норма-тивтік актілер жеке үкімдер жа­тады. Үкімет норма шығару саласында құқығын жүзеге асырады.

Министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер бұйрық және инструкцияларды шығарады. Олар тиісті министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді.

Конституциялық Кеңестің актілері шешім түрінде қабылданады. Консти-туциялық Кеңестің актілері, оның мүшелерінің көпшілік дауысымен алқалы түрде қабылданады және оларға Төраға қол қойғанға дейін Конституциялық Кеңестің мәжіліске қатысқан мүшелерінің қолымен бекітіледі. Конституциялық Кеңестің қау-лысы оны қабылдаған күннен күшіне енеді және Республиканың бүкіл аумағында міндетті болып саналады әрі түп-кілікті және шағымдануға жатпайды.

Жоғарғы соттың актілеріне - ҚР сот билігінің Жоғарғы органның заңды нысанда еркін білдіруі. Бұл Жоғарғы соттың қаулылары мен өзге де актілері. ҚР Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы "Қазақстан Респуб-ликасындағы сотгар және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 31-бабының 1 тармағына сәйкес. Сот практи-касының мәселелері бойынша соттарға түсінік беретін нормативтік қаулы-ларды ҚР Жоғарғы сот Пленумының қабылдауға хақысы бар.

Маслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал үкімдер тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен әкімдер қабылдайды.

 

 

 

1.ҚР Нормативтік актілердің түрлері, оларды жүйеге келтірудің әдістерін ата.

2. Парламенттің актілерін ата?

3.Заң күші бар құқықтық нормалардың қызметін неше түрге бөлінеді?

4.Нормативтік актілердің уақыты дегеніміз?

5.Нормативтік актілердің кеңістігі дегеніміз?

6.Нормативтік актілердің адамдарды қамтуы дегеніміз?

7.Норманың заңды күшінің басталу уақытың ата.

8.Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі қандай?

9.Президенттің актілерін ата.

Нормативтік актілердің заңды күшінің

уақыты — бұл мәселені төрт топқа бөліп

қарастырған жөн:

норманың заңды жойылған норманың

күшінің басталу күші кейбір жағдайда уақыты сақталуы

аяқталу уақыты заңның кері күші

Заңның кері күші

 

 


Өмірден болған бір оқиғадан кейін

қабылданып, күшіне енген заңның

сол іске қолданылуы.

 

Қазақстан Республикасының заң шығару

процесінің ерекшеліктері бар

Бірінші. Заң шығару

бастамашылығы құқығы

субъектісін Парламент

қарауға міндетті.

Екінші. Мәжілістің

комитеттері заң

жобасын қабылдап

қарайды, олар

алдын-ала заң

жобасын әзірлейді

Үшінші. Заң жобасы

Мәжілістің пленарлық

отырысының қарауына

беріледі

 

 

ҚР Дене шынықтыру және спорт занының сипаттамасы

 

 

«Дене шынықтыру және спорт туралы» заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсіпқойлық спорт қызметін қамтамасыз етудің және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді.

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдары «Дене шынықтыру және спорт туралы» занның 3-бабында былай делінген: Дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың норма-ларына негiзделедi және Заңнан, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

 

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңының 2-бабына тоқтайтын болсақ, саланың мемлекеттiк саясат прин-циптерi көрсетілген: Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясат халықтың салауатты тұрмыс салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында жүргiзiледi және: барлық азаматтар үшiн дене шынықтырумен және спортпен айналысу теңдiгi мен жалпыға қолайлылығы; халықтың әртүрлi жас топтарының дене тәрбиесiнiң толассыздығы мен сабақтастығы; дене шынықтырумен және спортпен айналысудың ерiктiлiгi; дене шынықтыру-спорт шараларының сауықтыру бағыты; дене шынықтыру мен спортты ұйымдастырудың мемлекеттiк, қоғамдық және жеке нысандарын тану; дене шынықтырумен жаппай айналысуға, әуесқойлық және кәсiпқойлық спортқа тең құрмет көрсету; халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетiстiктi спорттың басымдығы; дене шынықтыру мен спортты мемлекеттiк қолдау және демеушiлiк, қайырымдылық қызмет пен меценаттықты көтермелеу; дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық ғимараттар мен басқа да объектiлердiң меншiк нысандары өзгерiп жатқан жағдайда оларды азаматтардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшiн сақтау; халық ойындары мен спорттың ұлттық түрлерiн дамыту; дене шынықтыру-спорт қозғалысы, жоғары жетiстiктер спорты және спортшыларға медициналық қызмет көрсету проблемаларын зерттеу үшiн ғылыми базаны дамыту; спорттың техникалықжәне қолданбалы түрлерiн дамыту принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыружәне спорт туралы» заңының пайдаланатын негізгі ұғымдар көрсетілген, мысалы: әуесқойлық спорт - азаматтардың дене тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі өзінің спорт шеберлігін жетілдіруге және спорттың әр түрінде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін сан қырлы бұқаралық спорт қозғалысы; бас жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына басшылық жасауға, спорт түрі бойынша әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында және басқа да халықаралық жарыстарда оның даярлығына, қалыптасуы мен сайысқа түсуіне жауап беретін жаттықтырушы; бұқаралық спорт - дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түріндегі талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететін бұқаралық спорт қозғалысын білдіретін дене шынықтырудың бір бөлігі; бұқаралық спорт іс-шараларының күнтізбесі - дене шынықтыру-спорт ұйымдарының оқу-жаттығу жұмысын күнтізбелік жылға жоспарлауы мен өткізуін регламенттейтін ресми құжат; дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері - дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуге, дәрігерлік бақылауға, емдік дене шынықтыруға және оңалтуға арналған медициналық ұйым; дене тәрбиесі - дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген, моральдық жағынан табанды жеткіншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс;

ҚР Дене шынықтыру мен спортты дамытуды мемлекеттiк қолдау туралы 4-бапта айтылған. Мемлекет дене шынықтыру мен спорт саласындағы қатынастарды мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамытуды тиiсiнше қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлар, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық, нормативтiк-құқықтық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру-спорт қозғалысының өзiндiк мәртебесiн тану жолымен реттейдi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің дене шынықтыру және спорт саласындағы құзыреті 22-2-бабында, Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның құзыреті 23-бабында жазылған. Қазақстан Республикасының Үкіметі: Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу ережесін бекітеді; спорттық іс-шараларды материалдық қамтамасыз ету нормативтерін бекітеді; республикалық спорттық іс-шаралардың, универсиадалардың жүлдегерлерін және оларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін көтермелеу мөлшерлерін бекітеді; еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлемақы төлеу ережесін бекітеді; Президенттік тестілерді өткізу ережесін бекітеді; өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Уәкілетті орган дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару, үйлестіру және мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылдың 6 қаңтардағы № 377-IV Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді; Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жергiлiктi атқарушы органдардың дене шынықтыру және спорт мәселелерi жөнiндегi құзыретi 23-1-бапта: Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы: спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) жарыстар өткiзедi; спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) құрама командаларды дайындау мен олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қолдайды; облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi; облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi; спорт ұйымдарынаәдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi; мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: спорт шеберлiгiне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншiсанатты спорт төрешiсi; облыстық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етедi; емдік дене шынықтыру және дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды оңалту бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерініңқызметін қамтамасыз етеді; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы: дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады; спорт түрлерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде жарыстар өткiзедi; спорттың әр түрi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады; аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi; мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: жасөспiрiмдер арасындағы екiншi және үшiншi, бiрiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi; аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органға табыс етедi; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорт мекемелерiнiң материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн қолдайды және оған жәрдем көрсетедi, сондай-ақ азаматтардың тұрғылықты жерінде және жаппай демалатын орындарында дене шынықтыруды және спортты дамыту үшін жағдайлар жасайды.

Азаматтардың дене шынықтыру мен спортсаласындағы құқықтары мен мiндеттерi 6-бапта былай деп көрсетілген:Қазақстан Республикасы азаматтарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бiрлестiктерге кiруге, спорт бағытындағы дене шынықтырумен және спортпен, оның iшiнде кәсiби қызмет ретiнде де айналысуға, дене шынықтыру мен спортты басқаруға қатысуға, мемлекеттiк, коммуналдық және жеке спорттық ғимараттарды және қызметтердi тегiн не ақылы негiзде пайдалануға құқығы бар.Қазақстан Республикасының спортпен айналысатын азаматтары салауатты өмiр салтын насихаттауға, жергiлiктi, республикалық және халықаралық жарыстарда дене шынықтыру-спорт ұйымы мен мемлекеттен лайықты өкiл болуға, гигиена негiздерiн зерделеуге және сақтауға мiндеттi. Ата-аналар, қамқоршылар, қорғаншылар немесе олардың орнындағы адамдар отбасындағы кәмелетке толмаған балалардың дене бiтiмiн дамытуға және денсаулығын нығайтуға, оларға дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшiн қажеттi жағдайлар жасауға қамқорлық көрсетуге мiндеттi.

Дене шынықтыру және спорт занының 8-1 бабының Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру(дене шынықтыру-спорт) қозғалысыныңсубъектілері қарастырылған. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы олимпиадалық даярлау орталықтарын; олимпиадалық резерв даярлау орталықтарын; жоғары спорт шеберлігі мектептерін; спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарды; олимпиадалық резервтің спорт мектептерін; олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерін; балалар-жасөспірімдерспорт мектептерін; дене шынықтыру-спорт қоғамдарын (спорт клубтарын); балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы клубтарын; балалар мен жеткіншектер клубтарын; спорт медицинасы және оңалту орталықтарын; дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерін; допингке қарсы комиссияларды; кешенді ғылыми топтарды; оқу-жаттығу базаларын; қызметі мектеп жасына дейінгі балалардың, оқушылар мен студенттердің дене тәрбиесі мен спорттық даярлығына бағытталған жеке және заңды тұлғаларды қамтиды.

Сонымен қатармектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептер, колледждер, лицейлер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерiнiң дене тәрбиесi оқу жоспарларына, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес оқу және ұзартылған күн режимiнде, сабақтан тыс уақытта және дербес жүзеге асырылады.

Дене мәдениеті және спорт саласындағы құқықтық қатынастардың реті мен ұстанымдарын, нормативтік мазмұнын айқындайтын Қазақстан Республикасының негізгі құқықтық актілері қарастырылады: Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы жылғы 30 тамызда қабылданған, 1998 жылғы 7 қазанда ҚР Конституциялық заңымен енгізілген; ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім), 1994 жылдың 27-желтоқсанынан бастап; «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңы, 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490-І; «Лицензиялау туралы» ҚР Заңы, (2013.04.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен); «Білім туралы» ҚР Заңы, (27.07.2007, №319); «Бұқаралық Ақпарат Құралдары туралы» ҚР Заңы, 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 451 Заңы; «Жарнама туралы» ҚР Заңы, 2003 жылғы 19 желтоқсан №508; «Еңбек туралы» ҚР кодексі, (2012.05.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен); «Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңы (2012.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен); «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы»; «Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысы; «Дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық бірлестіктерді акккредитациялау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1288 қаулысы; «Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2004 ж. 19 ақпандағы № 06-2-2/51 бұйрығы; «Жаттықтырушы-оқытушылар құрамына біліктілік санаттарын берудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2002 ж. 26 шілдедегі № 06-2-2/163 бұйрығы. (ҚР Азаматтық Кодексі, ҚР «Еңбек туралы» кодекс); 17-баптың 1-тармақшасында Қосымша бiлiм беру мекемелерi ретiнде спорт мектептерi, сондай-ақ спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес құрылады. (ҚР «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қарары «Мектептен тыс ұйымдардың жағдайын бекіту туралы» 22 маусым 2001жыл N 849) 19-баптың 2-тармақшасына Кәсiпқой бiрлестiктер құру тәртiбi және олардың жұмыс iстеу жағдайлары, кәсiпқойлық спорт сабақтарын ұйымдастыру, келісiм-шарттар жасасу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. (ҚР Азаматтық Кодексі, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 31.05.1996ж. N 3 ҚР заңы, «Коммерциалық емес ұйымдар туралы» ҚР заңы 16.01.2001 ж. N 142, ҚР Үкіметінің Қарары 28.07.2005 ж. № 786 «Білім беру мекемелері болып саналмайтын дене шынықтыру-сауықтыру қызметін көрсетуін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»);

 

 

1.Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдарды ата.

2.Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен

спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын қандай

орган әзiрлейді және кім бекiтедi?

3.Мемлекеттiк бағдарламада қандай негiзгi принциптерi көзделедi?

4.ҚР дене шықтыру және спорт саласының негізгі заңнамасы

ол 3 шілде 2014 жылы қабылданған қандай заң?

5.Дене шынықтыру және спорт саласындағы

заңнамаларының нормаларының реттелуін білесің бе?

 

 

Дене шынықтыру спорт саласындағы заңды тұлғаларыныңқұқықтық сипаттамасы.

 

 

Дене шынықтыру-спорт ұйымы - дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; Дене шынықтыру және спорт саласының қозғалыс субъектілері заңың 8-1-бапта көрсетілген Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысының субъектілері Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы:1) олимпиадалық даярлау орталықтарын; 2) олимпиадалық резерв даярлау орталықтарын; 3) жоғары спорт шеберлігі мектептерін; 4) спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарды; 5) олимпиадалық резервтің спорт мектептерін; 6) олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерін; 7) балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін; 8) дене шынықтыру-спорт қоғамдарын (спорт клубтарын); 9) балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы клубтарын; 10) балалар мен жеткіншектер клубтарын; 11) спорт медицинасы және оңалту орталықтарын; 12) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерін; 13) допингке қарсы комиссияларды; 14) кешенді ғылыми топтарды; 15) оқу-жаттығу базаларын; 16) қызметі мектеп жасына дейінгі балалардың, оқушылар мен студенттердің дене тәрбиесі менспорттық даярлығына бағытталған жеке және заңды тұлғаларды қамтиды.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 287 бұйрығына 1-қосымшасына сәйкес Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларының бұйрығына сәйкес келесі мақсаттар мен міндетттерді жүзеге асырады

1. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің негізгі мақсаты: балалар мен жасөспiрiмдерді спортпен жүйелі шұғылдануға тарту; балалардың белгілі бір спорт түрінен қабілетін анықтау; дене қуаты қасиеттерін, моральдік-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.

2. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің негізгі мiндеттерi: жаттығушылардың теория, әдістеме, спорт түрлерінің ережелерінен, тазалық және физиология саласында, қауіпсіздік техникасынан негізгі білім алуын қамтамасыз ету; спорттық шеберлігінің деңгейін көтеру; жаттығушылардың жас тобына сәйкес таңдаған спорт түрінен нормативтік талаптарын (тестер) орындауын қамтамасыз ету; спорт түрлерi бойынша республиканың, облыстың, қаланың, ауданның құрама командаларына үміткерлерді дайындау; Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттығушыларының спорттық іс-шараларға дайындалуын және қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 287 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы қағидаларының бұйрығынасәйкес келесі мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырады:

Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің негізгі мақсаты: балалар мен жасөспiрiмдерді спортпен жүйелі шұғылдануға тарту; балалардың белгілі бір спорт түрінен қабілетін анықтау; дене қуаты қасиеттерінің, моральдік-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.

Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің негізгі мiндеттерi: жаттығушылардың теория, әдістеме, спорт түрлерінің ережелерінен, тазалық және физиология саласында, қауіпсіздік техникасынан негізгі білім алуын қамтамасыз ету; спорттық шеберлігінің деңгейін көтеру; жаттығушылардың жас тобына сәйкес таңдаған спорт түрінен нормативтік талаптарын (тестер) орындауын қамтамасыз ету; спорт түрлерi бойынша республиканың, облыстың, қаланың, ауданның құрама командаларына үміткерлерді дайындау; Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттығушыларының спорттық іс-шараларға дайындалуын және қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері: спортшылардың спортық шеберлігін жоғарылату және халықаралық спорттық аренада табысты өнер көрсету; Олимпиадалық даярлау орталықтарына, аймақтың құрама командаларына және Қазақстан Республикасының ұлттық штаттық командаларына қабылдану үшін үміткер спортшыларды іріктеу мен дайындау; оқу-жаттығу процессін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, оның нәтижесін, дене қуаты қасиеттеріннің сапасының жеке даму көрсеткішінің өсу динамикасын, спортшылардың техника-тактикалық дайындық деңгейін өсіруді талдауды жүзеге асыру; спортшылардың дайындық процессін материалдық-техникалық, әдістемелік, медико-биологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; Орталықтың жаттықтырушы құрамын және басқа қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру болып табылады.

Спорт мектептерi мен мектеп-интернаттары «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңының 17-бабында былай делінген: Қосымша бiлiм беру мекемелерi ретiнде спорт мектептерi, сондай-ақ спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес құрылады. Мемлекет спорт мектептерi мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қолда бар материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңа базасын жасау үшiн жағдай туғызады.

 

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлеріне: қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығы; оқушылар сарайы (үй, орталық, кешен, балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы); жас натуралистер бекеті (балалар экологиялық орталығы, биологиялық орталық, экобиоорталығы, балалар және жасөспірімдердің экология және өлкетану орталығы); жас техниктер бекеті (орталық, балалар және жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі); жас туристер бекеті (балалар және жасөспірімдер туризм орталығы, балалар және жасөспірімдердің экология және туризм орталығы, балалар және жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы); балалар аула клубы, балалар әскери-патриоттық клубы (басқа да клубтық демалыс ұйымдары); балалар өнер мектебі (балалар музыка мектебі, балалар көркемөнер мектебі, балалар өнер мектебі және көркемдік-эстетикалық бағыттағы басқа мектептер); балалар сауықтыру лагері (орталық, кешен, қала сыртындағы сауықтыру лагері және күндізгі уақытта ұйымдастырылатын лагері, палаталық лагерь, киіз үй лагері); балалар және жасөспірімдер спорт мектебі; олимпиялық қордың мамандандырылған балалар және жасөспірімдер мектебі; балалар қызығушылықтары мен қызметтеріне бағытталған басқа ұйымдар жатады.

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының қызметі білім алушылардың өзін-өзі анықтау, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімдеу, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібі ішкі тәртіп ережелерімен орнатылады. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының білім беру үдерісіне қатысушылар балалар, педагог қызметкерлер, білім алушылар мен олардың ата-аналары және басқа да заңды өкілдері болып табылады. Білім алушылардың, ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері қосымша білім беру ұйымының Жарғысымен және білім беру саласындағы заңнамалық актілермен белгіленеді. Балаларға арналған қосымша білім беру ұ


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 88 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.05 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>